1-параграф. «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мазмұны
27. «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сынып –аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағатты;
2) 11-сынып –аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағатты)құрайды.
28.Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген).
29. «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
30. Оқу пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды:
10-сыныпта:
1) өркениет: даму ерекшеліктері;
2) этникалық және әлеуметтік процестер;
3) мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан;
4) мәдениеттің дамуы.
11-сыныпта:
1) өркениет: даму ерекшеліктері;
2) саяси-құқықтық процестер;
3) қоғамдық-саяси ойдың дамуы;
4) білім мен ғылымның дамуы.
31. «Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы;
2) Ұлы дала өркениеті;
3) Орталық Азия және әлемдік өркениет.
32. «Этникалық және әлеуметтік процестер» бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) қазақ халқының шығу тегінің бастауы;
2) дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы.
33. «Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан» бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттер;
2) Ұлы даланың көшпенді империялары;
3) қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет;
4) тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту.
34. «Мәдениеттің дамуы» бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы;
2) кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті;
3) ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет.
35. «Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) қазақтардың тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі;
2) дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері;
3) Қазақстанның қазіргі замандағы әлеуметтік- экономикалық дамуы.
36. «Саяси-құқықтық процестер» бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасу тарихы;
2) Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты.
15. «Қоғамдық-саяси ойдың дамуы» бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың эволюциясы;
2) «Алаш» – қоғамдық ой және ұлттық идея;
3) «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын біріктіруші негізі.
37. «Білім мен ғылымның дамуы» бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ортағасырлық Қазақстанның ғылыми мұрасы;
2) XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы;
3) қазіргі кезеңдегі Қазақстандық білім және ғылым жүйесі.
38. Оқыту мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.
39. Оқу бағдарламасы базалық тарихи ойлау дағдыларын: тарихи деректердің интерпретациясы, уақыт пен кеңістікте бағдарлану, тарихи талдау және түсіндіруді қалыптастыруға бағытталған.
40. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқыту мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктерге) негізделеді:
1) өзгеріс пен сабақтастық;
2) себеп пен салдар;
3) дәлел;
4) ұқсастық пен айырмашылық;
5) маңыздылық;
6) интерпретация.
41. Тарихи концептілер негізінде оқытудың күтілетін нәтижелері:
1) «Өзгеріс пен сабақтастық» бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды; сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді; тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;
2) «Себеп және салдар» бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді; тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды;
3) «Дәлел» бойынша білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтардың ерекшеліктерін талдайды, тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды, өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдайды;
4) «Ұқсастық пен айырмашылық» бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады;
5) «Маңыздылық» бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды;
6) «Интерпретация» бойынша білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды.
42. 10-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
өркениет: даму ерекшеліктері. Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы. «Орталық Азия» ұғымының тарихи және географиялық аспектілері. Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы. Орталық Азия өркениеттері пайда болуының факторлары. Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктері. Ұлы Дала өркениеті. «Ұлы Дала» ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы. Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі). Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктері. Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті. Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығы және өзара байланысы. Ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсері. Орталық Азия және әлемдік өркениет. Орталық Азия халықтарының әлемдік материалдық мәдениеттің дамуына қосқан үлесі. Орталық Азия халықтарының әлемдік рухани мәдениеттің дамуына қосқан үлесі.
этникалық және әлеуметтік процестер. Қазақ халқының шығу тегі. «Антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдары. Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер. Қазақ этносының қалыптасуы – көп ғасырларлық этникалық процестердің нәтижесі. Мәдени-генетикалық код - ұлттың негізі. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы. Қазақтарда ру-тайпалық құрылым қалыптасуының тарихи шарттары. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының эволюциясы. Туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызы. «Ауызша тарихнама», «шежіре», «ру», «тайпа», «ата-жұрт», «атамекен», «ел» ұғымы. Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасыуының біріктіруші рөлі. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі. «Ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдары. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың қызметі.
мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан. Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттер. Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы. «Мемлекет», «билік», «саяси ұйым» ұғымдары. Ұлы Дала көшпенділерінің империялары. Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Ұлы Түрік қағанатының қалыптасуы мен дамуы. Түркі империясының мұрагерлері. Мемлекеттік құрылым түрлерінің сабақтастығы. Ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігі. Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы түркі империясының рөлі. Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері. Шыңғысханның әлем тарихындағы рөлі. Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуы. XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігі және олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер етуі. Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет. Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығы. Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі. Қазақ хандарының Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі. Қазақ хандығының саяси институттары. Мемлекеттік құрылым түрлерінің сабақтастығы. Бабаларымыздың ұлан-ғайыр аумақты қорғап сақтаудағы рөлі. Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы. Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуы. Қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген ұлт-азаттық күресі. Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендіктің қалпына келтірілуі. Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі. «Автономдық кеңес республикасы», «Кеңес одағы республикасы», «унитарлы мемлекет» ұғымдары. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтары. Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы. Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі – тарихи процестердің заңды нәтижесі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стратегиялары мен бағдарламалары;
4) мәдениеттің дамуы. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы. Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері. «Мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» ұғымдары. Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің эволюциясы және сабақтастығы. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. «Әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», «діл (менталитет)» ұғымдары. Қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтары: әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрмет көрсету- шынайы патриотизмнің көрінісі. Дала өркениеті тарихымен мәдениетінің ескерткіштері. Тарихи және мәдени ескерткіштердің классификациясы. Қазақстанның рухани құндылықтары – ұлттық бірегейліктің негізі. Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы: бастауы, дәстүрі, қазіргі уақыттағы дамуы. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның мәдениеті. Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. Жаңа бағыттар мен жанрлар. Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет. Қазақстандық мәдениеттің дамуы. Жаңа бағыттар мен жанрлар. Халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесі.
43. 11-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
өркениет: даму ерекшеліктері. Қазақтардың тіршілігін қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі. Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік. Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсері. «Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі», «қоныстану жүйесі», «экожүйе» ұғымдары. Дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерінің классификациясы. Қазақ халқының тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесіндегі кәсіптері мен қолөнері. Қазақтардың қолөнері мен кәсіптерінің этнографиялық зерттелуі. Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдары. Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі. Отырықшы және көшпенді халықтардың экономикалық және мәдени өзара қарым-қатынасы және өзара әсері. Қазақстанның қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы. «Экономикалық жүйе», «дәстүрлі (аграрлы) экономика», «жоспарлы (социалистік) экономика» ұғымдары. ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторлар. Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдері. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болашағы.
саяси-құқықтық процестер. Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасу тарихы. «Аграрлық саясат», «көші-қон саясаты», «моноэтностық құрам» ұғымдары. Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдері. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы полиэтникалық қоғамның қалыптасуы. «Депортация», «арнайы қоныс аударылғандар», «полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат», «интернационализм» ұғымдары. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлері. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты. «Көші-қон», «эмиграция», «иммиграция», «репатриант», «диаспора», «ирридента» ұғымдары. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтары. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі. Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі.
қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ойдың эволюциясы. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы. «Зар заман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары. «Алаш» – қоғамдық ой және ұлттық идея. «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері. Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастары («Алаш» қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары). «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы – ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын біріктіруші негіз. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізі. Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары. «Мәңгілік Ел» идеясының біріктіруші құндылықтарының маңыздылығы. Мемлекеттің идеология саласындағы саясаты(«Мәңгілік Ел» – патриоттық актісі» және «Қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы»).
білім мен ғылымның дамуы. Ортағасырлық Қазақстанның ғылыми мұрасы. Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы. Ортағасырлық Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен ойшылдары. XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы. XVIII-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы зерттеулер. Зерттеушілердің Қазақстандағы ғылымды дамытуға қосқан үлесі. XIX ғасырда Қазақстанда оқу орындарының пайда болуы мен дамуы. XIX ғасырда -ХХ ғасырдың басында Қазақстанда өмір сүрген білім беру мекемелерінің ерекшеліктері. Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтары. Сауатсыздықты жою. Мектептік, кәсіби және жоғары білім беру. Кеңестік білім беру жүйесінің реформалары. Қазақстан ғылымын дамытудағы Қазақ КСР Ғылым академиясының рөлі. Қазақстанның көрнекті ғалымдары. Кеңестік саяси жүйе жағдайында Қазақстан ғылымы дамуының қиындықтары және қарама-қайшылықтары. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім және ғылым жүйесі. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесінің дамуы: жетістіктері, проблемалары және болашағы. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жаңғыртылуы. Қазақстанның әлемдік білім және ғылым кеңістігіне кірігуі. Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы стратегиялары мен бағдарламалары. Қазақстан Республикасының «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы. Қазақстан Республикасының инновациялық ғылыми және білім беру ұйымдары.
Достарыңызбен бөлісу: |