Сұқбаттасу тәсілі төрт бөлімнен құралады:
Жалпы мәлімет жинау
Шағым жинау
Аурудың даму тарихы
Науқас адамның өмір тарихы
Жалпы мәлімет жинау науқастың аты-жөні, жас шамасы, жынысы, мамандығы, мекен-жайы, жұмыс орны, ауруханаға түскен күні, айы, жылы жайлы деректерді қамтиды. Бұл деректердің аурудың даму себебін талдап анықтауға септігі мол.
Науқастың шағымын жинау .
Науқаспен сұқбаттасқанда әр сөзіне зер салып, ауруына байланысты сезімін анықтап, әңгімесін сабырлылықпен тыңдаған жөн. Сұрақ беріп, айтқанын талдай отырып, ауруды анықтауға қажетті негізгі деректерді ажыратып алуға тырысу керек. Науқастың шағымын жинау тәсілі әр түрлі ағзалар ауруларының белгілерін айқындауға көмектеседі.
Ұқыпты жиналған шағымынан науқастың көңіл-күйін аңғарып, аурудың кейбір белгілерін байқап, оның ауруын анықтау үдерісінде қолданылатын негізгі тәсілдерді алдын ала белгілеп алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |