Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы Морфологиялық пәндер кафедрасы Пән: «Жалпы патология негіздері»



бет4/4
Дата28.01.2018
өлшемі0,67 Mb.
#35561
1   2   3   4

Кредит -3 №4
I. Тақырыбы: Эндокриндіқ жүйесінің патологиясы.

II. Мақсаты: Эндокриндіқ жүйесінің патологиясының ерекшелігін, негізі себептерін және даму механизмдерін ашу. Эндокриндіқ жүйесінің патологиясы кезіндегі жалпы және жергілікті морфологиялық өзгерістерін түсіндіру.

III. Дәріс тезистері: Эндокриндік жүйеге кіретін шеткі эндокриндік бездер өзара және гипофизбен де тығыз байланысты. Бұл жүйенің жұмысын гипофиздің гормондары үйлестіріп отырады. Ал, гипофиздің жұмысына үнемі орталық жүйке жүйесі, әсіресе гипоталамус және эпифиз де бірсыдырғы әсер етеді.

Иценко Кушинг ауруы гипоталамус дұрыс жұмыс істемегенде немесе гипофиздің алдыңғы бөлімінде адренокортикотропты аденома, кейде аденокарцинома өскенде дамиды. АКТГ көп бөлінгендіктен, бүйрек үсті безінің қыртыстық қабаты гиперплазиялы болып, глюкокартикоидтар тым көп түзіледі. Аурудың патогенезі осы глюкокартикоидтардың әсеріне негізделген. әйелдер жиірек аурады. Семіздіктің жоғарғы типі байқалады, артериялық қысым көтеріледі, стероидтық қантты диабт дамып, аналық бездердің қызметі салдарлық негізде бұзылады. Сонымен қатар, остеопароз орын алып, сүйектер сынғыш келеді, денені түк басып, еркек кескінділік байкалады, сан мен іш аймақтарының терісінде көкшіл қызғылдау жолақтар пайда болады. Бұл аурумен срқаттарда нефролитиаз бен созылмалы пиелонефрит жиі дамиды.


Қантсыз диабет гипофиздің артқы бөлімі зақымдалғанда дамиды. Гипофиздің артқы бөімімен қоса аралық ми да

Үнемі өзгереді. Антидиурездік гармонның әсері тоқтап, бүйрек зәрді қанықтыра алмайтындықтан, қансыз шыжың орын алады. Оның салдарынан тәуліктік зәрдң мөлшері артып, науқас үнемі шөлдеп, суды тым көп ішеді. Қантсыз диабеттің зардабынан организмде су азайып, минералдардың алмасуы бұзылады.

Қалқанша безде дамитын патологиялық үдерістердің ішінде ең жиілері-жемсау, тиреоидит және ісіктер. Бұл аурулардың даму барысында гипертиреоидизм немесе гипотиреоидизм байқалады.

Жемсау-қалқанша безінің патологиялық үдерістен ұлғаюы. Бұл аурудың жіктелуінде, оның морфологиялық нышандары мен эпидемиологиясы, даму себептері, функциялық және клиникалық ерекшеліктері ескерілген.

Жемсаудың морфологиялық нышандарын ескере отырып, яғни сырқы кескініне қарай, ол диффузды, түйінді және диффузды түйінді, ал гистологиялық құрылысы тұрғысынан, -коллоидты және паренхималық нысандарға жіктеледі.

Ұйқы безі ұяшықтарының инкреторлық қызметі оларды құрайтын жасушалардың қызметі нашарлап немесе артқандықтан бұзылады. Көбіне В- жасушалардың қызметі нашарлап, қантты диабет дамыса, кейде В-жасушалардан аденома осіп, гипогликемиялық синдром байқалады. Без ұяшықтарының G-жасушаларынан аденома қалыптасса, өзіндік ерекшеліктері бар Эллисон-Золлингер синдромы дамиды.. Қантты диабет –инсулин қажетті мөлшерден кем немесе мүлде жеткіліксіз болғанда дамитын ауру.

Жіктелуі. Қантты диабеттің бірнеше түрі бар. Ол спонтандық, салдарлық, жүктілік және латентті диабетке бөлінеді. Спонтандық диабеттің инсулин тауелді І типі және инсулин тәуелсіз ІІ типі бар.

IV. Иллюстрациялық материалдар:

1.Дәріс материалдың презентациясы.

2.Тақырып бойынша плакаттар.

V. Әдебиет:
Негізгі:

1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия.-Алматы. 2003.-393 б.

2. Струков А.И. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В.

– Ақтөбе. Жалпы білімі– 2-ші бас.-2010.-350 б. Перевод на казахский

Айткулова М.Т.

3. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –

Ақтөбе. II бөлімінің 1-ші кітабы: жеке аурулар білімі. – 2-ші бас. - 2010.

-338 б. Перевод на казахский Айткулова М.Т.

4. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –

Ақтөбе. II бөлімнің 2-ші кітабы: жеке аурулар бөлімі. – 2-ші бас. - 2010.-330 5. Перевод на казахский Айткулова М.Т.

5. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. – М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.



қосымша:

1. Ахметкалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға

кіріспе: Оқу құралы. – Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы. -1999. -

С.5-34.


Ағылшын тіліндегі

негізгі:

1. Robbins Basic Pathology //Kumar V., Abbas A.K., Fausto N., Mitchell R.

–Saunders Elsevier, 2007. -851 p.

2. Robbins and Cotran. Review of Pathology //Klatt E.C., Kumar V., - Third

Edition – Saunders Elsevier, 2010. – 423 p.

қосымша:

1. Klatt E.C. Robbins & Cotran Atlas of Pathology - Second Edition - El-sevier Inc., 2009- New York - 464 p.



VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Қантсыз диабет дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

  2. Қансыз диабеттің морфологиялық сипаттамасын беріңіз?

  3. Эндокриндіқ жүйесінің патологиясы дегеніміз не?

  4. Зоб дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз?

5. Эллисон-Золингер синдромы дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз
Кредит -3 №5
I. Тақырыбы: Нерв жүйесінің патологиясы.

II. Мақсаты: Нерв жүйесінің патологиясының ерекшелігін, негізі себептерін және даму механизмдерін ашу. Нерв жүйесінің патологиясы кезіндегі жалпы және жергілікті морфологиялық өзгерістерін түсіндіру.

III. Дәріс тезистері:

Ми тамырларының аурулары

Ми тамырларының аурулары атеросклерозбен гипертония ауруының салдары ретінде дамып, мида қан йналымы жедел бұзылады. олар атеросклероз ен гипертония

ауруынан, кейде симптомдық гипертензиядан өрістеп, мидағы үдерістердің негізі болып табылады.

Этиологиясы мен патогенезі. Жүректің ишемиялық ауруының этиологиясы мен патогенезі жайлы жоғарыда не айтылса, соның бәрі мидың тамырлық ауруларына да қатысты. Мидағы қан айналымның жедел бұзылуына тікелей әсер ететін себептердің ішінде басты орынды ми, мойын мен омыртқа артерияларының жиырылып тарылуы және осы тамырлардағы тромбоз бен тромбылы эмболия алады. Ангионеврозға ұшырататындықтан, психикалық эмоциялық қажуға да зор мән беріледі.

Патологиялық анатомиясы. Мидың транзиторлық ишемиясы кезінде артериолалар жиырылып тарылады, олардың іргесіне плазма сіңіп, төңірегіне сұйықтық жиналып, қанды ошақтар пайда болады. Ми тінінің әр жеріндегі жасушалар тобы су сіңіп ісініп, дистрофияға ұшырайды.

Мидың ишемиялық инфарктісі атеросклероз шалған мида және мойын артерияларында тромб түзілген кезде дамиды. Ол -ишемиялық инсульттің ең жиі (75 %- ында) байқалатын және мидың әр жерінде қалыптаса беретін түрі. Ишемиялық инфарктіге ұшыраған жер боз түсті, әрі сұйық. Оның микробейнесіне ми тінінің өлексесі мен өлі нейрондар түзеді.

Мидың геморрагиялық инфарктісінің сыртқы бейнесі қан сіңген ошаққа ұқсайды, бірақ оның даму механизмі басқа: алдымен ми тінінде ишемия дамиды, кейін ол жерге қан құйылады.геморрагиялық инфаркт көбіне мидың қыртыстық қабатында, кейде қыртыстық қабат астындағы түйінде дамиды.

Альцгеймер ауруы-егде тартқан адамдардың алжасуы6 я5ни деменция деп пайымдалуда. Альцгеймер ауруының барысында адам ақыл-ой қабілетінен айырылып, эмоциялық ахуалы тұрақсыз болады, бірақ ошақты неврологиялық нышандар байқалмайды. Көбіне мидың маңдай, самай және шүйде бөлімдері тез, әрі толық семіп, соған сәйкес клиникалық бейне қалыптасады.

Патологиялық анатомиясы. Мәйітті зерттегенде мидың қыртыстық қабатының семгені байқалады.. көбіне гидроцефалия дамиды.сырқат адамдар, әдетте респираторлық инфекциялар мен бронхопневмониядан өледі.



IV. Иллюстрациялық материалдар:

1.Дәріс материалдың презентациясы.

2.Тақырып бойынша плакаттар.

V. Әдебиет:

Негізгі:

1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия.-Алматы. 2003.-393 б.

2. Струков А.И. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В.

– Ақтөбе. Жалпы білімі– 2-ші бас.-2010.-350 б. Перевод на казахский

Айткулова М.Т.

3. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –

Ақтөбе. II бөлімінің 1-ші кітабы: жеке аурулар білімі. – 2-ші бас. - 2010.

-338 б. Перевод на казахский Айткулова М.Т.

4. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу

орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –

Ақтөбе. II бөлімнің 2-ші кітабы: жеке аурулар бөлімі. – 2-ші бас. - 2010.-330 5. Перевод на казахский Айткулова М.Т.

5. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. – М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.



қосымша:

1. Ахметкалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға

кіріспе: Оқу құралы. – Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы. -1999. -

С.5-34.


Ағылшын тіліндегі

негізгі:

1. Robbins Basic Pathology //Kumar V., Abbas A.K., Fausto N., Mitchell R.

–Saunders Elsevier, 2007. -851 p.

2. Robbins and Cotran. Review of Pathology //Klatt E.C., Kumar V., - Third

Edition – Saunders Elsevier, 2010. – 423 p.

қосымша:

1. Klatt E.C. Robbins & Cotran Atlas of Pathology - Second Edition - El-sevier Inc., 2009- New York - 464 p.



VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Нерв жүйесінің патологиясы дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

  2. Альцгеймер ауруы дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

  3. Альцгеймер ауруы кезіндегі өлімнің себеін атаңыз?

  4. Шарко ауруы дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз?

  5. Шарко ауруы кезіндегі өлімнің себеін атаңыз?





Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет