Оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі оқушылардың бойында ішкі танымдылық түрткілердің және сыртқы ынталардың (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) қамтылуымен тығыз байланысты.
Оқу үрдісінің тиімділігі барлық заңдылықтардың өзара байланысы мен ұйымдастырылу жағдайына тәуелді.
Оқу үрдісінің жекеленген заңдылықтары:
дидактикалық өз құрамына үрдістің мазмұнды – процесуалдық сипаттамасын (мазмұны, тәсілдері, түрі, әдісі, формасы т.б.) қамтиды;
гносеологиялық мұғалімнің басшылығымен оқушының қоршаған ортаның нақтылығын, табиғаттың, қоғамның және өз - өзін факторлары мен заңдылықтарын тану аспектілерін айқындау.
психикалыққа оқушының оқу үрдісінің барысындағы айрықша ішкі психикалық (танымдылық) іс - әрекетіне қатысты.
кибернетикалық оқу үрдісіндегі барлық байланыстың сан қырлығын, ақпараттық ағымының таралуын, ақпаратты меңгеруін басқаруды бейнелейді.
әлеуметтік жалпы үрдіске қатысушылардың (оқушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, бағыттылық, оқудың әлеуметтік маңыздылығы т.б.) қарым – қатынасын қамтиды.
ұйымдастырушылық оқу үрдісін интеллектуалдың еңбек (оқу мен оқытушылық еңбекті ұйымдастыру, олардың материалдық – техникалық жабдықталуы, ынталандырылу, өнімділік т.б.) негізінде айқындайды.
Оқыту заңдылықтарын білу оқу үрдісін әртүрлі нақты жағдайларда қолайлы құруға мүмкіндігін береді.