5.Менеджмент құрылымы мен принциптері
Эммерсон ойлап шығарған “өнімділіктің 12 принципі” жұртқа кеңінен мәлім болды. (1912). Мұнда ол кәсіпорынды басқарудың принциптерін қарастырды, әрі тұжырымдады. Эммерсонның пікірінше, мұндай принциптерге мыналар жатады:
дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық деңгейінде бұған жетуге әрбір басшы мен қол астындағылар ұмтылады;
болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу;
білікті кеңес беру — өндіріске және басқаруға байланысты арнайы білімнің қажеттігі және барлық мәселеде білікті кеңес бірлесіп ақылдасқанда ғана нәтижелі болады;
тәртіп – барлық ұжым (коллектив) мүшелерінің белгіленген тәртіп пен ережеге бағынуы;
қызметкерлерге әділ төрелік;
басшыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін жедел, сенімді, толық, дәл және тұрақты есеп;
ұжым қызметін мұқият, жедел, басқаруды қамтамасыз ететін диспетчерлік жұмыс;
ұйымдастырудағы бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетін шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін нормалар мен жұмыс кестелері;
ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін уақыт, күш-қуат және өзіндік құнның үйлесімдерін қамтамасыз ететін жағдайларды қалыпқа келтіру;
уақытты белгілеуді және операцияның кезегімен орындалуын ұсынатын операциялар нормасы;
атқарылатын жұмыстардың барлық ережесін нақты бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;
әрбір жұмысшылар еңбегін көтермелеу мақсатында еңбек өнімділігі үшін сыйлыққа ақы төлеу.
Г. Эммерсон өндірісті және басқарманы ұйымдастырудың күрделі міндеттерін жан-жақты ойластырып шешудің қажеттігін және тиімділігін тұңғыш рет атап көрсетті. Әсіресе, тиімділік тұрғысынан рационализациялауды (ұтымды етуді) қарастыруы (ол алғаш рет енгізген ұғым) ерекше көңіл аударарлық. Тиімділік деп, шығын мен нәтиже арасындағы ең қолайлы ара қатынасты атап көрсетті.
Менеджменттің негізгі принциптері – деп басқарудың практикалық міндеттерін қоярдағы басқарудың жүйесіне түрлі құрылымның (элементтің) аралығындағы байланыстарды, (қарым – қатынастарды) жүргізудің жалпылама заңдылықтарын түсіндіреді.
Менеджменттің негізгі принциптері мынадай:
Орталықтан және жергілікті жерден басқаруын ыңғайлы байланыстыру;
Құқықтарды, міндеттемелерді және жауапкершілікті байланыстыру;
Басқаруды демократизациялау;
Форд басқаруды ұйымдастырудың мынадай принциптерін қолданды:
- барлық өндіріс процесін, ондағы сатыларды байланыстарды дәл есептеу және жоспарлау;
- жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау;
- шикізаттарды, материалдарды, механизмдерді, жұмысшы күштерін әзірлеу;
- өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру;
- өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.
Достарыңызбен бөлісу: |