ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану»



бет26/35
Дата20.06.2018
өлшемі266,37 Kb.
#43875
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Ғылым саласында да елеулі табыстарға қол жетті. 1946 ж. маусымда Қазақстан Ғылым Академиясы ашылып, оның тұңғыш президенті болып Қ. Сәтпаев сайланды. 50- ші жылдардын аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу институты жұмыс жасады. 1958ж. Орталық Қазақстанның кешенді металлогендік әрі болжамдық картасын жасағаны үшін ғалымдар И. И. Бок , Р. А. Борукаев, Г. И. Медведев, Қ. И. Сәтпаев және т.б. Лениндік сыйлықка ие болды.
Соғыстан кейінгі жылдары Қарағанды және Семей институттары, Өскемен педагогикалык, Семей мал зоотехникалық институттары, Қарағанды кен институты Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл медицина дәрігерлік-институты ашылды.
Шымкент мұғалімдер институттары педагогика институттары болып қайта құрылды.
Жалпыға бірдей жеті жылдық білім бері туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 50-ші жылдардың ортасына қарай, Қазақстанда тың игеруге байланысты, халыққа білім беру ісі біраз жанданды. Тың игеруші аудандарда көптеген мектептер ашылып, бұл мектептерге жолдамалармен өзге республикалардан көптеген мұғалім кадрлар келді. 1955-1956 оқу жылында республикадағы мектептердің саны 9240 - қа жетіп, олардың 3022 - і жеті жылдық және 1117 —і орта мектеп болды.
Сонымен қатар, бұл жылдары республикада, әсіресе, солтүстік облыстарда қазақ мектептері азайып кетті. Оның басты себебі демографиялык өзгерістермен байланысты болды. Баласының болашаған ойлаған ата-аналар да амалсыздан балаларын орыс мектептеріне көптеп бере бастады. Осының салдарынан. 20 жылдың ішінде ( 1950-1970 жж. ) қазақ мектептерінің саны 3891-ден 2577-ғе дейін азайды, ал онын есесіне сабақ орыс тілінде жүретін мектептердің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі өзінің толық қанды өмір сүруіне қажетті 50 әлеуметтік міндеттің 10-ын ғана атқарып, іс жүргізу орыс тілінде жүзеге асырылды.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. ХХ ғасырдағы мәдениеттің дамуындағы қайшылықтар мен ерекшеліктері.
2. Қазақстанның көпұлтты мәдениеті.
3. Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері.
4. Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары.
5. Модерн:оның ерекшеліктері,әлеуметтік және көркемдік бағыттары.
6. Авангард мәдени әлеуметтік құбылыс ретінде.
7.Қазіргі Қазақстан мәдениетінің жетістіктері.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Модерн,авангард.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.

№16- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу.
*оқыту: тың мәліметтер беру арқылы, білімді қалыптастыру
*тәрбиелік: ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау;
*дамыту: танымдық қызығушылықты дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. ХХ ғасырдағы мәдениеттің дамуындағы қайшылықтар мен ерекшеліктері.
2. Қазақстанның көпұлтты мәдениеті.
3. Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет