Тәтті
Тұзды
Қышқыл
Ащы
Тіл бетіндегі рецепторлардың біркелкі орналаспауына байланысты тілдің әртүрлі аймағы шырышты қабатының тітіркендіргіштерге жауап беруі де біркелкі емес.
Лабораториялық жұмыс №2.
Қарын шырынының /сөлінің/ ферменттік қасиеттерін зерттеу
Адамның қарны тәулігіне 2-2,5 л сөл шығарады. Сөл құрамында қышқыл сілті тепе-теңдігін /рН/ қалыптастырып отыратын тұзқышқылымен белок /ақзат/ ыдырататын ферменттер/ пепсин, гастрикспи, камезин/ болады. Қарын сөлінің белок ыдырату қабілетінің шамамен 95-% пепсинмен гастриксинге байланысты. Мұнымен қатар қарын сөлінің құрамында май ыдырататын липаза деген фермент бар.
Жұмыс төрт пробиркада атқарылады.
№1 пробиркаға 2 мл қарын сөлі,
№2 пробиркаға 2 мл қайнатылған қарын сөлі.
№3 пробиркаға рН сілтілі реакцияға айналғанша /қызыл лакмус қағаз көкшіл болғанша/ сонда /NaНCO3/ ерітіндісі қосылған 2 мл қарын сөлі
№ 4 пробиркаға 2 мл 0,5%-тіік тұз қышқылы құйылады. Төрт пробирканың төртеуіне де 0,1-0,3 г фибрин қосып, температурасын 38° ұстайтын термостатқа қойылады 30-40 минуттан соң пробиркаларды термостаттан алады да, ішіндегі фибринде қандай өзгерістер болғанын анықтайды. Тәжірибе нәтижесін кестеге жазып алыңыздар.
Пробирка №
|
Пробирка ішіндегі заттар
|
Фибриннің қалпы
|
Фибриннің өзгеру себептері
|
№1
|
2мл үйқы безінің сөлі + фибрин
|
|
|
№2
|
2 мл үйқы безінің сөлі / қайнаған/ + фибрин
|
|
|
№3
|
2 мл үйқы безінің сөлі +NaНCO3 ерітіндісі + фибрин
|
|
|
№4
|
2мл үйқы безінің сөлі +0,5%НСl + фибрин
|
|
|
6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Тесттер
1. Парасимпатикалық жүйкелерді тiтiркендiргенде сiлекей бездерiнiң секрециясы ... .
көбейедi
азаяды
өзгермейдi
екi кезектi
азаяды,сонан кейiн көбейедi
2. ... ең ұзақ уақыт асқазан сөлiн бөледi.
Нан
Ет
Сүт
Сай
Жемiс-жидектер
3. ... сiлекей бездерi көбiнесе ұйыма сұйық секрет бөледi.
Шықшыт
Жақасты
Тiласты
Ұсақ ішкі
Ірі сыртқы
4. Адамнан таза сiлекейдi ... алуға болады.
Лешли-Красногорский капсуласының көмегiмен
электрогастрография әдiсiмен
Абель бойынша вивидиффузия әдiсiмен
Лондон бойынша ангиостомия әдiсiмен
рентгенологиялық әдiсiмен
5. Асқазандағы сөл бөлiнудi ... күшейтедi.
энтерогастрин
гастрон
секретин
вилликинин
энтерогастрон
6. Ақуыздарды ыдыратуға қатыспайтын ферменттерге ... жатады.
амилаза
пепсин
трипсин
химотрипсин
гастриксин
7. Шайнау қозғалыстарды тiркейтiн ... әдiсі.
мастикоциография
баллонографиялық
электромиография
гнатодинамометрия
электрогастрография
Әдістемелік өңдеу №4.
1. Тақырыбы: Ұйқы безі сөлінің құра мы мен қасиеттері, оның бөлінуі. Ас қоры туда бауырдың рөлі. Өттің бөлінуі мен шығарылуы. Ішекте сөлдің бөлінуі. Сіңірілуі, оның механизмі. Сіңірілудің реттелуі..
2. Мақсаты: өттің, ұйқы безінің, ішектің сөлдерінің құрамы мен қасиеттерін және қоректік заттардың гидролизі мен сіңірілуіндегі олардың ролін оқып үйрену.
3. Оқыту мақсаты: ішектердегі тағамның физикалық және химиялық өңдеу ерекшеліктерін оқып үйрену, ұйқы безі сөлінің ферменттік құрамын зерттеу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Аш ішектің бөлімдері.
2. Аш ішектің қызметтері.
3. Аш ішектегі асқорытылу.
4. Ұйқы безі. Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеті.
5. Асқорыту үрдісіндегі бауырдың рөлі.
6. Өт. Құрамы, қасиеттері, қызметі.
7. Өт бөліну, оның реттелуі.
8. Ішектік секреция.
9. Тоқ ішектегі ас қорытылу.
10. Сіңірілу механизмі, оның реттелуі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері – клиникалық-физиологиялық әдістерді игеру.
Лабораториялық жұмыс №1.
Ұйқы безі сөлінің қорыту қасиеттерін зерттеу.
Құрал-жабдықтар: табиғи ұйқы безі сөлі, фибрин немесе бақаның бұлшық еті (қайнатылғаны дұрыс), 0,5% хлорсутекті қышқыл, 0,5% натрий бикарбонатының ерітіндісі, су моншасы немесе термостат, спиртовка, прбирка орнатылған штатив, пинцет, стеклограф, лакмусты қағаз.
Жұмысты орындау. Төрт пробиркаға номер қою керек. №1,2,3 пробиркаларға 2 мл-ден асқазан сөлін, №4 – 2мл 0,5% хлорсутекті қышқыл құяды. №2 пробиркадағы сұйықтықты спиртовкада қайнатамыз, №3 пробиркаға натрий бикарбонатын әлсіз сілтілі реакцияға айналғанша (лакмусты қағаз көгілдір түске боялғанға дейін) қосады. Барлық пробиркаларға бірдей мөлшерде фибрин (0,1-0,3 г) салады және су моншасына немесе 38 С температурада термостатқа орналастырады. 30 мин. кейін пробиркаларды шығарады және сұйықтықтың қалай өзгергенін анықтайды.
Тәжірибе нәтижелерін кестеге енгізеді.
Пробирка №
|
Пробирка ішіндегі заттар
|
Фибрин
бастапқы
|
Фибриннің құрылымы
|
№1
|
2мл үйқы безінің сөлі + фибрин
|
|
|
№2
|
2 мл ұйқы безінің сөлі/ қайнаған/ + фибрин
|
|
|
№3
|
2 мл үйқы безінің сөлі +NaНCO3 ерітіндісі + фибрин
|
|
|
№4
|
2мл үйқы безінің сөлі +0,5%НСl + фибрин
|
|
|
6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Тесттер
1. ... ең ұзақ уақыт ұйқы безі сөлiн бөледi.
Нан
Ет
Сүт
Сай
Жемiс-жидектер
2. ұйқы безі сөлін бөлiнудi ... күшейтедi.
энтерогастрин
гастрон
секретин
вилликинин
энтерогастрон
3. Панкреатикалық сөлдiң рН ортасы ...тең.
7,8-8,4
1,5-2,0
3,5-4,0
4,5-6,0
6,5-7,5
4. Ұйқы безiнен таза сөлі... арқылы бөлiп алады.
ұйқы бездiң өзегiне фистула қою
Тири-Велла фистуласының көмегi
12-елi iшектiң фистуласы
12-елi iшекке канюля еңгiзу
Лешли-Красногорский капсуласы
5. Ақуыздарды ыдыратуға қатыспайтын ферментке ... жатады.
амилаза
пепсин
трипсин
химотрипсин
гастриксин
6. Асқорыту жүйесiндегi сiңiрiлудi зерттеушi әдiс – бұл ... фистуласы.
Экка-Павловтың
Соловьев-Бакурадзе
Басовтың
Павлов-Глинский
Робинсон
Әдістемелік өңдеу №5.
1. Тақырыбы: Қандағы газдың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жүйе. Тыныс алу циклі. Сыртқы тыныс алу. Қан мен жасушалар арасындағы газ алмасу. Тыныс алудың реттелуі.
2. Мақсаты: қандағы газдың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жүйені оқып үйреніп, сыртқы тыныс көрсеткіштерін зерттеу әдістерін меңгеру.
3. Оқыту мақсаты: тыныс алу үрдісінің кезеңдерін, өкпе-қан және қан-тін шекараларындағы газдардың диффузиясының заңдылықтарын оқып үйрену, спирометр көмегімен сыртқы тыныс көрсеткіштерін өлшеп үйрену.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Тыныс алу жүйесі туралы түсінік. Оның организм үшін маңызы. Тыныс алу үрдісінің кезеңдері.
Тыныс алу циклі, оның реттелуі.
Сыртқы тыныс- түсінігі.
Тыныс алу үрдісіндегі тыныс алуға қатысатын бұлшықеттерінің маңызы.
Дем алу және дем шығару механизмі. Тынысқа қатысатын бұлшықеттердің бірқалыпты және күшейтілген тыныс алудағы маңызы.
Плевра, плевралық қуыс. Плевралық қуыстағы қысым. Тыныс алу үрдісіндегі маңызы. Пневмоторакс түсінігі.
Өкпенің сиымдылығы және көлемі, оларды анықтау әдістері.
Өкпелік және альвеолалық вентиляциясы. ТМК анықтау әдістері.
Өлі кеңістік және оның маңызы.
Өкпенің максималды вентиляциясы, өкпенің қосымша қоры. Оларды есептеу әдісі.
Өкпенің құрылымдық-қызметтік бірлігі туралы түсінік.
Атмосфералық, шығаратын және альвеолярлы тыныс құрамы. Анықтамасы және салыстыру.
Ауаның бір ортадан екінші ортаға диффузиялануын қамтамасыз ететін заңдылықтар.
Өкпедегі газ алмасу. Альвеолалық ауаның парциалдық қысымы және қандағы газдардың кернеуі.
Қанның оттегіні тасымалдауы. Қанның оттегілік сиымдылығы.
Қанның көмірқышқыл газын тасымалдауы. Карбоангидразаның маңызы.
Қандағы газдың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жүйе.
Тыныс орталығының құрылымы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері – аспаппен жұмыс істеу
және зерттеу нәтижелерін талқылау.
Лабораториялық жұмыс №1.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометрмен анықтау
Спирограф - өкпенің тіршілік сыйымдылығын оның құрамындағы ауа көлемдерін жазып алуға арналған аспап.
Аспап корпустан және оның бір жақ қабырғасына бекітілген екі резеңке сильфонынан /жиырылған резеңке қуыстан/, ерін мен тіс аралығына қойылатын мүндштуктен, оны сифондармен жалғастыратын резеңке түтіктерден тұрады. Осылардың бәрі қосылып зерттелуші адаммен бірге жабық ауа жүйесін құрады. Тыныс алу көлемдерін өлшеген кезде зерттеуші адам бір сифоннан дем алса, екіншісіне сильфон арқылы шығарады. Жүйедегі ауаның белгілі бір бағыта жылжуы клапандармен реттеліп отырады.
Тыныс алған кезде сифон қақпақтары қайталап жылжиды да қалам ұшын қимылдатады. Қимыл қағаз таспаға жазылады. Таспа минутына 50 мм және 600мм жылжиды. Жазу масштабы ауаның әрбір литрі 25 мм-ге сәйкес яғни қағаздың 5 мм-і 200мл-ге тең.
Жұмысты орындау:
Аспаптың қалам ұшын шкаланың «5 л» белгісіне дейін жылжытып қояды. Зерттелуші адамның мұрнын қысып тұрып, мундштукті ерінмен тіс аралығына орналастырады. Қағаз жылжытатын механизмді іске қосып, адамның жай дем алғанын жазып алады. Резервтік дем алу ауасының көлемін жазып алу үшін зерттелуші адамның жай дем шығарғаннан кейін терең дем алуын өтінеді. Резервтік дем шығару ауасын жай дем алып, терең дем шығарған бойда жазып алады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын жазып алу үшін зерттелуші адам терең дем алып, іле шала терең дем шығаруға тиіс.
ӨТС-ын және оның құрамындағы көлемдерді анықтау үшін спирограммадағы соған сәйкес сызықтардың амплитудасын өлшеп оны 40-қа көбейтеді /25 мм – 1 л-ге сәйкес/.
Лабораториялық жұмыс №2.
Адамның тыныс алуына физикалық жүктеменің әсері.
Құрал-жабдықтар: газды есептегіш, ерін жапқышы бар тыныстық вентиль, мұрын қысқыш, үшқадамды кран, жалғастырғыш түтікшелер, секундомер, спирт.
Жұмыс барысы. Сыналушыны тыныштық жағдайда тыныстың минуттық көлемін (ТМК) анықтайды, ерінжапқышты спиртпен өңдейді, оны аызға салып мұрнына қысқыш киеді және 5 мин бойы газды есептегіш арқылы дем алады. Тәжірибе кезінде хаттама жэазады, оған минут бойынша газды есептегіштің көрсеткіштерін тіркейді. Әр минут өткенде газды есептегіш көрсеткіштерін жазып отырады. Сосын тәжірибе кезіндегі газды есептегіштің барлық көрсеткіштерін қосады және алынған жиынтықты тәжірибе кезіндегі уақыт көлеміне бөледі (5 минут).
Сыналушыда ТМК физикалық жүктеме кезінде анықтайды. Тыныстық вентильді газды есептегіштен ажыратпай тұрып есептегіштің көрсеткішін белгілеп алады. Сыналушыға бірнеше рет отырып-тұруын өтінгеннен кейін отырғызады және өкпе вентиляциясы тыныштықтағы деңгейіне жеткенге дейін газды есептегіш арқылы дем алуын жалғастырады.
Хаттаманы толтыру. 1. Зерттеудің хаттамасын толтырады. 2. Физикалық жүктеме кезінде және қалпына келу кезеңі бойында ТМК өзгерісін белгілейді. 3. Физикалық жүктеме кезінде өкпе вентиляциясы өзгерісінің себебін түсіндіреді.
6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Тесттер
1. Пневмоторакс дегенiмiз бұл... .
плевралық қысым атмосфералық қысымға тең болуы
плевралық қуыстағы терiс қысым болуы
плевра қуыстағы оң қысым болуы
плевра қуысында көмiрқышқыл газының мөлшерiнiң көбеюi
плевра қуысында қанның болуы
2. Пневмография – бұл әдiс... тiркейдi.
көкiрек қуысының тыныс алу қозғалыстарын
өкпе экскурсиясын
тыныс алу көлемдерiн
диафрагманың қозғалыстарын
қабырға аралық бұлшықеттердiң жиырылуы
3. Эйпноэ- бұл... тыныс алу.
қалыпты жағдайда
жиi
сирек
бұлшықет жұмысында
үзiлмелi
4. Тыныс алу орталығын қоздыратын өзгешелiк фактор болып... есептеледi.
көмiрқышқыл газ
оттегi
адреналин
ацетилхолин
азот
5. Пневмотахометрия әдiсiмен... анықтайды.
тыныс алу бұлшықеттердiң күшiн
тыныс алу көлемдерiн
қандағы газдардың мөлшерiн
тыныс алу қозғалыстарын
плеврааралық қуыстағы қысымды
6. Қалыпты жағдайда бiр минутта тыныс алу жиiлiгi...тең.
16-20
5-10
20-25
27-35
40-50
7. Дем алу сыйымдылығына ...кiредi.
қалыпты тыныс ауа, резервтiк дем алу көлемi
қалыпты тыныс ауа, резервтiк дем шығару көлемi
резервтiк дем шығару, қалдық ауа көлемi
қызметтiк қалдық ауа көлемi және қалыпты тыныс ауасы
қалдық ауа көлемi, өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы
8. Өкпенiң тыныс алуда пассивтi роль атқаруын меңгеретiн ...моделі.
Дондерс
Дуглас
Холден
Баркрофт
Сеченов
9.Тыныс алу тоқталады, егер... кесiп тастаса.
сопақша мидың астынан
Варолиев көпiршенiң алдыңғы шетiнен
Варолиев көпiршенiң төменгi шетiнен
жұлынның белдiк бөлiмiнiң деңгейiнде
аралық мидың деңгейiнен
10. Өкпенiң функциональдық бiрлiгi болып ...саналады.
ацинус
бөлiк
альвеола
сегмент
Әдістемелік өңдеу №6.
1. Тақырыбы: Қанның физиологиясы. Қан жүйесі туралы ұғым. Қанныѕ негізгі қызмет тері. Адам қанының құрамы мен мөлшері. Қанның қорғаныш қасиеті. Лейкоциттік формула, клиникадағы маңызы. Тромбоциттер, саны, қыз меттері. Гемостаз. Фибринолиз. Қан тобы жəне резус-фактор.
2. Мақсаты: қанның құрамын, санын, негізгі константаларын және қызметтерін оқып үйрену.
3. Оқыту мақсаты: қанның негізгі клинико-гемотологиялық зерттеу әдістерін меңгеру (саусақтан қан салу техникасын; ЭТЖ және гемоглобин санын анықтау әдістерін, қан топтары мен резус-факторды анықтау ) және алынған мәліметтердің негізіне сүйене отырып ағзаның әрекеттік жағдайын бағалау.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Ағзаның сұйық ортасының жалпы сипаттамасы. Жасуша ішілік және жасушадан сыртындағы сұйықтықтар.
Қан жүйесі туралы түсінік.
Қанның негізгі қызметтері.
Қан қоймасы (депо крови), оларды саны және маңызы;
Плазма және оның құрамы. Қан плазмасының белоктары, олардың мөлшері мен маңызы;
Организм үшін қанның осмостық қысымы және қышқылды-сілтілі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін функционалдық жүйелері;
Эритроциттер. Саны. Қызметі.
Эритроциттердің тұну жылдамдығы.
Гемоглобин. Саны. Гемолиз түрлері.
Лейкоциттер. Саны. Қызметтері. Лейкоцитарлы формула.
Тромбоциттер. Саны. Қызметтері. Гемостаз.
Фибринолиз.
Қан топтары және резус-фактор.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері – клинико-физиологиялық әдістерді меңгеру.
Лабораториялық жұмыс №1.
Саусақтан қан алу әдісі.
Жұмыстың мақсаты: Жалпы анализ/талдау/ жасау үшін қан алу тәсілін меңгеру.
Құрал-жабдықтар: резеңке түтік жалғап ұзартылған таза /стерилденген/ қыл түтіктер, бір-ақ рет қолданылатын скарификаторлар, спиртке малынған мақта тампон, жай тампондар, йод.
Жұмысты орындау. Адамнан қан алу үшін оның саусақ терісін скарификатормен теседі. Скарификатор қаламның ұшы тәрізді ұшталған темір пластинкадан тұрады. Қан алынатын жер операциялық нүкте ретінде қаралып , бұған қажет заттар асептика, антисептика талаптарына сәйкес микробтардан тазартылады. Бұл үшін бірнеше скарификатор арнайы ыдыс стерилизаторларда 30 минут бойы суға қайнатылады немесе оларды 180° ыстықта тұрған құрғақ стерилизаторға 2 сағатқа салып қояды. Алдымен қан алушы адам екі қолын сабындап жуады да, саусақтарын спиртке малынған тампонмен сүртіп, залалсыздандырады. Содан кейінгі зерттелетін адамның бір саусағын /адетте атсыз саусағын/ спиртке малынған тампонмен сүртіп жібереді де, құрғатқаннан кейін скарификатормен тесіп қан алуға кіріседі. Скарификатор саусақ ұшының терісіне 2-3мл тереңдікке бойлауға тиіс. Тесіктен қан сорғалап еркін ағуы керек. Қанның алғашқы тамшысын сүртіп алып тастайды. Зерттелетін қанды арнайы түтікше шыны капиллярдың белгілеп қойған көрсеткішінің тұсына дейін жеткізу керек. Қан алып болған соң тесік жараға йод жағады да, спиртке мақта тампонымен жауып тастайды.
Хаттаманы толтыру. Қан алу техникасының негізгі сәттерін жазып алады.
Лабораториялық жұмыс №2.
Қандағы гемоглобин (НВ) мөлшерін колориметрлік әдіспен анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Қандағы гемоглобин мөлшерін Сали әдісімен анықтау, осы әдісіпен танысу. Қан алып ондағы гемоглобин мөлшерін анықтау.
Жұмысқа қажетті заттар: Сали гемометрі, 0,1 N (нормалдық) HCl ерітіндісі, скарификатор, дистильденген су, спирт, эфир, йод, мақта, шыны таяқша, пипетка.
Жұмысты орындау. Ортаңғы пробирканың төменгі белгісіне 0,1N HCl ерітіндісін құяды. Бұл 0,1N HCl/оннан бір нормальді тұз қышқылы/ерітіндісінің 0,2 мл-не тең. Тесілген саусақтан капиллярмен 0,02 мл қан сорып алады да саусақ ұшына мақта басады алынған қанды тұз қышқылының бетіне тигізбей пробирканың түбіне құяды. Пробиркадан пипетканың ішін үстіңгі тұз қышқылымен шаяды. Пробирканың түбін сусақпен шертіп-шертіп жіберіп, сұйықты араластырады да 3-5 минут бойы штативке қалдырады/ осы уақыт ішінде гемоглобин тұз қышқылды гематинге айналады да, сұйық қоңыр түске боялады. Осы қоңыр түс стандарт ерітіндісінің түсіне сәйкес келгенше жоғарыда аталған сұйықты пипеткамен дистилденген су тамыза отырып сұйылтады /ерітінді HI әрбір су тамшысын тамызған сайын шыны таяқшамен араластырып отыру керек/. Осылайша алынған ертінідінің өлшеуіш сызығы гемоглобиннің грамм-процент мөлшеріне сәйкес келеді. Мысалы, ерітінді 14,0 деген сызыққа тұстағанға дейін гемоглобиннің абсолюттік мәні 140 г/л.
Сұрақтар: 1. Гемоглобиннің химиялық құрамы мен биологиялық қасиеттері қандай? 2. Қанда қанша гемоглобин бар? 3. Гемоглобин мөлшерін Сали әдісімен қалай анықтайды?
Лабораториялық жұмыс №3.
Лейкоцитарлық формула.
Лейкоциттер – қанның ақ түйіршіктері, олардың ағзаны бактериялар, вирустар, қарапайымдылардан және бөгде заттардан қорғауда маңызы зор, яғни иммунитетті қамтамасыз етеді. Ересек адамдар қанының 1 мкл-де 4000-9000 лейкоциттер болады.
Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер (түйіршікті) және агранулоциттер (түйіршіксіз). Гранулоциттер тобына нейтрофильдер, эозинофильдер және базофильдер жатады, ал агранулоциттер тобына – лимфоциттер мен моноциттер жатады.
Лейкоциттер
саны
1 мкл
|
Гранулоциттер
|
Агранулоциттер
|
Нейтрофильдер
|
Эозинофилдер
|
Базофилдер
|
Миело-
циттер
|
Мета-
миело
цит
(жас)
|
таяқша
ядролы
|
сегмент
ядролы
|
Лимфо
циттер
|
Моно
циттер
|
4000-9000
|
0
|
0-1
|
1-5
|
45-70
|
1-5
|
0-1
|
20-40
|
2-10
|
Лейкоциттердің пайыздық көрсеткішінің формуласы лейкоциттік формула немесе лейкограмма деп аталады.
Дені сау адамдарда лейкограмма тұрақты болады. Оның өзгерісі әртүрлі аурулардың белгілерін көрсетеді, осы дәрігерлерге нақты диагноз қоюға септігін тигізеді.
6. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Тесттер
1. Қан плазмасының құрамындағы ақуыздарға... жатады.
фибриноген, глобулин, альбумин
глобулиндер, миоглобин, фибрин
фибриноген, карбгемоглобин, альбумин
миоглобин, оксигемоглобин, альбумин
фибриноген, метгемоглобин, альбумин
2. Оксигемоглобин - гемоглобиннiң ... қосылысы.
оттегімен
көмір қышқыл газымен
иiсті газбен
глюкозамен
сумен
3. Қанның ұюына кедергi жасайтын зат- … .
гепарин
норадреналин
адреналин
кальций
пепсин
4. Қан жүйесiне... жатады.
қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, циркуляциядағы қан, олардың қызметін реттеушi аппарат
циркуляциядағы қан, жүрек, қан тамырлары, олардың қызметін реттеушi аппарат
қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, қан, жүрек
циркуляциялайтын қан, қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, реттеушi аппарат, жүрек
циркуляциялайтын қан, қан депосы, жiлiк майы, қан тамырлар
5. Қаның түстiк көрсеткiшi ... сипаттайды.
эрироциттердiң гемоглобинге қанығу дәрежесiн
эритроциттердiң темiрге қанығу дәрежесiн
қандағы гемоглобин мөлшерiн
эритроцит санының лейкоциттерге қатынасын
пiшiндi элементтер мен плазма қатынасын
6. Эритропоэтиндер... пайда болады.
бүйректе, бауырда, көк бауырда
жүректе, көк бауырда, бүйрек үстi бездерде
көк бауырда, гипофизде, бұлшықеттерде
өкпеде, ас қазанда, iшекте
iшекте, гипототаламуста, қызыл сүйек майында
7. Тромбоциттер ... .
ретрактоэнзим, серотонин бөлiп шығарады, тромбопластин құрылуына жағдай жасайды
антидене бөлiп шығарады, оттегiнi тасмалдайды, топтық өзгешелiкке ие болады
аллергиялық реакцияларға қатысады, серотониндi бөлiп шығарады, суды тасымалдайды
тромбопластиннiң пайда болуына жағдай жасайды, фагоцитоздық қызметке ие болады
серотонин және гепарин бөлiп шығарады, қан ұюына кедергi жасайды
8. Карбоксигемоглобин – бұл гемоглобиннің ... қосылысы.
иiстi газбен
көмiр қышқыл газымен
оттегiмен
глюкозамен
сумен
9. Биологиялық гемолиз ... байқалады.
сәйкес келмейтiн қанды құйғанда+
эфир, сiлтiлi,қышқылдың әсерiнен
жоғары t°-ның әсерiнен
плазманың осмостық қысымының төмендеуiнен
электрлiк тоқтың әсерiнен
10. Ересек адамдарда қанның жалпы мөлшерi ...тең.
6,5-7% дене салмағынан – 4-5 л+
3-5% дене салмағынан – 1,5-2 л
9-10% дене салмағынан – 7-8 л
11-12% дене салмағынан – 8-9 л
13-15% дене салмағынан – 10-12 л
Пiшiндi элементтердiң пайыздық мөлшерiмен көрсетiлген қанның
гематокриттiк саны ...тең.
45%+
25%
30%
55%
65%
III- қан тобы бар ауруға ... құюға болады.
I мен III+
I мен II
II мен III
II мен IV
Е. I мен IV
13. Қанның тұтқырлығы қандағы ... байланысты болады мөлшерiне байланысты.
эритроциттер және ақуыздардың+
глюкоза мен гемоглобиннiң
оксигемоглобин және натрий тұздарының
лейкоциттер және ақуыздардың
тромбоциттер және кальций тұздарының
14. II қан тобы бар адамға көп мөлшерде l қан тобын құйғанда ... байқалады.
реципиенттiң эритроциттерiнiң гемолизi, керi агглютинация+
донордың эритроциттерiнiң гемолизi
донордың эритроциттерiне қарсы антидененiң пайда болуы
ешқандай реакция болмайды
реципиент пен донордың эритроциттерiнiң гемолизi
15. Қалыпты жағдайда әйелдерде эритроциттерiнiң тұну жылдамдығы ... мм/сағ тең.
2-15+
20-25
25-30
30-40
60-80
16. Қанның резус- факторының болуының маңызы ... болады
Rһ+( қанды Rһ)-реципиентке қайта құйғанда+
Rһ+(қанды Rһ+) реципиентке қайта құйғанда
Rһ-( қанды Rһ)+ реципиентке көп мөлшерде құйғанда
Rһ-( қанды Rҝһ+ реципиентке қайта құйғанда
Rһ-( қанды Rһ)- реципиентке қайта құйғанда
17. І-қан тобы анықталады, егер агглютинация пайда болады:
барлық сары суларында агглютинация жоқ +
І,ІІ,ІІІ топтарда
ІІІ,ІҮ топтарда
І,ІІ
І,ІІІ
18. Қанның құрамында гемоглобиннiң мөлшерi ...тең.
125-160 г/л+
50-80 г/л
85-115 г/л
160-200 г/л
220-260 г/л
Сұрақтар.
1. Қан қандай иммундық қасиеттерге ие?
2. Агглютининдер және агглютиногендер деген не?
3. Қандай қан топтары белгілі, айырмашылықтары қандай?
4. Тобына байланысты қан құюдың қандай әдістері бар?
5. Резус-фактор дегеніміз не? Кім және қашан ең алғаш сипаттап жазды?
6. Резус-факторды есепке ала отырып қан құюдың қандай әдістері бар?
7. Резус-конфликт дегеніміз не?
8. Гемокоагуляция жүйесі дегеніміз не?
9. Қан ұюдың сатылары туралы замануй көзқарастардың мәні неде?
10. Қан ұюдың қандай плазмалық факторлары белгілі?
11. Қанның пішінді элементтерінің қандай ұю факторлары белгілі?
12. Гемостаз дегеніміз не?
13. Гемостаздың әртүрлі түрлерінің мәні неде:
а) қантамырлық-тромбоцитарлық;
б) коагуляциялық.
14. Қанның фибринолиздік жүйесі дегеніміз не?
15. Қанның ұюға қарсы механизмінің мәні неде?
16. Антикоагулянттар дегеніміз не: табиғи және жасанды?
17. Қанның сұйық жағдайының реттелуі қалай іске асады?
18. Қандай сұйықтықтар қан алмастырушы болып табылады?
Кредит -2
Әдістемелік нұсқау №1
1. Тақырыбы: Жүрек бұлшық еттерінің физиологиялық қасиеттері. Жүрек циклі жəне онық сатылық құрылымдары. Жүрек қызметінің реттелуі.
2. Мақсаты: жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін, жүрек оралымының фазалық құрылымын оқып үйрену, жүрек қызметінің әр түрлі реттелулерімен танысу.
3. Оқыту мақсаты: жүрек қызметін зерттеу әдістерін меңгеру (ЭКГ және ФКГ), ЭКГ негізгі тісшелерінің пайда болуын жазу және түсіндіру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері.
Кардиомиоциттер, олардың құрылысы.
Жүрек оралымының фазалық құрылымы.
Жүрек қызметінің реттелуі.
Жүрек қызметінің жүйкелік реттелуі.
6. ВЖЖ симпатикалық бөлімінің жүрек қызметіне әсері.
7. ВЖЖ парасимпатикалық бөлімінің жүрек қызметіне әсері.
8. Реттелудің интракардиалды механизмдері.
9. Жүрек қызметінің гуморалдық реттелуі.
10. Жүрек иннервациясы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері – электронды жүйедегі оқу құралымен, муляждармен, бақылау сұрақтарымен шағын топтарда және аспаппен жұмыс істеу.
Лабораториялық жұмыс №1.
Электрокардиография.
Электрокардиография дегеніміз —жүрек еті қозған сәтте пайда болатын электр құбылысын жазып алу әдісі. Электрокардиографпен жазып алынған қисық сызық – электрокардиограмма д.а. Ол латын алфавитінің соңғы әріптерімен (P, Q, R, S, T) белгіленеді. Р-тісі екі жүрекше қозған кезде туған ток жиынтығын көрсетеді. P мен Q тісшелері қозудың атриовентикулярлық түйінінен ГИС шоғырына өту жылдамдығын көрсетеді. QRS тісшелер комплексі қарыншалардағы қозу үрдістерін көрсетеді. Т тісшесі қозудың «СӨНУІН» реполяризациясын көрсетеді.
I тіркеу
II тіркеу
III тіркеу
Электрокардиограммамен зерттеу кезінде қолданылатын стандартты тіркемелер
ЭКГ көрсеткіштері жүректің ырғағын бағалауға және миокардтың ( өткізгіш жүйесін қоса) зақымдалуының әр түрлі деңгейін, кардиотроптық дәрілердің әсерін бақылауға мүмкіндік береді.
Лабораториялық жұмыс №2
Фонокардиография.
Фонокардиография - жүректің тондарын жазып алу әдісі. Жүректің жұмыс істеуі дыбыстық құбылыстармен көрінеді, ол жүрек тоны деп аталады. Арнайы аспап –фонокардиограф арқылы жүректің төрт тоны жазып алынады.
I (систолалық) тон систоланың басында пайда болады.
II(диастолалық) тон диастоланың басында пайда болады.
III тон ( протодиастолалық тон) диастоланың қанға толу кезеңінде пайда болады.
IV (жүрек алды) тон пресистола кезеңінде пайда болады.
Жүрек қан-тамыр жүйесінің функционалдық жағдайын бағалауда фонокардиографияның маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |