3. Оқытудың мақсаты: Комплексонометриялық титрлеу металорганикалық қосылыстарды және судың кермектілігін анықтау үшін қолданылуды білуі керек.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Комплексонометриялық титрлеу әдісі.
Комплексонометриялық титрлеу әдісінің индикаторлары.
Комплексонометриялық титрлеу әдісін жүргізудің шарттары.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: зертханалық жұмыс.
Зертханалық жұмыс
Өлшеуіш колбаға алынған қоспаны (100,0 см3) дистилденген сумен араластырып, титрлеу жүргізетін колбаға аликвотты бөлігін құяды. Үстіне 25,0 см3 дистилденген су қосады, 10,0 см3 аммиакты буфер ерітіндісін, хромоген қара индикаторын қосып ашық-қызыл түс күлгін түске өткенге дейін трилон-Б ерітіндісімен титрлейді.
Кальцийді анықтау ушін титрлеуге арналған колбаға пипеткамен қоспаның 10,0 см3 алып, оған 25,0 см3 су, 5,0 см3 1 н NаОН ерітіндісі, мурексид индикаторын қосып қызыл түс көк-кулгінге айналғанша
трилон — Б ерітіндісімен титрлейді.
Титрлеу нәтижелерін қолдана отырып кальций мен магнийді есептейді.
6.Әдебиет:
1.Патсаев Ә.Қ., Шанызбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007ж.
2. Криков А.П. Основы аналитической химии, М., 1976, ч.2.
3. В.Д. Пономарев. Аналитическая химия, М.,ВШ., 1982. ч.1.
4. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. Тесты по неорганической, физколлоидной химии. Учебно-методическое пособие. Шымкент, 2010г.
Достарыңызбен бөлісу: |