Отты шекараның КҮзетінде


Өрт сөндірушілердің ерлік іс-әрекеттері



бет2/5
Дата01.07.2018
өлшемі0,56 Mb.
#45237
1   2   3   4   5

Өрт сөндірушілердің ерлік іс-әрекеттері
Барлық қызметте жұмыс күнделікті уақытта басталып, аяқталады. Ал өртке қарсы қызмет болса мәңгілік, үздіксіз – жылдың әрбір күнінде, тәуліктің 24 сағатының барлығында әрбір өрт сөндіруші қызметте.

Өрт сөндірушілер – жаратылысы ерекше жандар. Дабыл бойынша үздіксіз көтеріліп өртке шығу және үнемі отпен арпалысу – олар үшін күнделікті әдеттегі, ең қажетті іс, бірақ нағыз майдандағыдай осы қатал күрестегі аңдаусыз жасаған бір қадамың өмірдегі соңғы қадамың болуы әбден мүмкін. Құтқару, сақтау және қорғау – бұл от-жалынмен күресушілердің негізгі міндеті, олардың жұмысының маңызы мен мәні. Өрт сөндірушілердің есебінде мыңдаған сөндірілген өрттер, тікелей от аузынан қауіпсіз аумаққа алып шығарылған, яғни құтқарылған жүздеген адамдар бар.

1987 жылдың қарашасында Төрткүл мақта қабылдау бекетіндегі мақта бунттарында болған өртті сөндіру облыстың өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығының беріктігін тексерудің қатаң сынағы болды. Өртті сөндіру кезінде жеке құрам 3 тәулік бойына тілсіз жаумен күресті. Өрт сөндірушілердің қайсарлығы, олардың батылдығы және кәсіби шеберлігі қатал климаттық жағдайда, төменгі температуралық ауа-райында және қатты дауылды жел кезінде өртті жеңіп шықты.

Арада көп уақыт өтер өтпестен, 3 айдан кейін тағы бір үлкен өрт орын алды. 1988 жылы 25 ақпанда Шымкент мұнай өңдеу зауытының 311 паркінің резервуарында сақталған мұнай өнімдері жанып, өртті сөндіруге облыстың барлық аудандары мен көршілес облыстардан, атап айтқанда Жамбыл, Қызылорда, Ташкент облыстарынан қосымша күштер мен құралдар жұмылдырылды.

...Сол күні кешке, сағат 22-ден 35 минут өткенде Шымкент мұнай өңдеу зауытын қорғайтын 114-әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде жас, бірақ абыройлы командир, «Өрт сөндірудегі ерлігі үшін» медалінің иегері Александр Глуховтың қарауылы кезекшілікте болатын. Дабыл бойынша белгі 22 сағат 35 минутта берілді. Өртке төрт өрт автокөлігімен шықты. Резервуарлық паркте қою қара түтін будақтап жатты. Шығыстан соққан күшті желдің әсерінен үшінші резервуардың үстіндегі өте үлкен өрт тілдері көрші орналасқан резервуарларға жайыла бастады. Бесмыңдық төрт резервуардағы төгілген мазуттар жана бастады. Жарылыс салдарынан жұлынып кеткен солардың бірінің 10-милиметрлік қалыңдықтағы болаттан жасалған қақпағы әп-сәтте бөлшектенген темір қалдығына айналды. Соңынан анықталғанындай, жарылыс көмірсутегі буының ауамен қосылысына әсер еткен ұшқын себебінен болғандығы белгілі болды. Қатты соққан желден жұлынып кеткен резервуар қоршауының металл бөлігі тербетіліп, резервуар қабырғасына соқтығысып, содан ұшқын туындаған.

Өрт сөндіруші Арбиш Нарботаев үшін бұл алғашқы үлкен өрт болды (сондай-ақ, жанып жатқан резервуарды сөндіру тәжірибесі әлі ешкімде болмаған). Бірақ ол ең қауіпті аймақ – жанып жатқан үшінші резервуардағы жалынды қайсарлықпен, есептілікпен және қорықпастан сөндіріп жатқан өз әріптестері аға өрт сөндіруші А.Кривых және бөлімше командирі З.Тайчиевті көріп, олардан бір қадам да кейін шегінбеуге тырысты. Оқиға орнына келген өртке қарсы қызметтің бастығы Б.Расулов өртті сөндіру басшылығын өз қолына алды. А.Глухов жанып жатқан резервуарларды салқындату бойынша жауынгерлік алаңды басқарды. Ол қарауылдың жауынгерлерімен бірге түні бойы және келесі тәулікте ақырына дейін, арасында аз кем тынығуға ғана мұрша алып, ең қиын өрт аймақтарында жұмыс атқарды.

Ол өз адамдарына сенімді еді. «УРАЛ-дың» жүргізушісі Скандарбек Меңгелбеков үздіксіз су беруді қамтамасыз етті, Гафур Ниязов қайсарлықпен оқпанмен жұмыс атқарды. Глуховпен бірге дабыл бойынша шыққан барлық он алты қызметкер тіпті сондай төтенше жағдайдың өзінде асып-саспастан, сауатты түрде жауынгерлік іс-қимылдарды атқарды.

Б. Расулов төрт жауынгерлік алаңды ұйымдастырып, жаңа қосалқы күштерді жұмылдырды. Қызметтен тыс уақыттағы барлық қызметкерлерді дабыл бойынша жинау жарияланды. Әркім қолда бар мүмкіндіктермен – біреулері бағыттағы және жол-жөнекейгі көліктермен, кейбірі жаяу жетті. Өздерінің осында аса қажеттігін барлығы білді. Жамбыл, Қызылорда, Гүлістан, Ташкенттен және жақын маңдағы аудандардан жететін көмекті күтті.

Адамдар ерлік істерді жүзеге асырып жатқанда, айналадағы жағдайды бағамдауға үлгермейді деп айтады. Жоқ, олай емес Осындағы әрбір өрт сөндіруші өздеріне төнген қауіпті сезініп, кім үшін өмірлерін тәуекелге тігіп жатқандарын жақсы түсінді.

Қатардағы өрт сөндірушілер, оқпаншылар офицерлерді алмастырды – Кентау қаласының әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің бастығы В.Елеусізов, 114-ӘӨСБ-нің аға инженері В.Есауленко, осы бөлімнің өрттің алдын-алу бойынша инспекторы Б.Маханов, инженері Б.Алпысбаев, кезекші өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру жетекшісінің көмекшісі Ф.Хадиханов, мемлекеттік өрт қадағалау қызметінің инспекторы Д.Битанов, С.Мавличенко, И.Шайхудинов, гарнизонның қарауыл бастықтары С.Долбня, А.Глухов, И.Абдукахаров, М.Мирсадыков және басқалар. Төнген қауіп алдында барлығы да тең болды.

Ең қауіптісі – бұл мұнай өнімдері төгілуінің орын алуы мүмкіндігі еді. Соны күтті Мамандардың есебі бойынша ол түскі мезгілде, шамамен өрттің басталуынан 10-12 сағат өткенде болуы тиіс еді. Бірақ адамдардың отпен арпалысып жатқанына жиырма сағаттай болған, қауіптің беті қайтқандай, жеңіс жақын қалғандай, күші қайтқан жалын тілдері әне-міне көбік астында тұншығатындай көрінген. Биіктігі жетпіс метрдей қара-қызғылт жалын бағанасы жанып жатқан резервуардан аспанға атылғанда сағат тілі 18 сағат 10 минутты көрсетіп тұрған еді. Жасалған барлық болжамға қарамастан оттан түзілген найзағай құйыны қатты соққан желге қарсы атыла соғып, ық жақтағы қазандыққа жақын маңда жұмыс атқарып жатқан өрт сөндірушілер тобын жауып қалды. Олар қанша? Оларға не болды? Тірі ме өздері?

Тұтастай белгісіз сәттерге толы секундтар бітпестей шексіз көрінді, алайда алғашқы мәлімет те жетті: отты кешіп өткен олардың саны жетеу! «Жедел жәрдем» жарақат алғандарды ауруханаға алып кетті. Тек соңынан Б.Алпысбаев, Р.Анарметов, Б.Махановтың ауыр дене күйігі жарақатын, В.Елеусізов, К.Есимбаев, Ф.Хадиханов және Д.Битановтың олардан жеңілдеу жарақат алғандары белгілі болды.

Сол күнгі таңда ауа-райы ашық та тыныш болып, күн сәулесі де молынан түсіп тұрды. Күн сәулесі сондай қымбатқа түскен мұнай өнімдеріне толы ыдыстардағы, от-жалын әсерінен қара түске боялған, жанған, жұлынған коммуникациялық тораптарды, күйген, балқыған металл тақталарын жарықтандырып тұрды.

Өртті сөндіруге 178 адам қатысып, 171 тонна көбіктүзгіш жұмсалды, 14 бірлік өрт автоцистернасы, 6 бірлік арнайы мақсаттағы және 23 бірлік халық шаруашылығы техникалары жұмылдырылды.

Өртті сөндіру кезінде жанып жатқан резервуардан мұнай төгіліп, 7 өрт сөндіруші түрлі деңгейде дене күйігін алды. Соның бірі - Бақыт Алпысбаев алған күйігінің салдарынан көз жұмды.

Бұл өртте жарақаттанғандардың, олардың туыстары мен жақындарының адами қайғысын, жан азабын немен және қалай өлшеуге болады? Осы өртте өзінің жалғыз ұлын жоғалтқан ананы қалай жұбатуға болады? Иә, бұл өртті сөндіруге барын сала қатысқан, қызметтік борышын адал атқарған Бақыт Алпысбаевтың өмірімен арпалысқан Шымкент пен Мәскеудің дәрігерлері, ірі мамандары бар күштерін салса да оны ажалдан аман алып қала алмады, өлімге араша тұра алмады. Ол сол өрттен алған күйіктен бірнеше күннен кейін көз жұмды. Бұл кезде ол 25 жаста болатын. Ол комсомол, мейірімді дос және жолдас, өз ісінің жетік маманы, анасының үміті мен тірегі болатын, ол - өз өмірінің нағыз гүлденген шағында үзілді.

Қызметтестері Алпысбаев Бақыттың 26 ақпан күні өрт күзету орнындағы өзінің қызмет бөлмесіне асыға кіріп, кителі ластанған, өзі әбіржулі: «қазір киімімді ауыстырамын да, қайта кетемін, онда адамдар шаршап, құлап жатыр», - деп асыға қайта шығып кеткенін естеріне алады. Ол келе сала адамдардан болған жайды бүге-шүгесіне дейін сұрастырып, бірден өз міндетіне кірісе кетті. Өрттің ең қауіпті деген жерінде, үшінші резервуардың шолу қақпасында, қолында оқпаны бар дайын тұрды. Қатты жарылыс кезінде ол сонда қалған болатын. Жетеуі жалын шарпыған от ішіне кірген кезде, жолдастары Бақыттың құламағанын көрген – ол кезде есін жоғалтпаған, тек ауа жетпеген соң бас киімін шешкен. Қайта штаб көлігіне Р.Анарбаевқа жол бере жүріп, өзі барып отырған.

Бақыт Алпысбаевты марапаттаған «Қызыл Жұлдыз» ордені оның анасы Тұрар Алпысбаеваға табыс етілді. Ол оқыған мектепте пионерлер мен комсомолдар мемориалдық мұражай құрды. Батырдың суреті бар, өрт сөндірушілер орнатқан мемориалды тақта орнатылған биік тау асуы оның есімімен аталды, сонымен қатар Шымкент қаласының бір көшесіне оның аты берілді.

Сондай-ақ, «Өрт сөндірудегі ерлігі үшін» медалімен 17 адам марапатталды. Оның қатарында өрт сөндірушілер А.Нарботаев және К.Есімбеков, аға өрт сөндірушілер А.Кривых, офицерлер Р.Ақбаев және С.Ахметов, бөлім бастығының орынбасары Х.Файзиев бар. Облыстық атқару комитетінде Рафхат Анарбаевқа Қызыл Жұлдыз орденін тапсырғанда салтанатты жиынға қатысып отырған ардагерлер оның «Совет Одағына қызмет етемін!» - деген жауабын естігенде, оның күйіп қалған беті мен қолдарына қарап, жүздерін төмен салды.

Құдіреттің күшімен тірі қалған өрт сөндірушілердің негізгі жеңісі сол, олар тіпті осындай қиындықтан өтсе де өмірден түңіліп, қайысқан жоқ, аяқтарынан тік тұрды, өмірдің шаттығына қуана білді, оқуларын жалғастыру жөнінде армандады және өздерінің достарының ортасына қайта оралар сәтті ойлады, сондай-ақ өз тағдырларының толыққанды иегері болатындарына сенді.

Бауыржан Маханов – Алпысбаевтың құрдасы, ол да Бақыт сияқты Алматы өрт-техникалық училищесінің түлегі. Оған тағдыр оң көзімен қараған екен. Алған ауыр күйігі оның бетіне, қолына дақ түсірді, дегенмен ол қайта қызметіне кірісіп, қазіргі кезде абыройлы зейнетке шықты.

Олар өз міндеттерін адал және соңына дейін атқарды.


Алпысбаев Бақыт Алтынбекұлы
Алпысбаев Бақыт Алтынбекұлы 1962 жылы 8 қарашада қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Бірінші сыныптан 4 сыныпқа дейін №25 орта мектепте оқиды, содан соң №4 мектепке ауысады да, сонда 10 сыныпты бітіріп шығады. Отбасында 5 әпкесі және өзі. Артында жұбайы - Меруерт, қыздары – Жанат және Бақыт қалды.

Бақыт Алтынбекұлы ішкі істер органдарында 1981 жылдан бастап жұмыс істей бастады. 1984 жылы ішкі істер басқармасының өртке қарсы күзет бөлімінде инженер болып жұмыс істеген. Бұл уақытта ол өзін еңбекқор, жұмысына адал қызметкер ретінде көрсете білді. Алпысбаев Бақыт Алтынбекұлы 1988 жылы ақпан айында небәрі 25 жасында өзінің қызметтік борышын атқару барысында, өрт сөндіру кезінде көз жұмды.
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗІ МАРАПАТТАДЫ
Өртке қарсы қызметтің жігіттерін көшеде кетіп бара жатқанында жай қарапайым жігіт немесе студент екен деп ойлайсың. Алайда, олардың көпшілігі нағыз ержүрек батыр екенін ешкім біле бермейді. Олардың көкірегінде медаль де, төсбелгі де жоқ. Тіпті сол жігіттер өздерін батырмыз деп те есептемейді, олар: «Бұл біздің міндетіміз» дейді.

Солардың бірі Ордабасы ауданындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, өртке қарсы қызметтің аға лейтенанты Өскенбаев Алхар осы қызмет саласына 2003 жылы келді. Содан бері оның қанша рет өртке шыққандығы есінде жоқ: өрт сөндірушілерде осылай қалыптасқан.

Темірлан ауылындағы Черемушка көшесінде өрт шыққандығы туралы дабыл №8 өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлік кезекшілігін аяғынан тік тұрғызды. Дер кезінде келіп жеткен өрт сөндірушілер екінші қабаттан будақтап шығып жатқан қою түтінді көрді. Көршілері пәтерде 3 жасар сәбидің қалып қойғандығын шуласып айтып жатты. Подъездегі түтіннің қоюлығы сонша, түк көрінбейді. Алхар түтін арасынан пәтердің есігін табу оңай болмайтындығын сезді, сөйтті де дереу санаулы секундтар ішінде өрт сөндіру сатысы арқылы балконға шықты. Бөлме табалдырығынан аттаған кезде улы иістен тынысы тарылып кетті: еденде пластмассадан жасалған шелек пен төсеніш бықсып жатыр екен. Алхар жүресінен отыра кетті, себебі төменде әлі демалатын ауа бар еді. Ол еңбектеп барып, баланың жылаған даусы естілген бөлменің есігін тартып көрді. Есікті бұзып ашқанда кішкентай бүлдіршін оған қарай беттеді. Егер де ол сәл кешіккен жағдайда сәби тұншығып қалар еді. Ең қорқыныштысы, жанып жатқан төсеніштің жанында тұрған пропан толы баллон жарылар еді.

Өскенбаев Алхардың баланың өмірін сақтап қалуда көрсеткен батылдығы мен ерлігі, нағыз ер жүрек батырға тән іс-әрекеті елеусіз қалған жоқ. Ол «Ерлігі үшін» медалімен наградталып, бұл награданы Алхар Жеңіс мерекесінің қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолынан алды.


ПОСЛЕДНИЙ ВЫЗОВ
ПАМЯТИ БАХЫТА АЛПЫСБАЕВА
Его имя носит одна из улиц города. Его сегодня знают десятки тысяч южан, память о мужественном и самоотверженном бойце осталась среди живых.

Родился 8 ноября 1962 года в городе Чимкент. Обычная биография, казалось бы… Пошел в первый класс, закончил школу. Продолжил образование в Алма-Ате. В 1984 году назначен на должность инженера в отдел пожарной охраны. В 1988 году в возрасте 25 лет погиб при тушении пожара. О таких, пожарных, как он, известный поэт напишет:

Они не придут никогда,

Они не уйдут из строя.

Капает с крыш вода,

В воздухе пахнет весною.

Ушли на пороге весны,

Ушли, не успев смениться,

Им снятся спокойные сны,

Им мир без пожаров снится.


С ОГНЕМ НА «ВЫ»
...С развитием области крепла и государственная противопожарная служба. В ней произошли большие перемены. Она военизирована, хорошо технически оснащена, в ней работают высококвалифицированные специалисты.

Все службы ежедневно имеют начало и конец. Пожарная же служба – вечная, непрерывная: все 24 часа в сутки каждый пожарный на службе, не исключая ни одного дня в году. Пожарные–люди необыкновенные, героические. Бесконечные подъемы по тревоге и схватка с огнем – для них повседневная, обычная, очень нужная людям работа, но в этой ожесточенной борьбе, как в настоящем бою, один неосторожный шаг может стать последним. Спасти, сохранить, защитить – вот основная задача и смысл работы огнеборцев. На счету пожарных тысячи потушенных пожаров, спасенные жизни сотен людей, вынесенных из огня.

Разные бывают пожары: об одних забываешь быстро, о других, связанных с риском, и особенно человеческими жертвами помнишь всю жизнь. Серьезным испытанием на прочность, проверку боевой готовности подразделений противопожарной службы области, стала ликвидация пожара на хлопковых бунтах Торткульского хлопкоприемного пункта в ноябре 1987 года, при тушении которого личный состав на протяжении трех суток боролся с огнем. Самоотверженность действий пожарных, их стойкость, мужество и профессионализм победили огонь в жесточайших климатических условиях, при низкой температуре и штормовом ветре.

Спустя время, 25 февраля 1988 года, .произошло загорание нефтепродукта, хранящегося в третьем резервуаре 311 парка Чимкентского нефтеперерабатывающего завода.



...В тот вечер в 22 часа 35 минут в ВПЧ-114, охраняющей Чимкентский нефтеперерабатывающий завод, дежурил караул Александра Глухова — молодого, но авторитетного уже командира, кавалера медали «За отвагу на пожаре». Сигнал тревоги раздался в 22 ч. 35 мин. На пожар выехали четыре машины. Над резервуарным парком встала стена густого черного дыма. Сильный восточный ветер разметал огромные языки пламени над третьим резервуаром, перебрасывая их на соседние емкости. Уже горел мазут в обваловании четырех резервуаров-пятитысячников. Взрывом сорвало крышу с одного из них, в мгновение, превратив 10-миллиметровую сталь в искореженные рваные лоскутья. Как выяснилось позже, причиной взрыва стала искра, воспламенившая смесь паров углеводорода с воздухом. Ураганный ветер оторвал металлические части ограждения резервуара, и они, раскачиваясь, ударялись о стенки.

Для пожарного Арбиша Нарботаева это был первый серьезный пожар (как, впрочем, и для многих: опыта тушения горящих резервуаров еще не было ни у кого). Но он видел, как хладнокровно, расчетливо и бесстрашно сбивают пламя в самой опасной зоне — в об­валовании горящего третьего резервуара его товарищи - старший пожарный А. Кривых, командир отделения 3. Тайчиев и старался не отстать от них ни на шаг.

Тушение пожара возглавил прибывший начальник областного отдела пожарной охраны Б. Расулов. А. Глухов возглавил первый боевой участок по охлаждению горящего резервуара. Вместе с бойцами караула всю ночь и следующие сутки он работал на самых трудных участках до самого конца, сменяясь лишь для недолгого отдыха.



В своих людях он был уверен. Водитель «Урала» Скандарбек Менгельбеков обеспечивал бесперебойную подачу воды, Гафур Ниязов бесстрашно работал со стволом. Все шестнадцать бойцов, выехавших с А. Глуховым по тревоге, действовали грамотно, без суеты. Даже в такой чрезвычайной ситуации…

Б. Расулов, создав четыре боевых участка, стягивал новые резервы. Объявили сбор всех свободных от службы: добирался, кто как мог — маршрутным и попутным транспортом, пешком. Знали — они здесь очень нужны. Ожидали подкрепления из Джамбула, Кзыл-Орды, Гулистана, Ташкента, ближайших районов...

Говорят, что люди, совершая подвиг, не успевают осознать происходящее. Нет, каждый здесь чувствовал опасность, отлично понимая, во имя чего, возможно, рискует жизнью.

Рядовых пожарных, ствольщиков сменяли офицеры — начальник СВПЧ г. Кентау В. Елеусизов, старший инженер ВПЧ-114 В. Есауленко, инспектор профилактики той же части Б. Маханов, инженер ОПО Б. Алпысбаев, помощник ДСПТ Ф. Хадиханов, инспектора ГПН СВПЧ-44 Д. Битанов, С. Мавличенко, И. Шайхутдинов, начальники караулов из всех частей гарнизона — С. Долбня, А. Глухов, И. Абдукахаров, М. Мирсадыков и многие другие. Перед лицом опасности все были равны.

Самое опасное, что могло произойти, это выброс. Его ждали. По расчетам специалистов он должен был произойти где-то в полдень, через 10-12 часов после начала пожара. Но люди уже двадцатый час боролись с огнем, и казалось, опасность миновала, победа близка, обессилевшее пламя вот-вот задохнется под пеной и отступит. Часы показывали 18 ч. 10 мин, когда из горящего резервуара взметнулся к небу семидесятиметровый ревущий черно-рыжий огненный столб. Вопреки всем прогнозам огненный смерч устремился навстречу ураганному ветру и накрыл группу пожарных, работающих вблизи котлована с наветренной стороны. Сколько их? Что с ними? Живы ли?

В ревущем пекле секунды неизвестности тянулись бесконечно, но вот пришла весть: прорвались сквозь огонь, их семеро! «Скорая помощь» отвезла пострадавших в больницу. Лишь позже узнали: трое - Б. Алпысбаев, Р.Анарбаев, Б.Маханов получили тяжелейшие ожоги; В.Елеусизов, К. Есимбаев, Ф.Хадиханов и Д.Битанов пострадали меньше.

...Утро в тот день выдалось яркое, солнечное, тихое. Солнце освещало груды покореженного, оплавившегося металла, порванные обгоревшие коммуникации, черные от копоти, заполненные нефтепродуктом емкости, которые удалось отстоять такой дорогой ценой.

В тушении пожара приняли участие 178 человек, было израсходовано 171 тонна пенообразователя, работало 14 автоцистерн, 6 автомобилей специального назначения и 23 единицы техники народного хозяйства.

Но чем и как измерить человеческое горе, боль и муки пострадавших в этом пожаре, их близких, родных? Как успокоить мать, потерявшую единственного сына? Да, медикам, боровшимся за жизнь Бахыта Алпысбаева в Чимкенте и Москве, не удалось его спасти, несмотря на все усилия, предпринятые крупнейшими специалистами. Он скончался от полученных ожогов через несколько дней. Было ему всего 25. Ушел из жизни в самом расцвете замечательный человек, добрый друг и товарищ, надежда и опора матери…

...Орден Красной Звезды, которым был награжден Бахыт Алпысбаев, вручили его матери Турар Алпысбаевой. В школе, где учился ее сын, школьники и учителя создали мемориальный музей. Именем Бахыта Алпысбаева назван высокогорный перевал, где пожарные установили мемориальную плиту с фотографией героя, его именем названа одна из улиц города Шымкента.

Медалью «За отвагу на пожаре» награждены также 17 человек. В их числе пожарные А.Нарботаев и К.Есимбеков, старший пожарный А.Кривых, офицеры Р.Акбаев и С.Ахметов, заместитель начальника части X. Файзиев.

....Когда Рафхату Анарбаеву вручали орден Красной Звезды, в ответ он произнес: «Служу Советскому Союзу!»

Для оставшихся в живых огнеборцев, главной победой стало то, что пройдя через такие страдания, они не сломились, выстояли, продолжали радоваться жизни, мечтали о завтрашнем дне и думали о том времени, когда вернутся к своим друзьям, на службу. Жизнь продолжалась…
НАГРАДА ИЗ РУК ПРЕЗИДЕНТА СТРАНЫ
Обычная работа, скажут многие... И мало кто знает, что профессия пожарного порой не предполагает, как же сложится его очередной трудовой день. Дежурство Алхара Ускенбаева проходило как всегда: пара выездов – на тушение загоревшегося заброшенного здания, небольшое возгорание на складе аптекоуправления. Словом, ничего экстремального...

Совсем молоденьким пареньком пришел Алхар на службу в пожарную охрану. С тех прошло много лет. Он и не припомнит сколько раз выезжал на сигналы тревоги. Да и не принято это у пожарных.

…Сигнал о возгорании в доме №10 по ул. Черемушки села Темирлан поднял на ноги всю пожарную часть № 8 Ордабасинского района. Прибыв на место, пожарные увидели, что из окна второго этажа валит дым. Соседи кричали, что в запертой квартире остался трехлетний ребенок. Задымление в подъезде было настолько сильным, что Алхар решил не тратить времени на поиски входной двери и в считанные секунды залез по пожарной лестнице на балкон. Когда шагнул в комнату, дыхание перехватило от едкого дыма: на полу тлели пластмассовые ведра и палас. Ничего не видя от густого дыма, он присел на корточки – оставшимся внизу воздухом еще можно было дышать. Пополз по задымленной комнате, нащупал запертую дверь, за которой слышался плач ребенка. Выбил ее – навстречу выползла малышка. Замешкайся пожарный на несколько секунд, ребенок бы просто задохнулся или, того хуже, в любую секунду мог взорваться огромный баллон с пропаном, который стоял рядом. Но судьба, видимо, была к бойцу милосердна…

За мужество и героизм, проявленные при спасении ребенка, начальник караула ПЧ №8 Ордабасинского района капитан внутренней службы А. Ускенбаев награжден медалью «Ерлiгi ушiн». В канун праздника Победы герой получил эту награду из рук Президента страны Н. Назарбаева.


Тәжірибе мен шеберлікті мойындау
Өзіміздің қиын жұмысымызда біз әрқашан облысымыздың өртке қарсы күзет бөлімдерін әр жылдарда басқарғандардың тәжірибесі мен біліктілігіне арқа сүйегеніміз сөзсіз. Бұл - ішкі істер қызметінің подполковнигі Соломенцев Василий Федорович, ішкі істер қызметінің полковнигі Соловьев Владимир Иванович, ішкі істер қызметінің генерал-майоры Карпунин Юрий Алексеевич, ішкі істер қызметінің полковниктері Расулов Бақтияр Садықович, Бекжігітов Асылбек Аскарбекұлы, Бексейітов Мұхтарбек Тұрғанұлы. Олардың әрқайсысы ортақ іске ерен еңбек сіңірді. Олардың басшылығымен жаңа бөлімшелер құрылды, өрт сөндіру деполары салынды, өрт-қолданбалы спорты дамыды, жауынгерлердің шеберлігі артты. Сіздерге көп-көп рахмет, құрметті ардагерлер!

Өз өмірлерін отпен күреске арнаған, өз кәсіби борышын өтеуде саналы түрде тәуекелге барған қызметкерлердің есімдерін мақтанышпен атай аламыз. Көпшілігі сіңірген еңбегіне қарай бейбіт заманда жоғары жауынгерлік наградалармен марапатталды: «Ерлігі үшін» медалімен - ОҚҚО бастығы Назаров Павел Петрович, №1 МБ инженер механигі ішкі істер қызметінің майоры Березенцев Юрий, техника және байланыс құралдары бөлімінің бастығы ішкі істер қызметінің подполковнигі Абдукахаров Иляшбек Имануллаевич, Шымкент қаласындағы №3 ӨСБ қарауылының бастығы Базарбеков Әбілғазы, «ҚР Конституциясына 10 жыл» медалімен - Кентау қаласындағы №12 ӨБ бастығы ішкі істер қызметінің подполковнигі Толыбеков Ерғали марапатталды


ПРИЗНАТЕЛЬНОСТЬ ЗА ОПЫТ, МАСТЕРСТВО
Безусловно, в нашей нелегкой работе мы всегда опирались на опыт и знания тех, кто в разные годы руководил подразделениями пожарной охраны нашей области: это подполковник внутренней службы Соломенцев Василий Федорович, полковник внутренней службы Соловьев Владимир Иванович, генерал-майор внутренней службы Карпунин Юрий Алексеевич, полковники внутренней службы Расулов Бахтияр Садыкович, Бекжигитов Асылбек Аскарбекович, Бексеитов Мухтарбек Турганович. Каждый из них внес неоценимый вклад в общее дело. Под их руководством были созданы новые подразделения, строились пожарные депо, развивался пожарно-прикладной спорт, повышалось мастерство бойцов. Огромное Вам спасибо, уважаемые ветераны!

С гордостью мы называем имена сотрудников, которые посвятили свою жизнь борьбе с огнем, кто осознанно шел на риск, выполняя свой профессиональный долг. Многие по праву награждены высокими боевыми наградами в мирное время: медалью «Ерлiгi үшiн» - начальник ЦППС Назаров Павел Петрович, инженер-механик СО-1 майор внутренней службы Березенцев Юрий, начальник отдела техники и средств связи подполковник вн. службы Абдукахаров Иляшбек Имануллаевич, начальник караула ПЧ-3 г.Шымкент Базарбеков Абылгазы, медалью «10 лет Конституции РК» награжден начальник ПЧ-12 г.Кентау полковник внутренней службы Толыбеков Ергали.


Бірінші эшелонда
Өздерін тұтастай өрт сөндіру қызметіне арнаған, ал қазір құрметті еңбек демалысындағы адамдар көп нәрселер жөнінде практикалық тәжірибесі, біліктілігіне қарай қолмен қойғандай етіп айтып береді. Өрт сөндіру ісі - өмірдің барлық аспектілерін, соның ішінде адамгершілікті де қамтитын қоғамдық мәселе. Қазақстанның оңтүстігінде өрт сөндіру ісі қалай пайда болып дамыды, патриоттық жөнінде, сондай-ақ кәсіпқойлардың бойында қандай қасиеттер болуы тиіс, міне осылар жайлы өзінің бүкіл өмірін отпен күрес ісіне арнаған жандар әңгімелейді.

Бексеитов Мұхтарбек Тұрғанұлы, 2007-2008 ж.ж. өртке қарсы қызмет Департаментін басқарған:

- Өрт сөндіруші мен құтқарушы күндіз де, түнде де барлығына дайын болуы керек. Ең алдымен олар күш-қуатын, патриоттығы мен кәсібилігін әрдайым жетілдіріп отыруға тиіс. Адам патриот болып туылмайды, оның бойында патриоттықты тәрбиелеу керек. Мен, 1980 жылы Шымкент қаласындағы № 13 ЖӘӨСБ өртке қарсы қызметте аға өрт сөндіруші болып бастадым. 1981 жылы Көкшетау қаласындағы ҚазақССР ІІД –не қарасты өрт сөндіру күзетінің кіші және орта басшылық құрамын дайындайтын мектебін бітірдім. Ол кезде кадр тапшылығы сезілетін. Мойындау керек, қысқа уақыт ішінде өрт сөндіру ісінің қыр-сырын жетік меңгеру мүмкін емес еді, алайда бізге шен жағынан әлдеқайда жоғары ұстаздарды бекітті, олар мамандықтың құпиясын ғана емес, сонымен қатар қызметтен тыс уақытта да өзімізді қалай ұстауды және т.б. үйретті.

Жылдар өткен сайын біліктілігіміз, іске кәсібилігіміз арта түсті. Біз оларға риза едік, оларды өте құрметтедік. Көпшілігімізден кейінірек келе нағыз жауынгер, тамаша жігіттер шықты. Ғаламат ыстық сезіммен Асқарбек Көмекбаевич Бекжігітов, Пуленскис Вацлавас- Альгидрас Вацлово, Әзімбаев Базарбай Қаюмовичті, бізге өз тәжірибелерін үйретіп, туған адамдарымыздай болып кеткен басқа да көптеген ұстаздарды еске аламын. Осы аға буын жолдастар біздің жеке тұлға болып қалыптасуымызға көмектесті, біз олардың әлемге көзқарасын, адамдарға, жұмысқа, міндетіне қатынасын қабылдап алдық..

Мұхтар Шахановтың осыған қатысты тамаша өлеңдері бар, онда Отанға деген махаббат ана тілге, мәдениетке, халық дәстүріне және тарихты тануға деген құрметтен басталатындығы туралы айтылған. Мен де біздің жігіттердің өздерінің күнделікті жұмыстарында адамдардың өмірін, олардың мүлкін құтқару үшін отқа қарай ұмтылып патриоттықтың үлгісін көрсетіп жүргені жайлы жүздеген мысалдар келтіре аламын. Бұл олар үшін қалыпты жұмыс еді.

Солардың бірі, Ордабасы ауданындағы № 8 ӨСБ қарауыл бастығы кішкентай қызды құтқару кезінде батылдық пен батырлық көрсеткені үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Жеңіс мерекесі қарсаңында батыр бұл марапатты еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың қолынан алды.


Бахтияр Садыкович РАСУЛОВ 1975-1998 ж.ж. өртке қарсы қызметтің басшысы:

- Өртті сөндіру, адамдар өмірін құтқару бұл да күрес, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар олардың аман-есендігі үшін орасан зор жауапкершілікті мойындарына алады. Бүгін де бұл өзінен-өзі түсінікті құбылыс. Жуырда Ресей үкіметінің төрағасы В.Путиннің сөзін тыңдадым, ол өрт сөндірушілер еңбегіне өте тура бағасын берді. Бұл қайсар адамдар елді үлкен апаттан құтқарып қалды. Десе де қазіргі уақытта өртке қарсы күрес қызметкерлерінің жұмыстары аяқасты болып жатқанын көп адам біле бермейді. Өз өмірлері үшін қандай тәуекелге барып өздерінің күнделікті жұмыстарын орындайтыны туралы ойланбайды да.

Бірнеше ондаған жылдарға шегініс жасасақ, облыста алғашқы өртке қарсы қызметінің қалай пайда болғаны еске түседі. Алғашында бұл кәсіпқойлары жоқ, небәрі 3-4 бөлім ғана еді. Жастар өрт сөндіруге құлықсыз келетін, өйткені мамандық абыройлы саналмайтын, жұмысшылардың жалақысы да мардымсыз болатын.

Қызметтің аяқтан тік тұруы өрт сөндіру бөлімшелерін, бірінші кезекте «Фосфор» зауытының аумағында тұрған бөлімшені әскерилендіру туралы шешім қабылдаған сәттен басталды. Зауыттың өнімі қауіпсіз саналмайтын, сондықтан өрт күзетіне мықты, жас жігіттерді жинай бастады.

Екі-үш жыл барысында облыстың өртке қарсы қызмет мамандарын іріктеу жүрді. Сол кезде облыс, әсіресе өндіріс секторы қарқынды дамыды. Ауылшаруашылығы саласы күш алды, баспаналар тұрғызылды. Соған сәйкес, қызметтің жаңа құрылымы құрылды. Айтарым, жұмыс жеткілікті еді... Әсіресе жазда жиі болатын дала өрттері көп әбігерге салатын.

