ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 10
Тақырыбы: Жұмыртқаның сарысынан фосфатидилхолин алу және олардың гидролизі өнімдерін анықтау.
Фосфолипидтердің негізгі бөлігін фосфатид қышқылының туындылары – фосфатидтер құрайды (негізінен фосфатидилхолиндер (лецитиндер), фосфатидилетаноламиндер (цефалиндер) және фосфатидилсериндер). Сонымен қатар, тіндерде фосфатидилинозитолдар, сфинофосфатидтер және дифосфатидилглицериндер, атап айтқанда иммуномодуляциялық әсер көрсететін кардиолипин болады. Фосфолипидтер негізінен биологиялық мембраналарда, олардың негізгі липидті компоненті болып табылады.
Реактивтер: 1) жұмыртқаның сарысы; 2) cпирт; 3) ацетон; 4) NaOH, 10% ерітінді;
5) CdCl2, қаныққан ерітінді; 6) HCl, 10% ерітінді; 7) Na2CO3, сухой; 8) KNO3, құрғақ;
9) HNO3, 10% р-р; 10) молибден реактиві, 11) H2O, дист
Жұмыртқаның сарысынан фосфатидилхолиндерді алу. Бір тауық жұмыртқа сарыуызының 1/5 бөлігін стаканға салып, араластыра отырып, 10-15 мл ыстық спирт қосады. Қоспаны салқындатып құрғақ түтікке сүзеді. Егер фильтратта лайлану пайда болса, онда сүзу толығымен мөлдір ерітінді алынғанша қайталанады.
Ацетонмен тұндыру. Пробиркаға 2-3 мл ацетон құйылады және алынған фильтраттың біразын тамшылатып қосады. Ацетонда лайланудың пайда болуы байқалады. Бұл холинфосфатидтердің болуын дәледейді, олар ацетонда ерімейді.
Эмульсиялану. 2-3 мл фильтратқа тамшылатып дистилденген су қосылады. Фосфатидилхолиндердің тұрақты эмульсиясының түзілуі байқалады.
Фосфатидилхолиндерді кадмий хлоридімен тұнбаға түсіру. Құрғақ пробиркаға 5 тамшы фосфатидилхолиндердің спирттік ерітіндісін құйып, кадмий хлоридінің қаныққан ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосыңыз, нәтижесінде тұнба пайда болады.
Фосфатидилхолиндердің гидролизі. Фосфатидилхолиндердің қалған спирт ерітіндісіне 3-5 мл 10% каустикалық натрий ерітіндісі қосылады және 5-10 минут қайнатылады. Фосфатидилхолиндердің гидролитикалық ыдырауы нәтижесінде холин, май қышқылдарыны және глицеринфосфат қышқылы түзіледі. Қыздырған кезде холиннен түзілетін триметиламинге тән майшабақ тұздығының иісі немесе лакмус сынағының көк түсі сезіледі. Келесі сынамаларда гидролизатта май қышқылдарының, глицериннің, фосфор қышқылының болуы анықтайды.
Глицеринді анықтау. Құрғақ қалдықтың бір бөлігінде глицериннің болуы акролеин сынамасы арқылы анықталады немесе сілтілі ортада мыс гидроксидінің ерітіндісімен сапалық реакцияны жасайды (№9 зертханалық жұмысты қараңыз).
Бос май қышқылдарын анықтау. Ерітіндіні аз мөлшерде сумен сұйылтады және 10% HCl ерітіндісімен қышқылдайды, бос май қышқылдары тұнбаға түседі. Тұнбаны сүзеді, фильтратты 10% сілті ерітіндісімен (лакмус қағазы немесе басқа да индикаторлардың түстері өзгеру бойынша) бейтараптандырады және су моншасында құрғағанша буландырады.
Фосфорды анықтау. Құрғақ қалдықтың бір бөлігі фарфор тигельге ауыстырылады және 2 бөлік натрий карбонаты мен 1 бөлігі калий нитратынан тұратын қоспаның екі-үш еселенген мөлшерімен мұқият араластырады. Тигель қақпақпен жабып, ақырын қыздырады.
Реакция қарқынды, тіпті кейде кішкентай жарқылмен бірге жүруі мүмкін. Тигельді салқындатқаннан кейін сұр-қоңыр күлді азот қышқылының 10% ерітіндісінде ерітеді (тамшылап қосады, таяқшамен ысқылайды) және алынған ерітіндіде фосфор қышқылы аммоний молибдаты немесе магнезия қоспасы арқылы анықталады, ол үшін зерттелетін ерітіндіні 2 мл молибден реактивіне бөліктеп қосылады. Қоспа аздап қызады. Аммоний фосфомолибдатының сары-жасыл тұнбасы түзіледі:
Студент сынама нәтижелерін зертханалық дәптерге жазып, түсіндіреді!!!
ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕПТЕР ПЕН ЖАТТЫҒУЛАР
Жаттығулар:
Ацетоацетаттың активтену реакциясын жазыңыз. Осы реакцияны катализдейтін фермент бауырда жоқ, сондықтан бауыр кетон денесін энергия ретінде пайдаланбайтыны туралы белгілі. Осы ферментті атаңыз және ферменттердің қай класына жататынын көрсетіңіз.
Қанда кетон денелерінің мөлшері артқан. Осындай күй қалай аталатынын жазыңыз. Қандағы кетон денелерінің деңгейінің күрт жоғарылауы қандай жағдайға әкелуі мүмкін? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Ловастатин (мевакор, мевинолин) жоғары тиімді гипохолестеринемиялық (антиатеросклеротикалық) препарат болып табылады. Ловастатиннің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
Ацетил-КоА-ның артық мөлшерде түзілуі және оның тотығуы барысында толық жұмсалмауы несімен қауіпті екенін түсіндіріңіз.
Дайындалуға ұсынылатын электронды ресурстар:
Тақырып бойынша видео-дәріс УМКД-ге жүктелген
Плешкова С.М. және басқалары «Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы» 2.Бөлім.. «Заттар алмасуы және оның реттелуі»;– Алматы, 2009 - https://drive.google.com/file/d/1E4a1Ys8kEfq8RtWW2SPK-4QId1XLU_rT/view?usp=sharing
Достарыңызбен бөлісу: |