Есеп №47
Науқас М., 42 жаста, ауруханаға эпигастрий аймағының тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын тұйық, сыздап ауырсыну, әлсіздік, жоғары шаршағыштық, құсу, тәбеттің төмендеуі шағымдарымен келіп түсті.
Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жабындары мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 20 рет 1 мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрий аймағында, әсіресе ортаңғы сызықтың оң жағына таман ауырсынады. Нәжісі – іш қатуға бейім.
Тексергенде:
1. ЖҚА: НВ-98г/л; ЭР - 2,3х1012/л; ТК - 0,85; ЭТЖ - 10 мм/сағ; L - 9х109/л.
2. ФГДС қорытындысы. Шырышты қабаты бозарған, сұрғыш түсті. Қатпарлары жұқарған, өлшемі кішірейген, шырыш асты тамырлар өте жақсы көрінеді. Асқазан қуысында көп көлемде бұлыңғыр түсті құрамдас сөл байқалады. Кіші иінінде шырышты қабаттың дефекті 0-5x6 см орналасқан, оның терең түбі сарғыш түсті фибринозды жабынмен қапталған және қырлары жұлдызша тәрізді сүйелденген. Қабыну белгілері айқын байқалмайды.
3. Гистология: өзіндік пластинкалар және лимфоцит эпителийлерімен инфильтрацияланған, ішектік метаплазия ошақтары. НР+3; РН=1,54.
Қан тобы 0(I)
Сұрақтары:
1. Сіздің диагнозыңыз.
2. Тексеру жоспарына тағы не қосу керек.
3. Емі.
Достарыңызбен бөлісу: |