Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
«Комсомол» жалпы орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі
Маликова Шынар 10 «Ә» сынып тәрбие сағаты.
Ата өнегесі - ұрпаққа аманат
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Білім беру, білімді қалыптастыру. Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қомай, оларға тың мәліметтер, беріп білімді қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.
3. Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, пікір талас.
Көрнекілік құралдар: Буклет, ұлағатты сөздер, ұлы ұстаздардың суреттері.слайдтар.видиоролик
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
(ҚР Мемлекеттік Гимнін орындау)орындалады
Мұғалім сөзі : Саламатсыздар ма құрметті қонақтар ,ата-аналар және оқушылар.Міне бүгін "Комсомол" жалпы орта мектебінде "Өмір жолы-ұрпаққа өнеге" тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Ашық есік күніне байланысты өтілетін "Ата өнегесі -ұрпаққа аманат" атты тәрбие сағатымызды Бүрлібаев Жолдас ағамыздың қүрметіне арнаймыз
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мұғалім деген - ерекше тұлға дар шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген - аяулы адам асыл жан,
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.
10 «ә»сыныбы. 2. Жүргізушілер шығады.
1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар!
2 жүрг Жақсы жандар жанымызда әрқашан, Ұлағатты сөзі биік ұстанған ардақты ұстаз Жолдас ағай секілді Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
Гулнара. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
1- жүрг. Ләззат, Бүгін бізде үлкен мереке. Ұстаз Бүрлібаев Жолдас ағаны еске алатын күн. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай,жалықпаңыздар,шаршамаңыздар
Жолдас аға туралы мәлімет (слаид)
Мұғалім: " Әке" Мұқағали Мақатаев
Әке,сенің жасыңнан асып барам
Кезі-кезі келгенде тасып таалам
Кезі-кезі келгенде жысып қалам
Мына өмірге,бәрі бір,ғашық балаң
Құры алақан емеспін қуанышыта
Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан
Бір арыстан өмірден өткенімен,
Өмір сүріп келеді тірі арыстатан.
Өкінбе, әке , отын бар сөнбейтұғын,
Ол міңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі турс, қолынан бермейтұғын
Әке,сенің тастап кеткен мураңды,
Көп немерең көрген шақта қуанды.
Терің сінген тақияға жармасып,
Алма-кезек бірінен соң бірі алды.
2-жүргізуші;
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
1-жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Ләззат? Менің ойымша, кез-келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: Сакен, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Жолдас ағайдың алтындығы -
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?
Кабинеттің ашылуы (диск көрсету)
Слаид (Жолдас аға туралы).Әке туралы өлең шумақ
1-жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
2-жүрг_._ЛАУРА'>Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен Бибінүр және Индира
2-жүрг. ЛАУРА Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
Мәлік туралы мәлімет(слаид)
1- жүрг .НҮРКЕЛДІ Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
2-жүрг. __Сакен__, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші: Ал ендеше баста.
2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»
1-Жүргізуші: Ләззат, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
Шынғыс Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
Асель: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
Валихан: Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:Бақыт, табыс, амандық!
Мухамеджан: Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
1 жүргізуші: Сәткүл Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
: Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
видиоролик ( қара шаңырақ
2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
Видиоролик Ғалия апай
1-жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің м ұғалімі __Жандарова Ғалия апайды _______шақырамыз.
2-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
"Мектебім" әні Бибінүр мен Индира
1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
2-жүргізуші: Әзіл – қалжың отауы. ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.
Мұғалімдер кім болуды армандайды?
1 ж Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
2- ж Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
1-ж Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
2-ж Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.
Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.
1-жүргізуші: Мектеп –өмірінен алынған сөздерге түсінік беріп өтсек:
2 ж Каникул – жылдың ең қысқа күндері.
1-жүргізуші: Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
2-ж:Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.
1-ж:Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
1-ж:Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
2-ж:Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым.
1-ж:“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.
2- Жүргізуші: Сакен, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
1- жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
2- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
1-Жүргізуші:-ендеше тыныштық сақтаңыздар, қонақтарға
Сұрақтар:
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
2-жүргізуші: Асия Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
1-жүргізуші:Айдана Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
2-жүрг. Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана.,
1-Жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
.
2- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.
1-Жүргізуші: Ләззат, Мен саған жұмбақ жасырайын, табасың ба?
2-Жүргізуші: Жасырып көр
1-Жүргізуші: Бір сандық бар өзгеше,
Қасыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сынын білесің-ол ұлағатты есім
Ұстаз-ұлағатты есім
2 жүргізүші: Ендеше сұрақ- жауап
Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз .Ден саулықтарыңыз мықты болсын,өмірлеріңіз ұзақ болсын.Келіп, көріп ,тыңдағандарыңыз үшін рахмет.
.
,
Достарыңызбен бөлісу: |