Шина, фосфор, мұнай өңдеу тәрізді қауіпті саналатын өндіріс орындарының профилактикалық шараларына айрықша көңіл бөлдік. Мұнай өңдеу зауытында өрт болған күнді әлі ұмытпаймын. Сұмдық жел тұрып, жел үрлеген отты сөндіру мүмкін болмай қалды. Отпен айқастың екінші тәулігінде резервуарға су жіберілді, ал іште мұнай қалдығы бар болып шықты. Содан соң, ең қорқыныштысы – қопарылыс болды... Көп өрт сөндірушілер зардап шекті, түрлі дәрежедегі күйік жарақаттарын алды. Бақыт Алпысбаев сол күні өртке шықпаса да болар еді. Алайда, ол жолдастарына қиын тиіп жатқанда тысқары қала алмаймын деп шешті. Оның бүкіл арқасы күйді. Бір айдан соң алған күйігінің салдарынан қайтыс болды, дәрігерлер оған көмектесе алмады. Бүгін де Бақытты еске ала отырып, оны өз қызметіне шексіз берілген деп ойлаймын. Көп жауынгерлер үшін ол нағыз жауынгер, кәсіпқой маман қандай болуы қажеттігінің үлгісі болып қалды. Күш-қайраты мол, психологиялық тұрақты адам болғаны сөзсіз, өйткені қорқақ пен әлсіздер ешқашан Отанына қызмет ете алмайды. Қорқақ міндетті түрде бір жерде тығылып қалып, өз жолдастарын келеңсіздікте қалдырады. Жауынгерлердің отты тәуліктер бойы, тамақсыз, сусыз сөндіруге тура келетін жағдайлары аз кездеспейді. Менің ойымша, өрт сөндіруші мамандығы – бұл күштілердің, жанқияр адамдардың еншісі. Осы анықтауышқа мынау жылдар еш әсер ете алмады...

Облыстың өртке қарсы қызметінде маған 23 жыл басшылық жасау бұйырды. Осы жылдар ішінде бүкілодақтық жарыстарда бірнеше рет бірінші орын алдық, бірнеше өрт деполарын тұрғыздық, жаңа арнаулы техникалармен жабдықтаудың сәті түсті. Дегенмен бұрынғыша, біздің саладағы ең маңызды капитал – бұл адамдар, адамдық фактор деп ойлаймын.

Бауыржан Маханов мұнай өңдеу зауытындағы өртті өшіруде көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.

- Мен қалай өрт сөндіруші болдым? Жұдырық жұмсап, өз күшімді көрсетіп, мақтанғанды тәуір көретін қарапайым бала едім. Мені басу үшін туыс ағам маған өз күшімді басқа, пайдалы нәрсеге жұмсауға кеңес берді. Әскер қатарынан келген соң нағыз істі таңдау уақыты келді деген шешім қабылдап, ерікті өрт сөндірушілердің қатарын толықтырдым. Олар өздерінің алғаш өртке шығуларын есте сақтай бермейді дейді. Менің жауынгерлік жолым қорғасын зауытында болған өрттен басталды. Қойма өртеніп, ғаламат жалын ұстыны аспанға шарпыды. Сол кезде мен оттың қаншалықты қорқынышты тізгіндеу мүмкін еместігін түсіндім. Тәулік бойы бізге он-он екі рет шығуға тура келді. Уақыт өте біліктілігіміз артып, кәсіби шыңдала түстік. Мамандығымды кездейсоқ таңдағаныммен мен өрт сөндірушінің жұмысы маңызды екенін ұқтым, біздің көмегімізді көп адам қажет етеді.

Өрт сөндіру қызметіне мен жиырма сегіз жылымды арнаппын. Барлық ірі өрттерге қатыстым. Қазір құрметті демалыстамын, жұмыс істеймін, балаларды тәрбиелеймін. Менің ұлым да офицер болса деп армандаймын, өйткені жылдармен бірге сенімділік те пайда болды: әскери қызмет ұлдардан нағыз ер азамтатты тәрбиелеп шығаруға көмектеседі.

Өрттен қорғау қызметім тыныш өтті деп атауға келмесе де, сол бір күндерді үлкен сезіммен еске аламын. Бүгін де облыстың өртке қарсы қызметінде еңбек етіп жүрген біршама жақсы балаларды тәрбиелей алғаныма мақтанамын. Оларға жиі барып әңгімелесіп тұрамын, ұжым әрбіріміз үшін тәрбиелейтін, қолдайтын, көмектесетін орта болып қала береді деп ойлаймын. Менің байқауымша, айталық қазіргі таңда қарауыл бастығы жауынгерін үйіне іздеп баратын дәстүрді белсенді жетілдіру қажет. Менің кезімде бір-бірімізге, олар маған, мен жауынгерлердің бірінің үйіне кешкі тамаққа бара беретінбіз, қуанышта да, қайғыда да бір-бірімізді қолдай білдік, осындай ағалы-інілі сыйластық бізге жақсы білісіп, жолдастықты сезінуге көмектесті. Ынтымағы жарасқан ұжымның алар асуы да биік!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет