7.Спорттық ғимараттар мәртебесі
Бүгінде біздің елде мақтан тұта алатын халықаралық деңгейдегі спорттық кешендеріміз баршылық. Әр қаланың өзінің спорттық брендіне айнала бастаған стадиондарымыз да – бірсыпыра. Енді солардың кейбіреулеріне тоқталып өтсек.
“Медеу” мұзайдыны
Алатау бөктерінде, Медеу шатқалында салынған мұзайдын. Теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Құрылысы 1949 жылы басталып, 1951 жылы 4 ақпанда бі¬рін¬ші ресми жарыс өткізілген. Бірақ 1972 жылы ғана жасанды мұзайдын төселген. Мұзайдынды төсеген архитекторлар мен инженерлер КСРО Мемлекеттік жүлдесімен марапатталған. Әлемдегі ең биікте орналас¬қан мұзайдын. Жасанды мұзайдынның ауданы – 10,5 мың шаршы метр. Таза тау суы¬¬нан құйылған мұзымен ерекшеленіп, мұн¬да конькимен жүгіруші дүлдүлдер 200-ден астам әлем рекордын жаңартқан. Сон¬дықтан “рекордтар фабрикасы” атанған да. Мұз қатырылатын ауданының қалың¬дығы – 2,3 метр. Жасанды мұзды қатырып тұратын жүйесі әлемде теңдессіз болып саналады. Соның арқасында алматылықтар мен оның қонақтары “Медеуде” қысы-жазы коньки тебе алады (жылдың сегіз айы бойы).
Конькишілер жарысымен қоса, допты хоккейден “Динамо” (Алматы) клубы үйдегі ойындарын өткізіп тұратын. 1990 жылы спидвейден (мұздағы мотожарыс) әлем чем-пионаты өткен. 1990-2004 жылдар ара¬лы¬ғында “Азия дауысы” эстрадалық байқауы өткізіліп тұрды. VІІ қысқы Азия ойындарына қарсы күрделі жөндеуден өтіп, инженерлік-техникалық жүйелері ауыс¬ты¬рыл¬ды. Жаңа мультимедиялық табло орна¬тылды (ауданы – 200 шаршы метр). Сы¬йым¬дылығы 8500 орынға дейін ұлғай¬тылды. Ақ Азиада кезінде допты хоккей ойындары өтті.
“Астана-арена” стадионы
Елордамыз Астанадағы теңдессіз ста¬дион 2009 жылы 3 шілде күні ашылған. Сы¬йым-дылығы – 30 000 адам. Төбесі 20 ми¬нуттың ішінде ашылып, жабылады. Осы “шବты¬ры-ның” ауданы – 10 000 шаршы ме¬тр. Мұндай стадион әлемде алтау-ақ. Ау¬даны – 232, 485 шаршы метрлік эллипстік жоба (330 х 704,5 м). Жаңа инновациялық техно¬логиялардың барлығы дерлік қолда¬нылған. Футболдан Қазақстан ұлттық құра¬масы мен “Астана” футбол клубы үйдегі ойындарын осы стадион¬да өткізеді. Басқа да мәдени шаралар ұйым-дас¬тырылып тұра¬ды. VІІ қыс¬қы Азия ойын¬да¬рының ашылу салтанаты осы сәулетті стадион¬да өткен.
Шаңғымен тұғырдан секіру кешені
Шаңғымен тұғырдан секірушілерге ар¬налған халықаралық кешен. Соңғы үлгіде салынған, қыста да, жазда да шаңғымен тұғырдан секіре беруге болады. Халықара¬лық шаңғы спорты федерациясының талап¬тарына сай екі тұғыр (К95 және К125) са¬лын¬ған. Тұғырдан секіру кешенінің құ¬ры¬лысын халықаралық сарапшылар тех¬ни¬калық жағдайы мен сәулеті жағынан әлем¬дегі ең үздік жобалардың бірі деп бағалаған. Көгалдарды суғару жүйесі, аспалы тасымал¬дау жолы және лифттері бар. Сыйымдылығы – 5 500 адам. VІІ қысқы Азия ойындары бағ¬дарламасындағы шаңғымен тұғырдан секі¬ру¬¬шілер сайысы өтті. Оның алдында әлем Құр¬лық кубогы өткізілсе, биыл күзде “Гран-при-2011” халықаралық турнирі ұйымдастырыл¬ды. Болашақта бұл спорттық кешенде әртүрлі мәдени шаралар өткізу жоспарланып отыр (концерттер, әртүрлі шоу бағдарламалар). Қос тұғыр халықаралық стандартқа сай салынғанмен, ондағы жұмыстардың барлығы әлi толық аяқталған жоқ. Алдағы уақытта бұл кешен “Сұңқар” саябағы бо¬лып кеңейтiлген түрде жұмыс істейтін бо¬лмақ. Тұғырлардың жа¬ны¬нан 89 гектар аумақтағы жерге биатлон, фристайл, бобслей стадион¬дары мен веложолдар салынады.
“Сарыарқа” велотрегі
Астанадағы көз тартар спорттық кешен¬дерінің бірі. Халықаралық стандарттардың барлығына сәйкес келеді. Ашылғанына бір жыл өтер-өтпес уақыт болса да, халықара¬лық дүбірлі додаларды өткізу мәртебесіне ие болып, өзі¬нің ғажаптығын дәлелдеп келеді. VІІ қысқы Азия ойындарынан кейін, биыл қараша айының басында велотректен әлем кубогының бірінші кезеңдік бәйгелері ұйымдастырылды. Бұл велотректен қазақ топырағында тұңғыш рет өткен аламан дода еді. Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) техникалық нұсқаушысы Бернард Дар¬мет велотректі әр қырынан бір өлшеп, мін таба алмай: “Бұл велотрек әлемдегі ең үздік велотректің бірі болады. Мұндай ғимаратты бұрын-соңды көрмегенмін”, – деп кетіпті. Вело¬шабандоздың қалпағына ұқсатып салын-ған велотректің параметрлері: жалпы ұзындығы – 250 метр, ені – 7 метр. Велотрек¬тің айналма бұрылыстағы жантаю бұрышы 44 градус болса, ұзыннан жатқан жолы – 13,5 градус. Велотрек табаны Сібір балқара¬ғайынан төселген.
“Алау” мұзайдыны
Елордадағы халықаралық деңгейдегі көрнекті кешендеріміздің бірі болып табы¬лады. Қараша айының аяғында атал¬мыш мұзайдында конькимен жүгіру спортынан әлем кубогының екінші кезеңдік жарыстары өтеді. Мұзайдыны жолағының ұзындығы – 400 метр. Шайбалы хоккейге арналған екі корты бар. Төрешілер алқасына және баспа¬сөз жиынын өткізуге арналған залдары бар. Спотшылар киім ауыстыратын бөлмелерінің саны – сегіз. Басқа да әмбебап залдары мен фитнес орталықтары бар. Мұнда конькимен жүгіру спортынан, шорт-тректен, шайбалы хоккейден, керлингтен, мәнерлеп сырғанау¬дан ірі жарыстар мен додалар өткізіп, жаттығу жұмыстарын жүргізе беруге болады. Соңғы үлгідегі техникалық жабдықтары мен архитектуралық жобасы үйлесім тапқан деп айта аламыз. “Алау” жабық мұзайдыны аз ғана уақыттың ішінде әлемге “мұзы жылдам” шаңырақ ретінде танылып үлгерді. Мысалы, VІІ қысқы Азия ойындары кезінде мұнда конькимен жүгіруші желаяқтар Азияның 9 рекордын жаңартты. Осылай, қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде “Алау” дүние- жүзіндегі конькишілер стадиондары рейтін-гінде бірден 17-орынға бір-ақ көтерілді (641 мұзайдын ішінен).
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы
Алматыдағы бұл спорт және мәдениет сарайы – еліміздегі ең “егде” ғимарат. 1967 жылы пайдалануға берілген. Қазақстандағы халықаралық додалар ең көп өткен киелі шаңырақ. Көпфункциональды әмбебап ке¬шен. Волейболдан, күрес түрлерінен, дзюдо¬дан, бокстан, кик-боксингтен, қол добынан, шайбалы хоккейден, ауыр атлетикадан, баскетболдан, футзалдан және тағы да басқа спорт түрлерінен халықаралық деңгейдегі ірі додалар өткен. Эстрадалық концерттер мен мәдени шаралардың да ошағы болған. 2011 жылы 6 ақпан күні VІІ қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты ұйымдас¬тырылды. Ақ Азиада қарсаңында қайта құрылымдаудан өтіп, жаңа мәтінде өңделді. Инженерлік-техникалық коммуникация¬ларының барлығы ауыстырылды. Қосымша бөлмелер мен кешен¬дер (медициналық, теледидарлық) жапсарланып салынды. Сыйымдылығы – 5000 адам.
Достарыңызбен бөлісу: |