Білім берудің негізгі сатысында ағылшын тілінің қоғамдық әлеументтік мәнін түсінген, тілдің қызметінжүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызады.
Ел тану ұғымы елдің тарихын , мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын түсіндіреді.
Негізгі мектептерге арналған бұл бағдарлама жалпы орта білім беру деңгейінде білім алуға бағытталады, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы европалық деңгейлеріне сәйкес келеді. Ағылшын тілін оқыту, тәрбиелеу,басқа ұлт мәдениетін және тарихын танып өзара әрекет ету құралы ретінде, шетел тілін әрі қарай меңгеруін дамытуға бағытталған. Бұл бағдарлама 34 сабақтан тұрады, Америка елімен Қазақстан елінің тарихын, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары, өнері жайлы түсіндіреді.
Мақсаты:
Оқу құралының негізгі мақсаты: шетел тілінде сөйлеуге және оқып жатқан тіліндегі елдің мәдениеті, тарихы, өнері мен әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері жөнінде мағлұматтар беруге үйрету.
Міндеті:
Бұл бағдарламаның міндеті: шетел тілінде сөйлеуді және оқып жатқан тілдегі елдің мәдениеті, тарихы, өнері мен әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері жөнінде дұрыс түсінік беру. мағлұматтар беруге . Америка елімен Қазақстан елінің ел тануын дамыта отырып мағлұматтар беру. Тақырыптық жоспар.