Махмуд Қашқари бойынша Түркі ӘлеміКөне замандағы хьон, немесе хиониттер, соңынан тарихта “Ұлы иозылар”, кидариттер немесе ақ ғұндар (ғұнэфталиттер) – олардың ұрпақтары қазіргі қазақ пен қарақалпақ құрамындағы кердері және мойтұн рулары. Жалпы, сол кездегі адамдардың ұғымында екі дүние (немесе екі әлем) болған. Ол - Тұран мен Иран. Қалғандарының барлығы маңызы төмен шеткері аймақтар немесе кейбір тарихшылар анықтағандай “жабайылар” болған. Осы уақытқа дейінгі тарихи деректерде Иранды үндіеуропалық отырықшы, ал Тұранды үндіеуропалық көшпенді тайпалар немесе арийлер деп шатастырып келді. Дұрысы Ирандықтар - ол үндіеуропалық тайпалар және олардың көшпенді бөлігі - арийлер, ал Тұрандықтар Авестада және басқа да деректерде кездесетін хьон (хион) және турлар, яғни көне түркілер.Соғыс өнері Ер Тоңға Сол замандағы ирандықтармен соғысқан түркілердің ұлы қолбасшысы Алып Ер Тоңға туралы б.д.д. VII ғасырда шыққан сол аттас дастанда: Алып Ер Тоңға келеді, Жүз мың әскер ереді, Жүз мың жебе кереді, Жер қайысқан қол еді. Тәңір сүйіп жаратқан, Әлемді өзіне қаратқан, Қаһарын жауға таратқан, Көк Тәңірінің ұлы еді, – деп Алып Ер Тоңғаның түркі екенін атап көрсетеді. Әбілқасым Фирдоусидің “Шахнаме“ дастанының негізгі кейіпкері Афрасиаб түркінің батыры Алып Ер Тоңға екені белгілі. Фирдоуси өз шығармасында Алып Ер Тоңғаның түркі дастанындағы барлық келбетін көп өзгертпей, сол күйінде сомдап берген. “Шахнаме” дастанының мазмұны мен сюжетіне және стиліне тереңірек үңілсек, онда ұлы шайыр Ә.Фирдоуси түркінің батырлық эпостарын “терісін кері айналдырып” өңдегені көрініп тұрады. Ол әдебиетте кеңінен қолданылатын әдіс және ол дастанның батырлық желісін күшейтіп, көркемдік мәнін тереңдете түседі. Көлемі Гомердің “Одиссеиінен” бірнеше есе үлкен ұлы дастан – “Шахнаменің” шоқтығының биіктігі - онда көне түркінің ерлік дастандарын жақсы өңдеп келістіре жырлай білуінде болса керек. Түркілердің соғыс өнерін сиқырлыққа теңеген Фирдоуси, “Сиқыршылар парсыларға садақ оғын жаудыратын жел мен қара дауылды шақырды” дейді. Жүсіп Баласағұн атақты Алып Ер Тоңғаның есімін кезінде тәжіктер \парсылар\ өзгертіп, оны Афрасиаб деп атап кеткенін оқырманға ескертеді: Тәжіктер оны Афрасиаб атаған, Елдерге ол көп ізгілік жасаған.Қажет білсең білім, ақыл, даналық, Қолға алуға дүниені қаратып.Тәжіктер де хатқа мұны түсірген, Кітапта жоқ болса кімдер түсінген! “Алып Ер Тоңға“ дастанының негізгі идеясы - Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу. Өзінің идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі жағынан біздің дәуірімізге дейінгі көне түркі дастандарының ішінде “Алып Ер Тоңғадан“ кейінгі аса маңызды туынды “Шу батыр“ дастаны. Махмұд Қашқари “Диуани лұғат ат-түрікте“ Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екенін айтады. Дастанда ерте замандағы Шу өзені өңіріндегі мемлекеттің тарихы мен жер аттары туралы көптеген мағлұматтармен қатар Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонский) түркі еліне жасаған әскери жорығы кезінде оның қырық әскері Шу батырдың таңдаулы қырық нөкерінен жеңілгеннен кейін бейбіт келісім жасағаны туралы баяндалады. “Авестада” арийлер өздерінің батырлары мен әскерлерін қанша мақтағанымен олар тұрандықтарды жеңді дегенді кездестірмейміз. Керісінше ирандықтар аттары жүйрік тұрандықтардан жеңілгені туралы бірнеше рет жазады. Осы қасиетті кітаптан тұрандықтар мен хиондықтардың ержүрек, жаугер тайпалар болғанын көреміз. Алып Ер Тоңға бастаған көне түркілердің ирандықтармен соғыстары негізінен Арал теңізі мен Сырдарияның бойында, яғни Орта Азия аймағында болғаны белгілі. Біз одан көне түркі тайпаларының бір бөлігінің б.д.д. VIII-VII ғасырларда және сол уақытқа дейін осы аймақта тұрғанын көреміз. Тұрандықтар мен ирандықтардың қайта-қайта соғысуына Ұлы даладағы адам мен мал санының өсіп, жайылымның тарылуы негізгі себеп болды. Тұрандықтардан жеңілген ирандықтар (арий тайпалары) Иранға, Үндістанға және Еуропаға көшуге мәжбүрленді. Барлық түркі халықтары мен угро-финдерді, жапон мен корей, манчжурлар мен т.б. палеоазиат халықтарын тұрандықтардың бүгінгі ұрпақтары деуге болады. Түркі өркениеті.Осындай жолмен Магдалениан мәдениеті Сібірдегі Енисейдің жоғары жағында Манжуриядағы Толунге, Маньчоулиге, Хайларғда және Хоппеге тараған. Пекиннің жанындағы Чоукоутиен ойпатынан табылған адам қаңқасында сүйек инелер, құлақ жарғағындағы тесіктер, жануарлардың сойдақ тістері, қажалған алқалар, маржан тастардың бөлшектері сияқты әшекейлер кездеседі.Б.д.д. үшмыңжылдықтың ортасында Орталық Ресей жерінде пайда болып Азиядағы Сібірге, одан Ганьсудегі проқытай Чи-жиа-пинь керамикасына әсер еткен ирек сызықты \“соmbed”\ әшекейленген құмыралардың тарауы неолит дәуірінің соңғы кезінде сібірдегі көшпенді жол арқылы жүрген.Одан кейінгі кезеңде б.д.д. II мыңжылдықтың басында Бессарабия, Молдавия және Киев маңында пайда болып, Украинадан Қытайға дейін тарап, б.д.д. 1700 жылдар шамасында Хонандағы Ян-шао-тзунде дамып, сонан соң Ганьсудегі Паншанда дамыған керамика, спираль тәрізді өрнектелген әшекейлер Сібір арқылы тараған болу керек. А.М.Таллгреннің дәлелдеуі бойынша б.д.д. 1500 жылдары басталған Батыс Сібірдегі қола дәуірі сол кездегі Дунайдың қола өркениетімен байланысты. Орталық Сібірдегі Минусинскіде қола дәуірі одан үш жүз жыл кейін, яғни 1200 жылдары басталды. Қытайдың үлгілеріне ұқсас Батыс Сібірдегі балталар мен найза ұштарының негізінде М.Лоер Қытайдағы қола техникасы б.д.д. 1400 жылдары Сібірден келді деп қорытындылайды. Бұл жерде біз Қытай өркениеті пайда болуы мен дамуының негізін көшпенді түркі тайпаларынан алатынын көреміз.Көне түркі тілі, жазуы — бүгінгі өзбек, қазақ, ұйғыр, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтарына ортак мұра. Түркі тілі, жазуы негізінде осы аталған қазіргі түркі тілдес халықтардың әдеби тілдері қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |