2 сабақ
1. Тақырыбы: Жалпы жансыздандыру. Организмге наркотикалық заттардың әсер ету механизмі (жансыздандыру теориясы). Наркотикалық заттардың фармакодинамикасы. Наркоздың клиникалық ағымы. Интубациялы, маскалы наркоз. Наркоз берудегі мейірбикенің рөлі.
2. Мақсаты: Емдік наркоз негіздерін үйрену, реанимация және интенсивті терапияда оны комплексті түрде қолдануға көрсетілімдер. Наркоздың түрі және әдістері. Құрал-жабдықтармен және оның жұмысымен таныстыру. Әсер ету механизмін фармакокинетикасы және фармакодинамикасын, дәрілік заттардың өзара әсерін және олардың асқынуларын түрлі маман дәрігерлер білуі тиіс.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
альгология негіздері (ауру туралы ілім)
наркоздың теориялық негіздері
миорелаксанттар
адреномиметиктер
холиномиметиктер және холинолитиктер
Студент істей білуі тиіс:
наркоз өткізуге көрсетілімдерін атауды
анестезиологиялық – операциялық қауіпті анықтауды
Полинаркон – 5, Амбу қапшығы құрал-жабдықтарымен жұмыс істеуді
анестезияға арналған дәрілік заттардың дозасын есептеуді
науқастың жасын, жынысын ескере отырып, науқасты операция алды психопрофилактик және медикаментозды дайындауды
жедел және жоспарлы түрде жасалынатын операцияларға премедикация жүргізуді
премедикация нәтижесін бағалауды
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Қызметкерлерді және қоршаған ортаны ингаляциялық анестетиктерден қорғау әдістері
- Ингаляциялық наркоздың құрал-жабдығын және құрал-саймандарын дезинфекциялау
- Жалпы және жергілікті ауруды басу. Ауру және оның пайда болу механизмдері
- Анестезия әдістерінің жіктелуі
- Жалпы анестезия түрлері, наркоздың ағымы
- Жергілікті анестезия түрлері
- Жалпы және жергілікті анестезияның асқынулары, олардың алдын алу және емдеу
- Жалпы анестезияның жалпы және специфик компонеттері
Достарыңызбен бөлісу: |