ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Психология негіздері»



бет1/10
Дата15.09.2017
өлшемі1,62 Mb.
#33075
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

«Психология негіздері» пәні бойынша әдістемелік нұсқау

Мамандығы: -0306000 «Фармация»

Біліктілігі – 0306013 «Фармацевт»

Курсы:2

Семестр:3.4

Құрастырған: оқытушы Тілепбаева А.Қ.

Шымкент 2014

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді.

Хаттама № ______ 2014 жыл

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі,филос,ғ.к.,доцент ___________Кемелбеков Қ.Б.

1сабак.

1. Сабақтың тақырыбы: Психологияның заты мен міндеттері.Психологиядағы зерттеулердің тәсілдері.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Көптеген онжылдықтар көлемінде психология көбінесе теориялық (дүниеге көзқарастық) пән болып келді. Қазіргі уақытта қоғамдық өмірдегі оның ролі мәнді түрде өзгерді. Ол білім беру жүйесінде,мемлекеттік басқаруда, медицинада, мәдениетте, спортта және т.б. ерекше кәсіптік практикалық іс-әрекет саласына айналып келеді.

*оқыту: Оқушыларға адам туралы кешенді ғылым ретіндегі психология жайлы жалпы көзқарастар қалыптастыру;

*тәрбиелік: Психология ғылымының даму тарихы, психологияның негізгі кезеңдері мен салаларын білу;

*дамыту: Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысын анықтау; Психологияның негізгі әдіс-тәсілдері мен зерттеу объектілерін білу;

5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994

1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.

7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1. Психология ғылымы қашан пайда болды?

2. Психология сөзіне анықтама бер.

3. Психология қандай ғылым салаларымен байланысты?

4. «Психология» терминін енгізген кім?

5. Қазақ психолог ғалымдарын ата.

8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

Тақырыбы: Психологияның заты мен міндеттері. Психологиядағы зерттеулердің тәсілдері.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.

1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Қоғамдық өмірдің қажеттілігі ерте кезден бастап,адамдарды өздерінің іс әрекетінде қоршаған ортаның психикалық келбетінің ерекшеліктерін айыра білуге және ескеруге мәжбүр етті. Алғашқы кезде бұл ерекшеліктер «жанның» іс әрекетімен түсіндірілді. «Жан» ұғымының пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың анимистік көзқарастарымен байланысты.

Алғашқы қауымдық кезеңдегі адамдардың түсінігінде«жан» адам денесінен айқын бөлінбейді. Бұл көзқарастар тіршілік құбылыстары мен сананы ғылымға дейінгі қарапайым материалистік талдау нәтижесінде қалыптасты, оның ішінде ұйқы, өлім т.б. Осындай құбылыстардың себебі мен сырын түсіндіре білмегендіктен, алғашқы адамдар оларды шындықтың мәні ретінде қабылдады.

Одан әрі қоғамның дамуына, дене еңбегі мен өндірістің рухани күштерінің саралануына,таптық қоғамның пайда болуына байланысты жанның материалдық табиғаттан тыс екендігі туралы идеялары қалыптасты. Бұрынғы анимистік, мифологиялық түсініктер жанды натурфилософиялық дүние тұрғысынан түсіндіру көзқарасына жол бере бастады.

Бізге дейінгі ерте кезде, ғасырлар қойнауынан бізге жеткен жазба ескерткіштердің материалдары дәлелдегендей, психологиялық құбылыстарға қызығушылық адамдарда өте ертеде пайда болды. Ол б.з.д. бірінші мың жылдықтың орта кезінен бастап қалыптасты, оған ертедегі грек философтары Демокриттің, Платонның, Аристотельдің ,т.б. ғылыми трактаттары дәлел болып табылады. Жанды түсіндіруде ертедегі ойшылдардың көзқарасы екі бағытта қалыптасты: материалистік және идеалистік. Бірінші бағыт негізінен Демокриттің,Эпикурдың, Лукрецияның, ал екіншісі Платонның, кей жағдайда Аристотельдің еңбектерінде қарастырылды. Аристотель екі жақты көқарасты ұсынады, бір жағынан материалистік көзқараста болса,екінші жағынан идеалистік бағытты ұстанды. Аристотельдің көзқарасы алғашқы жан туралы ілімнің шыңы болып табылады. Ол алғашқы «Жан туралы» ғылыми психологиялық еңбектің трактаттың авторы. Аристотель бойынша, жан тірі материяға тән жанды бастама. Аристотель адамда болатын негізгі бес сезім органдарын атап көрсетті: көру, есту, тері, дәм, иіс. Оларды алғаш рет ғылыми тұрғыдан түсіндірді. Егер де жан болмаған болса, Аристотельдің айтуынша, бүкіл тіршілік болмаған болар еді.

Қайта өрлеу дәуірінде қайтадан «жанның» ғылыми жаратылыстану зерттулеріне қызығушылық пайда болды,бұл кездегі қол жеткен табыстар Р.Декарт, Т.Гоббс, Б.Спиноза, Д.Локк және т.б.европа ғалымдарының есімдерімен байланысты.

ХVIII ғасыр ғылыми психология тарихында ассоциативтік ілімнің дамуымен тығыз байланысты. Ассоциация белгілі бір психикалық құбылыстар мен қозғалыстардың басқалармен заңды байланысын айтады. Ағылшын ғалымы Д.Гартлидің айтуынша, адамның бүкіл жан дүниесі үш элементтің: түйсіктердің, идеялардың, сезімдердің бір бірімен байланысы, біріктірілуі негізінде құрылған.

ХIХ ғасырда психология өз алдына дербес ғылым болып бөлінді. Психологияға эксперимент енгізілді және зерттеу әдістері жетілдірілді. Бұл кезеңде неміс ғалымдары психология ғылымының дамуына ерекше үлес қосты. Ресейде бұдан бірнеше жыл бұрын психологияны дамыту бағдарламасымен И.М.Сеченов айналысты. Оның «бас ми рефлекстері» атты белгілі еңбегі рефлекс ұғымына негізделген жаңа эмпирикалық психологияның негізін қалады. И.М.Сеченовтың бағыты кейіннен И.П.Павловтың және В.М.Бехтеревтің еңбектерінде өз жалғасын тапты.

ХIХ ғасырдың аяқ кезі психология тарихында көптеген маңызды оқиғалармен ерекшеленеді. Олардың ішінде ең негізгілері таным үрдістерін зерттеумен байланысты проблемаларды ғылыми эксперименталдық талдау: түйсіну, қабылдау, ес, ойлау және психология ғылымының жалпы тоқырауы. ХХ ғасырдың бас кезінде ғылыми білімнің ең алдымен дамыған сұраныстарының салдарынан санада интроспективтік психологияның тоқырауы байқалды. Интроспективтік психология тәжірибелік талдауды талап ететін проблемалардың алдында әлсіздік танытты. Жан жақты зерттеу жұмысын Шарко (1825-1893) жүргізді.Оның жетекшілігімен аса дарынды француз психологі Пьер Жане (1859-1937) және психоанализ бағытының негізін салушы Зигмунд Фрейд (1859-1939)өз жұмыстарын бастады.

Сонымен, ХХ ғ. бас кезінде психиканы эксперименталдық зерттеулер психологияға сана туралы ғылым деп анықтама берудің дұрыс емес екендігін дәлелдеді.

Бұл кезеңде психологияның дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі ерекше рол атқарды. Дарвиннің эволюциялық ілімі бойынша,психикалық құбылыстарды қоршаған ортадан, тірі организмнің бейімделу іс әрекетінен бөліп алып қарауға болмайтындығын дәлелдеді. Эволюциялық теорияның әсерімен бала психикасы мен жануарлар психикасын зерттеулер жан жақты қолға алынды.Онда интроспекция әдістерінің қолдану мүмкіншіліктері шектеліп, адам психикасын зерттеуге генетикалық және салыстырмалы түрде қарауға ерекше мән берілді.Осындай қалыптасқан жағдайлардан,тоқыраудан шығудың жолдары іздестіріліп, әртүрлі теориялар мен бағыттар қалыптасты. Сондай теорияларға бихевиоризм, гештальпсихология және психоанализді (фрейдизм ) жатқызуға болады.

Бихевиоризм ХХ ғасырдың бас кезінде жоғарыда келтірілген себептерге байланысты қалыптасқан психологиялық бағыттардың бірі. Бихевиоризм теориясының негізгі зерттеу нысаны сана емес,адам мінез құлқы болып табылады.Бихевиоризм behavior деп аталатын ағылшын сөзінен шыққан, қазақшалағанда мінез құлық мағынасында қолданылады. Бихевиоризм психологиядағы прагматистік бағыт, оның пайда болуы тез қарқынмен дамып отырған капиталистік экономиканың сұраныстарына байланысты. Бихевиористердің мақсаты психологияны мінез құлықты басқаруға қабілетті білімнің саласына айналдыру. Бихевиористер мінез құлықты ортаның әсеріне байланыстылығын дұрыс анықтап берді.Бірақ олардың тұжырымдамасы механикалық сипатта болды. Олар кері реакцияның тек стимулмен емес, сонымен қатар ішкі жағдайлармен байланыстылығын ескермеген. Бихевиоризмнің негізіне психологиялық зерттеулердің пәні ретінде психиканы,сананы жоққа шығару жатады.

Психоталдау,фрейдизм.Оның негізін қалаған австриялық психиатр, психолог Зигмунд Фрейд.Фрейдизм оның негізі мынада адам туралы психологиялық білімді жаңа өмір шындығымен толтыруға,практикалық,психологиялық,ең алдымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды.

Фрейд өзінің ғылыми ізденістерін психотерапевтік тәжірибені талдаудан және жинақтаудан бастауы кездейсоқ емес,содан кейін жинақтаған тәжірибені психологиялық теорияға айналдырды.

Фрейдизм үшін негізгі ұғымдарға «сана» және «санасыздық» жатады.Жеке тұлғаның құрылымында Фрейд санасыздыққа ерекше көңіл бөлді және зерттеу нысанына айналдырды.Оның айтуынша,ауру адамдар өзінің іс әрекетінің түрткілерін түсіндіре алмайды:Фрейд негізін салған психоталдау әдісі санасыздықты зерттеу үшін психикалық ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылады.

Гештальтпсихология (немістің Get alt деген сөзінен шыққан,қаз бейне құрылым,түр деген мағ.білд). Гештальтпсихология психологиялық бағыт ретінде Германияда пайда болды,ХХ ғ.бірінші жартысында көптеген Европа елдерінде жүргізіліп жатқан психологиялық зерттеулерге ерекше әсер етті. Гештальтпсихологтар психикалық құбылыстардың қиын да тұтас жүйесін қалыптастырудың өзіндік заңынының өмір сүруі және жұмыс істеуі туралы айтқан болатын.Гештальтпсихологтардың зерттеулерінде күрделі құбылыстардың элементтері және оның байланыстары бойынша зерттеу осы байланыстардың құрылымын анықтаумен ауыстырылды. Осы себептерден ғылымдағы бұл бағытты кейде «құрылымдық психология» деп атайды.Бұл бағыттың көрнекті өкілдерінің ішінде М.Вертгеймердің, В.Келердің, К.Левиннің т.б. есімдерін айтуға болады. Гештальтпсихология өкілдерін интроспективтік психологияға тән психикалық құбылыстарды талдауға және зерттеуге жеңілдетілген атомистік тұрғыдан қарау негізінен қанағаттандырмады.Бұл интрспективтік психология барлық күрделі құбылыстарды қарапайым құбылыстарға бөлді,олардың тіркесінен күрделі тұтастық заңын қалыптастыруға ұмтылды.

Қазіргі кезде кең таралған ғылыми бағыт когнитивтік психология.Бұл бағыт 60-жылдары АҚШ та пайда болды.Ол негізінен бихевиоризмге,танымдық үрдістер мен танымдық дамуды жоққа шығаруға қарсы бағытталды.Когнитивтік психологияның негізгі өкілдеріне Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер,Ф.Хайдер,У.Найсер,П.Лиднсей,Г.Саймон жатады.

Қазіргі кезде бұл бағыттың бірнеше нұсқалары қалыптасты.Кеңінен тараған бағыттарының бірі есептеу нұсқасы.Онда ішкі когнитивтік үлгі мен тану үрдісінің белсенділігінің ролі ерекше атап өтіледі.Бұл бағыттың шығуы ақпараттық қатынастардың ықпалымен байланысты.

Когнитивтік психологияның негізгі саласы таным үрдістері ес, тіл мен сөйлеудің психологиялық негіздері, қабылдау, есептерді шешу, ойлау, зейін, қиял және когнитивтік даму.



Гуманистік психология.Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған еді.Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам проблемасн түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден бір дұрыс,өмірлік психологияны таңдау болып табылады.Гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі Абрахим Маслоу болды. А.Маслоу адам іс әрекетінің, мінез құлқының қайнар көзі адамның өзін өзі танытуға, өзін өзі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, өзін өзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік, демек, адамға жақсылық істеуге ұмтылу.

ХХ ғ.екінші жарт.психологияға бірден бір күшті әсер еткен ғылыми техникалық революция.Қазір психологияның практикаға бағытталған салалары алдыңғы шепке шыға бастады.Психолог ғалымдармен бірге практикалық психологтар пайда болды.Олар білім беру,өндіріс пен мекемелер,армия мен медицина салаларында жұмыс істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет