Паспорттық бөлім
Шежіренің бұл бөлігі науқастың (ата-анасының) шағымдарын, пайда болу тарихын және осы аурудың даму тарихын қамтиды.
II. Аурудың шағымдары
Шағым деп науқастың өзі (ата-анасы) сезінетін аурулық сезімді айтады. Шағымдар негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі, ия бас шағым, әр мүшенің (жүйенің) патологиясына тән болады. Мысалы, тыныс мүшелерінің ауруына тән негізгі шағымдар — жөтел, қақырық тастау, ентігу және т.б.
Қосымша шағымдар организмнің патологиялық процесске жалпы арнаулы емес жауабының көрінісін білдіреді. Бұл шағымдар әртүрлі ауруларда бірдей болады. Қосымша шағымдарға әлсіздік, делсалдық, тершеңдік, ұйқысының бұзылуы және т.б. жатады.
III. Осы аурумен ауру тарихы (Anamnesis morbi): Бала осы аурумен алғашқыда қандай жағдайда ауырды. Аурудың басталуына қандай әсерлер себебін тигізді (жүйкелік зақымдалу, физикалык және ойлық шаршау, инфекция, тоңазу және т.б.) - Аурудың басталуы: жедел, біртіндеп. Аурудың даму барысы (жүйелігі, күшейуі, өзгерістері, өзгешеліктерінің әлсіреуі, бегілерінің жойылуы, жаңаларынан пайда болуы). Бұрынғы (үйде) жасалған емдік шаралар және олардың тиімділігі.
IV. Науқастын өмір шежіресі (Anamnesis vitae): Баланың өмір шежіресі немесе «медициналық өмірбаяны» оның өзіндік ерекшеліктерін және ауруын анықтауда үлкен іс атқарады. Өмір тарихын анықтауды төмендегі ретпен жүргізген жөн:
Бала нешінші жүктіліктен туылған. Бұдан бұрынғы жүктіліктердің нәтижелері. Соңғы жүктіліктің өрбуі (уыттың денеге жайылуы, ауруы, жарақаттануы, кәсібі, сырқаты).
Босанудың барысы (жедел, шапшаң, ұзақ, құрғақ, сусыз кезең, босану кезіндегі әлсіздік, қолданылған шаралар), туылған күні.
Күн жетіп туған, болмаса шала туған, шала туылса гестациялық жасы қандай болған. Дене салмағы, ұзындығы.
Алғашқы айқалаған уақыты, туған кезде тұншығуы, сарғыштығы.
Кіндігінің түскен мерзімі.
Неше тәуліктен кейін, қандай салмақпен перзентханадан шығарылды.
Нәрестелік кездегі ауырған аурулары: а) сарғыштығы, пайда болған мезгілі, ұзақтығы; б) басқа аурулары (жоғары тыныс жолдарының қабынуы, құсу, сұйық дәрет және т. б.).
Қоректенуі: а) бірінші рет емізген уақыты; б) емізу тәртібі; в) қосымша тағам берілген мезгілі; г) аралас және қолдан қоректендіру кезіндегі қосымша тамақтың берілген мезгілі және қолдан қоректендіру себептері; Қоректенуге берілген сүт қоспаларының түрлері; д) бір жасқа толғаннан кейінгі қоректенудің ерекшеліктері (жарамдылығы, толықтығы, жүйелі, ретсіз).
Ауру баланың жүйке-іс әрекетінің дамуы: а) жымиып күлген уақыты, былдырлаған, уілдеген мезгілі, бірінші айтқан буындары, сөздері, бір жасқа толған кездегі сөз қоры; б) бір жастан кейінгі дамуының негізгі мағлұматтары.
Баланың дене дамуы: а) ай сайын дене салмағының өсуі; б) қай уақыттан бастап басын ұстады: отыратын, тұра алатын, еңбектей, жүре алатын болды;
в) бірінші тіс шыққан мезгілі, бір жасында неше тіс шықты.
г) aуырған науқастары: қандай, қай жасында, аурудың сипаты, ерекшеліктері, асқынуы, жасалған операциялар
Отбасы жағдайлары: пәтердің көлемі, лайықтылығы, сәйкестігі, от басының әлауқаты. Баланың күтімі, баланың іш киімдермен және төсекпен қамтамасыз етілуі. Баланы серуендету, суға түсіру, күн тәртібі, ұйқысының ұзақтығының ерекшеліктері, сипаты.
Эпидемиологиялық анамнезі: Жұқпалы және туберкулез ауруларымен науқас адамдармен қарым-қатынасы. Алдына ала туберкулезге, көкжөтелге, күлге, полиемиелитке, қызылшаға және басқа ауруларға қарсы егу.
Аллергиялық мәлімет (анамнез): Баладағы аллергиялық аурулардың түрлері; экссудативтік диатез, ринит, демікпе және т.б. Қандай тағамдар және дәрі-дәрмектер жағымсыз әсер етеді. Алдын ала сақтандыру үшін егілген дәрі-дәрмектермен (вакцинация, гаммаглобулин) мен қаннан жасалған дәрілердің жағымсыз әсері. Туысқандарында кездесетін аллергиялық аурулар.
Тұқым қуалаушылық: Ата-аналары: аты-жөні, кәсібінің түрі, денсаулығы. Апасы мен сіңлілерінің, ағасы мен інілерінің денсаулығы, егер қайтыс болған болса, қай жасында, қандай себептерден қайтыс болғаны. Туысқандарының арасындағы созылмалы, тұқым қуалайтын аурулардың түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |