ОҚу -әдістемелік кешен



бет2/7
Дата20.11.2016
өлшемі1,07 Mb.
#2138
1   2   3   4   5   6   7

Кредит сағат 30.
Тақырып Аз комплекті мектеп.

Дәріс мазмұны: Табиғатқа топсеруен ұйымдастыру ерекшеліктері.

Әдебиет. Молдагалиева 238-242бет.

СОБӨЖ мазмұны: Аз комплекті мектептегі өту сабағы (1 сабақ мысалдарында).

Әдебиет Молдагалиева 238--242 бет.

СӨЖ мазмұны. Аз комплекті мектептер. Сабақ ерекшелігі.

Әдебиет. Молдагалиева 238-242бет.

3..Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.







Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты /аптасы/

балл

Бақылау

түрі


1

Реферат

  1. Дүниетану пәнін оқыту арқылы оқушыларға эстеикалық тәрбие берудің жолдары.

2.Дүниетану пәнін оқытуда ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.

3.Дүниетану пәнін оқытуда оқушыларға экологиялық тәрбие беру жолдары.

4.Дүниетану пәнін оқытуда проблемалық оқытудың элементтерін пайдаланудың маңызы.


.


1-15 апталар

0,6 балдан /СОЖ тапсырмасы түрінде беріледі/

Семинарда

жауап беруі



2

Оппонент болуы

1.Тақырыптық күнделікті сабақ жоспарларын жасау.

2.Ботаникалық-зоологиялық мазмұндағы сабақты ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері:

3.Анатомиялық физиологиялық мазмұндағы сабақты өткізу ерекшеліктері:

4.Экологиялық мазмұндағы сабақтарды өткізудің әдістемесі ерекшелігі



Баяндама тақырыбына байланысты

1-15 апталар

0,5 б. /СОЖ тапсырмасы түрінде беріледі/

Семинарда жауап беруі

3

ӨЖСӨЖ тапсырмаларын орындау /барлығы 15 тапсырма/

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру.

Семинар тақырыбына байланысты

ӨЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде

Семинар тақырыбына байланысты /аралық бақылау түрі ретінде/

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жазбаша жұмыс түрінде аралық бақылау жұмысы

Білімді кешенді және студенттердің ойлау қабілетін тексеру

Бақылау жұмысының тақырыбына байланысты

5,10,15 апта

Әр бақылау жұмысы 3 б.- барлығы 9 балл

Бақылау жұмысы

5

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







40

тест

4. Пәннің оқу - әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.






Әдебиеттер тізімі

Қамтылу дәрежесі



Горощенко В. П.

«Основы природовения», М., «Просвещение», 1976



а/б 2.



Горощенко В. П.

«Табиғаттану пәнін оқыту методикасы» А., «Мектеп», 1981



о/з -2



Горощенко В. П.

«Хрестоматия по природовению» М., «Просвещение», 1979



а/б – 23



Ишмухаммедова Н. Б.

«Изучение курса познания мира с основами экологии», А. 2000



о/з – 8



Павлович С. А., А. Н. Матеева, В. П. Горощенко

«Табиғаттану кітабы» А., «Мектеп», 1973



Каб, аб – 14



Пакулова В. М., Кузнецова В. П.

Методика преподавания природоведения. М., «Просвещение», 1990



о/з – 2

ф – 1




Петросова Р. А., Голов В. П.

«Методика обучения естествознанию и экологическое воспитание в начальной школе» Москва



о/з – 5



Жалпы білім беру мектептерінің бағдарламасы. Бастауыш сыныптар (І – ІV сынып) – Алматы, 1997

о/з -2



Жүнүсова К., Аймағанбетова К., Нұрахметов Н.

Познание мира. 1 – сынып оқулығы – Алматы, 2001 – 158 б.

Жунусова К., Аймағанбетова К., Олейник З.

Познание мира 2 – сынып оқулығы – Алматы, 2002 – 160 б.



Каб/5

о/з – 12,

о/з – 5;

к – 5




Сосновский И. П. Уголок – опытная работа на пришкольном участке – М., «Просвещение», 1986 – 256 с.

о/з - 2











5.Дәрістік кешен.
Дәріс №1.

Тақырып: Кіріспе

Дәріс мазмұны: 1. «Дүниетану» пәнін оқыту – педагогикалық ғылым.

2.Дүниетану пәннің зерттеу әдістері тарихи әдіс.

3.Дүниетануды оқыту әдістемесі пәні мақсат – міндеттері.

Дәріс мақсаты. Дүниетану» пәнін оқыту – педагогикалық ғылым.
Кіріспе.


  1. Дүниетану пәнін оқыту.

  2. Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқыту міндеттері.

  3. Дүниетану әдістемесінің пәні және міндеттері.

  4. Бастауыш мектепте дүниетанудан базалық білім мазмұны.


Дүниетану оқу жоспарындағы жаңа пән. “Адам”, “Қоғам”, “Табиғат” білім блоктарын біріктіреді. Оның негізгі мақсаты адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру. Оқушылармен бірге айналадағы табиғатты зерттеу арқылы олардың табиғатқа сүйіспеншілігін және оны бақылауға ықыласын тудыра отырып, мұғалім сынып оқушыларын Отанды, өз өлкесін сүюге тәрбиелейді. Оқушылар өздері тұрған жердің табиғат ерекшеліктерін, әртүрлі аудандарындағы айырмашылықтарымен таныса отырып, бұл айырмашылықтардың себебін анықтайды. Адам мен табиғат қарым – қатынастарын табиғаттағы халықтың шаруашылық әрекетіне пайдаланумен, село халқы мен қала халқының маусымдық еңбегімен танысу оқушыларды еңбекті және еңбек адамдарын силау рухында тәрбиелеуге көмектеседі. Бастауыш сыныптарда табиғатты зерттеу балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін мол мүмкіндік тудырады. Бастауыш сыныптарды термометр, компос қарапайым тәжірбиелер жасау жөнінен практикалық дағдылар қалыптастырады. Негізгі басты міндет – оқушыларға табиғатты қорғау қажеттілігін түсінуге жеткізу.

Дүниетану әдістемесінің пәні және міндеттері. Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерешеліктеріне және дайындықтарына сәйкес дүниетану курсының мазмұны әр сынып бойынша талдау, балаларға курстың мазмұнын қайткенде де тауір әдіспен жеткізу керек, сұраққа жауап беру. Дүниетану әдісінің негізгі принциптері – дидактика және психологияның заңдылықтарына сүйенеді. Дүниетануды оқыту әдісі педагогика ғылым циклне жатады. Болашақ мұғалімдер бастауыш мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім берусаласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болу үшін дүниетану стандартын, оқулықтар мазмұнын, олардың идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білу тиіс. Оқыту процесінде жан – жақты тәрбие беруге, баланың жалпы дамуына мән беру керек. Сыныптан тыс дүниетанудан жұмыстар ұйымдастыра және жүргізе білу керек.

3) “Адам” блогы: Адам ағзасы. Сыртқы түрі. Сезімдері, өсу және даму жағдайлары. Адамның әрекеті. Оқу біліктері. Өзін - өзі бақылау және бағалау. Оқу кітабымен жұмыс. Коммуникативті біліктері.

“Қоғам” блогы: Адам және басқа адамдар. Этика. Адамның өзін ұстау мәдениеті. Адам еңбегі. Өндіріс. Өнер.

“Табиғат” блогы: Табиғи және жасанды денелер және заттар. Табиғи құбылыстар. Әртүрлі заттар мен денелердің қасиеттері. Табиғатты зерттеу әдістері. Жер. Планета. Жұлдыз. Глобус. Карта.

2 – тарау: Өсімдік және жануар. Тірі ағза. Қылқанжапырақты және жапырақты өсімдіктер. Шөл. Дала. Орман. Тау өсімдіктері. Өсімдіктердің өсуі, көбеюі, дамуы.

Жануарлар: бунақденелер, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер. Олардың тіршілік ортасы, өсу және даму жағдайлары.

Адам және табиғат. Табиғатты қорғау.

3. Революцияға дейінгі уақыттағы дүниетануды оқытуды дамыту бастауыш оқыту саласындағы әдіскер мұғалімдермен байланысты.

К.Д.Ушинский дүниетану сабақтарында логикалық ойлау мен тілді дамытуға көп көңіл болген. Оның ойынша, балаларды оқыту сөздік негізді емес, қоршаған ортадан алған көзқарастарынан құрылу керек. Ол білімді меңгеруге көп көңіл бөлген. Нақты білім оқытуға нақтылық, жүйелілік, бірізділік принциптері арқылы берген. Ол табиғат құбылыстарын зерттеуге көрнекілік теориясын енгізді. Оның жалпылау негізіндегі білім көзі болуы тиіс болды. Бастауыш сынып дүниетану мен географияны оқыту бойынша Ушинскийдің көзқарастары «Ана тілі», «Балалар әлемі» кітаптарында берілген. Кітаптың негізгі бөлігінің міндеті балаларға түсінікті әрібөлігінің міндеттері балаға түсінікті әрі қолжетімді түрде ойларын және белгілерін тәрбиелеу. Барлық кітаптарда жеңілден қиынға принципі қолданылған.

Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарына сәйкес дүниетану курсының мазмұны әр сынып бойынша талдау кіреді. Әдістеменің міндеті – балаларға курстың мазмұнын қайткенде де тәуір әдіспен жеткізу керек деген сұраққа жауап береді. Дүниетану әдістемесі дидактика принциптеріне, балалардың жаңа білім игеруінің, психологиялық заңдылықтарына дүниетану курсының өткен сыныптардағы мазмұнына сүйенеді.

Дүниетану оқыту әдістемесі педагогика ғылымдар цикліне жатады. Болашақ мұғалім бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының мазмұнын, балаларды бұл пәнге оқытудың негізгі формаларын, әдістерін және тәсілдерін білуі керек.

Педагогикада оқылатын жалпы дидактикалық принциптердің, пән мақсатына, оқылатын материалдың көлеміне, оны оқушылардың ұғу ерекшеліктеріне байланысты тікелей дүниетану сабақтарында пайдаланатынын білуі керек.

Болашақ мұғалімдер бастауыш мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім беру саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болуы ұшін, дүниетану стандартын, оқулықтар мазмұнын, олардың идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білуі керек. Оқыту процесінде жан-жақты тәрбие берудің, балалардың жалпы дамуының, өмірге және еңбекке дайындығына міндеттерін жүзеге асыра білуі керек.

Өзін -өзі тексеру сүрақтары.

1.Дүниетану» пәнін оқыту – педагогикалық ғылым.

2.Дүниетану пәннің зерттеу әдістері тарихи әдіс.

3.Дүниетануды оқыту әдістемесі пәні мақсат – міндеттері



Әдебиет. 1. Горощенко В. П. 3 – 5 бет

2. Молдагалиева





Дәріс №2

Тақырып. Жаратылыстану пәнінің негізгі бағыты және даму тарихын оқыту.

Дәріс мазмұны: 1. Жаратылыстану пәнінің революцияға дейінгі кезең.

2. В. Ф. Зуев әдіскер, әдістемелік ұсыныстары.

3. К. Д. Ушинскийдің жаратылыстанудан жасаған әдістемесі.

Дәріс мақсаты Жаратылыстану пәнінің негізгі бағыты және даму тарихын оқыту.

Революцияға дейінгі уақыттағы дүниетануды оқытуды дамыту бастауыш оқыту саласындағы әдіскер мұғалімдермен байланысты.



К.Д.Ушинский дүниетану сабақтарында логикалық ойлау мен тілді дамытуға көп көңіл болген. Оның ойынша, балаларды оқыту сөздік негізді емес, қоршаған ортадан алған көзқарастарынан құрылу керек. Ол білімді білімді меңгеруге көп көңіл бөлген. Нақты білім оқытуға нақтылық, жүйелілік, бірізділік принциптері арқылы берген. Ол табиғат құбылыстарын зерттеуге көрнекілік теориясын енгізді. Оның жалпылау негізіндегі білім көзі болуы тиіс болды. Бастауыш сынып дүниетану мен географияны оқыту бойынша Ушинскийдің көзқарастары «Ана тілі», «Балалар әлемі» кітаптарында берілген. Кітаптың негізгі бөлігінің міндеті балаларға түсінікті әрібөлігінің міндеттері балаға түсінікті әрі қолжетімді түрде ойларын және белгілерін тәрбиелеу. Барлық кітаптарда жеңілден қиынға принципі қолданылған.

Өзін -өзі тексеру сүрақтары

1. Жаратылыстану пәнінің революцияға дейінгі кезең.

2. В. Ф. Зуев әдіскер, әдістемелік ұсыныстары.

3. К. Д. Ушинскийдің жаратылыстанудан жасаған әдістемесі.



Әдебиет. Горощенко В. П.
Дәріс №3.

Тақырып. Жаратылыстануда советтік әдістеменің жарық көруі.

Дәріс мазмұны: 1. Советтік кезең. Политехникалық оқу мен еңбекке тәрбиелеудің жүзеге асуы.

2.Н. К. Крупскийдің жаратылыстану әдістемесінің дамуына, оқытуға әсері.



Дәріс мақсаты Жаратылыстануда советтік әдістеменің жарық көруі

Өзін -өзі тексеру сүрақтары

1. Советтік кезең. Политехникалық оқу мен еңбекке тәрбиелеудің жүзеге асуы.

2.Н. К. Крупскийдің жаратылыстану әдістемесінің дамуына, оқытуға әсері.

Әдебиет: Горощенко В. П.
Дәріс №4

Тақырып.Бастауыш мектептегі жаратылыстанудағы бетбұрыстар.

Дәріс мазмұны: Жаңа бағдарлама оқулықтар М. Н. Скаткина, П. А. Завитаева, Л. Ф. , З. А. Клепинина. Әдіскерлердің жаратылыстану пәнін оқытудағы еңбектері.

Дәріс мақсаты .Бастауыш мектептегі жаратылыстанудағы бетбұрыстар

ндағы әдіскер – мұғалімдермен байланысты.

К.Д.Ушинский – дүниетану сабактарында логикалық ойлау мен тілді дамытуға көп көңіл бөлген. Оның ойынша, балаларды оқыту сөздік негізде емес, қоршаған ортадан алған көзқарастарынан құрылу керек. Ол білімді меңгеруге көп көңіл бөлген. Нақты білім оқушыларға нақтылық, жүйелілік және бірізділік принциптері арқылы беріледі. Ол табиғат құрылыстарын зерттеудегі көрнекілік теориясын енгізіп, оны жалпылау негізгі білім көзі болуы тиіс болды. Бастауыш сыныптардағы география мен дүниетануды оқыту бойынша Ушинский көзқарастары “Ана тілі”, “Балалар әлемі” кітаптарында берілген. Кітаптың негізгі міндеті балаларға түсінікті әрі қол жетімді түрде ойларын және білімдерін тәрбиелеу. Барлық кітаптарды жеңілден қиынға принципі қолданылған.

Герт Александр Яковлевич – ресей мектептеріндегі дүниетану әдістемесінің негізін салушы. Ол Чарльз Дарвиннің ізбасары болып, оның еңбектерін аударған. Ресейдегі алғашқылардың бірі болып жануартану оқулығында Дарвинизм идеясын ұсынған. Өзінің әдістемелік ойларында Герт жаңа технологиялар мен оқытудың әдіс – тәсілдерін, табиғатты өзбетіндік зерттеу жолдарын, балаларды табиғатқа саяхатқа шығару, лабораториялық жұмыстарды атқару сияқты іс - әрекеттерді еңгізген. Ол балалардың табиғатпен тікелей қарым – қатынасын дамыту мақсатында топ саяхаттары міндетті екенін айтты.

Бехтеров Василий Парфилович – бастауыш мектеп әдіскер – мұғалімі, жалпы бастауыш білім беруді жақтады. Көрнекілік әдістерді қолдану арқылы топ саяхаттар мен таза ауада сабақтарды өткізуді міндеттеді.

Половинкин Александр Александрович – орта мектептегі география пәнін оқыту әдістемесіне көп көңіл бөлді. Оқушылардың белсенділігін арттыру жолдарын көрсетті. География сабақтарында жоспар мен карта суреттерін қолдануға көңіл бөлді.

Сонгайло Констатин Антонович – георгаф - әдіскер. Оқушылардың жоспар мен картаны игеруіне, практикалық жұмыстар өткізілуіне, топ саяхаттар мен сыныптарды бақылаулар жүргізілуіне, оқушылардың қоршаған орта мен қоғамның өмір сүру заңдылықтарын жүйелі оқытуға басты назар аударды.

Ягодовский Константин Павлович – бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемесі бойынша көптеген еңбектердің авторы. “Бастауыш мектептегі дүниетану сабақтары”, “Бастауыш мектептегі дүниетану пәні бойынша практикалық сабақтар”, “Үйдегі және мектептегі тірі бұрыш”, “бастауыш мектептегі табиғат бұрышы”. Алғаш рет кіші мектеп жасындағы оқушыларға табиғатты оқытуда педагогикалық қажеттілік керек екендігі нақты және түсінікті түрде көрсетілді.

Завитаев Петр Алексеевич – мектеп алды учаскелеріндегі жұмыстарға көп көңіл бөлді.

Валерьянова Екатерина Александровна – қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан 1-4 сыны оқушыларына арналған табиғатты және адамдардың еңдек қабілеттерін бақылау күнделігін жасады.

Скаткин Михаил Николаевич – бастауыш мектептерде дүниетану пәнін оқыту әдіскері. Сонымен қатар бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту бағдарламасының авторы. 3 және 4 сынып оқулықтарының авторы.Бастауыш мектептегі дүниетану пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарға көп көңіл бөлді. Ол көрнекілік құралдар, таблицалар, картиналар, кинофильмдер авторы, сонымен қатар оларды сабақтарды қолдану бойынша әдістемелер авторы.
Өзін -өзі тексеру сүрақтары

Жаңа бағдарлама оқулықтар М. Н. Скаткина, П. А. Завитаева, Л. Ф. ?, З. А. Клепинина. Әдіскерлердің жаратылыстану пәнін оқытудағы еңбектері.



Әдебиет. Горощенко В. П.

Дәріс №5

Тақырып Қазақстан Республикасының ғылым әдіскерлері.

Дәріс мазмұны: 1. Әдіскерлер Т. Мусакулов, Б. В. Муханов, К. А. Аймагамбетова, К. Жунусова, А. Бірмағамбетованың жаратылыстану пәнінің әдістемесіне қосқан үлестері.

Дәріс мақсаты Қазақстан Республикасының ғылым әдіскерлері

Өзін -өзі тексеру сүрақтары

.Әдіскерлер Т. Мусакулов, Б. В. Муханов, К. А. Аймагамбетова, К. Жунусова, А. Бірмағамбетованың жаратылыстану пәнінің әдістемесіне қосқан үлестері.



Әдебиет:Аймағамбетова К. А., Жусупова К. Ж. Методическое руководство к учебнику. «Познание мира» Алматы, 1998 г. (нұсқауымен танысу)
Дәріс №6

Тақырып. «Дүниетану» пәнінде оқу материалдарын іріктеу принциптері мен құрылымы.

Дәріс мазмұны: 1. «Дүниетану» мәніндегі қоршаған дүниені танудағы қарапайымнан күрделінуінің бірізділігі.

2. Пәннің интегративті маңызы. Адам, табиғат, қоғам мен адам еңбегі блогінің жүйесі.

3. «Дүниетану» пәнін мектеп бағдарламасы мен оқулықтарға анализ жасау. 1 – 4 сынып.

Дәріс мақсаты Дүниетану» пәнінде оқу материалдарын іріктеу принциптері мен құрылымы.
Бастауыш сыныптарда дүниетану курсының міндеттері, мазмұны.

Жоспар:


  1. Дүниетану стандартын талдау;

  2. Дүниетану оқулықтарын талдау;

  3. Дүниетанудан пәнаралық байланыс.

  1. Дүниетану пәні «Адам», «Қоғам» және «Табиғат» деп аталатын 3 блоктан құрылады. Өзінің мазмұны, құрылымы жағынан пін мынадай елеулі ерекшеліктермен сипатталады:

  • «Адам» блогы. Біщдің мектеп тарихымыз, адамда, оның айналасындағы дүниемен қарым-қатынасымен жан-жақты қарастырып, оқушыларды таныстыруды бастайтын алғашқы пән.

  • Әр блоктың мазмұны сыныптан сыныпқа қарай біртіндеп күрделеніп, 1-4 сыныптарда ұздіксіз оқытылады.

  • Әр блок мазмұнының өзара байланысы адамның еңбек және бөлінбес бөлігі ретіндегі табиғатпен қарым-қатынасы туралы жүзеге асыру.

  • Бұл пән мазмұны қазіргі заманғы ғылыми мәдениетін әр түрлі салаларынан оқушыны қаруландыру арқылы жан-жақты дамытып, тәрбиелеуді жүзеге асыру.

Базалық білім мазмұнын сыныптар бойынша жіктелуі.

1 сынып -68 сағат. Кіріспе-4сағ, «Адам»-6 сағ, «Табиғат»-36 сағ, «Қоғам»-22 сағ. Тірі және өлі табиғат. Табиғаттағы өзгерістер. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі. Адам еңбегі. Маусымдық өзгерістер.

2 сынып – 68 сағат. «Адам»-8 сағ, «Табиғат» - 33 сағ, «Қоғам»-27 сағ. Судың, ауаның қасиеттері. Көбеюі.

3 сынып – 68 сағат. «Адам»-8 сағ, «Табиғат»-34 сағ, «Қоғам»-26 сағ. Сарамандық жұмыс: өлшеу аспаптарымен жұмыс, сағатпен, күнтізбемен жұмыс, балықпен, жапырақтармен тәжірибе, дене, зат түсініктерін пысықтау, бөлмедегі жылы ауа мен суық ауаның алмасуы, тау жыныстарының үлгілері, Қызыл кітап, отбасы, т.б.

4 сынып – 68 сағат. «Адам»-6 сағ. «табиғат»-38 сағ, «Қоғам»-24 сағ. Адам блогында – «Адам – қоғам перзенті» деген ұғым беру. Адам өміріндегі еңбектің рөлі. «Табиғат» блогында табиғатты зерттеу әдістерінен басталады. ҚР-ның географикалық картасымен, пайдалы қазбалар, өзен, көлдер, жердің жарты шарлар картасы бойынша құрлықтармен, мұхиттармен танысу. Қазақстан және ТМД елдері, ҚР-ның Ата Заңы.

2. Дүниетану оқулықтарына талдау. Бастауыш сыныптарға арналған дүниетану оқулықтары стандартқа сай құрылған, оқулықтағы бүкіл стандарттық материал жеке сабақтар бойынша бөлінген.

1-сыныпқа арналған оқулықтарына тоқталсақ, оқулықтың материалы жеткізу жөніндегі ерекшелігі, онда балаларға негізгі оқу информацияны суреттер береді. Тексттер қысқа, шымыр жазылған мақалалар, шағын әңгімелер мен түсініктемелер, сұрақтар тапсырманың айқын жүйесі ретінде берілген. Әрбір бетте суреттер. Сол суреттерге сұрақтар мен тапсырмалар сериясы берілген. Оқулықтың стандарттағы блок мазмұнына сәйкес құрылған. «Адам» блогында 1-сынып оқушыларды адамның сезім мүшелерімен таныстырады. Әрбір тақырыптан кейін «Есіңде болсын» деген қысқа қорытындылар берілген. «Табиғат» блогында тақырыптар жыл мезгілдеріне қарай құрылған. «Қоғам» блогында отбасы, мектеп, ауыл, қала, Отан, туған елтақырыптары топтастырылып берілген. Сонымен қатар, бала құқықтары жөніндегі конвенция, бала мүддесін қорғау жөнінде айтылады. Оқулық қоршаған ортаны қорғау тақырыптарымен аяқталады. Айналадағы дүниені қорғау қазіргі және болашақ ұрпақ үшін керек.

2-сынып арналған оқулықтағы материал стандартқа сай. Құрылу принципі өлкетану. «Адам» блогында материал адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасына байланысты берілген. «Табиғат» блогында көкжиек компосының құрыдысы, сурет және сұлба, деген тақырыптардан басталады. Өсімдіктердің мүшелері менолардың көбеюітуралы мәліметтер берілген, жануарлардың тіршілікке қажетті жағдайларға бейімделуі туралы танысып отырады. Өсімдіктер мен жануарлардың Қызыл кітабымен танысады. «Қоғам» блогында Отанның рәміздері, адамның шаруашылығының түрлерімен танысады. Оқулықтағы материалдар соңында сұрақтар мен тапсырмалар берілген.

3-сыныпқа арналған оқулық стандартқа сай құрылған. Оқулық 17 тараудан құралған. «Адам» блогында «Адам – табиғат перзенті» деген бағытта берілген. Адамның сезім мүшелері, ас қорыту, қан айналым, тыныс алу және жарақат алғандаалғашқы жәрдем көрсетумен таныстыру. «Табиғат» блогы табиғатта зерттеу әдістері туралы оқушыларға түсінік беру. Денелер, заттар, құбылыстар, географиялық карта, өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігі мен тіршілік ету ортасы қарастырылады. «Қоғам» блогында Отан, ел рәміздері, елді басқару органдары, қазақ халқы дәстүрлері туралы танысады. Мәтіндер бойынша суреттер берілген. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкес келеді. Сөздік жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сарамандық жұмыстар берілген. Оқулық иллюстрациямен жақсы жабдықталған. Ең басты мәселелері Отанның табиғаты, табиғат байлықтары туралы, сұлба мен картаны қолдану, т.б. «Адам» блогында берілген материалдар адамның шығу тегімен оқушыларды таныстырады. «табиғат» блогында еліміз ғарыштың державасы, жердің өз кіндігінен айналуы және күнді айналып қозғалуы. «Қоғам» блогында отбасы, мектеп, қала, ауыл, Отан туралы таныстыра отырып, оқушы болашақ өз елінің еңбекші қайраткер деп түсінік беру. Сарамандық жұмыстар берілген. Еліміздің тарихи материалдаркеңінен қаралуда.

3. Дүниетану пәніндегі пәнаралық байланыс. Дүниетану пәнінің мазмұны.

Әр блок бойынша басқа пәндермен байланысы бар.

«Адам» блогы бойынша қазақ тілімен. Дыбыстардың рөлі, кітаппен, мәтінмен жұмыс істеу, тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу. Сөйлеу мәдениеті. Сипаттау. Талдау, баяндау, шығарманы мәнерлеп оқу, монолог, диалог. Ана тілі: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, өлеңдер. Математика: арифметикалық 4 амал.Еңбек: адам өміріндегі еңбектің маңызы.

«Табиғат» блогы бойынша. Ана тілі: табиғат объектілерін, құбылыстарын, әсем көріністерін, өсімдіктер мен жануарларды, оларды қорғау қажеттігін бейнелейтін шығармалар, жұмабқтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, өлеңдер. Математика: арифметикалық 4 амал, баға, сан, масса, көлем, жалдамдық, уақыт туралы түсініктер, геометриялық бейнелер, шамаларды өлшеу. Бейнелеу өнері: табиғат бояулары (күз, қыс, көктем, жаз), табиғат өрнектері және халықтық сәндік қолөнері (қазтабан, өркеш, қосмүйіз), суретшілердің табиғат жайындағы туындылары (Кастеев, Ғалымбаева, Айвозовский), т.б.

«Қоғам» блогы бойынша. Ана тілі: мектеп, оқушы, мұғалім, туыс, ауыл, оның көркі, табиғаты, адамдары, ата-ана, бауыр, ата-әже, дос, ел, Отан, осы бойынша жазылған әңгімелер, ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер. Математика: арифметикалық сан, көлем, уақыт туралы түсінік, геометриялық шамаларды өлшеу, геометриялық бейнелер. Еңбек: ауылшаруашылығының даму еңбегі, техникалық еңбек, т.б. Музыка: Еліміздің әнұраны, халқымыздың табиғаты, оған деген өз қатынасын адамдардың әлеуметтік көңіл-күй сезімдерін бейнелейтін күйлер, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет