ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет7/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,81 Mb.
#36519
1   2   3   4   5   6   7   8

1. Тақырыбы №24: Биогельминтоздардың ошақтарын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі: тениоз, тениаринхоз, трихинеллез, эхинококкоз, альвеококкоз, описторхоз, дифиллоботриоз. Биогельминтоздар ошағында алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар.

Филяридоздарға жалпы сипаттама. Этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы. Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.2. Мақсаты: студенттерге биогельминтоздардың эпидемиологиясының теориялық негіздер білімдерін қалыптастыру; дұрыс эпидемиологиялық анамнез жинауды, ошақтағы қатынаста болғандарды ажыратуға, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар жоспарын белгілеуге үйрету.

3. Тапсырма:

  • Биогельминтоздардың, филяридоздардың анықтамасы

  • Биогельминтоздардың, филяридоздардың этиологиясы және берілу механизмдер мен жолдардын ажыратумен эпидемиологиясы

    • Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құраған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

    • Биогельминтоздардың, филяридоздардың эпидемиологиясы туралы теориялық білімді қолдана отырып, осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

      • Реферат жазу және қорғау

      • Есептер құру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  • 24-25 апта

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

8. Бақылау (тесттер):

1. Описторхоз қоздырғышының көзі болып табылады:

А) науқас адамдар.

Б) иттер.

В) мысықтар.

Г) жабайы балыққоректі жануарлар.

Д) барлық аталғандар.

2 Описторхоз диагностикасында лабораториялық әдістер қолданылады:

А) нәжістің овоскопиялық зерттеуі.

Б) дуоденальды сұйықтықты овоскопиялық зерттеуі.

В) РНИФ.

Г) ТЕГАР.

Д) барлық аталған әдістер.

3. Адамның тениаринхозбен залалдануы … жүреді.

А) бұқа таспа жұмыртқасының ішекке түскенде.

Б) цистицерктер (финндар) бар жартылай шикі сиыр етін жегенде

В) бұқа таспа жетілген члениктерінің ағзаға түскенде

Г) бұқа таспа сколекстің ағзаға түскенде

Д) ашық көзден онкосфералармен залалданған суды ішкенде

4. Шошқа таспасынан бұқа таспасы ... морфологиялық белгілерімен ерекшеленеді.

А) шошқа таспасында члениктер саны аз

Б) члениктердің кіші өлшемді болуы.

В) жетілген члениктерде жатырдың шеткі бөлімдерінің аз саны

Г) члениктері қозғалмайды

Д) басында 32 ілгіштері бар.

5. Тениоз бен цистицеркоз қоздырғыштарының көзі болып табылады:

А) науқас адамдар.

Б) үй шошқалары.

В) ірі қара мал.

Г) қабандар.

Д) иттер, мысықтар.

6. Тениоз кезінде негізгі эпидемияға қарсы және алдын алу шараларына жатады:

А) адамға дегельминтизация жүргізу.

Б) шошқаларға дегельминтизация жүргізу.

В) шошқа фермаларында санитарлы-ветеринарлы бақылау жүргізу

Г) ірі қар мал фермаларында санитарлы-ветеринарлы бақылау жүргізу

Д) ірі қара мал қасап пункттарына бақылау жүргізу.

7. …. дифиллоботриозбен залалдану себебі болып табылады.

А) кең лантецпен залалданған балық

Б) залалданған шаяндар

В) жұмыртқалармен залалданған су

Г) жұмыртқалармен залалданған тұрмыстық заттар

Д) шошқа және ірі қара мал еті

8. Адамаға ең патогенді болып трихинеллалардың келесі түрлері болып табылады:

А) Trichinella spiralis.

Б) T.nafiva.

В) T. pseudospiralis.

Г) T.britovi.

Д) T.nelsoni.

9. Трихинеллалардың өмірлік циклының қандай ерекшеліктері осы биогельминтозды сипаттайды

А) соңғы қожайыны тек адам болып табылады

Б) аралық қожайыны тек жануар болып табылады

В) бір ағза (адам немесе жануар) аралық және соңғы қожайын болып табылады.

Г) паразит жас және жынысты жетілген түрлерінде болады.

Д) Трихинеллалар – тірі туылатын гельминттер.

10. Аталған сипаттамалардан трихинеллездің эпидемиялық үдеріс ерекшеліктерін көрсетіңіз

А) адам қоздырғыш көзі болмайды.

Б) ауру табиғи-ошақты инвазияларға жатқызылады

В) инвазия қоздырғышының көзі үй, жабайы және малшаруашылық жануарлары болып табылады.

Г) инвазия көзі – адам.

Д) антропургиялық және табиғи ошақтар үй мен жабайы жануарлар арасындағы тағамдық байланыстармен қалыптасады.

11. Адамдардың трихинеллезбен залалдануын алдын алудағы негізгі бағыттарына жатады:

А) шошқа фермаларына қатаң ветеринарлық бақылау жүргізу.

Б) шошқа етіне визуальды бақылау жүргізу.

В) шошқа және жабайы жануарлар еттеріне визуальды және лабораторлы бақылау жүргізу

Г) бұзылған шошқа етін техникалық утилизациялау.

Д) басқа жерлерден әкелінген шикі еттерге сертификация жүргізу.

12. Не себепті эхинококкоздар табиғи-ошақты және табиғи-антропургиялық биогельминтоздар болып есептеледі

А) қоздырғыш резервуары жабайы жануарлар болып табылады

Б) қоздырғыш резервуары жабайы және ауылшаруашылық жануарлар болып табылады.

В) қоздырғыш резервуары адам болып табылады

Г) қоздырғыш резервуары қоршаған орта объектілері болып табылады

Д) қоздырғыш резервуары малшаруашылығының өнімдері болып табылады

13. Аталған аймақтың кайсысы альвеококкоз бойынша эндемиялық болып табылады?

А) РФ Сібірі.

Б) Орталық Европа.

В) Африка.

Г) Северные районы АҚШ және Канаданың солтүстік аймақтары.

Д) Жапонияның солтүстік аралдары.

14. Эхинококкоздардағы маңызды алдын алу шараларына жатады

А) иттердің залалдануын алдын алу

Б) санитарлы ағарту

В) сыртқы орта объектілеріне санитарлы-гельминтологиялық мониторинг жүргізу

Г) қауіп контингентіне уақытылы лабораторлы-инструментальды зерттеу жүргізу

Д) ауру адам және жануарларды емдеу

15. Филярии … мекендейді

А) қантамыр жүйесінде.

Б) лимфатикалық жүйесінде.

В) терінің беткей қабаттарында.

Г) бұйрек пен жыныс мүшелерінде.

Д) көру мүшелерінде.

16. Филярий тасымалдаушылары…болып табылады

А) кенелер.

Б) масалар.

В) шіркейлер.

Г) мокрецалар.

17. Wuchereria bancrofti u malayi штаммдарына қандай ерекшеліктер тән?

А) 2 түрлі – табиғаттық субпериодикалық штаммдардың болуы.

Б) тек түнде ғана айналымда болуы (кезекті штамм).

В) күндіз немесе ерте таңда айналымда болу (субпериодты).

Г) тірі микрофилярийлерді туу мүмкіндігі.

Д)әр түрлі буынаяқтылардың ағзаларында паразиттену

18. Вухерериоз бен бругиоз қоздырғыштарының көзі мен тасымалдаушылары ... болып табылады.

А) тек науқас адам және паразиттасымалдаушысы.

Б) маймылдардың кейбір түрлері, мысықтар, иттер.

В) масалар тасымалдаушылар.

Г) шіркейлер тасымалдаушылар.

Д) тасымалдаушылар слепеньдер, көзі – шошқалар.

19. Филяриидоздар тіркеледі …

А) Оңтүстік-Шығыс Азияда.

Б) Орталық және Оңтүстік Америкада.

В) Тынық және Үнді мұхиттардың аралдарында.

Г) Кавказдың субтропикалық аудандарында.

Д) Африканың орманды тропикалық елдерінде.

20. Вухерериоз бен бругиоздың клиникалық белгілеріне жатады:

А) пілділіктің дамуы.

Б) ақшыл сүтті түсте зәрдің өзгеруі (күндіз).

В) зәрдің қызыл түсте болуы (түнде немесе кешке).

Г) ума салмағының артуы.

Д) лимфобездердің ұлғаюы.

21. Филяриидоздардың диагностикасы ... негізделеді.

А) микрофилярийлердің жуан қан тамшысында табылуы.

Б) қоздырғыштың Романовский бойынша боялған қан жағындыларында табылуы

В) микроскопия әдісі бойынша зәрді зерттеу

Г) тері ішілік аллергиялық сынама

Д) АР және КБР антиденелердің табылуы




1. Тақырыбы №25: Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға жалпы сипаттама. Этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы. Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру. Безгек ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі. Безгек ошағында алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге нормативті құжаттар.

2. Мақсаты: студенттерге жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен безгектің эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру; дұрыс эпидемиологиялық анамнез жинауды, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар жоспарын белгілеуге үйрету.

3. Тапсырма:

  • жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен безгектің анықтамасы

  • жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен безгектің этиологиясы және берілу механизмдер мен жолдардын ажыратумен эпидемиологиясы

    • эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құраған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

    • жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен безгектің эпидемиологиясы туралы теориялық білімді қолдана отырып, осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

      • Реферат жазу және қорғау

      • Презентация дайындау

      • Есептер құру

      • Тесттер құру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  • 25-26 апта

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

8. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:


1.Гонореяда жасырын кезеңнің ұзақтығы:

А) 3-10 күн

Б) 1-2 ай

В) 2-3 апта

Г) 2 аптадан 6 айға дейін

Д) 1 айға дейін

2. Гонококктар зақымдайды:

А) цилиндрлік эпителий

Б) куб тәрізді эпителий

В) көп қабатты жалпақ эпителий

Г) призма тәрізді эпителий

Д) мүйізді эпителий

3. Жедел гонореядағы ем:

А) антибиотикотерапия

Б) антибиотикотерапия, жергілікті ем, физиотерапия

В) антибиотикотерапия, физиотерапия, санаторлы-курорты ем

Г) Этиотропты, иммунотерапия, жергілікті ем

Д) антибиотикотерапия, жергілікті, гормонотерапия

4. Мерезбен ауырған анадан туылған балаларға жүргізілетін диспансерлік бақылаудың ұзақтығы:

А) 5 жасқа дейін

Б) 1 жасқа дейін

В) 7 жасқа дейін

Г) 15 жасқа дейін

Д) өмір бойы

5. Кеш туа мерездің мүмкін белгілері:

А) Робинсон-Фурнье радиарлы тыртықтары

Б) мерезді пузырчатка

В) Парро жалған салданулар

Г) мерезді остеохондрит

Д) Миллиан белгісі

6. Жүре пайда болған мерездің кезеңі, бөртпесі ерте жастағы мерезге ұқсас:

А) екіншілей жедел

Б) біріншілік

В) екіншілік рецидивті

Г) үшіншілік

Д) біріншілік серонегативті

7. Anopheles масасының қандай түрлері Қазақстанда безгекті плазмодийлердің тасымалдаушылары болып табылады?

А) Anopheles macullipenis

Б) A.superpictus

В) A.pulcherrimus

Г) A.sacharovi

Д) барлық аталған түрлер

8.Қазақстан Республикасында безгекпен аурушандылық маусымдылығын түсіндіріледі.

А) маса белсенділігі мен түрлері

Б) маса ағзасында плазмодийлердің спорогония кезеңі

В) климаттық фактор

Г) жасырын кезеңінің ұзақтығы

Д) жыл бойы

9. Аймақтың маляриогендігі келесі факторлармен негізделген:

А) ауаның оптимальды температурасының болуы

Б) Anopheles масаның болуы

В) маса ұрғашысының эпидемиологиялық қауіпті жасқа жету мүмкіндігі

Г) численностью восприимчивого к заражению плазмодийлермен

залалдануға бейім халықтың және маса саны

Д) барлық аталған факторлардың болуы

10. Безгек кезінде эпидемияға қарсы және алдын алу шараларды жүргізу барысында патогенездің ... кезеңдеріне әсер ету қажет

а) инфекция қоздырғышының көзіне (1 кезең)

б) қоздырғыштың берілу механизміне (2 кезең)

в) халықтың бейімділігі (3 кезең)

г) эпидемиялық процестің тек 1 және 2 кезеңіне

д) эпидемиялық процестің тек 2 кезеңіне

1 жағдайлық есеп

МСБ фельдшеріне, тері-венерологиялық диспансерінен кондитерлік цехтың 32 жасар әйел, 2 және 10 жасар қыздардың анасы, қызметкерін тексеруге жіберу талабымен телефонограмма түсті.Себебі гонореямен науқастанған ауру ер адам бұл әйелді өзінің ауруының көзі деп көрсетті.

Фельдшер тактикасын көрсетіңіз

1. Тез арада телефонограмманы цех басшысына жеткізіп, сотқа құжаттарды дайындау


  1. Осы МСБ – нің цехының барлық әйел қызметкерлерін алдын-ала қараудан өткізу

  2. Сан-эпид.тәртіптің сақталуы қатаң болу қажет: науқас госпитализацияланады, ыдыс-аяқ, гигиена заттары, төсеніштері, сүлгілері дезинфекцияланады; балалардың клиникалық – серологиялық тексеру жүргізіледі, бақылау барысында, бірнеше рет 6 ай кем болмау қажет (1 жыл);

  3. Медициналық қызметкер диагноз құпиясын, этика мен деонтологияны сақтай отырып, дәрігердің барлық нұсқауларын орындау

  4. Тек 2+3+4 дұрыс

2 жағдайлық есеп

Фельдшер қабылдауында – алкоголь ішімдіктерін көп ішетін, жиі кездейсоқ қатынастарға түсетін 30 жасар ер адам. Ер адам бір интимді танысына тері-венерологиялық диспансерінде «Екіншілік рецидивті мерез» диагнозы қойылғаны туралы айтты.



Осы жағдайдағы фельдшердің дұрыс тактикасын көрсетіңіз

  1. фельдшер басқаруымен медбике, катаң түрде этиканы сақтай отырып, қатынаста болған адамдарды табу, оларды тексеруге шақыру бойынша үлкен жұмысты атқарады; пациентты соңғы 3 айда мүмкін қатынаста болғандарды айтуға керек екендігін туралы жұмыста дәрігерге көмек береді

  2. здравпункт кабинетінде лезде пациенттің емі басталады,

  3. осы жағдайдағы фельдшердің дұрыс тактикасы – тез арада пациентті осы МСБ-нің бір бөлімшесіне госпитализациялау

  4. фельдшер пациентке ЖЖБИ-ның клиникалық ағымының ерекшеліктері туралы түсіндіріп, ТВД-не тексеру үшін бару қажеттігін айтады.

  5. барлық аталғандар осы пациентті жүргізудің дұрыс тактикасына жатқызылады.



1. Тақырыбы №26: Амебиаз, токсоплазмоз, лейшманиоз, ошақтарын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі. Ошақтағы алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар. Жүйелік кене боррелиозы және лейшманиоз кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері.

Легионеллез кезінде алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.



2. Мақсаты: студенттерге амебиаз, токсоплазмоз, лейшманиоз , жүйелік кене боррелиозы , легионеллез эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру; дұрыс эпид. анамнез жинауды, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар жоспарын белгілеуге үйрету.

3. Тапсырма:

  • амебиаз, токсоплазмоз, лейшманиоз, жүйелік кене боррелиозы, легионеллез анықтамасы

  • амебиаз, токсоплазмоз, лейшманиоз, жүйелік кене боррелиозы, легионеллез этиологиясы және берілу механизмдер мен жолдардын ажыратумен эпидемиологиясы

  • студентпен құрастырылған есепті шешу, оның ішінде эпид. анамнезді белгілеу, ошақтағы эпидемияға қарсы шаралардың жоспарын құру

  • амебиаз, токсоплазмоз, лейшманиоз, жүйелік кене боррелиозы, легионеллез эпидемиологиясының теориялық білімдерін пайдалана отырып, ошақтағы алдын алу шаралардың жоспарын құру

4. Орындау түрі:

  • Рефератты құру және қорғау

  • Тапсырма құру

  • Есепті құрастыру

  • Тест тапсырмаларын құрастыру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  • 26-27 апта

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық

паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.



8. Бақылау ( тесттер):

Амебиаз қоздырғышының көзі болып табылады

А) ауру адам

Б) ауру жануар

В) залалданған үй шыбыны

Г) циста тасымалдаушы

Д) нәжіспен контаминирленген тамақ өнімдері

2. Аталған берілу жолдардың қайсысы амебиазға тән болып табылады?

А) тағамдық

Б) су арқылы

В) тұрмысты-қатынастық

Г) трансмиссивті (кене шағу арқылы)

Д) үй шыбындары арқылы

3. Не себепті токсоплазмоз табиғи-антропургиялық зоонозды инвазия болып есептеледі?

А) токсоплазмалар сүтқоректілердің, құстардың, ауылшаруашылық жануарлардың көп түрлерінде анықталған

Б) мысық соңғы қожайыны болып есептеледі, оның ағзасында жынысты даму циклы жүреді

В) антропургиялық ошақтар мысықтардың, ауылшаруашылық жануарлардың нәжісімен залалдану салдарынан қалыптасады

Г) токсоплазмоз – зооноз, табиғи –антропургиялық инвазия емес

Д) токсоплазмалар бірінші рет африкалық кеміргіштер мен қояндарда анықталған

4. Адамның токсоплазмалармен залалдануы .... жолдармен жүзеге асады.

А) тағамдық

Б) су арқылы

В) қатынастық

Г) трансплацентарлы

Д) барлық аталған берілу жолдар

5. Лейшманиялардың өмірлік циклы қалай жүреді?

А) амастиготты (жгутиксыз) лейшманиальды

Б) шіркей ағзасында көбею, жгутикті түрге (промастиготты) айналу

В) шіркей жұтқыншағында жиналу және 6-8 күннен кейін инвазивті болып табылады

Г) адам немесе шіркеймен залалданған жануарлармен шағу мен қанға немесе теріге түсу

Д) ішкі мүшелерде (висцеральды лейшманиоз) жгутиксіз немесе теріде және кілегей қабаттарда (терілік немесе тері-кілегейлі лейшманиоз) түрлерге айналу

6. Висцеральды лейшманиоз ошақтарының қандай типтері белгілі?

А) табиғи

Б) ауылдық

В) қалалық

Г) синантропты-антропургиялық

Д) барлық аталғандар дұрыс

7. Висцеральды лейшманиозбен аурушандық .... тіркеледі.

А) Жерортатеңіз елдерінде

Б) Үнді жартыаралық және Оңтүстік Азия елдерінде

В) Африка және Оңтүстік, Орталық Америкада

Г) Кавказ және Орта-азия елдерінде (соның ішінде Қазақстанның оңтүстік аймақтары)

Д) барлық аталғандар дұрыс

8. … шаралар лейшманиоз кезінде тиімді болады

А) табиғатта инвазия резервуарларын жою

Б) тасымалдаушылармен (шіркейлермен) күрес

В) вакцинация жергілікті халықты вакцинациялау

Г) науқастарды ерте анықтау, оқшаулау және емдеу

Д) барлық аталғандар дұрыс

9. Көрсетілген қарапайымдылардың қайсысы протозоидты инвазияларды шақырады?

а) саркодты

б) жгутикты

в) споровиктер

г) инфузориялар

д) барлық аталған қарапайымдылар

10. Көрсетілген қарапайымдылардың қайсысы қанды паразиттер болып табылады?

а) трихомонадтар

б) кокцидиялар

в) плазмодиумдар

г) трипаносомалар

д) балантидиялар

11. Көрсетілген протозойдты инвазиялардың қайсысына фекальды-оральды берілу механизмі тән?

а) амебиаз

б) лямблиоз

в) балантидиаз

г) лейшманиоз

д) трипаносомоз
1. Тақырыбы №27: Инфестациялардың (қышыма) жалпы сипаттама. Этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы. Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

Дерматомикоздардың этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы. Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

Қышыма және дерматомикоз ошақтарын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі. Алдын алу шаралары.

2. Мақсаты: студенттерге қышыма мен дерматомикоздардың эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру; дұрыс эпид. анамнез жинауды, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар жоспарын белгілеуге үйрету.

3. Тапсырма:


  • қышыма және дерматомикоз анықтамасы

  • қышыма және дерматомикоз этиологиясы

  • қышыма және дерматомикоздың берілу механизмдері мен жолдардын ажыратумен эпидемиологиясы

  • студентпен құрастырылған есепті шешу, оның ішінде эпид. анамнезді белгілеу, ошақтағы эпидемияға қарсы шаралардың жоспарын құру

  • қышыма және дерматомикоз эпидемиологиясының теориялық білімдерін пайдалана отырып, ошақтағы алдын алу шаралардың жоспарын құру

4. Орындау түрі:

  • Рефератты құру және қорғау

  • Тапсырманы, есепті құру

  • Тест тапсырмаларын құрастыру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет