Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Дәрілер технологиясы кафедрасы



бет3/4
Дата05.06.2017
өлшемі0,74 Mb.
#17811
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4


Байланыс ақпараты
Кафедраның орналасқан орны (мекен-жайы, ғимараты, аудиториясы), телефоны, электрондық мекен-жайы: Фармацияда оқыту және ғылыми-зерттеу негіздері пәні бойынша сабақтар кафедраның арнайы лабораториялық құрал-жабдықтармен және қондырғылармен, құралды-компьютерлік жүйелермен жабдықталған аудиторияларда жүргізіледі.

Кафедраның мекен жайы: Шымкент қ., Аль-Фараби даңғылы 1, ОҚМФА, негізгі оқу корпусы, 3 қабат (329, 331 ауд.), телефон: 87252 (408222), ішкі 122, 322, дәрілер технологиясы кафедрасы.


Пәннің саясаты:

Магистранттарға қойылатын талаптар:

  • сабақты себепсіз жібермеу;

  • сабақта белсенділік көрсету;

  • сабаққа дайындалып келу;

  • МӨЖ тапсырмаларын дер кезінде орындау және қорғай алу;

  • сабаққа кешікпей келу;

  • сабақ уақытысында бөгде істермен шұғылданбау;

  • сабақ барысында тлектестік қарым-қатнасты қалыптастыру;

  • кафедра мүлкін күтімді және құнттап ұстау.


2. Бағдарлама

2.1 Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Фармацияда оқыту және ғылыми-зерттеу негіздері» пәні ҚР МЖБС 6М110400 – «Фармация» мамандығының (магистратура) типтік оқу жоспарына сәйкес бейіндік пәндердің міндетті құрамының бірі болып табылады.

«Фармацияда оқыту және ғылыми-зерттеу негіздері» магистрлік бағдарламасы бойынша магистрді даярлау саласындағы жоғары кәсіби білімнің негізгі мақсаты ғылыми және кәсіби біліктілікті меңгеру болып табылады. Магистрлерді оқытудың және ғылыми зерттеулердің негіздері мен осы заманғы көзқарастарымен, оқыту әдістері мен стилдерін қолдану мүмкіндіктерімен және келешегімен, дипломнан кейінгі және үздіксіз кәсіптік фармацевтикалық білім беру және фармациядағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру принциптерімен таныстыру. Жеке алғанда зерттеу тақырыбын, мақсатын және міндеттерін тұжырымдауда, ғылыми зерттеулердің қорытындысы мен ұсыныстарын талдау және тұжырымдауда оның маңыздылығы. Магистрлерде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми-зерттеу секторы үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқытушылары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби әрекетінің тереңдетілген ғылыми және педагогикалық дайындығы бар мамандарды даярлауда оқыту мен ғылыми зерттеу негіздерін қолданудың маңыздылығы мен кең спектрі туралы түсінікті қалыптастыру.
2.2 Оқып білу мақсаты

Оқыту саласында «Фармацияда оқыту және ғылыми-зерттеу негіздері» магистрлік бағдарламасы бойынша жоғары кәсіптік білімнің мақсаты: бітірушілерге ғылыми және педагогикалық қызметінде алған дағдылары мен білімдерін қолдануға жағдай жасайтын, жан-жақты және мамандырылған біліктілікке ие болуға мүмкіндік беретін жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары білім мен ғылымды ұйымдастыру негіздерін алу болып табылады.

«Фармацияда оқыту және ғылыми-зерттеу негіздері» магистрлік бағдарламасы бойынша жеке тұлғаны тәрбиелеу саласында бітіруші-магистрлердің әлеуметтік жеке қасиеттерін қалыптастыру болып табылады: ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, ықыластық, мақсатқа талпынушылық, ашықтық, ұжымда жұмыс істей білушілік, өзінің кәсіптік қызметінің нәтижесіне жауапкершіліктік, олардың жалпы мәдениетін жоғарылату және ой өрісін кеңейту.
2.3 Пәннің міндеттері


  • магистранттардың теориялық және тәжірибелік жеке дайындығын тереңдету есебінен оқыту және ғылыми зерттеулер негіздері бойынша сапалы білімге жету;

  • магистранттардың фармация саласында жеке білім алу жолын таңдауы;

  • ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізуге дағдылану, докторантурада ғылыми жұмысты жалғастыру үшін қажетті дайындама алу;

  • оқушыларда өзін-өзі жетілдіру және өздігінен даму қабілетін, олардың белсенді тіршілік әрекеті барысында жаңа білімдерді өз бетінше шығармашылықпен игеру қажеттілігін және дағдыларын қалыптастыру;

  • кәсіби мәдениет, соның ішінде қазіргі кездегі ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге, жоғары оқу орындарында оқытуға, зерттеу және басқару қызметтерін ойдағыдай жүзеге асыруға қабілетті азаматтық ұстанымы бар кәсіби қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі жоғары мамандарды дайындау.


2.4 Оқыту әдіснамасы

Оқытудың оқу процесі келесі түрде ұйымдастырылады:



  • дәріснамалық сабақтар: дәрістер, тәжірибе сабақтары (шағын топтарда жұмыс істеу, пікірталастар, ситуациялық есептерді шығару, тұсаукесер);

  • дәрісханадан тыс сабақтар: магистранттардың өзіндік жұмысы, жеке кеңес.

Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді – оқытушының жетекшілігімен орындалатын магистранттың өзіндік жұмысы (МОБӨЖ) және магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ).

МОБӨЖ –магистранттың оқытушымен байланыста өткізетін дәрісханадан тыс жұмысы, ол оқу сабақтарының кестесінде міндетті түрде көрсетілуі тиіс. МОБӨЖ -на үй тапсырмаларын, курстық жобаларды (жұмыстарды), семестрлік және бақылау жұмыстарын, есеп беру және МӨЖ тапсырмаларының басқа да түрлерін орындау жөніндегі кеңестер кіреді.

МӨЖ – оқу-әдістемелік әдебиет пен ұсыныстармен қамтамасыз етілген және өз бетімен оқуға бөлінген тақырыптардың белгілінген тізімі бойынша магистранттың дербес өзі орындайтын дәрісханадан тыс жұмысы; тесттер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, есеп беру жолымен және білімді бақылаудың басқа да түрлерімен тексеріледі.
2.5 Сабатың күтізбелік-тақырыптық жоспары; әрбір сабақтың тақырыбы, өткізу формасы және ұзақтығы (дәрістер, практикалық сабақтар, оқытушының жетекшілігімен жасалатын өзіндік жұмыстар)






Сабақ тақырыбы

Оқу сағатының көлемі

Барлық сағат көлемі

дәрістер

тәжірибе сабақтары

МОБӨЖ/ ДОБӨЖ

МӨЖ/ ДӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

1 кредит

1

Қазақстан Республикасының фармацевтикалық білім беру ісі. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық білім беру ісінің қазіргі жағдайы.

1










1

2

Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы.










4,5

4,5

3

Өткен білімдерді қарқындату тәсілдері.




2







2

4

Өткен білімдерді талдау










4,5

4,5




5

Оқу стилдері. Оқыту әдістері.

1










1

6

Қысқа дәрісті дербес түрде дайындау




2







2

7

Оқу түрлері: ұғындыру – мысал келтіретін, мәселелі, бағдарламаланған, модульді оқу.







3




3

8

Жеке білім алу жолын жасау.




2







2

9

Оқушының (бакалаврдың және магистрдің) жеке білім алу жолын құрастыру.










4,5

4,5




10

Шағын топтарда жұмыс істеу ережелері мен әдістері.

1










1

11

Шағын топтардағы оқу процесінің элементтері.







2




2

12

Шағын топтарда жұмыс істеу стратегияларын анықтау. Шағын топтарда тәжірибе сабақтарының құрылысы.










4,5

4,5

13

Келелі-нысаналы және жобалы-нысаналы оқу.




2







2

14

Келелі-нысаналы оқудағы жағдайды сипаттау.










4,5

4,5

15

Жобалы нысаналы оқу кезеңдері.










4,5

4,5

16

Кері байланыс әдістері.







2




2




17

Бағалау әдістері.

1










1

18

Білімді, дағдыны, қатынасты, құзіретті бағалау және тәжірибеде орындау әдістері.







2




2

19

Бағалау және кері байланыс.










4,5

4,5

20

Негізгі пәндер бойынша тест тапсырмаларын құрастыру.




2







2

21

Бейінді пәндер бойынша тест тапсырмаларын құрастыру.







2




2

22

Оқылатын пәндер бойынша тест тапсырмаларын құрастыу.










4,5

4,5

23

Фармацевттердің дипломнан кейінгі және үздіксіз кәсіби дамуын ұйымдастыру принциптері.







2




2

24

Фармацевттердің үздіксіз кәсіби дамуының нәтижесін анықтау.










4,5

4,5




25

Ересектерді оқыту ерекшеліктері.

1










1

26

Оқуды ұйымдастырудың андрагогикалық үлгісі.







2




2

27

Өздігінен оқу.










4,5

4,5




Барлығы:

5

10

15

45

75

2 кредит

1

Фармациядағы ғылыми зерттеулер.

1










1

2

Патентті ізденіс.




2







2

3

Ғылымилық критерилері – тәжірибеге ғана негізделген тексеру, дәлелдеу, теріске шығару, парадигманың болуы, мамандырылған тілді жасау.







2




2

4

Фармацевтика ғылымының пайда болу тарихы туралы мәселе.










4,5

4,5

5

Ғылыми теорияның эволюциялық дамуы. Ғылыми дағдарыс. Ғылыми революция.










4,5

4,5




6

Зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау.

1










1

7

Ғылыми жұмысты графикалық рәсімдеу (сызба, фотосурет, сурет, схема, диаграмма, кесте). Графикалық материалдарды сипаттау алгоритмі.




2







2

8

Ғылыми зерттеуді көп компонентпен қамтамасыз ету: кадрмен, ақшалай, техникалық, ақпараттық және т.б.







2




2

9

Фармацевтика ғылымының жетістіктерін адамзаттың барлық өткен рухани даму синтезінің түрі ретінде философиялық принциптер тұрғысынан талдау.










4,5

4,5




10

Зерттеу әдіснамасы.

1










1

11

Зерттеу жобасының элементтері.




2







2

12

Қазіргі ғылыми ақпарат және оны өзінің кәсіби қызметінде қолдану.







2




2

13

Эксперименттің эмпириялық танымның маңызды әдісі ретінде сипаттамасы. Эксперимент құрылысы және оның элементтері. Теориялық ұғымдар мен эксперимент мәліметтерін түсіндіру ережелері. Экспериментті жүргізу кезеңдері.







2




2

14

Ғылым мен жалған ғылымды айыру мәселесі.










4,5

4,5




15

Зерттеу талдауы, қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау.

1










1

16

Мақсаттарды орындау үшін қойылған міндеттерді шешу




2

2




2

17

Қазіргі лабороториялық жабдықтар және оны өзінің кәсіби қызметінде қолдану.







2




2

18

Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу.







2




2

19

Зерттеу талдауы, қорытындылары, тұжырымдары, ұсыныстары және тәжірибе ұсынымдары.







2




2

20

Социологиялық зерттеудің қазіргі әдістері, сауалнама жасау дағдылары және оларды өңдеу.







1




1

21

Ғылыми зерттеулердің этикасы. Эксперименттік әдістің қолдану шекарасы.










4,5

4,5

22

Ғылыми жұмысты рецензиялау.










4,5

4,5

23

Ғылыми теория ғылыми білімнің негізі ретінде. Ғылыми жорамал, болжамдау, растау, теріске шығару.










4,5

4,5




24

Ғылыми зерттеулерді енгізу және нәтижелілігі.

1










1

25

Пилотты зерттеу жобаларын жасау принциптері.




2







2

26

Ғылыми зерттеулердің этикалық негізделуі.










4,5

4,5

27

Зерттеу тақырыбы бойынша шолу ретінде мақала (реферат) дайындау.










4,5

4,5

28

Өз зерттеулері негізінде мақала дайындау.










4,5

4,5




Барлығы:

5

10

15

45

75


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет