Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы «бекітемін»



бет302/303
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#89669
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   303
Байланысты:
vdm mpd kz

Есеп №49
Науқастың ішінің, әсіресе төменгі бөлігінің ұлғаюы байқалады. Кіндігі сыртқа шығыңқы. Теріде кіндіктен құрсақ қуысына қарай радиалды бөлінетін кеңейген көктамырлардың жуан иірімді өрімдері байқалады. Бүйір беткейлерінде көкірек қуысынан іштің жоғары бөлігіне қарай бағытталған көктамырлар байқалады. Олардағы токтың бағыты жоғарыдан төмен қарай.
Мұндай өзгерістерді қандай себеп туғызуы мүмкін?
Қандағы токты қалай анықтайды және мұның диагностикалық маңызы қандай?
Есеп №50
Ішті пальпациялағанда оң жақ қабырғаастында ұлғайған қатты ауырсынатын бауыр анықталды. Оның шеткейі кедір-бұдыр, қатты, тығыз.
Қандай патологиялық процесс туралы ойлауға болады?
Есеп №51
Перкуссия кезіндегі қалыпты және патологиялық белгілерді анықтаңыз: бауырдың жоғарғы қыры IV қабырға деңгейінде; VII қабырға деңгейінде; оның төменгі қыры қабырғаасты доғадан шығып тұрады, оң жақ қабырға доғасынан 4 см; көкбауыр сол жақ қабырғаасты доғасынан 2 см-ге шығыңқы, оның ұзындығы 10 см, көлденеңі 12 см; бауырдың Курлов бойынша өлшемі 12х11х10см.
Есеп №52
45 жастағы, бірнеше жыл алдын вирусты гепатитті өткерген науқасты қарағанда, склераның сарғыштығы және кеуде мен аяқ терілерінде тамырлық жұлдызшалар байқалады. Ішті пальпациялағанда бауыр қыры қабырғаасты доғадан 3 см шығыңқы, тығыз, аздап ауырсынады, тегіс және қабырғаасты доғасы деңгейіндегі ауырсынбайтын көкбауыр анықталды.
Науқаста анықталған сарғаюды қалай түсіндіруге болады?
Есеп №53
Науқас әлсіздікке, жүрек соғуына және ентігуге, тілінің күйдіріп тұруына шағымданады. Қарағанда терісі мен шырышты қабаттары бозарған аздап сарғыш реңкте, тілі ашық қызыл түсті, тегіс, жылтыр. Пальпаторлы бауыр мен көкбауырдың аздап ұлғайғаны анықталады. Үлкен жіліншік сүйегін басқанда ауырсынады.
Қан анализінде эр 1,5х1012/л, НВ 50 г/л, түсті көрсеткіш 1,2, анизоцитоз, мегалобласттар, пойкилоцитоз, Жолли денешіктері, Кебот сақиналары.
Болжам диагноз және тексеру жоспары, анализдер мен синдромдарды интерпретациялау.
Есеп №54
Науқас С., 48 жаста оң жақ қабырғаастында, эпигастрий аймағындағы майлы және физикалық жұмыстан кейін күшейетін ауырсыну сезіміне, тәбеттің төмендеуіне, құсу, етз щаршағыштық, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде вирусты гепа­титпен ауырған. Қарағанда азғын, терісі субиктериялық, кеудесінде тамырлық "жұлдызшалар", алақан эритемасы, қызыл жылтыр ерін, жылтыр тіл, саусақтары барабан таяқшалары тәрізді. Іші ұлғайған, құрсақ қуысы тері асты көктамырлары кеңейген. Бауыры ұлғайған, тығыз, қыры өткір, беткейі тегіс емес, кедір-бұдырлы, көкбауыр ұлғайған.
Негізгі синдромын атаңыз және болжам диагноз.
Тексеру жоспары.
Есеп №55
Науқас Т., 49 жаста, слесарь, ауруханаға оң жақ қабырғаастының тұйық ауыруына, тәбеттің төмендеуіне, ауыздағы ащы дәмге, жүрек айнуға шағымданып келіп түсті. Бірнеше жылдан бері ауырады, дәрігерге қаралмаған. Науқастың зиянды әдеті бар алкогольді қолданады. Соңғы кездері аталған шағымдар күшейе бастаған.
Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, терісі қалыпты түсте, тілі ақ түсті жабынмен қапталған. Іші жұмсақ, аздап ауырсынады, оң жақ қабырғаастында бауырдың қыры 2-3 см шығыңқы, аздап тығыздалған, беткейі тегіс.
1. Тексеру жоспарын атаңыз.
2. Болжам диагноз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет