ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Психология негіздері»


Материалды техникалық жабдықталуы



бет9/10
Дата29.01.2018
өлшемі1,62 Mb.
#35984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994



1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.



7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1.Вербальды және вербальды емес қарым қатынас: кинесика, проксемика, такесика, паралингвистика.

2.Қарым қатынастың деңгейлері, контактты әрекеттесудің түрлері, коммуникативті ықпал.

8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

Кіріспе.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.



1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Топ жасалуы – бұл алғашқыда шашыраңқы (диффузды) әлеуметтік бірігімдегі адамдарды өзара байланысты іс-әрекетке және өзара тәуелді қатынастарға түсіріп, қайта ұйымдастыру.

Топтық жіктеме (дифференциация) – бұл әлеуметтік топ мүшелерінің өзара қатынастарындағы қызметіне сәйкес бедел үстемдігі (иерархия).Ресми топтық жіктеме – ресми – рольдік беделдердің өзара тәуелділігі (завод директоры - цех, бөлімшелер бастықтары – брига­дирлер – жұмысшылар).

Ресмиленбеген топтың жіктеме – бірлестіктегі жеке тұлғаның беделі топтың әрқилы мүшелерінің оған болған қатынасына тәуелді анықталады.

Кіші топта еленетін негізгі құбылыстар: топішілік қатынастар құрылымындағы бірігім мүшелерінің орны мен жағдайы, олардың бағыт-бағдары, беделі, ролі, топтың әлеуметтік-психологиялық динамикасы, яғни оның пайда болуы, дамуы, топ басшылығы, топ ішіндегі қатынас- байланыстар, топта бекіген талаптар және топтық бақылау.

Кіші топ мүшесінің ұстаным сипаты – ұстанымның топішілік құбылыстарға бағытталған қатынас жүйесінің тұрақтылығы. Топқа мүше болған адам ұстанымының (позициясының) кемелді тұлғалық деңгейге жетіп, орнығуы оның тұрақтылығына, қайшылықсыз, яғни бір принциптігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты айқындалады.

Топтық бедел (статус) – топ мүшесінің топішілік қатынастар жүйесінде иеленген орны, әлеуметтік ролі.

Топ тіршілігінің негізгі реттеушісі – топта қалыптасқан талаптар жүйесі (нормалар) мен топтық құндылықтар.

Топ басшысы (бұйрықпен белгіленген) ресми топ қатынастары мен қызметтеріне жетекшілік жасайды, ал топтағы бейресми тұлғааралық байланыстар көшбасшы (лидер) тарапынан орындалады. Лидер топ мүшелері тарапынан жоғары бағаланатын психикалық сапаларға ие болады да тән де, ал топ бастығы заңмен белгіленген ресми басқару мен бағындыру өкілеттеріне ие.

Лидер – топ ішіндегі бір адамның өзінің белгілі жағдайларда басым келген шешім қабылдау құқығымен топ мүшелері арасында танымал болып, қабылдануы.

Тұлғалық және қызметтік жөн-жосықты жоғары деңгейде тани білген бастық лидер де болып көріне алады, дегенмен басшылардың көбінің, әдетте, әкімдік басқарушы (администратор) дәрежесінен ары көтерілуге шамасы жетпейді.

Лидердің басшыдан айырмашылығы – ол топтың барша тіршілігіне араласа бермейді, әрі топ мақсатына жетекшілік ету оның міндеті емес.Топқа басшылық жасау қызметі әрқилы тәсілмен, яғни стильмен атқарылуы мүмкін. Басқару стильдерінің танымал түрлері – әміршіл-әкімшіл (авторитарлы), либералды және демократиялы.

Әкімшіл басшылық стилі – жеке өзімшіл, субъектив сипатты мадақтау және кінәлау жолымен, көбіне бұйыруды құрал еткен басқару түрі.

Либералды басшылық стилі – топ өмірінің бір жақты шешім күтетін, жауапкерлі мәселелеріне араласпауды ұстаным еткен басқару түрі.

Демократиялы басшылық стилі – топ мүшелерінің бәрімен жолдастық, әріптестік қатынас түзуге бағытталған, олардың жұмыс бабындағы ынтасы мен белсенділігін ыждағатты тану және топ тір­шілігі мәселелерін ортақтаса талқылау сипатты басқару түрі.

Басшылықтың әміршіл-әкімшіл (авторитарлы) стилі – қай қызмет саласында болмасын, негізінен өкім, бұйрық басымдылығымен сипат­талады, мадақтау мен жазалау өрескел субъективтігімен еленеді.

Басшылықтың өзбастылық (либералды) стилі – топ өмірі мен оған байланысты көкейкесті мәселелерге араласпау, топ мүшелерінің жетігіне парықсыз еріп, көрінген проблемаға орай «бас шұлғып», келісімпаздықтан әрі аса алмау.

Басшылықтың ұлағаттылық (демократиялық) стилі- басшы тұлғаның топ мүшелерінің баршасымен жолдастық қатынас түзе білуімен, олардың қалаған істегі бастау қадамына зерделі ден қоя жүріп, топ қызметінің қалаған мәселесінде дау-дамайсыз еркін пікір-таласты қолдап-қуаттауымен ерекшеленеді. Достық қатынас ортақ мүдделік мазмұнға ие болып, мұндай деңгейдегі араласуда адамдар қызығулары, ұмтылыстары мен мақсаттары бір арнаға түседі.

Тұлғалар арасындағы өзара ықпалды байланыс қатынас мүшелерінің әлеуметтік бағыт-бағдарларымен, олардың мән-мағынасымен, әлеуметтік-психологиялық таным – рефлексиясымен айқындалады. Тұлғалар қатынастарының мәні әлеуметтік қабылдау (перцепция) тетіктері мен себептік (каузальды) жағдаяттардың шарттарына орайласады.

Қабылданатын әлеуметтік нысан нақты адам таңдап алған байла­ныстар жүйесіндегі мән-мағынамен бағаланады. Қатынасқа түскен адам­дар сапалары сәйкес не өзара толықтыратын болса, адамдар арасындағы байланыстар ұнамды сипат алады, ал мұндай екеу не көпшілік сапа, қасиеттері бірі-біріне кереғар келіп, өзара психологиялық сыйымсыздық сипатта болса, қатынастар болымсыз күйге келеді.

Қабылданушы әлеуметтік тұлға әрдайым өзі ниеттеген әсер қалдыру үшін байланыстар табысына жол ашатын, нақты әлеуметтік топтар күткен өз кейіп - келбетін - имиджін, яғни өзінің белгілі тұлғалық бейнесін қалыптастыруға ұмтылады.

Сұхбаттас өз әріптесіне ықпал жасай отырып, әдетте, өз мақсатына жету үшін оған қолайлы әсер қалдыруға, байланыс түзіп отырған адамының мінез-құлығы мен сырттай кейпіне сәйкес әрі бейім өз ұғымын қалыптастыруға тырысады.

Адамның сырттай кейпі оның ұлттық, әлеуметтік сипаты, психикалық сапалары мен мәдениет деңгейі және т.б. жөніндегі көптеген ақпарат мәліметтердің бірігімі ретінде пайымдалады. Бірін-бірі қабылдай отырып, адамдар сұхбаттасының мінезі, психикалық қалпы, оның коммуникативті және іс-әрекеттік бейімдері жөнінде қорытындыға келеді.

Басқа адамдар әрекет-қылығына берілетін баға көбіне асығысты, бір жақты болып қана қоймай, кейде тіпті қисынсыз да болады. Әрекет-қылықтың кейбір себептері орынсыз әсіреленеді не өз деңгейінде еленбей қалады.

Ер мен әйелдің бағалауы мен өзіндік баға беруі сәйкес келмейді. Ер­лер өзін не басқаларды сапалық тұрғысынан бағаласа, әйелдер көңіл-күй әсерімен баға береді. Өз қылықтарын әйелдер төңірегіндегі жағдайларға байланыстыра түсіндіруге тырысады.

Адамдардың өзара ықпалдастық байланыстарында тұлғаның бағалау жүйесі ғана көрініп қоймай, олардың ақыл-ес (интеллект) типі де ашы­лады. Мысалға, эмпирикалық тип тұрмыстағы күнделікті күйбең, майда-шүйдеден әрі аса алмайды, құбылыстар арасындағы жүйелілікті, көптараптылық пен олардың элементтері арасындағы динамиканы аңдай бермейді. Басқа адамдардың әрекет-қылықтарының астарындағы себеп­терді қарапайымдастыруға бейім. Ал абстрактты тип жалқылықтан гөрі жалпылық қорытынды жасап, заттар аймағынан шығып, дерексіздік деңгейде ой топшылауға қабілетті келеді.

Әрқилы бағалау шектері нақты қызметтестік және қарама-қарсылықтар жағдайында өзінің шынайы көрінісін алады. Дау-дамайлы жағдайды адам қарсыласының әлсіздеу тұстарын табуға ынталы келеді.

Қарым-қатынас субъекттерінің әрқилы мәртебелік деңгейі де өзара бағалау сипатына ықпал жасайды. Басшы өз қарауындағы адам сапа­сын бір тұрғыдан зерделесе, бағынышты басшыны екінші бір тұсынан бағалайды, мұндайда алдымен басшының сырттай көріністі белгілері көзге түседі де, бағынышты тұлға басшыда өзіне ғана қажет болған сапа көріністерге мән береді.

Сырттай көрініс, ақпарат белгілерін пайдалану адамаралық қатынастардың бәрінде бірдей қабылданған әдіс. Қай жағдайда да адам өз қалауына сәйкес екінші адам әрекетін күтеді. Әрекеті өз ойындағыдай болса, адам қанағат табады, ал күткеніндей болмаса, өкінеді, дағдарысқа түседі, тіпті жек көретін болады.

Адамдардың көбі өздерін өзінде қалыптасқан мінез-құлық талапта­рына сай көрсетуге бейімделген. Қарым-қатынас нәтижелерін алдын ала жоспарлай отырып, әріптесін қалайда өзі күткен әрекетке түсіруге ты­рысады. Көңілшек адам өзін «өкпелі» көрсетеді, тәкаппар тұлға қайткен күнде де қарсыласына «соққы беруге» дайын тұрады. Адамдар әрдайым өз бойында құнды деп таныған қасиеттерін алға тартуға тырысады. Кей­бір адамдардың істерін істеп алып, «қайтейін, мен осындаймын!» - деп қасарысатыны осыдан.

Қайсы бір көңіл әсерлері адамның сырттай кейпі, көріністеріне (бой ұстау, ым-ишара, қозғалыс қимылдары) орай қалыптасады, дегенмен мұндайда асығыс пікір топшылаудан аулақ болған жөн. Адамның шы­найы мәнін оның әрқилы жағдайдағы әрекет-қылығын талдай отырып, қандай да рольде көріну үшін жамылған бет пердесі түскенде ғана түсіну мүмкін.

Көбіне жақын адамдар арасында қатынастар, бейтаныстар араларындағыдан гөрі қиындау соғады. Мұның себебі: адамды неғұрлым жақсы танысақ, соғұрлым оның нені қаламайтынын білеміз. Құндылықты бағыт-бағдарлары орайласа келген адамдардың өзара түсіністігі жоғарылау келеді. Ал рухани бірлестік болған жерде қатынас мызғымас сипатқа ие болады.

Әр тұлға басқа адамдарды бағалаудың өзіндік өлшеміне ие. Екінші адамды тани отырып, тек өкілі онымен қатынас жасаудың жол-жобасын түзеді, күні ілгері оның мінез-құлығына сәйкестене әрекет жасаудың жол­дарын қарастырады. Сонымен бірге, өз әрекетінің әріптесі тұрғысынан қалай қабылданатынын пайымдайды. Осыдан адамда әлеуметтік рефлексия құбылысы пайда болады. Адамдардың бәрі өз бейнесінің араласқан адамдары көңілінде ұнамды кейіппен орныққанын қалайды, өз қадір-қасиетінің беделінің жоғарыдан көрінгенін армандайды.

Кіші топ психологиясы

Кіші топ –барлық мүшелері бір – бірімен тікелей қарым-қатынасқа келген адамдар бірлестігі. Әдетте, мұндай бірлестік өз ішіне екі не одан көп бірнеше ондаған адамды қамтиды.

Бұл сипаттағы топтар қатарына отбасы, дос-жарандар, көршілестер, сынып, студенттік топ, спорт командасы және т.б. жатады.

Бірігу сипатына орай кіші топтардың келесідей түрлері ажырайды:

1) диффузды топ – бірлікті іс-әрекет мазмұны болмаған, ашыналық қатынасқа негізделген шашыраңқы бірігім;

2) ассоциативті топ – жеке тұлғалық мәнге ие болған мақсаттар төңірегіндегі байланысты бірігім (аңшылар, балықшылар және т.б.)

3) корпорация – жеке – топтық ортақ мүдделермен жанамаланған өз дербестігі шектелмеген тұлғалар қатынасынан пайда болған ірі бірігім;

4) ұжым – жеке және қоғамдық мүдделер бірлігімен жанамаланған тұлға аралық қатынасқа келген адамдар бірлестігі.

Ақпарат алмасу арналарының көптүрлілігіне байланысты топтар орайластырылған және жеке билікті, тізбекті, шеңберлі және т.б. түрде бөлінеді.



Ақпарат көзі орайластырылған топта оның бір ғана мүшесі (басшы, лидер) топ байланысын ұйымдастырады, топ тіршілігіне жеке басшылық жасайды.

Жеке билікті топта мүшелердің бәрі ақпарат алмасуға теңдей қатысады, олардың қатынас құқы ешқандай талаптармен шектелмейді.Әлеуметтік топтардың ерекшеленген түрі – референтті топ.

Референтті топ – бұл шынайы не қияли әлеуметтік бірлестік. Бұған мүше болған тек өкілдері өз әрекет-қылығы мен өзіндік бағасын осы топта қабылданған шарттар және талаптар деңгейімен өлшестіреді.

Кіші топ құрылымы – бұл тұлғалар арасында орныққан байла­ныстар жиынтығы. Кіші топтағы тек өкілдерінің белсенділігінің негізгі аймағы бірлікті іс-әрекет пен сөйлесу болғандықтан кіші топты зерттеуде ортақ қызметтен туындаған байланыс және қатынастар құрылымына (нақты жұмыс орындау, ұйымдастыру, экономикалық басқару) және тіл­десу мен психологиялық қатынасқа (ақпарат алмасу, көңіл-күй ортақтасу, роль және бедел бөлісу) мән беріледі.

Кіші топтың ақпарат алмасу (коммуникативті) құрылымы – бұл тек өкілдері арасындағы байланыстар жиынтығы. Бұл құрылымда аса маңызды болатындар: ақпарат алмасу жүйесіндегі тұлғалардың иелей­тін беделі (топ айналымындағы ақпаратты алу және жеткізу мүмкіндігі, ақпарат көлемі, оның топ тіршілігін қамтамасыз етудегі маңызы), топтағы ақпарат алысудың бағдары мен жеделдігі.

Кіші топтың рольдік құрылымы – бұл тек өкілдері арасындағы қатынастар бірлігі.

Бұл құрылымда аса маңызды келетін жағдаят - бұл топтық ролдерді, яғни топтық үдеріс қатысушыларына таңылған, олардың күтетін және іске асыратын әрекет-қылықтарының көпке тән әдістерін бөлістіру.



Кіші топтағы әлеуметтік билік және ықпал құрылымы – бұл тұлғалар арасындағы өмір, тіршілік бағыт-бағдарлары және өзара ықпал жасау жеделдігімен сипатталған байланыстар тобы.

Ықпалды жүзеге асыруға тәуелді әлеуметтік биліктің әрқилы типі өзара ажыралады: марапаттау, мәжбүрлеу, өкілетті, экспертті және ре­ферентті.



Топ көшбасшысы

Топ жасалуы – бұл алғашқыда шашыраңқы (диффузды) әлеуметтік бірігімдегі адамдарды өзара байланысты іс-әрекетке және өзара тәуелді қатынастарға түсіріп, қайта ұйымдастыру.

Топтық жіктеме (дифференциация) – бұл әлеуметтік топ мүшелерінің өзара қатынастарындағы қызметіне сәйкес бедел үстемдігі (иерархия).Ресми топтық жіктеме – ресми – рольдік беделдердің өзара тәуелділігі (завод директоры - цех, бөлімшелер бастықтары – брига­дирлер – жұмысшылар).

Ресмиленбеген топтың жіктеме – бірлестіктегі жеке тұлғаның беделі топтың әрқилы мүшелерінің оған болған қатынасына тәуелді анықталады.

Кіші топта еленетін негізгі құбылыстар: топішілік қатынастар құрылымындағы бірігім мүшелерінің орны мен жағдайы, олардың бағыт-бағдары, беделі, ролі, топтың әлеуметтік-психологиялық динамикасы, яғни оның пайда болуы, дамуы, топ басшылығы, топ ішіндегі қатынас- байланыстар, топта бекіген талаптар және топтық бақылау.

Кіші топ мүшесінің ұстаным сипаты – ұстанымның топішілік құбылыстарға бағытталған қатынас жүйесінің тұрақтылығы. Топқа мүше болған адам ұстанымының (позициясының) кемелді тұлғалық деңгейге жетіп, орнығуы оның тұрақтылығына, қайшылықсыз, яғни бір принциптігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты айқындалады.

Топтық бедел (статус) – топ мүшесінің топішілік қатынастар жүйесінде иеленген орны, әлеуметтік ролі.

Топ тіршілігінің негізгі реттеушісі – топта қалыптасқан талаптар жүйесі (нормалар) мен топтық құндылықтар.

Топ басшысы (бұйрықпен белгіленген) ресми топ қатынастары мен қызметтеріне жетекшілік жасайды, ал топтағы бейресми тұлғааралық байланыстар көшбасшы (лидер) тарапынан орындалады. Лидер топ мүшелері тарапынан жоғары бағаланатын психикалық сапаларға ие болады да тән де, ал топ бастығы заңмен белгіленген ресми басқару мен бағындыру өкілеттеріне ие.

Лидер – топ ішіндегі бір адамның өзінің белгілі жағдайларда басым келген шешім қабылдау құқығымен топ мүшелері арасында танымал болып, қабылдануы.

Тұлғалық және қызметтік жөн-жосықты жоғары деңгейде тани білген бастық лидер де болып көріне алады, дегенмен басшылардың көбінің, әдетте, әкімдік басқарушы (администратор) дәрежесінен ары көтерілуге шамасы жетпейді.

Лидердің басшыдан айырмашылығы – ол топтың барша тіршілігіне араласа бермейді, әрі топ мақсатына жетекшілік ету оның міндеті емес.Топқа басшылық жасау қызметі әрқилы тәсілмен, яғни стильмен атқарылуы мүмкін. Басқару стильдерінің танымал түрлері – әміршіл-әкімшіл (авторитарлы), либералды және демократиялы.

Әкімшіл басшылық стилі – жеке өзімшіл, субъектив сипатты мадақтау және кінәлау жолымен, көбіне бұйыруды құрал еткен басқару түрі.

Либералды басшылық стилі – топ өмірінің бір жақты шешім күтетін, жауапкерлі мәселелеріне араласпауды ұстаным еткен басқару түрі.

Демократиялы басшылық стилі – топ мүшелерінің бәрімен жолдастық, әріптестік қатынас түзуге бағытталған, олардың жұмыс бабындағы ынтасы мен белсенділігін ыждағатты тану және топ тір­шілігі мәселелерін ортақтаса талқылау сипатты басқару түрі.

Басшылықтың әміршіл-әкімшіл (авторитарлы) стилі – қай қызмет саласында болмасын, негізінен өкім, бұйрық басымдылығымен сипат­талады, мадақтау мен жазалау өрескел субъективтігімен еленеді.

Басшылықтың өзбастылық (либералды) стилі – топ өмірі мен оған байланысты көкейкесті мәселелерге араласпау, топ мүшелерінің жетігіне парықсыз еріп, көрінген проблемаға орай «бас шұлғып», келісімпаздықтан әрі аса алмау.

Басшылықтың ұлағаттылық (демократиялық) стилі- басшы тұлғаның топ мүшелерінің баршасымен жолдастық қатынас түзе білуімен, олардың қалаған істегі бастау қадамына зерделі ден қоя жүріп, топ қызметінің қалаған мәселесінде дау-дамайсыз еркін пікір-таласты қолдап-қуаттауымен ерекшеленеді.



9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)

1. Топ әлеуметтік психологиялық феномен ретінде.

2.Ұжым туралы түсінік,мінездеме.

3. Топты жіктеу.

4. Әсер ету формалары. жетекшілік, басшылық.

5. Қызметтік қарым қатынас,субординация түсінігі.

6. Кіші топтардағы психологиялық процестер: шешім қабылдау, жанжал, қысым жасау.

1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.

2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.

10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

1. Оқушыларды бағалау.

2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)

Сабақтың тақырыбы: Тұлғааралық қақтығыстар,оларды шешудің жолдары.

Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994

17- сабақ

І. Тақырыбы: Тұлғааралық қақтығыстар,оларды шешудің жолдары.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Тұлғалықтың мәнді тараптары – оның ұстаным бағыт – бағдары ғана емес, өзі қалаған қарым – қатынастарын іске асыра білу қабілеттілігінде. Бұл адамның іс-әрекеттік мүмкіндіктерінің даму деңгейіне, оның қабілеттеріне, білімдері мен ептіліктеріне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ес, зерделік сапаларына тәуелді.

*оқыту: Тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру.

*тәрбиелік: Шығармашылық қабілетін дамыта білу.

*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.



5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994



1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.



7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1. Топ әлеуметтік психологиялық феномен ретінде.

2. Ұжым туралы түсінік,мінездеме.

3. Топты жіктеу.

4. Әсер ету формалары. жетекшілік, басшылық.

5. Қызметтік қарым қатынас,субординация түсінігі.

6. Кіші топтардағы психологиялық процестер: шешім қабылдау, жанжал, қысым жасау.

8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

Кіріспе.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.



1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Тұлға көп деңгейлі ұйымдасу құрылымына ие. Тұлғаның психологиялық ұйымдасуының ең жоғары әрі жетекші деңгейі - оның қажетсіну – сеп-түрткілік аймағы, яғни тұлға бағдары, оның қоғамға, жеке адамдарға, өзіне және өзінің еңбектік міндеттеріне қатынасы. Тұлғалықтың мәнді тараптары – оның ұстаным бағыт – бағдары ғана емес, өзі қалаған қарым – қатынастарын іске асыра білу қабілеттілігінде. Бұл адамның іс-әрекеттік мүмкіндіктерінің даму деңгейіне, оның қабілеттеріне, білімдері мен ептіліктеріне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ес, зерделік сапаларына тәуелді.

Адам дайын қабілет не мінезбен дүниеге келмейді. Бұл қасиеттер өмір барысында, белгілі табиғи тіршілік желісінде қалыптасады.

Адамның анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің негізгі сапалары, жүйке үдерістерінің жүрісі оның нәсілдік (генотип) болмысына тәуелді. Әр адамның биологиялық құрылымында, яғни бастау табиғатында оның психикалық даму мүмкіндіктерінің бар­шасына негіз қаланған, Дегенмен, әлеуметтік тіршілік иесі білім мен ғылымда, салт – дәстұрде, заттасқан және рухани мәдениетте бекіген өткен әулеттер тәжірибесін меңгергеннен соң ғана тұлға санатына көтеріледі. Адамның табиғи тарапын оның әлеуметтік мәніне қарсы қоюға болмайды. Адам табиғатының өзі тек биологиялық эволюция өнімі ғана емес, ол тарихтың да туындысы. Адам бойындағы биологиялықты оның “хайуандық” белгілері деп қарауға типті де болмайды. Адамның барша биологиялық табиғи нышандары адами болмысқа ғана тән, олардың бірде бірі жануарларда болмайды. Нақты қоғамдық шарт, жағдайларда ғана адам қалыптасып, тұлғалық дәрежеде көрінеді.

Тұлғаның дамуы оның мүмкіндіктерінің үздіксіз кеңейіп баруымен, қажетсіну деңгейлерінің жоғарылай ауысып отыруымен байланысты. Әр адамның даму деңгейі ол ұстанған қарым-қатынас сипатына тәуелді. Күнделікті тұрмыстық күйбең, пайдакүнемдіктен аса алмаған адамды төменгі даму деңгейіндегі тұлға деп білеміз. Ал жоғары деңгей адамның қоғамдық мәнді құндылықтарынан, оның рухани жігерлі шабытынан көрінеді.

Тұлға ерекшелігі – оның дербестігі. Өзінің жеке дербестігін таныған тек өкілі қалай болса, солай өтіп, ауысып жатқан әлеуметтік нұсқау талап­тардан өзін тәуелсіз, еркін сезеді; әлеуметтік жүгенсіздіктер мен әміршіл-әкімшіл, қуғын-сүргін замандарда өз болмысын билеп біледі, қоғамдық 6

күйзелістерден жабырқап, тарықпайды. Тұлға дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы рухани жігерлілікпен байланысты келеді.

Рухани жігерлілік тұлғаның жоғары санасынан, барша ұждансыздыққа табанды қарсы тұра білуді қажетсінуінен, ұлағатты мұраттарға жан-тәнімен берілгендігінен, азаматтыққа сай келмейтін өресіз, өнегесіз ниеттерден алшақ болуынан, бір мезеттік мансап пен пайдакүнемдікке берілмеуі мен жалған әлеуметтік жалтаң белсенділіктен аулақ жүруінен көрінеді. Неғұрлым қоғамның рухани-мәдени деңгейі төмен болса, ол қоғамда жалпыламай теңдестіру бағыты белең алып, адам қадірін тану қалады, талапты саяси-идеологиялық стандарттарға көзсіз бағынушылар, құлдық психологиядағы пенделер саны ұлғаяды.

Тұлға сапалары оның тұрмыс – қызметтік жеке қатынастарының өрісімен әлеумет тіршілігінің әрқилы саласына еніп, араласа білуімен анықталады. Шығармашыл тұлға тікелей әлеуметтік қоршау шеңберінде тұсауланып қалмай, ауқымды да кең қоғамдық өмір даңғылында даму бағытын алады. Бір тұлға бойының өзінен бүкіл әлеуметтің болашақ даму желісін аңғарамыз. Себебі тұлғалыққа жетіскен әрбір адам – қоғам келешегінің айнасы, содан да ол елдің бүгінгі жағдайынан озық жүреді. Тұлға дербестігі оның матаулы тұйық топ тұсауынан тәуелсіздігін білдіреді, тұлға дамығандығының көрсеткіші есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет