Конденсация кезiнде жылуберу. Заттың бу күйден сұйыққа айналу процесiн конденсация деп атайды. Конденсация кезiнде булану жылуы бөлiнедi. Сондықтан конденсация процесi кезiнде жылуды алып кетедi.
Конденсация процесi бу көлемiнде немесе қатты беттерде, будың температурасы қанығу температурасынан төмен болғанда өтедi. Өндiрiсте қатты беттерде өтетiн конденсация жиi кездеседi.
Қатты беттiң күйiне байланысты тамшылы және қабыршақты конденсацияларды ажыратады. Тамшылы конденсация кезiнде түзiлген конденсат қатты бетке жағылмайды, ол жекелеген тамшылар күйiнде ағады. Қабыршақты конденсация кезiнде конденсат қатты бетке жағылады және қатты бетте тұтас ағатын қабыршақ түзедi.
Тамшылы конденсация кезiнде суытылған беттiң көп бөлiгi бумен тiкелей жанасады, сондықтан жылуберу процесiнiң қарқыны, қабыршақты конденсацияға қарағанда, жоғары болады.
Әдетте жылуалмастыру аппаратарында қабыршақты конденсация байқалады. Будың сұйыққа айналуы қабыршақтың сыртқы бетiнде өтедi. Бұл беттiң температурасын қанығу температурасына тең деп қабылдауға болады, ал қатты бетте конденсаттың температурасы қабырға температурасына тең. Сонымен жылулық шекаралық қабат конденсат қабыршағының қалыңдығына тең.
Өндірісте конденсацияның екі түрі жиі қолданылады:
Беттік конденсация. Бұл кезде конденсацияланатын бу және суыту агенті қатты қабырғамен бөлінген. Бу суық қабырғаның ішкі немесе сыртқы бетіне конденсацияланады.
А раластыру конденсациясы. Бұл кезде конденсацияланатын бу суыту агентімен тікелей араласқанда конденсацияланады. Конденсацияланатын бу құндылығы төмен кезде жүргізіледі.
Беттік конденсацияны қарастырамыз.
Процестің жылу балансы:
Мұнда Д – конденсаторға келген бу мөлшері, кг/ч;
I – келген бу энтальпиясы, кДж/кг;
W – суыту агентінің мөлшері, кг/ч;
суыту агентінің жылусыйымдылығы, кДж/кг•град;
конденсаттың жылусыйымдылығы, кДж/кг•град;
конденсат температурасы, 0С;
суыту агентінің бастапқы температурасы, 0С;
суыту агентінің соңғы температурасы, 0С;
жылудың қоршаған ортаға шығыны, кДж/ч.
Суыту агентінің шығыны
Араластыру конденсациясы. Егер конденсацияланатын сұйықтың буы суда ерімейтін, немесе бу қолданылмайтын қалдық болса, суытуды және конденсацияны сумен тікелей араластыру арқылы өткізеді. Бұл процесс араластыру конденсаторларында өткізіледі.
Б у конденсацияға конденсатордың төменгі жағындағы штуцер арқылы беріледі. Конденсаторда перфорацияланған бірқатор сөрелер бар. Суытатын су жоғарғы сөреге беріледі. Суыту нәтижесінде түзілген бу суыту суымен бірге конденсатордың төменгі жағынан шығарылады. Бөлінген ерімейтін газдар конденсатордың жоғарғы жағынан тамшыұстағыш арқылы вакуум сораппен алынып кетеді.
Барометрлік құбыр және сыйымдылық гидравликалық жапқыш ролін атқарып, сыртқы ауаның конденсаторға кіруіне кедергі болады..
Достарыңызбен бөлісу: |