Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы



бет2/7
Дата23.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#127858
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
552002.pptx

Кандидоз - шартты – патогенді ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар туындататын ауыру. Ашытқы саңырауқұлақпен – терінің шырышты қабығы, тырнақ, тырнақтың көбесі, еріннің қызыл жиегі, ауыз қуысы, терінің жазық жері, әсіресе ірі қатпарлары зақымданады.

Кандидозбен шырышты қабықтың зақымдануы. Бұл ауру өте кең таралған, көбінде ауыз қуысының шырышты қабығында стоматит, глоссит, ангина түрінде кездеседі. Жаңа туған нәресте өмірінің алғашқы апталарында көп кездеседі, ересектерде-өздерінде бар жалпы аурудың асқынуынан шығады. Тілде, жұмсақ таңдайда, ұртта ісінген, қызарған ақшыл жұқа қабық пайда болады. Олар біртіңдеп қосылып, тұтас қабық түзіледі. Алғашында қвбығы жеңіл алынады, бірақ созылмалы кезінде ол жабысып, кірленгендей болып қалады, алынған соң қанағыш сыдырылу байқалады. Ересек әйелдерде және кішкентай қыздарда қынаптың шырышты қабаты зақымдануы мүмкін. Ісінген, қызарып тұрған қынаптың кіреберісінің шырышты қабатында, жатырдың мойнында ақшыл-сұр, қиқымды немесе тұтас қабық пайда болады және ерекше сұйықтық ағады. Қатты қышиды, қайталауға бейімділік көрсетеді.


Candida albicans


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет