Қосымша :
1. Лобоцкая Н.Л.Высшая математика-Минск:«Высшая математика»-изд.2, 1978
2. Берман Г.Н.Сборник задач по курсу математического анализа-М. «Наука»,1985.
3. Демидович Б.П. Сборник задач и упражнений математическому анализу.-М. «Наука»,1977.
Бақылау:
1.Үзіліссіз кездейсоқ шама деген не?
2. Бірқалыпты және қалыпты үлестірімдердің айырмашылығы неде?
3.Қалыпты үлестірілген кездейсоқ шаманың берілген аралыққа түсу ықтималдығын қалай есептеуге болады?
№19 тақырып
1. Тақырыбы: Үзіліссіз кездейсоқ шаманың берілген аралыққа түсу ықтималдығы.
2. Мақсаты: Үзіліссіз кездейсоқ шаманың берілген аралыққа түсу ықтималдығын қарастыру.
3. Тапсырма:
1. Х үзіліссіз кездейсоқ шамасы f(х) = (3/2)sin2x үлестірім тығыздығымен (0, π/3) аралығында;ал бұл аралықтан тыс жерде f(x)=0 берілген. Сынау нәтижесінде Х шамасы (π/6, π/4) аралығына тиісті мән қабылдауының ықтималдығын табу керек.
2. Үзіліссіз кездейсоқ Х шамасының үлестірім тығыздығы (-π/2, π/2) аралығында f(x)=(3/ π)cos23x функциясымен; ал бұл аралықтан тыс жерде f(x)=0 функциясымен берілген.Үш тәуелсіз сынауда Х шамасы (0, π/4) аралығынан екі мән қабылдау ықтималдығын табу керек.
3.Үзіліссіз кездейсоқ Х шамасы мына үлестірім функциясымен берілген:
Үлестірім тығыздығын табу керек.
4. Үзіліссіз кездейсоқ Х шамасы бүкіл Ох осінде мына үлестірім тығыздығымен берілген f(x)=0,5C/(1+x2). Тұрақты С параметрін табу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |