Өзін -өзі тексеру сүрақтары
1. Жеке кластан тыс жұмыс (байқау өткізу, тәжірибе қою).
2. Топқа жұмыс (мерекелерге дайындық ұйымдастыру
3. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу
.Әдебиет Молдагалиева:
Дәріс №13
Тақырып. Дүниетану пәнін оқытудың материалдық базасы.
Дәріс мазмұны: 1. Оқытудыағы материалдық базасының маңызы.
2. Оқу құралдарының орналасуы, талапқа сай сақталуы.
3. Оқуда көрнекілік құралдарының комплесті қолдануы.
4. Дүниетану пәнінің мазмұнына байланысты тірі табиғат мүйсіндегі жұмыстар, оның өткізу әдістемесі.
Дәріс мақсаты Дүниетану пәнін оқытудың материалдық базасы.
Дүнеиетану (оқулықтар) 1,2,3,4-сыныптар
Бақылау күнделігі (оқу құралдары) 1,2,3,4-сыныптар
Хрестоматия (оқу құралдары) 1,2,3,4-сыныптар
Дүниетан пәнін оқыту (әдістемелік нұсқау)
Дидактикалық материалдар 1,2,3,4-сыныптар
Оқу кестелері 1,2,3,4-сыныптар
Альбом (көрнекі құралдар) 1,2,3,4-сыныптар
Аудтовизуальды құралдар (оқу кинофильмдер, слайдтар, диафильмдер, жауарлардың дыбысы жазылған үнтаспалар) 1,2,3,4-сыныптар
өсімдік кеппе шөптерінің жинатамалары 1,2,3,4-сыныптар
жануарлардың қатырылған жинақтамалары, ылғалды препараттарды, тұлыптары 1,2,3,4-сыныптар
тау жыныстары, қазба юайлықтар үлгілерінің жинақтамалары
киіз үй, ат-тұрман, қазақтың ою-өрнектері, үй жиһаздарының кішкентай көлемді макеттері
Қазазстанның физикалық, экономикалық карталары
Глобустар
Қазақстанның түрлі жер бедерін (таулы аймақтар, жазық дала, сусымалықұм, орман, су қойма т.б.) үзінділер түрінде бейнелейтін сұлбадар
Қазақстанның көрнекі мемлекет, қоғам, әдебиет, өнер, ғылым, қайраткерлерінің портреттері (Абылай хан, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Т. Рысқұлов, Әл-Фараби, Абай, М. Әуезов, Н. Назарбаев, Қ. Сәтбаев, Т. Әубәкіров т.б.)
2. Мұғалім тірі табиғат мүйісіндей жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушының білімін байытады және кеңейтеді, олардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы кластарда және онан кейінгі өмір тәжірибесінде кәдеге асады.
Тірі табиғат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең қажетті бөлме өсімдіктерін, олава., алоғ, бальзамин, Аспидистра, кактус, традесканция, фикус тікелей класс бөлмесінде арнаулы тіректерде орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөлістерін,. Көбею жолдарын, жер шарының өсімдік әлемі өлімдерімен танытыруға болады. әрбір өсімдіктің этикеткасы болу кепек. Онда өсімдіктің аты, Отаны, егілген уақыты жазылады. Оқушылар бастауыш мектепте барлық өсімдіктермен танысып, олардың гүлдеуін, өсімдіктің жарыққа, жылуға және ылғалағ сезімталдығын зерттей алады. өсімдіктерді күтуге қажет практикалық дағдаларды алады. Класс бөлмесінде аквариум балықтарының , бауырмен жорғалаушылардың, қосмекенділердің жеке өкіледерін ұстауға қолайлы. Аквариумда валиснерия, бақа оты, су мері, қауырсын жапырақ эладия өсімдіктерін өсіруге болады. Көптеген балықтар (галет, табан балық, қар балық, ақайран, алтын балық) жақсы тұра береді. Аквариум балықтарынан тіршілк жағдайын көп талғамайтын барбустар, губкалар алтын балықтың түрлі тұзымдары конеталар, телескоптар т.б. Оқушылар аквариумды күткенде суын ауыстырып өсімдіктерді жиі-жиі сиретіп жемнің қалдығын, балықтардың зәрін тазартып отыруы керек. Бір уақытта дәл белгіленген мөлшерде желе беруі судың температурасының күрт өзгеруіне жол бермей, өсімдіктің күйін және балықтардың мінез-құлқын бақылап отыруы керек. Аквариум балықтар тіршілгін, балықтың бірте-бірте дамуын , температура мен қоектенуді , температура мен қоректенудің балықтардың өсуі мен дамуына әсерін, рефлекстің тууын, балықтар жейтін жемдердің тізімін жасау, балықтың ауа райын болжауын т.б. бақылауды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді. Тірі табиғат мүйісінде әр түрлі жайуанаттар құрбақа, шөп, көл, жанды тритон, кәдімгі су жылан, тасбақа (дала) , кесіртке ұстайды.
Қосмекенділер мен тереринде шалшық және күн сәулесінен жасырынатын пана болу керек. Құстарды да ұстауға болады. Олар: шымшықтар, қара тоғайлар, қарғалар, сүт қоректілер т.б. Оларды ұстау үшін түбі жылнымалы астаушасы және суаратын ыдысы бар әр түрлі мөлшердегі торлар қажет.
3. Бастауыш кластарда табиғатты зерттеу негізінде өлкетану принципі алынған. Оны табиғаттанудан сабақ беруде жүзеге асыру өз өлкесін жүйелі түрде зерттеуді көздейді. Ол үшін туған жер туралы фактілер мен деректерді үнемі жинап,ол материалдарды қорытып отыруы қажет. Материал жинауды оқушылар экскурсиялар, серуендер, жорақтар кезінде жүзеге асырады. өлкетану мүйісінің негізгі бөлімдері мынадай болуы мүмкін.
Біздің мектеп, мектеп тұрған микрора йон, мектпе тарихы туралы деректер
Біздің табиғат планының, ауданының, поселканың планы. Облыстың жер беті, пайдалы қазбалар. Облыстың су ресурстары, облыстың ауа райы жағдайлары. Облыстың өсімдік және жануарлар дүниесі. Табиғатты қорғау.
Біздің өлкенің қазіргі мен болашағы. Ауданының шаркашылығы, негізгі кәсіпорындар транспорт құралдары
Сонымен өлкетану мүйісін құру оқушылардың өз жкрін оқып білу, өлкетану материалдарын жинау, сабақ беру кезщінде пайдалану мақсатын көздейді..
Достарыңызбен бөлісу: |