Қытайда буддизм конфуцийлік-даосистік дінмен қатар өмір сүрді. Буддизм мен даосизмнің өзара ұштасуының нәтижесінде дзэн-буддизм ағымы пайда болды. Сыртқы дүниені менсінбеушілік, жеке бастың мәселелеріне баса назар аудару, интуитвизм бұл ағымның басты белгілері болып табылады. Дзэн-буддизм кейіннен Жапонияға да тарай бастады. Жауынгер-самурайлардың ықпалымен бүл ілімде әскери өнерге айрықша мән беріліп, ол адамның жан-жақты жетілуінің тез жүзеге асырылатын төте жолы деп тұжырымдалды. XX ғасырдың ортасына қарай дзэн-буддизм Батыс Еуропа елдеріне де тарап, өзінің өміршеңдігін байқата бастады.Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, махаяна үнді халқының дәстүрлі діни наным-сенімдеріне өте жақын болып шықты. Әрине, будцизмнің пессимистік сарыны үнді халқына ұнаған жоқ, шындығында, халыққа брахманизмнің жарқын идеялары одан гөрі жақындау болатын. Бірақ, бүл жағдайға қарамастан үнді қоғамы буддизмнен де мүлде бас тартқан жоқ. Сөйтіп буддизм мен брахманизмнің біраз қағидаларының өзара сабақтас- тығының нәтижесінде жаңа индуизм ағымы пайда болды.Өкімет тарапынан барынша қолдау тауып, қаншама шіркеулер тұрғызып, үнді қоғамында айрықша беделге ие болған будда дінінің өз позициясын (беделін) ешбір қарсылықсыз индуизмге бере салуын қалай түсіндіруге болады екен? Бұл сұраққа мәнді жауап беру үшін будда дінінің рухани дәстүрлерінің әлеуметтік негіздерімен толығырақ танысуымыз қажет. Үнді еліне келген арийлер варналарға бөлудің (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер және шудралар) негізін қалады, ал құлдар мен шетелдіктер варналарға кірмеді. Варналарға бөлу — үнді қоғамының негізі болып табылатын село қауымының беделін бүрынғыдан да көтере түсті. Оларды ақсақалдар бас- қарды, қауымдар өз іштерінде туындаған мәселелерді өздері шешті және өкіметке белгілі бір мөлшерде салық төлеп түрды. Өкімет тарапынан болатын озбырлықтардан оларды қатаң діни наным- сенімдер, салт-дәстүрлер және т.б. қорғап қалып отырды. Мұндай қауымдар шаруашылығы — натурадцы шаруашылық болды, онда жалдамалы еңбек кеңінен қолданылды. Қауымдар өмірінің тұйықтық сипатта болуы, олардың саяси қактығыстар мен толқулардан тысқары қалуларына себепкер болып отырды. Қауым басшылары өзгеріп отырғанмен, қауым тіршілігінің қаймағы бүзылмады. 9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%) Бақылау сұрақтары: 1. Үнді мәдениетіндегі діннің алатын орны. 2. Б.з.д. екі мың жылдықтағы Ведалар.Упанишадалар.Брахмандар мен атмандар. 3.Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер:жайнизм,буддизм,даршандар,чарвактар,лакаяттар т.б. 4. Будда діні.Буддизмнің екі ағымы:Хинаяма,Махаяма. 5. Будда мәдениетінің таралу тарихы.Индуизм. 10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%) 2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. Будда,веда, жайнизм,буддизм,даршандар,чарвактар,лакаяттар. 1. Оқушыларды бағалау. 2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. 11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%) Сабақтың тақырыбы: Христиан өркениеті. Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер: 1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006. 2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004. 3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
№19- сабақ. 1. Сабақтың тақырыбы: Христиан өркениеті. 2. Сағат саны: 90 мин (100%) 3. Сабақ түрі: теория 4. Сабақтың мақсаты: Христиан діні – адамзат тарихындағы ең ірі діндердің бірі. Ол Рим империясының шығыс бөлігінде пайда болды. Бұл кезеңде терең әлеуметтік күйзеліс империяны жайлаған еді. Христиан діні осындай кезеңде, яғни барлық езуші таптарды біріктіру кезеңінде пайда болған дін. Оның негізгі идеялық негізін қалауда әртүрлі шығыстық діндер және әлемдегі бірқатар философиялық түсініктер әсер етті. *тәрбиелік: ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау; 5. Материалды техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар. б) оқыту орны: дәріс аудиториясы 6. Әдебиеттер: 1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006. 2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004. 3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000. 1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%) а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. б) Сабақтың мақсаты мен міндеті. 7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1. Үнді мәдениетіндегі діннің алатын орны. 2. Б.з.д. екі мың жылдықтағы Ведалар.Упанишадалар.Брахмандар мен атмандар. 3. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер:жайнизм, буддизм, даршандар, чарвактар, лакаяттар т.б. 4. Будда діні.Буддизмнің екі ағымы:Хинаяма,Махаяма. 5. Будда мәдениетінің таралу тарихы.Индуизм. 8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%) Тақырыбы: Христиан өркениеті. мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру. 1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі. 1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Достарыңызбен бөлісу: |