Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы Кафедра: Морфологиялық пәндер Пән – «Патологиялық анатомия»



бет4/9
Дата28.01.2018
өлшемі1,79 Mb.
#35503
1   2   3   4   5   6   7   8   9

60. Продуктивті қабыну кезіндегі тіндік реакция:

  1. пролиферация+

  2. склероз

  3. экссудация

  4. альтерация

  5. деструкция

61. Аралық қабынуда ... басым болады.

  1. экссудативті тіндік реакция +

  2. продуктивті тіндік реакция

  3. альтеративті экссудативті тіндік реакция

  4. альтеративті тіндік реакция

  5. иммунологиялық реакция

62. Продуктивті қабынуға ... жатқызады.

  1. сүйір үшті кондиломаларды+

  2. эмпиеманы

  3. флегмонаны

  4. крупозды қабынуды

  5. серозды қабынуды

63. Туберкулез кезінде бауырда продуктивті қабынудың ... түрі дамиды.

  1. арнайы гранулематозды+

  2. арнайы емес гранулематозды

  3. аралық

  4. полипозды

  5. интерстициалды

64. Жануар паразиттері айналасындағы қабынудың нәтижесі:

  1. инкапсуляция+

  2. экссудация

  3. альтерация

  4. гиалиноз

  5. оссификация

65. Мерез кезіндегі миокардтағы продуктивті қабынудың түрі:

  1. арнайы гранулематозды+

  2. интерстициалды

  3. арнайы емес гранулематозды

  4. полипозды

  5. кондилломатоз

66. Ревматизм кезіндегі миокардтағы продуктивті қабынудың түрі:

  1. арнайы емес гранулематозды+

  2. интерстициалды

  3. паренхиматозды

  4. полипозды

  5. кондилома

67. Қабыну кезінде пролиферация фазасы...сипатталады.

  1. қабыну аймағындағы жасушалардың көбеюімен+

  2. қан айналымының бұзылуымен

  3. фагоцитозбен

  4. тіннің зақымдануымен

  5. экссудаттың түзілуімен

68. Жараның жазылу түрі:

  1. біріншілік тартылу+

  2. аутогенді жаңа түзіліс

  3. метаплазия

  4. регенерациялық гипертрофия

  5. біріншілік сүйектік бітісу

69. Жалған гипертрофия бұл:

  1. дәнекер тіннің өсуіне байланысты ағзаның үлкеюі+

  2. паренхиманың өсуіне байланысты ағзаның үлкеюі

  3. қабыну сіңбесіне байланысты ағзаның үлкеюі

  4. туа пайда болған ақау

  5. нейрогуморалды гипертрофия

70. Эндометрийдің безді гиперплазиясының микроскопиялық белгісі:

  1. бездердің пішіні ирелеңдеген+

  2. эндометрий стромасының фиброзы

  3. эндометрийдің атрофиясы

  4. митоздардың болмауы

  5. бездердің эпителиінін жалпаюы

71. Жергілікті атрофияның түрі:

  1. дисфункциялық+

  2. гипофиздік кахексия

  3. туберкулездік кахексия

  4. обырлық кахексия

  5. церебралды кахексия

72. Бейімделудің анықтамасы:

  1. түрдің сақталуына бағытталған тіршілік үдерістері+

  2. тіннің бір түрінің екінші түріне алмасуы

  3. склероз

  4. ағзаның салмағының азаюы

  5. жалған гипертрофия

73. Викарлы гипертрофия бұл:

  1. жұп ағзаның біреуін алып тастағанда екінші ағзаның үлғаюы+

  2. ағзанын жұмысының күшеюіне байланысты оның гипертрофиясы

  3. ағзаның бір бөлігі тыртықпен алмасқанда оның ұлғаюы

  4. нейро-гуморальді гипертрофия

  5. гипертрофиялык өсуі

74. Викарлы гипертрофия ... дамуы мүмкін.

  1. бүйректе+

  2. бауырда

  3. гипофизде

  4. көк бауырда

  5. жүректе

75. Орын толтыру- бейімделу үдерістерінің даму фазасы:

  1. қалыптасу+

  2. инициация

  3. склероз

  4. компенсация

  5. бейімделу

76. Ағзаның шынайы гипертрофиясы кезiнде... болады.

  1. паренхима массасаның ұлғаюы+

  2. май тiннiң өсiп кетуi

  3. строманың өсiп кетуi

  4. капсуланың склерозы

  5. ағзаның көлемiнiң ұлғаюы

77. Бронх эпителиiнiң метаплазиясы ... кезінде байқалады.

  1. созылмалы бронхит+

  2. қан құйылу

  3. жарақаттану

  4. некроз

  5. киста

78. Атеросклероздың табақшамен сан артериясының саңылауының біртіндеп бітелуі

кезінде аяқ бұлшық етінде дамитын атрофияның түрі:



  1. ишемиядан бол5ан атрофия+

  2. дисфункционалды

  3. қызметін атқармағандықтан

  4. күш түсудің азаюынан

  5. нейротикалық

79. Эндометрийдің безді гиперплазиясының микроскопиялық белгісі:

  1. бездердің пішіні ирелендеген+

  2. эндометрийдің атрофиясы

  3. эндометрий стромасының фиброзы

  4. митоздар болмайды

  5. бездердің эпителиінін жалпаюы

80. Жергілікті атрофияның түрі:

  1. дисфункциалық+

  2. гипофизарлы кахексия

  3. туберкулезды кахексия

  4. обырлық кахексия

  5. церебралды кахексия

81. Репаративті регенерацияның түрі:

  1. регенерациялық гипертрофия+

  2. патологиялық

  3. метаплазия

  4. компенсаторлы

  5. физиологиялық

82. Бейімделудің анықтамасы:

  1. түрдің сақталуына бағытталған тіршілік процестері+

  2. склероз

  3. тіннің бір түрінің екінші түріне алмасуы

  4. ағзаның салмағының азаюы

  5. жалған гипертрофия

83. Тыртықтың тінді анықтауға арналған бояу:

  1. Ван-Гизон бойынша пикрофуксинмен+

  2. осмий қышқылы

  3. конго рот

  4. судан III

  5. гематоксилин

84. Викарлы гипертрофия дегеніміз:

  1. жұп ағзаның біреуін алып тастағанда екінші ағзаның ұлғаюы+

  2. ағзанын жұмысының күшеюіне байланысты оның гипертрофиясы

  3. ағзаның бір бөлігі тыртықпен алмасқанда оның ұлғаюы

  4. нейро-гуморальді гипертрофия

  5. гипертрофиялық өсу

85. Тыртықтың айналасындағы кардиомиоциттердің жағдайы:

  1. регенерациялық гипертрофия+

  2. регенерациялык гиперплазия

  3. қоңыр атрофия

  4. майлы дистрофия

  5. некроз

86. Регенерациялык гипертрофияға ... жатады.

  1. жасушалардың гиперплазиясы+

  2. склероз

  3. атрофия

  4. дистрофия

  5. метаплазия

87. Регенерация бұл:

  1. жойылған тiндердiң құрылымдық элементтерiнiң қалпына келуi+

  2. тiннiң бiр түрiнiң екiншi түрiне алмасуы

  3. ағзаның, тiннiң, жасушаларының көлемiнiң ұлғаюы

  4. некроз ошағының дәнекер тiнмен алмасуы

  5. жасуша көлемiнiң кiшiреюi

88. Регенерацияның формасы:

  1. жасушалық+

  2. викарлық

  3. атрофия

  4. қабыршақ астында жазылуы

  5. гипертрофия

89. Репаративті регенерацияның түрі:

  1. регенерациялық гипертрофия+

  2. физиологиялық

  3. патологиялық

  4. метаплазия

  5. компенсаторлы

90. Регенерациялық гипертрофияға жатады:

  1. жасушалардың гиперплазиясы+

  2. склероз

  3. атрофия

  4. дистрофия

  5. метаплазия

91. Дәнекер тіндену үдерісін атаңыз:

  1. тыртықтың түзілуі+

  2. амилоидоз

  3. дистрофия

  4. кистаның түзілуі

  5. метаплазия

92. Тыртықтың айналасындағы кардиомиоциттердiң жағдайы:

  1. регенерациялық гипертрофия+

  2. регенерациялық гиперплазия

  3. қоңыр атрофия

  4. майлы дистрофия

Е некроз

93. Викарлы гипертрофия дамуы мүмкін:



  1. бүйректе+

  2. бауырда

  3. гипофизде

  4. көк бауырда

  1. жүректе

94. Реституция бұл:

  1. толық регенерация+

  2. тiннiң дефектiнiң толтырылуы

  3. дефектiнiң тыртықпен алмасуы

  4. регенерациялық гипертрофия

  5. строманың өсiп кетуi

95. Жасуша iшiлiк регенерация тек қана ... дамиды.

  1. жұлынның және мидың ганглионарлы жасушаларында+

  2. гепатоциттерде

  3. нефроциттерде

  4. сүйек жасушаларында

  5. эпидермисте

96. Жараның жазылуының түрi:

  1. жараның бiрiншiлiк жазылуы+

  2. аутогендi жаңа түзiлiс

  3. метаплазия

  4. регенерациялық гипертрофия

  5. бiрiншiлiк сүйектiк шор

97. Мезенхимадан дамыған қатерлі ісік ... деп аталады.

  1. саркома+

  2. кондилома

  3. полип

  4. фиброма

  5. обыр

98. Қоңыр майдың ісігі ... деп аталады.

  1. гибернома+

  2. десмоид

  3. гемангиома

  4. лейомиома

  5. фибромиома

99. Лимфа тамырларынан түзілген ісік:

  1. лимфангиома+

  2. капиллярлы

  3. каверналы

  4. гемангиоперицитома

  5. гломангиома

100. Капиллярлы гемангиоманың балама аты:

  1. таңқурайлы невус+

  2. шекаралык невус

  3. лентиго

  4. невожасушалық невус

  5. секпілдер

101. Бірыңғай салалы бұлшықеттен дамыған қатерлі ісікке ... жатады.

  1. лейомиосаркома+

  2. рабдомиосаркома

  3. қатерлі синовиома

  4. фибромиома

  5. рабдомиома

102. Дәнекер тіннің инфильтрациялануымен өсетін ісік:

  1. десмоид+

  2. нодулярлы фасциит

  3. оссификацияланған миозит

  4. фибромиома

  5. фиброзды гестиоцитома

103. Рабдомиосаркома ... жиі кездеседі.

  1. балалық жаста+

  2. балалық және жасөспірімдік жаста

  3. жастық шақта және орта жаста

  4. балалық және кәрілік жаста

  5. кәрілік жаста

104. Фибромалардың жиі орналасатын жері болып табылады:

  1. тері, аналык без, аяқ-қол+

  2. бауыр, өкпе

  3. бүйрек, ми

  4. асқазан, ішек

  5. жүрек

105. Мезанхималық ісіктер:

  1. гетерогенді сипатқа ие+

  2. ағзалық спецификаға ие

  3. жұмсақ тінді ісіктерге жатпайды

  4. жиі кездеседі

  5. эпителий тінінен дамиды

106. Қатерлі мезенхималық ісіктер сипатталады:

  1. гематогенді метастаз береді+

  2. жиі кездеседі

  3. эпителий жасушаларынан түзіледі

  4. жиі қатерсіз ісіктен түзіледі

  5. картайған шақта жиі кездеседі.

107. Мезанхималы ісіктер:

  1. эпителий тінінен

  2. ағзалык специфика тән

  3. жұмсақ тінді ісікке жатпайды

  4. жиі кездеседі

  5. гетерогенді касиеті бар+

108. Қатерлі мезенхималы ісік сипаты:

  1. гематогенді метастаз береді+

  2. жиі кездеседі

  3. эпителий жасушаларынан түзіледі

  4. қатерсіз ісіктен түзіледі

  5. картайған шақта түзіледі

109. Құрсакта және плеврада … дамиды.

  1. мезотелиома+

  2. лейомиома

  3. остеома

  4. хондросаркома

  5. рабдомиосаркома

110. Хондрома түрлері:

  1. энхондрома және экхондрома+

  2. жұмсақ және тығыз

  3. болбыраган және қатты

  4. жетілген және жетілмеген

  5. кемікті және тығыз

111. Гломусты ісік құрамында . . . болады.

  1. қан тамырлар+

  2. дәнекер тін

  3. май тін

  4. шеміршек

  5. бұлшық ет

112. Фиброма ... жиі кездеседі.

  1. теріде, аналык безде, аяқ-қолда+

  2. бауырда, өкпеде

  3. бүйректе, мида

  4. асқазанда, ішекте

  5. жүректе

113. Фиброма сипаты:

  1. жұмсак және тығыз+

  2. нақтылланбаған

  3. нақтыланған

  4. жұмсақ

  5. тығыз

114. Остеома сипаты:

  1. кемікті және тығыз+

  2. нақтыланған және нақтыланбаған

  3. қатты және жұмсақ

  4. болбыраған

  5. қатты және болбыраған

115.Лимфогранулематозға (ЛГМ) тән белгi:

  1. лимфа түйiндерiнiң үлкеюi+

  2. лимфа түйiндерiнiң кiшiреюi

  3. буындардың үлкеюi

  4. бауырдың көлемінің кiшiреюi

  5. жүрек өлшемiнiң үлкеюi

116. Лимфогранулематозға тән белгi:

  1. лимфа түйiндерiнiң үлкеюi+

  2. лимфа түйiндерiнiң кiшiреюi

  3. буындардың үлкеюi

  4. бауырдың кiшiреюi

  5. жүрек өлшемiнiң үлкеюi

117. Лимфогранулематоз синонимы:

  1. Ходжкин ауруы+

  2. Гоше ауруы

  3. Ниман-Пик ауруы

  4. гемобластоздар

  5. Сезари ауруы

118. Лимфогранулематоз кезiндегi көк бауырдың аты:

  1. порфир тәрiздi+

  2. саго тәрiздi

  3. майлы

  4. түктi

  5. ала

119. Созылмалы миелоклейкоз кезiндегi сүйек кемiгiнiң сипаты:

  1. пиоидты+

  2. қызыл

  3. тот басқан

  4. сары

  5. сары түсті қызыл түсті ошақтары бар

120. Жедел лейкозға тән белгi

  1. бластемия+

  2. лейкоформула солға жылжыған

  3. анемия

  4. бауыр үлкейген

  5. бауыр кiшiрейген

121. Лимфогранулематозға тән элемент:

  1. Березовский-Рид-Штернберг жасушасы+

  2. Гоше жасушасы

  3. Пирогов-Лангханс жасушасы

  4. Энштейн-барр вирусы

  5. Ниман-Пик жасушасы

122. Нодулярлы лимфосаркома синонимi:

  1. Брилл-Симмерс ауруы+

  2. Ходжкин ауруы

  3. Сезари ауруы

  4. Менковский-Шоффар ауруы

  5. гемобластозы

123. Лейкоз мына ағзадан басталады:

  1. сүйек кемiгiнен+

  2. лимфа түйiнiнен

  3. бүйректен

  4. өкпеден

  5. жүректен

124. Лейкоздарға жататын ауру:

  1. лимфобласты лейкоз+

  2. Ходжкин ауруы

  3. Сезари ауруы

  4. лимфома

  5. лимфосаркома

125. Қызыл жиекті инфаркт ... дамиды.

  1. миокардта+

  2. өкпеде

  3. мида

  4. ішекте

  5. көк бауырда

126. Қоректендіруші артерияның тромбоэмболиясы кезіндегі ағзадағы өзгерістер:

  1. инфаркт+

  2. склероз

  3. ісіну

  4. қабыну

  5. атрофия

127. Барометрлі қысымның төмендеуі ... әкеледі.

  1. вакатты гиперемияға+

  2. коллатералды гиперемияға

  3. ангионевротикалық гиперемияға

  4. анемиядан кейінгі гиперемияға

  5. қабыну гиперемиясына

128. Тромбтың макроскопиялық бөліктері:

  1. басы+

  2. арқасы

  3. алдыңғы

  4. артқы

  5. орталық

129. Тромб түзілуінің кезеңі:

  1. тромбоциттер агглютинациясы+

  2. стаз

  3. сладж феномені

  4. тамырлану

  5. организация

130. Тромбтың дәнекер тіндеуі ... басталады.

  1. тамырға бекіген жерінен+

  2. құйрығынан

  3. денесінен

  4. денесінен және құйрығынан

  5. барлық бөлігінен бір мезгілде

131. Микробты эмболия ... кездеседі.

  1. сепсисте+

  2. сүйек сынғанда

  3. флеботромбозда

  4. атеросклерозда

  5. қатерлі ісіктерде

132. Эпителийдің пролиферациясы жэне дифференцировкасының бұзылуы ... үдерісі

болып табылады:



  1. дисплазия+

  2. организация

  3. агенезия

  4. қабыну

  5. некроз

133. Қатерлі ісіктерге ... тән.

  1. жасушалық атипизм+

  2. экспансивті өсу

  3. метастаздың болуы

  4. баяу өсу

  5. рецидивтің болмауы

134. Қатерсіз эпителиалды ісік:

  1. папиллома+

  2. жалпақжасушалы обыр

  3. аденокарцинома

  4. саркома

  5. гемангиома

135. Жабынды эпителидің қатерсіз ісігі:

  1. папиллома+

  2. аденома

  3. гемангиома

  4. липома

  5. синовиома

136. Безді қатерсіз ісіктер:

  1. аденома+

  2. липома

  3. миксома

  4. фиброма

  5. хондрома

137. Морфологиялық атипизмге... жатады.

  1. жасушалық және тіндік+

  2. функциональды және тіндік

  3. антигенді және жасушалық

  4. антигенді және биохимиялық

  5. тінді және функционалды

138. Атипизм белгілері:

  1. ядро-цитоплазма ара катынасының ұлғаюы+

  2. тіндік кұрылым өлшемінің өзгерісі

  3. тіндік құрылым түрінің өзгерісі

  4. жасуша мономорфизмі

  5. строма мен паренхима ара қатынасының бұзылуы

139. Көрші тіндерге ісіктің өсуі:

  1. инфильтративті өсу+

  2. экспансивті өсу

  3. дисплазия

  4. метаплазия

  5. организация

140. Екіншілік ісіктік түйіндер:

  1. метастаз+

  2. апоптоз

  3. некроз

  4. цирроз

  5. фиброз

141. Қатерсіз ісіктер сипаттамасы:

  1. тіндік атипизм тән+

  2. жасушалық атипизм тән

  3. рецидив береді

  4. тез өседі

  5. метастаз береді

142. Эпителиалды катерлі ісік:

  1. обыр+

  2. папиллома

  3. хондрома

  4. аденома

  5. саркома

143. Мезенхималы қатерлі ісік:

  1. саркома+

  2. кондилома

  3. полип

  4. фиброма

  5. обыр

144. Қатерлі ісік жасушалары лимфоцитке ұқсас болады . . . обырда.

  1. ұсақ жасушалы +

  2. жалпак жасушалы

  3. фиброзды

  4. трабекулалы

  5. медулалы

145. Жалпақ жасушалы мүйізденген қатерлі ісікке ... тән.

  1. обыр інжулері+

  2. паренхиманың басым болуы

  3. шырыштың түзілуі

  4. трабекулалы кұрылымдар

  5. строманың басым болуы

146. Эпителиалды пласт деңгейінде ... өседі.

  1. орныкты обыр+

  2. скирр

  3. медулалы обыр

  4. ұсақ жасушалы обыр

  5. аденокарцинома

147. Папилломаның макроскопиялық көрінісі:

  1. бүртікті+

  2. шар тәрізді

  3. жоғары шығып түрмайды

  4. сырты тегіс

  5. консистенциясы тығыз

148. Ісік алды процесіне жатады:

  1. дисплазия+

  2. қабыну

  3. стаз

  4. апоптоз

  5. некроз

149. Метастаз жолы:

  1. гематогенді+

  2. энтеральді

  3. трансторакальді

  4. интаркорпоральды

  5. параэнтеральды

150. Инфаркттың себебі:

  1. тәж тәрізді артерияның спазмы+

  2. өкпе артериясының тромбэмболиясы

  3. венозды канағудың бүзылысы

  4. миокард гипертрофиясы

  5. бауыр артериясының тромбозы

151. Миокард инфаркты дегеніміз:

  1. ЖИА-ң жіті түрі+

  2. ЖИА-ң созылмалы түрі

  3. кардиосклероз

  4. миокард гипертрофиясы

  5. кардиомиопатия

152. Жіті ЖИА-да өлім себебі:

  1. жіті жүрек жетіспеушілігі+

  2. созылмалы жүрек жетіспеушілігі

  3. кома

  4. жіті бүйрек жетіспеушілігі

  5. жарақаттық шок

153. Созылмалы ЖИА-на ... тән.

  1. миокардта ірі тыртықтың болуы+

  2. миокардта ишемия ошағының болуы

  3. жүректі май басу

  4. жүрек ақауы

  5. миокардта некроз ошағының болуы

154. Трансмуралды миокард инфарктына ... тән.

  1. миокардтың барлық қабатын қамтуы+

  2. инфарктың тек субэпикардиалды аймақта болуы

  3. миокардтың гипертрофиясы

  4. тек субэндокардиалды бөлігі некрозға ұшырағаны

  5. ошақты кардиосклероз

155. Жіті миокард инфарктындағы өлім себебі:

  1. жүректің жарылуы+

  2. өкпе инфаркты

  3. бүйрек инфаркты

  4. жүрек ақауы

  5. аортаның кақпақ асты жарылуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет