Полиен тобындағы антибиотиктер:
- нистатин 500.000 ЕД күніне 3-4 рет (сөткелік мөлшері 1.5 00 000 – 3. 000. 000 ЕД). Таблетканы ауызда ұстап сорады немесе шайнап жұтады.
- леворин 500.000 ЕД күніне 2-4 рет (оны да ұртына қойып сорады)
- амфотерицин В. - өте ауыр ағымды жүйелі микоздар кезінде қолданады, аса уытты дәрі, сондықтан көктамырға құяды немесе ауыз бен жоғарғы тыныс жолдары кандидозы кезінде инголяциялау тәсілімен қолданады. Ингаляциялауды күніне 1-2 рет 15-20 минөттей уақытша жүргізеді және ертіндіні 50.000 ЕД дәріні 10 мл дистилденген суда еріту арқылы дайындайды.
Саңырауқұлаққа қарсы синтетикалық дәрілер (имидазол және триазол туындылары):
- кетоконазол (низорал) күніне 1-2 түймедақтан (0,2-0,4 г) екі апта бойы, одан кейін толық сауыққанға дейін күніне 1 түймедақтан бір рет қабылдайдын
- миконазол 0,25 күніне 4 рет қабылдайды; канестенді де (клотримазол) осы мөлшерде тағайындайды.
Соңғы шығарылған дәрілер: флуконазол (дифлюкан), орунгал, ламизил саңырауқұлақтарға қарсы жоғары белсенділік көрсетті.
- декамин карамель құрамында (0,15 мг), әрбір 3-5 сағатта 1-2 карамелден сору керек;
- миконазол-гель - өлшемді қасық мөлшерінің ½ бөлігін күніне 4 рет қабылдайды және ауызда ұзақ ұстап тұрып жұтады;
Антигистаминдік дәрілер – супрастин, фенкарол, пипольфен, тавегил 0,025 г күніне 2-3 рет, кларитин бір түймедақтан күніне 1 рет қабылдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |