2-тарау. «Химия» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Параграф 1. «Химия» оқу пәнінің мазмұны
4.»Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
10-сыныпта аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
11-сыныпта аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады:
1) заттардың бөлшектері
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
3) химиялық реакциялардың энергетикасы
4) химия және қоршаған орта
5) химия және өмір.
6. «Заттардың бөлшектері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) атомдар, иондар және молекулалар
2) атом құрамы мен құрылысы
3) атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы
4) химиялық байланыстардың түрлері.
7.»Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) периодтық заң мен периодтық жүйе
2) заттар массасының сақталу заңы
3) стандартты электрондық потенциалдар.
8.»Химиялық реакциялардың энергетикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар
2) химиялық реакцияның жылдамдығы
3) химиялық тепе-теңдік
4) қышқылдар мен негіздер теориясы. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер.
9.» Химия және қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жер химиясы
2) көміртек және оның қосылыстары.
10.» Химия және өмір» бөлімі «Биохимия» бөлімшесінен тұрады.
11. «Химия» оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Атом құрылысы». Атом – күрделі бөлшек. Атом құрылысының заманауи теориясы; атомдағы электрон күйі және қозғалысы; квант саны; Паули принципі; Хунд ережесі; изотоптар. Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса.
№1көрсетілім «Атом құрылысы моделі».
«Орташа салыстырмалы атомдық массаны есептеу» тақырыбына есептер шығару.
2) «Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі». Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысы тұрғысынан; атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі; атомның тотығу дәрежесі; негізгі топшада және периодта элемент қасиеттерінің периодты өзгеруі; периодта және топта қосылыстардың қышқылды-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.
3) «Химиялық байланыс». Ковалентті химиялық байланыс; ковалентті байланыстың донорлы-акцепторлы механизммен түзілуі; электртерістілік және байланыс полярлығы; ионды химиялық байланыс және иондық кристалдық тор; металдық байланыс және металдық кристалдық тор; сутектік байланыс; заттардың қасиеттерінің оның құрылысына тәуелділігі.
№2 көрсетілім «Графит, алмаз, көміртегі (IV) оксидінің кристалдық тор моделі».
№3 көрсетілім «Натрий хлоридінің, мыстың кристалдық тор моделдері»;
№ 1 зертханалық тәжірибе « Әр түрлі химиялық байланысты заттардың молекуласын даярлау. Әр түрлі кристалдық торы бар заттардың қасиеттерін зерттеу».
4) «Химиялық реакциялар заңдылығы». Химиялық реакциялардың жіктелуі; жай, бинарлы және күрделі бейорганикалық заттардың қатысуымен тотығу-тотықсыздану реакциялары; заттар массасының сақталу заңы; тұз ерітінділерінің және балқымаларының электролизі; қышқыл, сілті, тұз ерітінділерінің рН-і; тұздар гидролизі, химиялық реакциялардың жылу эффектісі және оның маңызы.
№4 көрсетілім «Өнеркәсіптік үдерістер электролизінің бейне көрсетілімдері: мыс, алюминий, натрий гидроксиді және хлоридінің, аммиактың, күкірт қышқылының өнеркәсіптік өндірісі».
«Заттар массасының сақталу заңы» тақырыбына есептер шығару.
№ 2 зертханалық тәжірибе «Қышқыл, сілті, тұз ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі».
№5 көрсетілім «Экзо- және эндотермиялық реакциялар».
5) «Кинетика». Химиялық реакция жылдамдығы; химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар; катализаторлар мен ингибиторлар;
№ 3 зертханалық тәжірибе «Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға - температура, концентрация, қысым - тәуелділігін тану».
6) «Химиялық тепе-теңдік». Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принципі; судың иондық көбейтіндісі.
7) «Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы». металдар мен бейметалдар, олардың қосылыстарының қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі; металдар және бейметалдар: негізгі физикалық және химиялық қасиеттері; металдардың электрохимиялық кернеу қатары.
№4 зертханалық тәжірибе «Типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттері».
8) «Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары». Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s-элементтердің орны, атом құрылысының ерекшелігі; натрий, калий, кальций, магний және олардың маңызды қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, кальций мен магнийдің биологиялық маңызы.
№6 көрсетілім «Натрий, калий және кальцийдің сумен әрекеттесуі. Натрий, калий және кальций иондарына сапалық реакция (жалын түсінің өзгеруі).
№5 зертханалық тәжірибе: «Натрий, калий, кальций, магнийдің маңызды тұздарының үлгілерімен танысу, металдардың химиялық белсенділігін салыстыру».
9) «Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары». d-элементтердің периодтық жүйедегі орны; Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары; коррозия түрлері және коррозияның алдын алу шаралары.
№6 зертханалық тәжірибе «Cu2+, Zn2+, Fe2+, Fе3+, Cr3+иондарына сапалық реакция».
10) «Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары». Периодтық жүйедегі р-элементтердің орны; азот молекуласы құрылысы мен қасиеттерінің ерекшеліктері; алюминий және олардың қосылыстары; көміртек, кремний және олардың қосылыстары; аммиак, аммиакты өнеркәсіпте алу, ортофосфор қышқылы; азот оксидтерінің, нитраттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері; күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, күкірт қышқылын алудың жанасу әдісі, күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар, олардың қасиеттері; галогендер; адам ағзасындағы йодтың биологиялық ролі.
№7 көрсетілім «Еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция).
№1 практикалық жұмыс «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару.
12. «Химия» оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Жасыл химия». «Жасыл химияның» 12 принципі.
2) «Периодтық заң мен периодтық жүйе». Радиоактивті зат, ядролық реакциялар туралы түсінік.
№ 1 практикалық жұмыс «Ядролық реакциялар теңдеулерін құрастыру»
3) «Органикалық химияға кіріспе». А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидалары; изомерия және гомологтық қатар; бос радикалдар және олардың тірі ағзалар өміріндегі маңызы; органикалық заттардың номенклатурасы мен жіктелуі; органикалық қосылыстардың табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы.
№1 көрсетілім « Органикалық затттар үлгілері (мұнай, керосин, этанол, глицерин, глюкоза, сахароза, парафин, мақта, ағаш сүрегі)».
4) «Көмірсутектер және олардың көздері». Алкандар; циклоалкандар, алкендер; алкадиендер, алкиндер; полиэтилен; каучук.
№2 көрсетілім «Метан, этилен, ацетиленнің жануы. Каучуктер.резина, эбонит үлгілерімен танысу».
№1 зертханалық жұмыс «Этиленнің, ацетиленнің, мұнай мен бензолдың перманганаты және бром/ йод суы ерітінділеріне әсері».
№2 зертханалық тәжірибе «Бензол молекуласының моделін құрастыру».
5) «Оттекті органикалық қосылыстар». Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы; біратомды және көпатомды спирттер; альдегидтер, кетондар, фенол; карбон қышқылдары; эфирлер.
№3 зертханалық тәжірибе «Этанолды этилен гидратациясы және глюкозаның ашуы арқылы алу».
№4 зертханалық тәжірибе «Спирттердің суда еруі, жануы және біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялары».
№5 зертханалық тәжірибе: «Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу»
6) «Оттекті органикалық қосылыстар». Жай және күрделі эфирлер; майлар; сабын және жуғыш заттар; Қазақстандағы сабын және синтетикалық жуғыш заттар өндірісі; көмірсулардың жіктелуі, биологиялық рөлі; моносахаридтер; глюкоза; фруктоза; сахароза; крахмал; целлюлоза.
№ 6 зертханалық тәжірибе «Тамақ өнімдеріндегі крахмалды анықтау».
7) «Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Нуклеин қышқылдары». Анилин; аминқышқылдары; нәруыздар.
№3 көрсетілім: «Нәруыздардың еруі және тұнбаға түсуі, белоктар денатурациясы;белоктардың жануы (жүн, құс қауырсыны).
№7 зертханалық тәжірибе: «Нәруыздардың түсті реакциялары».
№4 көрсетілім «ДНК мен РНК молекулаларының модельдері».
7) «Жасанды және синтетикалық полимерлер Химия адам өмірінде».
Жасанды және синтетикалық полимерлер; пластмассалар, каучуктер, талшықтар; Қазақстандағы полимерлер өндірісі; дәрумендер және гормондар туралы түсінік; биогенді органикалық заттардың рөлі.
№5 көрсетілім «Пластмассалар,синтетикалық каучуктер және талшықтар үлгілерімен таныстыру».
Достарыңызбен бөлісу: |