VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Қантты диабетке анықтама беріңіз.
Қантты диабеттің екі негізгі түрін атаңыз.
ИТҚД дамуын жоғарылатаны әсер етуші қандай факторлар бар?
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
ТЕРАПИЯ БАКАЛАВРИАТ КАФЕДРАСЫ
Мамандық: 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»
Пән: Клиникалық медицинаға кіріспе
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ
КУРС: 3
ШЫМКЕНТ, 2013ж.
Кафедра мәжiлiсiнде талқыланған
№_______хаттамасы _________2013ж.
Кафедра меңгерушiсi
м.ғ.д., проф. Бекмурзаева Э.Қ.________
1) Тақырыбы №1. Пропедевтикалық клиниканың міндеттері. Ауру тарихының схемасы. Науқастарды сұрастыру. Жалпы тексеру. 2) Мақсаты: Науқастарды тексеру әдістерін, сонымен қатар жеке клиникалық белгілердің көріністері және олардың пайда болу механизмдерін үйрену, науқастарды тексеру жоспарымен, ауру тарихының схемасымен, сұрастыру әдістемесімен, кезеңділігімен, негізгі шағымдарды анықтау және олардың сипаттамасымен, ауру және өмір тарихымен таныстыру, науқасқа дұрыс, кезеңді жалпы қарауды жүргізуді үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |