Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Параграф 2. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет152/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

Параграф 2. Оқыту мақсаттарының жүйесі

13. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10»-сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» – оқыту мақсатының реттік саны.





  1. Заттардың бөлшектері

Білім алушылар орындауы тиіс…




10-сынып

11-сынып

1.1 Атомдар, иондар және молекулалар

10.1.1.1 «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;




1.2 Атомның құрамы мен құрылысы

10.1.2.1 - атом құрылысының заманауи теориясын білу
10.1.2.2 қоспадағы химиялық элементтің табиғи изотоптарының орташа салыстырмалы атомдық массаларын есептеу;
10.1.2.3 - радиоактивтілік табиғатын және радиоактивті изотоптардың қолданылуын түсіндіру




1.3 Атомда электрондардың қозғалысы және таралуы

10.1.3.1 - квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін білу;
10.1.3.2 - электрон орбитальдарын толтыру ережелерін: минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдану;
10.1.3.3 алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу




1.4 Химиялық байланыстың түрлері

10.1.4.1 - донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;
10.1.4.2 - H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын құру
10.1.4.3 - атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;
10.1.4.4 - иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.5 - металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру;
10.1.4.6 - сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру;
10.1.4.7 заттың құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру;







  1. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары

Білім алушылар орындауы тиіс…




10-сынып

11-сынып

2.1 Периодтық заң және период-тық жүйе

10.2.1.1 - валенттілік және атомның тотығу дәрежесі ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;
10.2.1.2 химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электртерістілігі;
10.2.1.3 - период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;
10.2.1.4 - химиялық реакцияларды үдерістің бағыты, саны мен құрамы, реагенттер мен реакция өнімдеріндегі химиялық элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жіктей білу;
10.2.1.5 - металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торы;
10.2.1.6 - металдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіру;
10.2.1.7 - электрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін түсіну;
10.2.1.8 сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін болжау үшін стандартты электродтық потенциалдар кестесін қолдану;
10.2.1.9 - металдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
10.2.1.10 - атом құрылысы негізінде s-элементтердің жалпы қасиеттерін түсіндіру
10.2.1.11 - натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының алыну әдістерін білу;
10.2.1.12 - кальций, магний негізгі қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
10.2.1.13 - калий, натрий, кальций иондарының сапалық реакциясын зерттеу (жалынды бояуы)
10.2.1.14 - атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіру
10.2.1.15 - ауыспалы элементтер айнымалы тотығу дәрежесін көрсететінін білу
10.2.1.16 - мыс, мырыш, темір, хромның және олардың қосылыстарына тән физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру
10.2.1.17 - Cu2+, Zn2+ Fe2+, Fе3+ Cr3+ иондарын тани білу
10.2.1.18 - алюминий оксиді және гидроксидінің екәдайлы қасиеттерін оқып білу
10.2.1.19 - көміртек, кремний физикалық, химиялық қасиеттерін оқып білу
10.2.1.20 - иіс газымен уланудың қалай жүретінін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдістерін сипаттау
10.2.1.21 азот молекуласының химиялық белсенділігінің төменділігін түсіндіру;
10.2.1.22 - газтәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін және алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
10.2.1.23 - ортофосфор қышқылылың және фосфаттардың физикалық, химиялық қасиеттерін оқып білу;
10.2.1.24 - құрамында күкірті бар қазбалы отындардың жануы кезіндегі күкірт диоксидінің түзілуін сипаттау;
10.2.1.25 - сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттерін салыстыру
10.2.1.26 - топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
10.2.1.27 галогендердің тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру;
10.2.1.28 - хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, нитрат иондарына сапалық реакцияны білу;
10.2.1.29 - аниондарды анықтау бойынша тәжірибе жоспарын құру және оны іс –жүзінде жүзеге асыру;
10.2.1.30 - күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру.

11.2.1.1 - радиоактивті заттар ұғымын білу;
11.2.1.2 - радиоактивті ыдырау типін білу және қарапайым ядролық реакциялар теңдеуін құра алу (α, β-, β+, γ ыдырау);



2.2 Заттар массасының сақталу заңы

10.2.2.1 қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» шамаларын қолданып есептеулер жүргізу;
10.2.2.2 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептеу;




2.3 Стандартты электрондық потенциалдар

10.2.3.1 «стандартты электродтық потенциал» ұғымын түсіндіру;
10.2.3.2 - электронды баланс әдісін қолданып тотығу және тотықсыздану теңдеулерін құрастыра алу;
10.2.3.3 - ерітінді және балқыма арқылы электр тоғы өткен кезде жүретін үдерістерді оқу және түсіндіру
10.2.3.4 - ерітінді және балқыма электролизі үдерісі сызбанұсқасын құра алу
10.2.3.5 - электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газ) есептей алу;
10.2.3.6 - коррозия түрлерін, коррозияның болу себептерін білу және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін түсіндіру;
10.2.3.7 - тұрмыста, техникада және ғылымда қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюраль;
10.2.3.8 - шойын және болаттың алыну әдістерін және қасиеттерін сипаттау;







  1. Химиялық реакциялардың энергетикасы

Білім алушылар орындауы тиіс…




10-сынып

11-сынып

3.1 Экзотермиялық және эндотермия-лық реакциялар

10.3.1.1 ішкі энергия және энтальпия өзгерістер жылу эффектісі болып табылатындығын түсіну;
10.3.1.2 реакцияның энтальпия өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтау;




3.2 Химиялық реакциялардың жылдамдығы

10.3.2.1 - химиялық реакция жылдамдына әртүрлі факторлар өзгерісінің әсерін түсіндіру;
10.3.2.2 - әрекеттесуші заттар концентрациясы және температурасы өзгеруі кезіндегі реакция жылдамдығының өзгерісін есептей алу;
10.3.2.3 - химиялық реакция жылдамдығына катализаторлар және ингибиторлар әсерін түсіндіру;
10.3.2.4 катализаторлардың әсер ету механизмін түсіндіру




3.3 Химиялық тепе-теңдік

10.3.3.1 - химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау;
10.3.3.2 - тепе-теңдік константасы өрнегін құра алу
10.3.3.3 аммиакты өнеркәсіпте өндірудің (Габер процесі) әдісін сипаттау;




3.4 Қышқылдар мен негіздер теориясы.

10.3.4.1 судың иондық көбейтіндісін білу;
10.3.4.2 - ерітіндінің рН мәні бойынша қышқылдар және гидроксид ерітінділерінің сапалық құрамын дәлелдеу;







  1. Химия және қоршаған орта

Білім алушылар орындауы тиіс…




10-сынып

11-сынып

4.1 Жер химиясы

10.4.1.1 - кейбір металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу;
10.4.1.2 - Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары атау және олардың қолданылуын түсіндіре алу;
10.4.1.3 - азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топырақ және су ресурстарына әсерін анализдеу;
10.4.1.4 - қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
10.4.1.5 - адам ағзасындағы кальций, магний, йодтың биологиялық рөлін білу

11.4.1.1 - «Жасыл химияның» 12 принципін білу және түсіндіру;



4.2 Көміртек және оның қосылыс-тары




11.4.2.1 - көмірсутектердегі көміртектің гибридизациясын зерделеу;
11.4.2.2 - С-С байланысының түзілу қабылетін және көміртек атомының құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру;
11.4.2.3 - А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстар теориясының негізгі қағидаларын зерттеу;
11.4.2.4 – әр типті формулаларды қалай қолданылатындығын түсіну;
11.4.2.5 - жалпы функционалдық топтарды ажырата алады;
11.4.2.6 - тірі ағзалар өміріндегі радикалдардың рөлін білу;
11.4.2.7 - гомологтардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру;
11.4.2.8 - органикалық қосылыстардың адам өміріндегі маңызын түсіну;
11.4.2.9 - алкандардың отын ретінде маңызын білу;
11.4.2.10 – газдар қатысумен жүретін немесе олардың химиялық реакцияларында түзілетін теңдеулері бойынша есептер жүргізу;
11.4.2.11 - алкандардың галогендеу өнімдерін білу және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау;
11.4.2.12 - органикалық заттардың масссалық үлестері және олардың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым молекулалық формуларын анықтау;
11.4.2.13 - циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, физикалық, химиялық қасиеттерін. қарастыру
11.4.2.14 - алкендердің көмірсутектердің алыну жолдарын, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру;
11.4.2.15 - полимерлену реакция теңдеулерін құра білу (полиэтилен, полипропилен, поливинилхлорид);
11.4.2.16 - этиленнен этанолды алу және оның физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
11.4.2.17 - каучуктің қасиеттерін сипаттау;
11.4.2.18 - алкиндердің алыну жолдарын,физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру;
11.4.2.19 бензол молекуласының құрылымын түсіндіру;
11.4.2.20 - бензолды және оның гомологтарын алу, реакцияларының теңдеулерін құру;
11.4.2.21 - бензол және оның гомологтарына тән қасиеттерді сипаттау;
11.4.2.22 - органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысының сызбанұсқасын құру;
11.4.2.23 - өнімнің шығымын реагант мөлшері (көлем. масса) және реакция өнімнің берілген шамасы ( көлем, массса) бойынша есептеу;
11.4.2.24 - көмір, мұнай, табиғи газдардың Қазақстандағы кен орындарын карта бойынша анықтау;
11.4.2.25 - қазба отындар қорының шектеулі екенін түсіну;
11.4.2.26 - көмірсутек отындарын жағу қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатынын және оның климатқа әсерін білу;
11.4.2.27 - спирттер, альдегидтер мен кетондар, карбон қышқылдары, эфирлердің функционалдық топтарының құрылысын сипаттау;
11.4.2.28 - спирттер, альдегидтер мен кетондар карбон қышқылдары, эфирлердің құрылымдық формулаларын құру және IUPAC бойынша атау;
11.4.2.29 - спирттердің және фенолдың алу жолдарын сипаттау;
11.4.2.30 - спирттер мен фенолдың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.31- спирттер мен фенолдың қолдану аясын атау;
11.4.2.32 – экологиялық ахуал тұрғысынан биоотын жайлы талдау;
11.4.2.33 - альдегидтер мен кетондарды алу реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.34 - альдегидтер мен кетондардың тотығу және тотықсыздану реакция өнімдерін атау;
11.4.2.35 - карбон қышқылдарының алу тәсілдерін және физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.4.2.36 - карбон қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.37 - карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттардың қолдану аясын атау;
11.4.2.38 - жай және күрделі эфирлерді алу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.39 - синтетикалық жуғыш заттардан табиғатты қорғау қажеттігін түсіну;
11.4.2.40 - аминдердің номенклатурасы мен жіктелуін білу;
11.4.2.41 –аминдердің физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.4.2.42 - аминдер алу реакция теңдеуін құрастыру;
11.4.2.43 - «мономер», «элементарлық буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» ұғымдарын ажырату;
11.4.2.44 - Қазақстанда өндірілетін полимерлердің түрлерін білу
11.4.2.45 - тәжірибе жүзінде пластмассалар мен талшықтарды анықтау;
11.4.2.46 полимерлерді утилизациялау процесін сипаттау;




  1. Химия және өмір

Білім алушылар орындауы тиіс …




10-сынып

11- сынып

5.1 Биохимия




11.5.1.1 - майлардың құрамы мен құрылысын білу;
11.5.1.2 - майлардың функциясын түсіну;
11.5.1.3 - майларға сапалық реакция жасау;
11.5.1.4 - майлардың сабындану және гидролиз өнімдерін атау;
11.5.1.5 - глюкозаның сүт қышқылды және спирттік ашуының реакция теңдеуін құрастыру;
11.5.1.6 - крахмалға сапалық реакцияны жасау;
11.5.1.7 - сахароза гидролизінің реакция өнімдерін атау;
11.5.1.8 - крахмал мен целлюлозаның қасиеттерін салыстыру;
11.5.1.9 аминқышқылдар молекулаларының құрамын, құрылысын сипаттау;
11.5.1.10 алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдардың биологиялық ролін түсіндіру;
11.5.1.11 - аминқышқылдарын тривиалды және жүйелі номенклатуралар бойынша атауларын білу;
11.5.1.12 – нәруыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын ажырату
11.5.1.13 - α – аминоқышқылдарынан нәруыздарды алудағы пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
11.5.1.14 нәруыз қасиеттерінің аминқышқылдардың сапалық және сандық құрамына тәуелділігін сипаттау;
11.5.1.15 - нәруыздар гидролизі өнімдерін білу;
11.5.1.16 - нәруыздардың сапалық реакцияларын және денатурациясын білу;
11.5.1.17 - нуклеин қышқылдары туралы жалпы ұғымды және олардың жіктелуін білу;
11.5.1.18 - ДНК құрылымының моделін сипаттау;
11.5.1.19 - гендік инженерия мен биотехнологияның маңыздылығын түсіну;
11.5.1.20 - дәрумендер мен гормондардың адам ағзасындағы функциясын сипаттау;
11.5.1.21 - кейбір дәрумендердің табиғаттағы көздерін білу

14. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
15. Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Химия» оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.


Параграф 3. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Химия» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар



  1. 10-сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырыбы/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны

Оқыту мақсаттары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет