Тапсыру мерзімі: 8-апта
Әдебиет:
Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):
Сұрақтар:
1. Несепті зерттеудің маңызы неде?
2. Несепті зерттеуді қалай бастайды?
3. Несептің салыстырмалы тығыздығын анықтаудың маңызы қандай?
4. Несепті химиялық зерттеу қалай жүргізеді?
Тесттер:
1. Жіті диффузды гломерулонефритті ең жиі тудыратын аурудың қоздырғышын көрсетіңіз:
а) пневмококтар
б) стафилококтар
в) А топты гемолитикалық стрептококк
г) вирустар
д) микоплазмалық инфекция
2. Жіті гломерулонефриттің дамуында ... маңызы төмен болады.
а) бактериалды инфекцияның
б) вирустардың
в) салқындаудың
г) алкоголь, интоксикацияның
д) вакцинацияның
3. Жіті гломерулонефритке тән белгілер:
а) дене температурасының жоғарылауы, лейкоцитурия, бактериурия, дизурия
б) гематурия, протеинурия, цилиндрурия, ісінулер, гипертония
в) гипертония, гематурия, гипертермия
г) несептік тұнбада өзгеріссіз болатын жас адамдардағы қатерлі гипертония
4. Жіті гломерулонефриттің көрінісіне жатпайтын белгі:
а) гематурия, гипертония, ісінулер
б) олигоуриямен қосылған несептік синдром
в) несептік және ауырсыну синдромы
г) шектелген несептік синдром
д) селективті протеинурия
5. Жіті диффуздф гломерулонефриттің мүмкін асқынулары:
а) бүйректік эклампсия
б) жіті сол қарыншалық жеткіліксіздік
в) жіті бүйрек жеткіліксіздігі
г) аталғандардың барлығы
д) дұрыс жауабы жоқ
6. Жіті гломерулонефриттің асқынуының негізгі механизмін атаңыз:
а) гиперволемия
б) жүрек лақтыруының төмендеуі
в) шумақтық фильтрацияның төмендеуі
г) өзекше реабсорбциясының күшеюі
д) гипернатриемия
7. Жіті нефриттің болуы мүмкін асқынуы:
а) бүйректік эклампсия
б) жіті бүйрек жеткіліксіздігі
в) созылмалы нефриттің дамуы
г) бүйректер инфарктінің дамуы
д) торқабық ісінуінің дамуы
8. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы нефриттерге тән емес:
а) нефротикалық синдром
б) бүйректердің қалыпты өлшемдері
в) артериалды гипертензия
г) гиперпротеинемия
д) ісіктік синдром
9. Бүйректік эклампсия белгілері:
а) артериалды гипертензия, жүрек айну, құсу
б) массивті протеинурия, ісінулер, олигурия
в) ісінулер, гипертония, лейкоцитурия
г) гипертензияла пароксизмі, тахикардиялар, тырысулар, естен тану
д) өкпе ісінуі, қан түкіру, тұншығу
10. Төменде аталған белгілердің қайсысы гломерулонефритке тән емес:
а) жас кезде дамуы
б) бүйректер көлемінің әркелкі төмендеуі
в) бүйректік зақымдалудың ассиметриясы
г) шектелген несептік синдромның болуы
д) гипертензияның, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы
Есептер:
Достарыңызбен бөлісу: |