Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет2/49
Дата15.03.2023
өлшемі7,98 Mb.
#172573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Лекция-Процессы-и-аппараты-фармацевтических-производств-2-курс-4-семестр-15-сагат-каз
542214, 164425, №1 ТЖБ Физика 9-сынып, Test ICT, « аза тілі» п нінен 2-то сан бойынша жиынты ба алау тапсырмала, БИ ҮЙІРМЕСІ КАУІПСІЗДІК
3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

  1. Фармацевтика өндірісінің негізгі процестерінің жіктелуі.

  2. Аппараттар мен машиналарды есептеудің жалпы принциптері.

  3. Процестердің негізгі теңдеуі.

Фармацевтикалық өнімдерді өндіру үшін көптеген тізбектелген біртипті процестер қолданылады. Мысалы: ысыту, майдалау, кептіру және т.б. Олардың әрқайсысында зат физикалық немесе химиялық өзгерістерге түседі. Бұл процестер әртүрлі өндірістерде әрекеттері ұқсас аппараттарда өткізіледі.


Фармацевтика технологиясында процестердің өту жылдамдығын анықтайтын негізгі заңдарға байланысты былай бөлінеді:
1) Гидродинамикалық процестер - өту жылдамдығы гидродинамиканың заңдарымен анықталады. Бұларға төмендегі процестер жатады: сұйықтарды тасымалдау, газдарды тасымалдау және сығу, сұйықты және газды әртекті жүйелерді ауырлық күштің (тұндыру), ортадан тепкіш күштің (центрафугалау) және қысым күшінің (сүзу) әсерлерімен ажырату, сұйық ортаны араластыру. Процестің қозғаушы күші қысымдар айырмасы немесе ортадан тепкіш күш болады.
2) Жылу процестері - өту жылдамдығы жылу тасымалдау заңдарымен анықталады. Бұларға: жылыту, суыту, конденсациялау, қату, балқу, булану және буландыру процестері кіреді. Процестердің қозғаушы күші – температуралар айырмасы.
3) Масса алмасу (диффузиялық) процестері. Мұндай процестер қоспаның бір немесе бірнеше құрамдастарының бір фазадан екінші фазаға өтуімен сипатталады. Бұларға: абсорбция, ректификация, айдау, экстракция, адсорбция, кристаллизация, кептіру процестері кіреді. Процестің қозғаушы күші концентрациялар айырмасы.
4) Химиялық процестер - өту жылдамдығы химиялық кинетиканың заңдарымен анықталады. Бұл процестерге каталитикалық, крекинг, пиролиз, гидротазалау және т.б. кіреді. Процестің қозғаушы күші әрекеттесетін заттардың концентрациялары болады.
5) Механикалық процестердің өту жылдамдығы қатты заттар механикасының заңдарымен анықталады. Бұларға: қатты денелерді ұсақтау, іріктеу, араластыру және тасымалдау процестері кіреді.
6) Микробиологиялық процестер – микроорганизмдердің өмір сүруінің биологиялық заңдарымен анықталады. Мысалы: ашытқы жасау, сүтті ашыту және т.б.
7) Электрофизикалық процестер әлектр тогының әсерімен өтеді. Қозғаушы күші потенциалдар айырмасы - ∆U.
Ұйымдастыру тәсілдері бойынша былай жіктеледі:
1)Мерзімді әрекетті процестер. Белгілі уақыт ішінде аппаратқа шикізат материалы жүктеліп, ол өңделіп болған соң, дайын өнім алынады да, аппаратқа жаңадан шикізат жүктеледі. Процестің барлық сатысы бір жерде (яғни бір аппаратта), бірақ әртүрлі кезеңде өтеді.
2)Үздіксіз әрекетті прцестер. Апппаратқа шикізатты жүктеу және одан дайын өнім алу үздіксіз болады. Мұнда процестің барлық сатысы (стадиясы) бір уақытта, бірақ аппараттың әртүрлі нүктелерінде өткізіледі. Сонымен бірге аппарат көлемінің әр нүктесіндегі температураның, қысымның, концентрацияның және т.б. параметрлердің мәні уақыт бойынша өзгермейді.
3)Құрастырылған әрекеттегі процестер. Мұнда үздіксіз әрекеттегі процестің кейбір сатысы мерзімді әрекетте өтеді немесе керісінше.
Үздіксіз әрекеттегі процестердің мерзімді әрекеттегі процестерге қарағанда мынадай артықшылықтары бар:
А) Дайын өнім үздіксіз алынады.
В) Процесті механикаландыру және автоматтандыру оңай.
С) Алынатын өнімнің сапасы біркелкі болады, себебі, процестің өту режимі тұрақты.
Д) Жабдықтың ықшамдылығы, яғни материалдық және эксплуатациялық шығындары аз.
Г) Аппараттың жұмысында тыныс болмағандықтан, берілетін (немесе алынатын) жылу толығымен пайдаланылады және шыққан жылуды пайдалану мүмкіндігі бар.
Бөлшектердің аппаратта болу уақытының таралуы және соған байланысты процеске әсері бар басқа факторлардың температура, концентрация және т.б. уақыт бойынша өзгеруіне байланысты үздіксіз әрекетті аппараттың екі теориялық моделін қарастырады:
А) Идеалды ығыстырғыш, мұнда барлық бөлшек белгілі бағытта, ешқандай араласпастан,алдыңғы бөлшектерді толық ығыстырады, яғни қатты поршень тәрізді жылжиды. Мұндай аппараттарда юарлық бөлшектердің аппаратта болу уақыты бірдей болады.
Б) Идеалды араластырғыш, мұнда аппаратқа кірген бөлшектер, ондағы бөлшектермен лезде және толық араласып кетеді. Бөлшектер, аппараттар көлемінде біркелкі болып таралып, процесті сипаттайтын параметрлердің мәні лезде бірдей болады.
Бөлшектердің аппаратта болу уақыты бірдей емес. Нақтылы үздіксіз әрекеттегі аппараттаросы екі модельдің аралығында болады, яғни бөлшектердің болу уақыты, идеалды араластырғыш аппаратындағыдай ешқашан өзара тең болмайды.
Материалдық баланс. Массаның сақталу заңы негізінде материалдық баланс құрылады:
∑ Gб = ∑ Gc + Gш (1.1)
Мұнда ∑ Gб процесте қатынасатын бастапқы заттардың жалпы массасы; ∑ Gc- процестің нәтижесінде алынған өнімдердің массасы; Gш – шығын болған заттардың массасы (буға айналу, саңлаулардан аңып кету және т.б.) материалдық балансты поцеске қатысатын барлық материалдар үшін немесе сол материалдық баланс бір операцияға, ал үздіксіз әрекетті процестерде уақыт бірлігінде жазылады. Бұл баланстан қажет болған шикізат шығыны немесе алынатын өнімнің мөлшері есептеліп анықьалады.
Әнергетикалық баланс. Энергияның сақталу заңының негізінде Энергетикалық (жылулық) баланс құрылады:
∑Qb = ∑Qc + Qш (1.2)
Мұнда ∑Qb - аппаратқа бастапқы материалдармен енгізілетін жылуы; ∑Qc – аппараттан алынған өнімдермен шығатын жылу; Qш - қоршаған ортаға таралған жылу шығыны.
∑Qb = Q1 + Q2 + Q3 (1.3)
Мұнда Q1 – шикізатпен енгізілген жылу. Q2 – процестің жылу эффектісі (егер процес нәтижесінде жылу сіңірілсе, онда теріс таңбалы болады). Q3 – сыртттан енгізілетін жылу.
∑Qc = Q4 + Q5 (1.5)
Q4 - алынған өнімдермен кететін жылу. Q5 – жылутасымалдағышпен кететін жылу.
Процестер және аппараттарды есептеу төмендегі негізгі мақсаттарды көздейді:

  1. Жүйенің тепе – теңдік күйін есептеу.

  2. Шикізат материалының шығынын және алынған өнімнің мөлшерін, сонымен бірге жұмсалатын әнергия (жылу) және жылутасымалдағыштың мөлшерін есептеу.

  3. Аппараттың қолайлы режимін, жұмыс бетін немесе жұмыс көлемін анықтау.

Аппараттың негізгі өлшемдерін есептеу.
Жоғарыда айтылған процестердің барлығы қозғаушы күштің әсерінен ғана өтуі мүмкін. Қозғаушы күш жүйенің тепе – теңдік күйінен ауытқу дәрежесінсипаттайды. Мысалы, ол гидромеханикалық процестер үшін – қысымдар айырмасы, жылу процестер үшін – температуралар айырмасы, масса алмасу процестері үшін – концнетрациялар айырмасы болып табылады. Процестердің негізгі теңдеулерін төмендегінше жазуға болады:
M=KfF∆τ , M=KvV∆τ
Мұнда М – процесс нәтижесі; мысалы өткен жылу немесе зат мөлшері. Kf Kv – процесс жылдамдығының беттік немесе көлемдік коәффициенттері. ∆ - қозғаушы күш. τ – уақыт. F V –аппараттың жұмыс беті немесе көлемі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет