Мутацияның классификафиясы.1) пайда болуына қарай (спонтанды,
индуцирленген); 2) нысаналық жолға байланысты (соматикалық,
генеративті); 3) адаптивті белгілеріне қарай (жағымды, жағымсыз,нейтральды
4) генотипінің өзгеруіне қарай (генді, хромосомды, геномды); 5) жасушадағы локализациясына қарай (ядролық, цитоплазматикалық).
Генді мутациялар Генді мутациялар бір немесе бірнеше нуклеотидтерді қозғаған кезде бір нуклеотид басқасына айналып кетуі, не түсіп қалуы (делеция), ал нуклеотидтер тобы 180 градусқа бұрылып кетуі мүмкін. Мутантты гендердің тек бір нуклеотиді (ГАА-дан ГУА-ға ауысады) бұзылады. Соңында гемоглобин байламындағы бір аминқышқылы басқасымен орын ауыстырады (глутамин орнына валин). Бір қарағанда барлығын жойып жіберетін сияқты, алайда, артынан көп өзгерістер әкеледі: эритроцит айшалғы пішінді жасуша құрып деформацияланады, бұдан кейін оттек тасымалданбай организмнің өліміне әкеледі.