Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер



бет153/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

1-тоқсан

1.1 Атомдар, молекулалар және иондар

Атомдық және молекулалық масса

10.1.1.1 «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;

1.2 Атом құрылысы

Атом құрылысының заманауи теориясы.
Көрсетілім №1 «Атом құрылысы моделі»

10.1.2.1 - атом құрылысының заманауи теориясын білу
10.1.2.2 қоспадағы химиялық элементтің табиғи изотоптарының орташа салыстырмалы атомдық массаларын есептеу;
10.1.2.3 - радиоактивтілік табиғатын және радиоактивті изотоптардың қолданылуын түсіндіру

1.3 Атомда электрондардың қозғалысы және таралуы

Квант саны. Паули принципі, Хунд ережесі.

10.1.3.1 - квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін білу;
10.1.3.2 - электрон орбитальдарын толтыру ережелерін: минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдану;
10.1.3.3 алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу

2.1 Период-тық заң және химиялық элементтер-дің период-тық жүйесі



Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысы тұрғысынан.
Валенттілік.
Элемент қасиеттерінің периодты өзгеруі



10.2.1.1 - валенттілік және атомның тотығу дәрежесі ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;
10.2.1.2 химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электртерістілігі;
10.2.1.3 - период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;
10.2.1.4 - химиялық реакцияларды үдерістің бағыты, саны мен құрамы, реагенттер мен реакция өнімдеріндегі химиялық элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жіктей білу;
10.2.1.5 - металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торы;



1.4 Химиялық байланыстың түрлері

Химиялық байланыстың табиғаты.
Ковалентті химиялық байланыс.
Көрсетілім №2 «Графит, алмаз, көміртегі (IV) оксидінің кристалдық тор моделі»
Электртерістілік.
Ионды химиялық байланыс.
Металдық байланыс.
Көрсетілім №3 «Натрий хлоридінің, мыстың кристалдық тор моделдері»
Сутектік байланыс.
Зертханалық тәжірибе № 1 « Әртүрлі химиялық байланысты заттардың молекуласын даярлау. Әр түрлі кристалдық торы бар заттардың қасиеттерін зерттеу»

10.1.4.1 - донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;
10.1.4.2 - H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын құру
10.1.4.3 - атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;
10.1.4.4 - иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.5 - металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру;
10.1.4.6 - сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру;
10.1.4.7 заттың құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет