Оңтүстік Қазақстан Облысы Шымкент қаласы №87 жалпы орта мектеп Булабаева Эльмира Жумабековна «Өзін-өзі тану» пән мұғалімі Мектеп



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі62,88 Kb.
#30730
түріОқулық
1   2   3
Дәйексөз.


«Ата-асқар тау,
Ана-бауырындағы бұлақ
Бала-жағасындағы құрақ»
Халық мақалы

  1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Неге біз әкені тауға балап тұрмыз?

  3. Отбасындағы татулықты қалай түсінесіңдер?

  4. Ананың балаға деген махаббатын неден көруге болады?

  5. Өз бойыңғы сүйіспеншілігіңді кімге арнайсың?







Оқиғаларды әңгімелеу
ПАТРИЦИЯ СЕНТ-ДЖОННЫҢ«АҚ ОРАМАЛ» ӘҢГІМЕСІ
Автобус аялдамасы жанынан өтетiн жол жиегiнде отырған адам жолдағы тастарға тесiле қарап қалған. Оның қырынбаған бетаузы, салбырап кеткен иықтары мен жыртық бәтiңкесi аялдамада топталып тұрған адамдардың назарын өзiне аударды, бiрақ әлгi адамның өзiне қадалған жанарлармен еш шаруасы жоқ. Ештеңе елеместен ол өзi және өзiнiң өмiрi туралы қалың ойға батып кеткен едi.
Ол өзінің қызыл кiрпiштен салынған үйде тұрған кiшкентай бала кезін есіне алды. Бөлмесінің терезесіедегі гүлді, әкесi бұған құрастырып берген әткеншекті, велосипед теуіп үйренген жолды сағынышпен есіне түсірді.
Уақыт өте ол ескi велосипедiн мотоциклге ауыстырып, үйiнде аз бола бастаған. Өйткені жұмысы мен көптеген достары бар едi. Әкесi мен шешесi бұған кәрi және мезi қыларлықтай көрiндi, ол көбіне уақытын сыраханада көңiлдi өткізетін еді.
Ол ата-анасынан ақша сұрамақшы болғанын жасырды. Бұдан шығудың оп-оңай қарапайым жолы табылды: бұл әкесiнiң ақшаны қайда сақтайтынын жақсы бiлетiн, ата-анасының баққа шыққан сәтiн пайдаланып, әкесiнiң жинаған ақшаларын қолына түсiрдi. Ол ата-анасын ең соңғы рет көруi едi: өзi iстеген әрекеттен кейiн, ол үйiне келе алмайтын болды. Көп кешiкпей шетелге кеттi.
Ата-анасы оның ұзақ сергелдеңге түсiп сандалғандығы мен түрмеде өткiзген жылдары жөнiнде ештеңе бiлмедi. Егер әке-шешесi әлi тiрi болса және мұны көргiлерi келсе, бостандыққа шыға салысымен олармен қайта кездесудi қандай армандады десеңшi!
Жазасын өтеп, бостандыққа да шықты.Туған қаласына асығыс бет алды.
Ата-анасына осылайша, оқыстан, жетiп баруға мұның қандай қақысы бар?
Олар бірақ осы бiр албажұлба кезбеден бiр кездерi өздерi сүйген, бұлардың үмiттерiн қатiгездiкпен алдаған балаларын тани қояр ма екен? Ол күнi бойы дерлiк ағаш саясында отырды. Кешкiсiн өзiне қанша ауыр тисе де, ата-анасына қысқа ғана хатты бірнеше сағат отырып жазды. Хатта: "Менi көргiлерiң келетiнiне ешқандай үмiтiм жоқ екенiн бiлемiн... Шешiм сiздерде. Мен бейсембi күнi көшенiң аяғында таңертең ерте күтемiн. Егер үйге келуiмдi қаласаңыздар, менiң жататын бөлмемнiң терезесiне ақ орамал iлiп қойыңыздар. Оны сол жерден көрсем, үйге келемiн, көрмесем ескi үйге "қош бол" деймiн де, өз жолыммен кетемiн", деген сөздермен аяқталғанды.
Мiне, бейсенбi күнi де жеттi. Адасқан ұл белгiленген жерге келдi. Өзінің ескi көшесi! Не күтіп тұрғанын анықтағанша тағаты таусылып, төзiмi жетпей барады.
Егер терезеден ақ орамалды көрмесе... Ал ата-анасы әлi бұрынғыдай осында болып, әншейiн мұны көргiсi келмейтiндей жағдайда болса..., өзiне не болатыны туралы ойлауға бата алмай, өзiн-өзi жұбатуда. Шынар ағашының қасына таяғанда көзiн тарс жұмды. Ақырында терең демалып, көзiн ашқанда, оның жанары құмарта алға тiгiлдi. Қызыл кiрпiштi үйдiң шатырына күн сәулесі түсiп тұр екен, оның жүрегі дүрсілдеп қоя берді....
Әрбiр терезеге жастықтың тысы, сүлгi, дастархан, қол орамал және асхана салфеткалары iлiнген. Шымылдық терезе желдеткiшiнен бүкiл шатырға созылған. Таңғы күн сәулесiнде жарқыраған қар тәрiздi.
Оқыс қателiкке жол бермес үшiн, ата-анасы қолдарынан келгенiнiң бәрiн iстептi! Ақша қардай аппақ болып жарқыраған өз үйiн көрген ұлдың еңсесiнен ауырлық түсiп, бойы жеңiлдеп, кеудесiн қуаныш кернеді.
Ол орнынан тұра жүгiре, өз үйінің айқара ашылған есiгiне қарай құстай ұшыты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет