Оқу- әдістемелік қҰжаттар семей, 2013 Мазмұны


Дәрістер № 1 дәріс тақырыбы.Кіріспе



бет2/99
Дата06.02.2022
өлшемі6,56 Mb.
#36719
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
2 Дәрістер
1 дәріс тақырыбы.Кіріспе
Жалпы сұрақтар: Молекулалық биология пәні және міндеттері.Тіршілік туралы ғылымдар жүйесіндегі молекулалық биологияның орны және рөлі. Молекулалық биологияның пайда болуының қысқаша тарихы және дамуының негізгі этаптары.ХХ ғасыр соңындағы молекулалық биологияның дамуы. Молекулалық биологияның Қазақстандағы дамуы. Жасуша-өмірдің молекулалық негізі.
Пайдаланатың құралдар: проектор, слайдтар
Молекулалық биология – тіршілік құбылыстарының молекулалық негіздері туралы ғылым, биология ғылымдарының арасында негізгі орындардың бірін иеленеді. Генетика, биохимия және биофизика ғылымдарымен тығыз байланысты. Медицина (вирусология, иммунология, онкология, т.б.), ауыл шаруашылығы (жануарлар мен өсімдіктердің тұқым қуалау қасиеттерін белгілі бағытта қадағалай отырып зерттеу) және биотехнология (гендік инженерия, клеткалық инженерия) салаларының теориялық негізі болып табылады.
Негізгі мақсаты – биологиялық ірі молекулалар (белоктар, нуклеин қышқылдары) құрылымын барлық деңгейде зерттеу.
Молекулалық биология нуклеин қышқылы мен белоктардың құрылыс және құрылым ерекшеліктерін, жасушаның генетикалық аппаратының құрылымдық-қызметтік ұйымдастырылуын, ақпараттардың тұқым қуалауының жүзеге асу механизмін, апоптоз, генетикалық код т.б. оқытады.
Молекулалық биологияның ерекшелігі оның макромолекулалардың құрылымын және олардың қызметімен байланысын зерттеуінде. Сол әртүрлі құрылымдардың және олардың қызметінің тегін анықтайды.
Молекулалық биологияның міндеті - клетканы құраушы негізгі тіршілік құбылыстарын (заттардың алмасуы, тұқым қуалаушылық, нуклеин қышқылдарының құрылымы және олардың әр түрлі организмдердегі атқаратын қызметі т.б.) молекулалық деңгейде зерттеу. Яғни молекулалық биология тірі организмдердің жұмыс істеуін, олардың құрамына кіретін молекулалар және атомдардың химиялық құрылымы тұрғысынан зерттейтін ғылым саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет