Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет18/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі

14. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқыту мақсатының реттік саны.


15. Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген.
1) түсіну және жауап беру:



Білім алушылар:




10-сынып

11-сынып

1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну

11.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну

2. Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

3. Көркем шығармадағы образ

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету

4. Шығарма үзінділерімен жұмыс

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру

11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану

5. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу

10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

11.1.5.1 шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

2) анализ және интерпретация:





Білім алушылар:




10-сынып

11-сынып

1. Әдеби шығарманың композициясы



10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын
уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

2. Автор бейнесі

10.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау

11.2.2.1 автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау

3. Көркем шығарманың тілі

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау

11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау

4. Шығармашылық жұмыс

10.2.4.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

5. Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар

10.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту

11.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау

3) бағалау және салыстыру:





Білім алушылар:




10-сынып

11-сынып

1. Тарихи және көркемдік құндылығы

10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

2. Заманауилығы мен жаңашылдығы

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру

11.3.2.1 көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру

3. Әдеби эссе



10.3.3.1 шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

11.3.3.1 шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

4. Әдеби сын

10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазу

16. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
17. Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет