9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%) Бақылау сұрақтары: 1. Ұлттық мәдениеттің жаңаруы. 2. 20-30 жылдардағы білім беру жүйесінің дамуы. 3. Әдебиет пен өнердің дамуы. 4. Халық шаруашылығын дамытуда ұлттық кадрларды дайындау. 5. Қазақ ғылымының дамуы. С.Д.Асфендияров, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Қ.И.Сатбаев. 6. Қазақ әдебиетінің жаңа кезеңі. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, М.Әуезов т.б. 7. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстан мәдениеті. 1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу. 2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. Ұлт,ғылым,кадр. 10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%) 1. Оқушыларды бағалау. 2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. 11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%) Сабақтың тақырыбы: Қазіргі Қазақстан мәдениеті. Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер: 1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006. 2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004. 3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
№15- сабақ. 1. Сабақтың тақырыбы: Қазіргі Қазақстан мәдениеті. 2. Сағат саны: 90 мин (100%) 3. Сабақ түрі: теория 4. Сабақтың мақсаты: Қазақстан мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында Ш. Ш. Уәлиханов,Абай,Ыбырай ерекше орын алады. Олардың қазақ халқына байланысты жазған еңбектері шығыстану ғылымына зор үлес қосты. *тәрбиелік: ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау; 5. Материалды техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар. 6. Әдебиеттер: 1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006. 2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004. 3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000. 1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%) а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. б) Сабақтың мақсаты мен міндеті. 7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1. Ұлттық мәдениеттің жаңаруы. 2. 20-30 жылдардағы білім беру жүйесінің дамуы. 3. Әдебиет пен өнердің дамуы. 4. Халық шаруашылығын дамытуда ұлттық кадрларды дайындау. 5. Қазақ ғылымының дамуы. С.Д.Асфендияров, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Қ.И.Сатбаев. 6. Қазақ әдебиетінің жаңа кезеңі. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, М.Әуезов т.б. 7. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстан мәдениеті. 8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%) Тақырыбы: Қазіргі Қазақстан мәдениеті. мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру. 1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі. 1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 1.3. Оқулықпен жұмыс істеу. 1.4. Қорытынды. Ақпаратты – дидактикалық бөлім. 1. ХХ ғасырдағы мәдениеттің дамуындағы қайшылықтар мен ерекшеліктері. 2. Қазақстанның көпұлтты мәдениеті. 3. Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері. 4.Қазіргі Қазақстан мәдениетінің жетістіктері. Қазақ мәдениеті ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс. Азия құрылығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт – азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. ХХ ғасырдың басында қазақтың шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі – «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол тұңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал – демократтарға бірауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жастар төгуіңіз пайдалы, бірақ алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып – тозып кетер». Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов болғандықтан көреді. Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім – Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан. Қазақ ғұламасы Ә. Бөкейханов революция жасала сала «Жаңарған Ресейдіің ерікті азаматтары – қазақтарға» деген өз үдеуін жариялады. Жалпы алғанда қазақтың ұлттық мәдениетін ХХ ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда «Алаш» партиясының рөлі ерекше болды.
Достарыңызбен бөлісу: |