Оқу -әдістемелік кешен


Мұғалімнің топ саяхатқа дайындалуы



бет42/71
Дата05.02.2022
өлшемі1,07 Mb.
#12676
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71
Мұғалімнің топ саяхатқа дайындалуы.
Біріншіден мұғалім алдын-ала топ саяхатты жүргізетін жермен танысып, көңіл аударарлық сипатты объектілерді табады. Оқушылардың өздігінше жүргізетін бақылауларының сипатын ойластырады. Оқушылар коллекцияға не жинақтайтынын анықтайды, топ саяхаттың жүргізу жоспарын жасайды, қорытынды әңгімеге негізгі мәселелерді белгілейді.
Оқушылардың дайындалуы.
Мұғалім топ саяхатқа өзі дайындалумен қатар оқушыларды да дайындайды. Ең алдымен оларды топ саяхатты саяхат емес сабақ екендігін түсіндіру керек. Мұғалім топ саяхатының міндеттерімен және мақсатымен таныстырады.
Алдын-ала олар топ саяхатында шешуге тиісті мәселелерді қояды, табиғат объектілерін бақылауға және жинауға тапсырмалар бөледі. Топ саяхатының табысты өтуі көпшілік жағдайда оны ұйымдастыруға байланысты. Сыныпта шағын топтарға 5-6 адамнан бөліп әр қайыссына тәртіпке және тапсырмаларды орындауға жауап беретін басшы тағайындайды.
Топ саяхатқа керекті жабдықтар:
Түс бағдар, күрек, кішкене банкілер, папка т.б.
Топ саяхаттың мақсаты оқушылар табиғаттан нені және қалай көру , нені зерттеу керегін білуі керек. Топ саяхатынан кейін міндетті түрде жиналған материалдар мен мәліметтерді ретке келтіреді. Зерттеу орны мен объектілеріне сәйкес мұғалім топ саяхатының құрылымын, жүргізу әдістерін анықтайды және жоспар жасайды. (жұмыс).


Жұмыс әдістері мен түрлері:
әңгімелесу, мұғалімнің әңгімесі, бақылаулар, сарамандық жұмыс, өзіндік жұмыс, жиналған материалдарды өңдеу т.б.


Маршрут және бақылау объектілері:
Жол, дөген некөл, орман, төбе, қыстайтын құстар, ағаштар, қар астындағы өсімдіктер т.с.с.
Оқушылардың адамның табиғат қорғау жөніндегі іс-әрекетін көргені жөн. Мыс: құстарға жем беру, жасанды ұялар т.б.
Топ саяхатының табысты өтуі көп жағдайда мұғалімге оның шеберлігіне, табиғатты сүюіне, балалардың көңілін таба білуіне байланысты. 3-4 сыныптағы топ саяхаттар өз өлкесін, өз жерін және жер бедерін зерттеумен байланысты.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет