ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы»


Сұлтан­махмұт То­райғыров(1893–1920)



бет65/67
Дата27.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#182753
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Қазақстан-тарихы-Стом-3-курс

Сұлтан­махмұт То­райғыров(1893–1920) – тәуелсіздік ісіне, ха­лықтың прог­ресс пен мәде­ни­ет жо­лымен да­му­ына зор үлес қосқан ақын. Ол өткір сы­ни бағыт­тағы, әділетсіз өмір бет пер­десін аша­тын, на­дан­дық пен қараңғылықты түй­рейтін ту­ын­ды­лар жаз­ды. Отар­шылдыққа қар­сы күрес­кен ба­уыр­ла­рына ын­ты­мақтас­тық ни­ет көрсе­те оты­рып, С. То­райғыров «Та­ныс­ты­ру» де­ген по­эма­сын­да (1918) Ду­латов­ты, Байтұрсы­нов­ты, Бөкей­ха­нов­ты «күн», «таң», «ай» деп атай­ды.
Сұлтан­махмұт қазақ әде­би­етін оның көркемдік-эс­те­тика­лық да­муы тұрғысы­нан байыт­ты. Бұлар­мен қатар ол қазақ әде­би­еті үшін жаңа жанр­лар­ды қалып­тасты­ру мен да­мыту ісінде біраз іс тын­дырды. Оның өлеңмен жа­зылған «Қамар сұлу», «Кім жа­зықты» ро­ман­да­ры, «Адасқан өмір», «Ке­дей» по­эма­лары, ли­рика­лық өлеңдері, көсемсөздік, сын мақала­лары оның көркемдік ізденістерінің сан қыр­лы және жан жақты болғанын ашып көрсе­теді.
Үгіттік-ұран­шыл өлеңдер шеңберінен шығып, ол та­биғат және адам­ның ішкі дүни­есі ту­ралы те­реңдігі мен көркемдігі жағынан та­маша ли­рика­лық өлеңдер туғыз­ды. Ақын әлі де фе­одал­дық-пат­ри­ар­хаттық негіздердің шыр­ма­уын­да қалып, қараңғылық пен на­дан­дық күн кеш­кен қазақ қоғамы да­му­ының өткір әле­уметтік проб­ле­мала­рын ашып көрсе­те білді («Кім жа­зықты»). Оның уақыт­ты, дәуірді фи­лосо­фи­ялық ой елегінен өткізу­ге құрылған по­эма­лары ли­рика­лық-пуб­листи­калық по­эма жан­ры­ның жаңа да жарқын үлгілері бол­ды. Қазақ әде­би­етінде Абай негізін қалаған ре­алистік өнердің жоғары үлгілерін біз Сұлтан­махмұттың шығар­ма­шылығынан та­ба ала­мыз.
Қазақ әде­би­етінің сын­шыл бағытын да­мыту­да, көркемдік құрал­дар арқылы ағар­ту­шылық иде­яла­рын асқақта­туда Шәкәрім (1858–1931), Сәбит Дөнен­та­ев (1894–1933), Мұха­мед­жан Се­ралин (1872–1929), Спан­ди­яр Көбе­ев (1878–1956), Бе­кет Өтетіле­уов (1883–1949), Әріп Тәңірбер­ге­нов (1856–1924), Ғұмар Қара­шев (1876–1921), Тұрмағам­бет Ізтіле­уов (1882–1939), Бер­ни­яз Күле­ев (1899–1923), Нар­манбет Ор­манбе­тов (1870–1918) және басқалар шығар­ма­шылығының ерек­ше маңызы бол­ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет