Оқу- әдістемелік қҰжаттар семей, 2013 Мазмұны



бет3/99
Дата06.02.2022
өлшемі6,56 Mb.
#36719
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Даму тарихы: Молекулалық биология ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ғылымның дамуында ерекше орын алды. Оның дүниеге келуі және кейінгі кезеңде қарқынды дамуы бүкіл биологияны алдыңғы қатарлы және кең тараған ғылымдар саласына қосты.
Биохимияның бір саласы ретінде дүниге келген молекулалық биология генетика және физиканың әдістері арқылы жылдам дамыды.
Бұл ғылымның атауын 1939 жылы өзін «молекулалық биолог» деп атаған У. Эстбюримен байланыстырады. Ал екі жылдан кейін ол ДНҚ-ң алғашқы рентгеннограммасын жасады және осы арқылы 1869 Ф.Мишер ашқан ДНҚ молекуласының нәзік құрылымын анықтаудың негізін салды.
1953 жылы ағылшын ғалымы Ф.Крик және АҚШ биологы Дж. Уотсон ДНҚ макромолекуласының құрылымының кеңістіктік моделін жасауы – молекулалық биология ғылымының өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына негіз болды. Бұл жаңа сала өзінің дамуына физиктер мен химиктерге борышты, себебі олар биохимиялық мәселелерді шешу үшін әр түрлі екі жақтан кіріскен. Олардың біреулері физикалық әдістерді, әсіресе рентгенқұрылымдық талдауды, биологиялық жағынан аса маңызды макромолеулалардың кеңістіктегі құрылымын анықтауға қолдануға тырысты.
Екінші бағыттағы зерттеушілер генетикалық процестердің молекулалық механизмін бактериялар мен вирустарды зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып анықтаған. Бұл "фагтық мектеп" деп аталатын топ Дельбрюк және Лурияның атымен байланысты. Мұнда зор табыстардың бірі О.Т. Эйвери, К. Мак-Леод, М. Мак-Картидің генетикалық ақпараттың иесі белок емес ДНҚ екенін дәлелдеулері еді.
Ал осы биологиялық мәселерді әртүрлі екі тәсілдерді біріктіру арқылы шешу физик Ф.Крик мен биолог Д.Уотсонға ДНҚ-ның қос шиыршығын 1953 жылы ашуға мүмкінді берді.
ХХ ғасырдың 50 жылдарының басында биохимияда ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының қарапайым құрылымы туралы мәліметтер ашылды, ДНҚ мен РНҚ молекуласындағы нулеотидтердің саны, құрылымы және орналасу заңдылығы анықталды. ДНҚ-ң қос шиыршықты моделінің жасалуы және комплементарлық принципінің ашылуы қазіргі заманғы биологияның маңызды жаңалықтары болды. Бұл жаңалықтар тірі жүйелер әрекетінің негізгі принциптерін ашты және қазіргі заманғы биологияның одан ары қарайғы зерттеулерін анықтады.
Қазіргі жаратылыстану ғылымдарының молекулалық биологиясың алдында қарыздар болуының себебі, молекулалық биолгияда ХХ ғасырдың 50 жылдарының ортасынан 70 жылдардың ортасына дейінгі кезеңдерде гентикалық ақпараттардың тұқым қуалауы және олардың ұрпақтан ұрпаққа берілуінің негізгі жолдары мен табиғатының ақылға сыймастай жылдамдықпен анықталуы болып есептеледі.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет