ОҚу- әдістемелік қҰжаттар семей – 2008 Мазмұны


Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет3/3
Дата31.12.2019
өлшемі214 Kb.
#55336
1   2   3

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Қызыл түлкінің биологиялық еркшеліктері.

2.Қоректенуі,көбеюі

3.Мысық тәріздес иттердің қоректенуі.

Әдебиеттер:

Перельдин. Н.Ш., Милованов Л.В. Кормление пушных зверей. Москва, Агропромиздат. 1987 г.

Ерин А.Т. кормовые ресурсы звероводства. Москва, 1978 г.

Балакирев Н.А., Кузнецов Г.А. Звероводство. Москва. Колос, 2006г.



Тақырып: 11 Камшат және сасық күзеннің қоректену физиологиясы

Сұрақтар: Сасық күзеннің қоректену физиологиясы

Биологиялық ерекшеліктері

Камшаттың қоректенуі

Денесі орташа . Сыртқы пішіні мен дене құрылысына қарай түлкіге немесе энот тәрізді итке ұқсайды. Басы кең ,үлкен, үшкір тұмсығы ,құлағы үлкен, терісінен шығып тұрады, өткіринелі, құйрығы мамықты, құйрығының ұзындығы денесінің жартысын, кейде көп бөлігін алып жатады. Саусақтары ұзын, терең бөлінген, ұстауға жарамды. Бас сүйегі ми сауытының алдыға шығуымен және жақсы көрінген сайшалармен ерекшеленеді.

Тіс формуласы: І 3/3c 1/1 р 4/4 м 2/2 =40 . Азу және артқы үстіңгі азу алды тістері жалпақ, төртбұрышты формада , тегіс шайнағыш өткір, биік емес тістерден тұрады. Жыртқыш тістері жетілмеген,. Бұлар барлық тамақты жей беретін , орманмен байланысты, ағаштарға жақсы өрмелейтін жануарлар. Солтүстіктегі түрлері қысқы ұйқыға кетеді. Америкалық энот туысы Солтүстік Америкадан солтүстік анкараға дейін және ОңтүстікАмериканың оңтүстігіне дейін тұқымдастары Парагвай . Бразилияның оңтүстік-батыс , Аргентинаның солтүстік-батысында Уругвайдың оңтүстік-шығысына қарай таралған.



Туыстың ішінде бірнеше түрлері белгілі. Бірқатар авторлар олардың саны 7-еу дейді. Бірақ 2 түрі ерекшеленеді: 1Солтүстік және орталық америкалық P. lotor olinaeus, шайқағыш жанат 2.Оңтүстік және орталық америкалық P. Cancrivorus Cuvier –шаянжеуші жанат . Бұл екеуі бірбіріне өте ұқсас, бірақ екі түрлі туыс тармағына жатады. Солтүстік түрі Солтүстік Америкадағы ең маңызды жүнді аңдарға жатады. P.lotor 1950 жылдары жерсіндіру үшін Еуропаға және ТМД-ға әкелінген. ТМД- дағы бірден-бір туыс. Жалпы тұрқына қарай- қысқа денесіне байланысты, қысқа аяғына қарай, қыстайтын орнының размеріне, терісінің түсіне қарай, жанаттәрізті итті еске түсіреді, кейде түлкіні. Құйрығы қысқа, денесінің жартысын құрайды. Басы-қысқа, үлкен көзді, ұзын емес өткір тұмсығы бар жалпақ. Құлағы бір-бірінен алыс орналасқан, үлкен, үшкір, теріден шығып көрініп тұрады. Қысқы терісі – кең және үлпілдек, бірталай жұмсақ, қалың мамықты. Құйрығы ұзын тікенектер жауып, жуан және үлпілдек етіп көрсетеді.Бармақтары мен саусақтары қысқа түктермен жабылған, аяқтарын қозғағанда оңай көрініп тұрады. Артқы аяқтарындағы табаны тақыр болады. Қысқы терісінің түсі сыртынан қарағанда қараңғы сұр, кеде сарғыш-қызыл араласқан әртүрлі болады. Теріге тақау орналасқан астыңғы түктер ақшылдау, қысқа және азырақ, мамығы жылтыр болады. Мамықтың жалпы түрі- сұр-қоңырлау. Алдыңғы аяғы мен мықын бөлігі де сондай түсте, артқы аяғы биік, сирағы қара болады. Саусақтары мен аяқ басы ақшыл түсті. Құйрығында 5-тен 7-ге дейін қара немесе сұр түсті сақиналары болады. Құйрықтың ұшы қара болады. Сақиналар арасындағы үлескенің түсі сұр түсті болады. Бастың үстіңгі жағы сұр. Бет бөлімінде қара дақ бет ұшынан басталып, көздер арқылы өтіп тұмсыққа жетеді. Тамағында да қара немесе сұр моншақ ерекше көрінеді. Себебе, дақтың екі жағы ақшыл түсті. Құлақтары қысқа, сұр түктермен қапталған, ішінен қара дақ көрінеді Жылына бір бала табады. Бас сүйегінің бет бөлімі қысқа және жалпақ. Ми сауыты көлемді, артынан дқөңес болады. Бас сүйектің бет бөлімінің ұзындығы ми сауытынан қысқа болады. Мұрын сүйектері қысқа және жалпақ. Бас сүйектің үстіңгі бөлігі-дөңес, маңдай бөлімі алдыға шығыңқы болады. Бас сүйектің ортасынан басты екіге бөлетін терең сай өтеді. Құлақтағы есту барабаны дөңгелек формада, дөңестеу. Сагитальды шеміршек нашар, ал қарақұс шеміршегі жақсы жетілген. Ит тістері салыстырмалы түрде ұзын емес, үстіңгілер – тік, түзу, астыңғылары ішке кіріңкі орналасқан. Үстіңгі жақтағы төртінші азу алды және бірінші азу тістер өзара бірдей, екінші азу алды біріншіден екі есе кіші. Астыңғы жақтағы 1-ші, 2-ші азулар мөлшері жағынан бірдей.Еркегінің дене үзындығы 435-545 мм, ұрғашысынікі 410-570 мм, еркегінің құйрығының ұзындығы- 200-405 мм, ұрғашысының 192-340 мм. Еркегінің артқы аяғының ұзындығы 96-138мм, ұрғашысында 83-129 мм. Жылдың әр мезгілінде, әсіресе май жинайтын қысқы ұйқының алдында өте көп өзгереді – 5.4кг нан 15.75кг ға дейін, кецде 22.2 кг- ға дейін жетеді. Америкалық жанат-көптамақты жыртқыш қатарында. Оның тамағы құрамына жануарлар да, өсімдіктекті жем де кіреді. Салмағының қосылуы, жыл мезгіліне, биотопқа, тамақтың көптігіне байланысты. Сонымен жанаттар жаңа орынға бейімделуде әртүрлі тамақпен қоректене алатын, тамақтану типіне қарай борсыққа ұқсайтын аң болды. Сүтқоректілерден тышқандарды, құстардан-ұсақ торғай тәрізділерді, үиректерді жейді. Жорғалушылардан таспақаны, кесіріткелерді, анда-санда жыландарды, қосмекенділерден-закавказы бақасын, бунақденелерден-қоңыздарды, түрқанаттыларды, қабыршаққанаттыларды, инеліктерді, аулшаруашылық зиянкестерін тамақ етеді. Жанаттар өсімдікпенде қоректенеді:Закавказда көбінесе жабайы жүзіммен, лиана жемістерімен ,жаңғақтармен қоректенсе, аз мөлшерде алма, алмұрт жемістерінде азық етеді. Көктемде және қыста жануарларды , жазбен күзде өсімдікті азық қылады.

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Камшаттың биологиялық еркшеліктері.

2.Қоректенуі,көбеюі

3. Жанаттың қоректенуі.

Әдебиеттер:

Перельдин. Н.Ш., Милованов Л.В. Кормление пушных зверей. Москва, Агропромиздат. 1987 г.

Ерин А.Т. кормовые ресурсы звероводства. Москва, 1978 г.

Балакирев Н.А., Кузнецов Г.А. Звероводство. Москва. Колос, 2006г



Тақырып:12Құндыздар мен шиншилдардың қоректену физиологиясы.

Сұрақтары:Құндыздың биологиялық ерекшеліктері.Қоректенуі,

Шиншилдардың қоректенуі

Құндыз организмі суда «аңшылық » жасауға бейімделген, денесі созылыңқы, құйрығы ұзын келеді. Ол жерде маң-маң басып, теңселіп ауыр қозғалса, суда балықша сүңгіп, жүзеді. Құндыздың суда жүзгенін көрген адам, оның қимылы мен жылдамдылығына таң қалады. Жалпы халық оны әсем қимылы, ақылдылығы, батылдығы үшін жақсы көреді.Тіпті, көрікті зоологы, жазушы -натуралист Эрнеста Сотонт-Томсон құндызды орта ғасырдағы аты әйгілі, қорқу мен үркуді білетін ер жүрек батыр, Францияның әскери қолбасшысы Пьер-дюТерайлем Баярдка теңеген.Құндыз Европа, Азия, Америка және Солтүстік-Батыс Африкада таралған.Бұрынғы Кеңес Одағында тек тундра мен шөлейт және шөл аудандардан басқа жерлердің бәрінде кездеседі.Бірақ барлық учаскіні бірдей қоныстана бермейді.Біздің республикамызда құндыз бұрын Жайық, Сырдария, Шу, Бұқтырма және Марқакөл маңдарында көп мекендейтін еді.Соңғы уақыттарда ол жерлерде тіпті жойылып кетті. Қазір оны аздап Алтай таулары мен Жоңғар, Іле, Алатауларынан кездестіруге болады, оның қорының мардымсыз екендігін жылына Қазақстанда 10-15 тей ғана аулануы да айқын көрнеді.

Бұл аңдардың өмірі үшін су мен орман қажет.Көбінесе жағдайларда бұта ағаштары бар өзендер байланысты мекендейді.Қыс айларында оны қатпайтын бұлақ, жылға бойларында жиі көруге болады.Құндыздың қалыпты тіршілігі мекндейтін қоныстарына байланысты болады.Су жағасындағы бұта, ағаш кесінділері болса, онда ол жерде қүндыз тұрақтанбайды. Құндыздың басты азығы – балық.Оның рационда ұсақ шабақтар мен жыртқыш балықтар басым. Бірақ саны бізде болымсыз болғандықтан құндыздың балық шаруашылығына келтіретін зияны жоқ. Балықтан басқа ол өзен шаянын, бақаны, су маңында тіршілік ететен кеміргіштер мен ұсақ торғайларды қорек етеді. Ормандағы әр түрлі жеміс жидектерді де тамақ етеді. Таудағы өзендер бойындағы ағаштарды зиянды кеміргіштерден сақтап, орманғада пайдасын келтіретін аң.Жемін аулағанда су жағасына тығылып отырып, судан азығын көргенде оған оқша атылады. Суда балықты жүзіп, бір-екі қимылдаған сон –ақ жемді оның аузынан көресіз.Кейде оның ұстап алған балығын су жағасына шығарып, оны мен ойнайтын кезіде болады.Мысық ұстап алған тышқанмен ойнағанда, одан айрылып қаламба деп қорқса, ал оны құндыздан байқамаймызБұл құблыс жыртқыштар өмірінде сирек кездеседі.

Құндыз – сондай батыл, күшті, өте төзімді хайуанат.Ол ешбір қорықпай-ақ аңшы иттерімен алыса кеткенде, жеңіс көбіне құндыз жағында болады. Оған зұымдық, қан құмарлық тән қасиет емес. Мәселен, басқа суар тұқымдастар азығына тойып алса да, жем болатын жәндіктерді аулай беруге құмар-ақ, ал құндызда ол жоқ.Тамағы тойған соң, ол әрі қарай жемін ұстайды.Құндыз ойынды ұнататын жыртқыш. Тіпті оны клеткада ұстағанның өзінде де, ол оның бұрыш-бұрышына тығылып, секіріп, өзінің құйрығы мен ойнап әлек болды. Табиғатта жиі кездесетін бұл бұғалы аңның тіршілігіндегі бір қызық құблыс – оның өзеннің тік жарынан суға қарй сырғанап ойнауы.Сырғанайтын жолы-тегіс, жылтыр, шөптерден тазартылған болады.Жоғары қарай ,судың тік жағасына шығып алған соң, бетін өзенге қарай бұрып, аяақтарын денесіне қыса, бауырымен төмен қарай зымырай жөнеледі.Осылай бірнешеуі жиналып, жиі «ойын » құрады.

Бұл аңның сондай сақ болуы оның адам қоныстана қоймаған меңіреу орманды, су жағаларын таңдап алуын қажет етеді.Көбінесе жемін аулауға кешкілік және түнде шығады, кейде күндіз де жалт ете қалғанын жиі көруге болады.

Бұл аң көбінесе өзеннің тік жарлы жағасынан ін қазып, сонда паналайды.Іннің аузы су астына қарай ашылады.Тұрақты жатақ үйін олар қыста қатпайтын, ағып жататын, балығы бар сулар бойына салады.Кейде құндыз баспана үшін басқа су хайуанаттардың індерін де пайдаланады.Азығы мол болған қоныстарда ол тұрақты тіршілік етеді. Ол кезде оның «аңшылық» жасайтын жерінің ұзындығы 2-6 километрден аспайды.Қыс айларында қоректенетін учаскілерде жемі азайғанда олар тәулігіне 15-20 шақырымдай кетіп қалады. Оны құндыздар ізіне қыста мамандар түсін анықтаған.

Құндыздардың жыныстық жағынан жетілуі 2,5-3 жасында байқалады.Ұрғашылары 2-4 күшік туады.Жас құндыздар ата-аналарымен келесі көктемге дейін бірге болады.Ересектері оларды жем тауып жеуге, жауларынан қалай қорғану қоректігін үйретеді.Және қыста жас құндыздардың қатып қалған өзендер жағасынан азықтарын тауып алуы қиынға соғар еді.

Құндыздың терісі өте бағалы болғандықтан оны ертеде есепсіз аулап құртып жіберген.Оның терісінің мықтылығы, беріктігі 100 пайызға бағаланады да, дайындау орындарында басқа аңдар терілерінің сапасы, беріктігі онымен салыстырып алынады.Осы ғасырдың басында жер шарында жыл сайын 100 мыңдай құндыз терісі дайындалатын да, оның жартысын Ресей мен С олтүстік Америка беретін.Бірақ, қазіргі елде барлық аудандарда құндыз сирек кездесетін аңға айналды, жылына 7-9 мыңдай ғана құндыз ауланды.Онда Қазақстанның үлесі 20-30 ғана құндыз.Сондықтан да бүкіл территориямызда өте сиреп кеткен бұл жыртқышты қорғауға алып, көбеюіне жағдай туғызуымыз қажет.

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Құндыздың биологиялық еркшеліктері.

2.Қоректенуі,көбеюі

3. Шиншилдардың қоректенуі.

Әдебиеттер:

Перельдин. Н.Ш., Милованов Л.В. Кормление пушных зверей. Москва, Агропромиздат. 1987 г.

Ерин А.Т. кормовые ресурсы звероводства. Москва, 1978 г.

Балакирев Н.А., Кузнецов Г.А. Звероводство. Москва. Колос, 2006г.



Тақырып:13 Бағалы аңдардың қоректену физиологиясы

Сұрақтар: Қоректенуі. Қажетті мөлшері

Ас қорыту жолының түрлі бөлімінің сіңіру қабілеті әр түрлі.Сіңіру деп

заттардың торшалар қабаты мен торшааралық саңылаулар арқылы қан мен

лимфаға өтуін қамтамасыз ететін физиологиялық процесті айтады. Сіңіру

процесі дененің барлық ұлпаларында орын алады,ас қорыту жолының эпителиі

жақсы бейімделген.Қоректік заттар негізінен иондық, концентрациялық

градиентке қарсы бағытта негізделеді.Қоректік заттардың ыдырау өнімдері

күйіс малының алдыңғы қарнында сіңіріледі.Сіңіру процесі ұлтабар ұшында

онша қарқынды жүрмейді.Қоректік заттар негізінен аш және мықын ішекте

сіңіріледі.оған ішектің кілегейлі қабығының құрылым ерекшеліктері мен

ащы ішекте денеге жеңіл сіңетін ыдырау өнімдері жатады.Қоректену кезінде

аңдарға белгілі мөлшерде витаминдер, көмірсулар, майлар, минералды заттар

берілуі қажет. 2.Ас қорыту жолында көмірсулар негізінен моносахаридтерге айналып, фосфорлану процесі өткен соң қанға сіңеді. Қанға өткен моносахаридтер қақпалық венамен бауырға тасымалданып, онда гликогенге айналады да, қорға жиналады. Гликогенез процесі бұлшық еттерде жүреді. Глюкозаның біраз бөлігі бауырда тотығу процесіне ұшырап, энергияға айналады. Немесе әртүрлі уытты заттарды зарарсыздандыруға қажет қосылыстарды (глюкурон қыш) түзу үшін пайдаланылады. Организм мұқтаждығына сәйкес бауырда көмірсулардың бір түрі екінші түрге айналып отырады. Бауырдың күрделі қызметінің арқасында қанның құрамындағы қанттың мөлшері бір деңгейде қталады (адам қанында глюкоза деңгейі 100-120 мг% шамасы). Қорек құрамындағы су белоктер, көмірсулар, майлар тотыққан кезде бөлініп шығады. Оны алмасу (метаболиттік) суы делінеді. Орта есеппен адам тәулігіне 2,5-3 л су қабылдайды.



Өзін-өзі тексерудің сұрақтары:

1.Тірі жүйе құрылымында үлкен маңызы бар химиялық байланыстарды атаңыз.

2.Қоректену физиологисына сипаттама.

3.Иондық байланыс молекулалардың қандай өзара іс-қимыл жасауына негізделген?



4.Сутегіндік байланыс туралы не білесіз
Тақырып:14 Ағзалары ауырған аңдардың қоректену физиологиясы

Тақырып:15 Жұқпалы және жұқпайтын аурулармен ауырған аңдардың

физиологиясы

                                       

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет