Жүздердің құрылуы.
Халықтың, бұрын моңғол ұлыстарында болғаны сияқты, ұзақ уақыт ХІV-ХV ғғ. жеке мемлекеттер жүйесіне кіргені жоғарыда айтылған факторлар әсерін күшейте түседі, соның нәтижесінде Қазақстан жерінде үш жүз түрінде бірнеше этникалық бірлестік торабы пайда болады. Халқымыздың тарихында жүздердің пайда болуы туралы да әр-түрлі пікірлер бар. Жүздердің құрылуы туралы нақты деректер жоқ.. Бұл жөнінде тарихшылар пікірі де алуан түрлі. Кейбір тарихшылар жүздің пайда болуы 100 санына байланысты болды десе енді біреулері жүздердің құрылуын әскери-тайпалық басқарудың үштік - оң қанат, сол қанат, орта қанатқа бөліп басқару жүйесімен байланыстырады. Ал үшінші топтағылар жүздердің бөлінуін шаруашылыққа байланысты табиғи географиялық жағдаймен бірлікте қарастырады. Қазақ жүздерінің әрқайсысының тайпаларының көшіп-қонатын жолдары мен жерлері, ілгеріде аталған мемлекеттер территориясының негізгі бөлегімен сәйкес келетін жалпыға ортақ этникалық территориясы болады. Ұлы Жүз Сырдариядан бастап, Жетісу жерін түгел жайлайды, оның құрамында: үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр.т.б. енеді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Оның құрамында - қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей тайпалары, қарлұқ рулары т.б. бартрып. Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлегі Кіші жүздің мекені саналатын. Оның құрамында тайпалар одағы: алшын, адай, алаша, байбақты, жаппас, таздар, қарасақал, каракесек (Әлімұлы) сияқты тайпалар болатын. Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі зерттелмеген. Деректер мәліметі кейінгі кездерге жатады, алайда жүздердің құрамды бөлектерінің яғни әлгіде айтылған тайпалар ішіндегі ірілерінің Қазақстан жеріне келуі ежелгі дүние мен орта ғасырдың тарихи оқиғаларын баяндаған кездері хат-қағаз бетіне түскен.
Қазақ халқының жүзге бөлінуі қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде өз жерін қорғау қажеттілігінен туған. Бұл туралы қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы Шоқан Уәлиханов былай деген: "Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ - қазақ жүздері".
Достарыңызбен бөлісу: |