Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)



бет1/2
Дата17.04.2017
өлшемі0,49 Mb.
#14104
  1   2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ




ҚАЗАҚ ТІЛІ
Жалпы орта білім беру деңгейінің

қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған

оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілінде)

Астана






Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы
10 сәуірде № 8424 тіркелген.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы
14 шілдеде № 11659 тіркелген.

Қазақ тілі: Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде). – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 19 б.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2015.
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы «18 » маусымдағы

№ 393 бұйрығына 4-қосымша


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№115 бұйрығына 59-қосымша



Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен

типтік оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілінде)
1. Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Қазақ тілін бейіндік бағытта тереңдеп оқытуда тілдің коммуникативті, эстетикалық және кумулятивтік қызметі назардан тыс қалмауы керек. 10-11-сыныптарда оқытылатын сөз мәдениеті және шешендік тілдің жоғарыда айтылған қызметтерін тереңдеп оқытуға бағытталған. Мұнда адамдардың өзара түсінісуі белгілі бір жағдаяттарда, нақтылы тіл бірліктерінің қызмет етуі нәтижесінде толыққанды ақпараттар жүйесі арқылы жүзеге асатынын, адамның тіл байлығы және жан дүниесі, мінез-құлқы сөйлеу барысында, тілдік қарым-қатынас үстінде көрінетіндігі зерделенеді.

3. Сөйлесім әрекетін қарастырғанда оның өзіне тән бірліктерін, сөйлеу нормаларын, сөз мәдениетіне қатысты ұғым-түсініктерді жүйелі түрде жан-жақты оқыту қажеттігі туындайды.

4. Түрлі стильдік жанрдағы тілдің қолданыс ерекшелігін мәтін мазмұнын құраушы мүшелердің құрылымдық-стилистикалық ерекшеліктерінен шығарып, публицистикалық, ғылыми, ауызекі сөйлеу және көркем шығармадағы лексика-семантикалық сипатты салыстыра анықтайды, мәтіннің тілдік-құрылымдық жүйесін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздейді.

5. XXI ғасыр үдерісіндегі жаңа қоғамдағы тілдің коммуникативтік қызметін, БАҚ құралдарының тілін, ресми тілдің стильдік ерекшеліктерін, функционалдық стильдердегі өзгерістерді, тілді қолданушының тілдік-стильдік белсенділігін бейіндік бағытта оқып жүрген оқушы өз танымы мен қолданысы арқылы саралайды.

6. Тілді тереңдеп оқытатын мектептерде оқушылар тілдің құрылымдық жүйесін, сөз мағынасын, жұмсалу ерекшеліктерін, мәтін ішіндегі сан түрлі қызметін, сөз тіркесу заңдылықтары мен сөйлем түрлерін тереңдеп оқып, ғылыми ізденістерге барады, тілдің табиғатын ғылыми тілде түсіндіреді.

7. Пәнді оқытудың басты мақсаты – ұлттық және әлемдік құндылықтарды салыстыра түйін жасай алатын, Қазақстан Республикасы халықтары мен әлемдік қоғамдастықтың мәдениетін игерген, қоғамда қолдануын талап етілетін тілдердің коммуникативтік құзіреттіліктерін игерген Тұлғаның даралануы мен әлеуметтенуіне мүмкіндік жасайтын тілдің лексика-фразеологиялық, грамматика-стилистикалық, мәдени-этикалық және шешендік нормаларын меңгерту, жоғары деңгейде күрделендірілген түрлі жанрдағы мәтінді салыстыру, талдау, ойқорыту әрекеттерін жетілдіру, мәтін түрлеріне сай тілдік бірліктерді қолдана алу біліктілігін арттыру.

8. Пәнді оқытудың міндеттері:

1) қазақ тілінің байырғы тіл екендігін тіл дамуындағы кезеңдерді оқыту арқылы меңгерту;

2) қазақ тілінің байлығын мәдени мұралар тілін талдату арқылы игерту;

3) сөз байлығы ұғымына енетін лексика-фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерді меңгерту;

4) жазудың тарихын оқыту арқылы қазақ халқының ежелгі мәдениетін таныту;

5) қоғам дамуындағы тілдің қызметін негіздеу;

6) тілдің табиғи қасиеттері мен функционалды қасиеттерін ажырата білгізу;

7) тілдік құзіреттілікті қалыптастыратын тәсілдерді меңгерту;

8) сөз сапасына әсер ететін тілдік шарттарды меңгерту;

9) заттар мен құбылыстарды бейнелеп айту тәсілдерін игерту;

10) стиль түрлеріне сай тілдік бірліктерді таңдап қолдануға төселдіру;

11) сөйлесім әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;

12) сөйлеу өнерінің талаптарына сай тілді жұмсау біліктілігін дамыту;

13) ұлттық этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;

14) сөз мәдениеті мен шешендіктің бірлігін, сабақтастығын таныту;

15) шешендік өнердің тұлға қалыптастырудағы және тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлін пайымдату;

16) шешендік өнердің адамның мінез-құлқын тәрбиелеудегі күшін таныту;

17) пікірталас мәдениетіне төселдіру;

18) мәтін құраудың және диалогқа түсудің амал-тәсілдерін меңгерту.

9. Пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымын молайтып, қазақ тілін басқа ғылым негіздерімен ұштастыра меңгеруіне жол ашады. Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін төменде көрсетілген пәндермен байланыстыру көзделеді.

1) «Қазақ әдебиетімен»:

қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты;

тіл – әдебиеттің бірінші элементі;

қазақ тілін оқытып-үйретуде кез келген көркем туынды;

әдеби шығарма тіл үшін құнды материал болып саналады, көркем шығармаларды оқу барысында стиль түрлерінің авторлық қолданысын ажырата білу,

әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік тәрбие беру, әдеби шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету көзделеді;

2) «Қазақстан тарихымен»:

Қазақстан тарихы пәнімен байланыстырып оқыту оқушының тілді ұлттық құндылық ретінде тануына мүмкіндік береді;

тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді;

қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;

3) Жаратылыстану циклі пәндерімен:

тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады;

биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді;

басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты;

тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады;

дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты;

танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.

10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

11. Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, эссе, диктант, т.б.) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

12. Оқушылардың тілдік біліктілігін одан әрі жетілдіре түсу және сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктеріне сай сөйлесім дағдыларын жетілдіру, пікірталас әдебін меңгерту мақсатында арнайы сабақтар ұйымдастырылады.

1) 10-сыныпта: «Сөз байлығы»; «Тілдік норма және стиль», «Этнолингвистикалық атаулар сыры», «Сөз мәдениетінің негіздері» ;

2) 11-сыныпта: «Ұлттық шешендіктанудың алғашқы бастаулары», «Шешендік сөз – шеберлік өрнегі», «Журналистика және баспасөз негіздері», «Пікірталас мәдениеті» сияқты үлгі-тақырыптар ұсынылады.
2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны
13. Сөз мәдениеті.

1) кіріспе - 1 сағат (Тіл – рухани қазына. Сөз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі. Сөз– адам болмысының айнасы, өмірлік әрекетінің негізгі құралы. Сөз мәдениеті пәніне қатысты ұғымдар);

2) тіл – тарихи құндылық - 2 сағат (Тіл – этностың рухани мәдениетін жасаудың, дүниені тануының, өзін-өзі сақтауының құралы. Тілдегі эстетикалық, логикалық таным іздері. Лингвоэкология ұғымының пайда болуының шарттары. Этномәдени лексика. Тілдердің әлемдік қарым- қатынастағы орнына қарай жіктелуі. Тіл - ұлттық қауіпсіздіктің кепілі);

3) қазақ тілінің түп-тамыры - 10 сағат:

қазақ тілі – түпкі түрін сақтаған байырғы тіл (Қазақ тілі түркі тілдер семьясының батыс ғұн бұтағына, оның ішінде қыпшақ тобына енетіні. Түркітану ғылымында түркі тілдерінің дамуын (Н.Баскаков) алты кезеңге бөліп қарастыру. Жазба мұралардағы әріп таңбаларының қолданылуы);

ескі қазақ жазба тілі (Ескі қазақ жазба тілінің қалыптасуы. Араб әліпбиі негізіндегі ескі жазба тіл. Қазақ хандығынан бастап XX ғасырдың басына дейінгі аралықтағы ескі жазба тілдің қолданылуы. Ескі қазақ жазба тілінің қазақ қоғамы үшін маңызы. Жазба тілінің үш элементі. Ескі жазба тілдің әлеуметтік мәні);

төте жазу (Жазу-сызуды демократияландырудағы А. Байтұрсынұлының реформасы. Тұңғыш қазақ әліпбиі. Жаңа жазу – халықтық тілді қолданудың жүйесі. Тілдің заңдастырылған жазу нормалары. Төте жазудың халықтық, әлемдік деңгейде бағалануы. Төте жазудың кеңестік кезеңдегі тағдыры. Қазақ тілінде пайдаланылған алфавиттер);

қазақ тілі – кемелденген тіл (Тіл кемелдігіне тән объективтік белгілердің қазақ тілінің құрылымдық жүйесінен табылуы. Тілдің грамматикалық дамуының көрсеткіштері. Сөз байлығы-тіл дамуының басты белгісі. Шешендік (бейтарап, кітаби, сөйлеу тілі) жүйе - кемелденген тілдің белгісі. Тілдің дамуындағы қазақ этносының қалыптасу тарихының рөлі;

қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі (Ұлттық тілге тән белгілер. Қазақ тілі – ұлт тұтастығын нығайтудың кепілі. Қазақ тілінің әлеуметтік мүмкіндіктері. Жалпыхалықтық тілдің ең жоғарғы формасы - әдеби тіл. Әдеби тілге нәр беретін қайнар көздер. Әдеби тілдің қалыптасуы мен дамуындағы сөз зергерлерінің орны. Қоғам дамуындағы тілдің қызметі, тіл мен қоғам дамуының өзара әсері);

қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін бекітетін құжаттар. Мемлекеттік тілдің қызмет етуінің алғышарттары, сыртқы және ішкі факторлар. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі. Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруының шарттары. Олардың тіл мәдениетін арттырудағы мәні);

4) әдеби тілдің стильдік тармақтары және олардың айырым белгілері - 14 сағат:

сөйлеу тілі туралы түсінік (Қазақ әдеби тілінің белгілері. Әдеби тілдің стильдік тармақтары. Кітаби тілдің ерекшеліктері, ауызша және жазбаша түрлері. Кітаби тіл мен сөйлеу тілінің ортақ белгілері);

сөйлеу тілі және оның айырым белгілері (Сөйлеу тілінің қолданылатын орындары. Сөйлеу тілінің мақсаты. Сөйлеу тілінің лексикалық ерекшеліктері. Сөйлеу тілінің фонетикалық–морфологиялық ерекшеліктері, синтаксистік ерекшеліктері);

кітаби тіл және оның айырым белгілері (Кітаби тілдің өзіндік белгілері. Кітаби тілдің стильдік тармақтары. Монологтың түрлері: сипаттау, баяндау, пайымдау, олардағы кітаби тілдің қолданылу сипаты);

кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары (Орфографиялық нормалар. Морфологиялық қағидат. Фонетикалық қағидат. Тарихи-дәстүрлік қағидат. Айырым қағидаты. Орфоэпиялық нормалар: сөз үндестігі, сөз екпіні, интонациялық құрылымдар. Орфоэпиялық нормалардың орнығуының алғышарттары);

5) әдеби тіл нормалары - 8 сағат:

тілдік жүйе және норма (Тілдік норманың анықтамасы. Әдеби тілдің «заңдастырылған» нормасы. Тілдік норма-әдеби тілдің ең маңызды элементі. Тілдік норма мен тілдік жүйенің өзара байланысы);

тілдік норма және дағды (Тілдік жүйе мен тілдік дағдының өзара үйлесімі мен қайшылықтары. Тілдік жүйе мен тілдік дағдының тілдік нормаға айналуы);

қатаң норма (Қатаң норманың тіл жүйесімен бұлжымас бірлігі. Қатаң норманың қалыптасуы. Фонетикалық, лексикалық қатаң нормалар);

босаң норма (Босаң нормалардың қолданылуының себептері. Босаң норма –тілдің түрленуінің көрінісі. Босаң нормалардың тіл мәдениетіне қатысы);

тілдік норма және стиль (Вариант сөздердің тіл нормасымен қатысы. Жарыспалы қолданыстардың стильдік реңктері. Терминдер мен терминдік ыңғайдағы сөздердің экспрессиялық баламалары, олардың тілдегі рөлі);

тілдік норма және жаңа қолданыстар (Әдеби тіл нормасының өзіндік ерекшеліктері. Тілде жаңа қолданыстардың туу үрдісі, олардың қоғамда қабылдануы. Жарыспалы сөздерді саралап қолдану шарттарының сөз мәдениеті мен байланысы);

6) сөз сапасы - 14 сағат:

сөз сапасы туралы түсінік (Сөз сапасының тілдік емес шарттары. Сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы тілдік қарым- қатынасқа әсер ететін әлеуметтік факторлар. Сөз сапасына әсер ететін тілдік шарттар. Әдеби тіл нормасын сақтау, сөздерді талғап, саралап, «таза» қолдану. Сөз сапасына кері әсер ететін қолданыстар);

сөз дұрыстығы (Сөз дұрыстығы ұғымы. Сөздің, грамматикалық тұлғалардың, сөйлемнің орынды жұмсалуы. Сөздің рөлі. Ұғымды, заттарды, құбылыстарды бейнелеп айту тәсілдері);

сөз байлығы (Сөз оралымдығының бір шарты – сөз байлығы. Сөз қайталаудың сөз сапасына кері әсері. Сөз байлығы ұғымына енетін лексика –фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелер. Сөз байлығының стиль түрлерімен байланысы. Лексикологиялық сөздіктер арқылы сөз байлығын болжау мүмкіндігі);

сөз тазалығы (Тіл мәдениетінің маңызды сапасы – тіл тазалығы. Тілдердегі сөз алмасу құбылысы. Сөз тазалығына жат элементтер. Әдеби тіл мен диалектизмнің арақатынасы. Тілдегі бейәдеби элементтер, олардың көркем әдебиетте қолданылуы. «Қыстырынды сөздердің» тілдік қарым – қатынасқа әсері);

сөз қысқалығы мен нұсқалығы (Сөйлемнің есім баяндауышқа аяқталуы – сөз жинақылығының белгісі. Аз сөзге көп мағына сыйдыру – шеберлік. Сөйлеу тіліндегі ықшамдылық, үнемділік. Сөздің қысқалығы мен нұсқалығына қойылатын талаптар);

сөз дәлдігі (Сөйлеудегі дәлдік ұғымы. Сөзді мағынасына лайық қолдану - сөз дәлдігінің талабы. Тілдегі паронимдер. «Зат» - «сөз» қатынастары. Мағыналас сөздерді талғап жұмсау – сөз сапасын арттыратын шарттың бірі. Сөз дәлдігіне қойылатын талап- логикалық дәлдік. Сөз дәлдігінің стильдермен байланысы);

сөз бедері және стиль (Сөз бедері туралы түсінік. Бедерлі сөздегі деректі, дерексіз ұғымдардың қолданылуы. Сөз бедерінің стиль түрлерімен байланысы);

сөйлеу тілінің стильдік бедері (Сөйлеу тілі бедерінің анықтамасы. Сөйлеу тілінің ерекшелігі және ондағы сөз бедерінің көрінісі. Өмірдегі және көркем әдебиеттегі сөйлеу тілі);

публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедері (Көпшілікке арналған мерзімді басылымдар тілінің ерекшелігі. Күнделікті қолданыстағы сөздердің қоғамдық пікір қалыптастырудың құралына айналу жолдары. Жағымды және жағымсыз мағынадағы сөздер);

ресми ісқағаздары тілінің сөз бедері (Күнделікті қолданыстағы сөздердің ресми іс қағаздар құралына айналу жолдары. Ісқағаздарындағы дайын сөз үлгілері мен тілдік стандарттар. Ұғым түрлері);

ғылыми әдебиет тілінің сөз бедері (Тұрмыстық және ғылыми ұғымдар. Ғылыми әдебиеттегі атаулардың ерекшелігі. Ғылыми әдебиет тілінің сөз бедері);

көркем әдебиет тілінің сөз бедері (Көркем әдебиеттегі сөз қолданысының ерекшелігі. Суреткердің сөз жұмсау шеберлігі. Өмір шындығы мен көркем қиял. Сөзбен «көркем сурет» салу өнері. Денотат және образ. Көркем әдебиет тілінің сөз бедері);

көркем сөз бедері (Болмысты нақты, өз бедерімен бейнелеудің айрықша тәсілдері. Шығарманың эстетикалық қуаты. Бейнелеуіш құралдардың сөз бедерін түзудегі мәні. Стильдік контраст. Бөгде стильдік элементтер. Сөз әсерлілігінің сөзге, мәтінге, тарауға, бөлімге тұтас шығармаға қатысы);

7) сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас – 15 сағат:

тілдік қарым-қатынас туралы түсінік (Қоғамдағы әдет-ғұрып, қарым-қатынас дәстүрі. Тіл-сезім білдірудің құралы. Сөйлеу этикеті ұғымы. Сөз мағыналарының құбылуы. Сыпайылықты білдіретін сөз орамдары, қаратпа сөздер. Сөйлесушілердің әлеуметтік белгілері. Сөздің ортаға байланысты қолданылу жағдаяты мен мәні);

әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі (Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөз түрлері. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың тілдік сипаты, тілдік құралдары. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынасқа тән сөз әдебі);

амандасу (Сәлемдесудің мақсаты. Сәлемдесу сөздерін талғап жұмсаудың талаптары. Амандасуға жататын сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Амандасу этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы);

қоштасу (Қоштасудың мақсаты. Қоштасу сөздерін талғап жұмсаудың талаптары. Қоштасуға жататын сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктері мен әлеуметтік сипат. Қоштасу этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы);

құттықтау (Құттықтаудың мақсаты. Құттықтау жағдаятына қатысты сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Құттықтау сипатындағы сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Құттықтау этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысты). Елбасының «Тәуелсіздік Толғауы» - құттықтаудың елдік мәні жоғары  түрі. Толғаудың стильдік-тілдік ерекшелігі. Толғау мәтініндегі синонимдер мен қаратпа сөздердің қолданысы;

көңіл айту (Көңіл айтудың мақсаты. Экспрессивті сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Көңіл айту ерекшелігіне сай таңдалған сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Көңіл айту этикеті: ұлттық дәстүр, жалпыадамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы);

тілек айту (Тілек айтудың мақсаты. Экспрессивті сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Тілек айтуға қатысты сөздегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Тілек айту этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы);

бата беру (Бата сөздің мақсаты. Батаға лайық сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Бата беруге қажетті сөздердегі мағыналық стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Бата беру этикеті: ұлттық дәстүр, жаңашылдық синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы);

қаратпа сөз әдебі (Қаратпа сөздерді қолданудың мақсаты. Қаратпа сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Қаратпа сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Қаратпа сөзді жұмсау этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы);

ресми-іскерлік қатынас және сөз әдебі (Ресми қарым-қатынастың анықтамасы. Ресми қатынасқа тән сипаттар);

ресми-іскерлік қатынас тілінің жазбаша түрі (Ресми іскерлік қатынастың жазбаша үлгілері. Мекемедегі. Іс қағаздарының түрлері, олардың құқықтық қатынасты реттеушілік рөлі. Жеке құжаттардың тілдік емес жақтары. Жеке құжаттардың тілдік (лингвистикалық) жақтары. Ресми құжаттардың сөз әдебіне(этикетке) қатысты жақтары);

ресми-іскерлік қатынас тілінің ауызша түрі (Ресми-іскерлік қатынастың ауызша түрлері. Ресми ауызша сөздің биік шыңы-шешендік сөз. Іскерлік қарым-қатынастың алғышарттары. Ресми-іскерлік қатынастағы сөздің тілдік жақтары. Ресми – іскерлік қатынастың тілдік емес (экстралингвистикалық) жақтары. Ресми-іскерлік қатынастың сөз әдебіне қатысты жақтары);

14. Қорытынды сабақтар - 4 сағат.


3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны
15. Сөз мәдениеті және шешендік өнер.

1) кіріспе. Сөз мәдениеті және шешендік өнер - 3 сағат (Курстың мақсаты. Сөз мәдениетінің шарттары. Шешендік – сөз мәдениетінің жоғары формасы. Шешендіктану мен шешендік сөз. Шешендік сөз: дәстүр мен жаңашылдық. Шешендік сөздің монологтік, диалогтік, полилогтік түрлері);

2) шешендік өнердің тарихы - 7 сағат (Шешендіктің өнер, ғылым ретінде дамуының бастаулары. Шешендік – жалпы адамзаттық құндылық);

ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары (Ежелгі Греция – шешендіктанудың отаны. Шешендіктің дамуының алғышарттары. Софистер – шешендіктанудың негізін қалаушылар. «Әлсіз пікірді күшейту» - софизмнің басты бағыты. Софистердің шешендіктануға қосқан үлестері. Сократ пен Платон – шынайы сөздің теориясын жасаушылар. «Федр» - шешендік туралы диаолог. Сөздің адам жанына әсер етуі туралы идеяның қалануы. Аристотель – шешендікті арнайы үйрететін мектептің негізін қалаушы. «Риториканың» - шешендіктануды дамытудағы орны мен рөлі. Квинтилиан – он екі томдық «Шешендік тәлім» еңбегінің және шешендікті оқыту бағдарламасының авторы);

Ресейдегі шешендіктанудың дамуы (Ресейде шешендіктанудың қалыптасуы. М.В. Ломоносов – орыс шешендіктануын жаңа сатыға көтерген ғалым. И.С.Рыжскийдің, А.Ф.Конидің, В.Г.Белинскийдің, П.С.Прохорщиковтың шешендікке қатысты ой-тұжырымдары. Орыс шешендіктанушыларының осы ғылымды өркендетуге қосқан үлестері);

ұлттық шешендіктанудың алғашқы бастаулары (Орта ғасырлардағы түркі ғалымдарының шешендік өнердің ғылым ретінде қалыптасуындағы рөлі. Әл-Фараби – ұлттық шешендіктанудың іргетасын қалаушы. Ғалымның «Риторика» атты еңбегіндегі шешендікке байланысты басты тұжырымдары. Әл-Фарабидің шешендік сөз бен адамгершілік қасиеттердің бірлігі туралы ой-пікірлері. «Қабуснамадағы» өнердің басқа түрлерінен сөз өнерінің артықшылықтары жайлы даналық байламдар. «Құдатғу білік», «Диуани лұғат-ат түрк», «Диуани хикмет», «Тауарих хамса» еңбектеріндегі сөз құдіреті, сөз мәні туралы түйіндеулердің шешендік сөзбен сабақтастықтары. Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің дамуы. Ұлттық шешендік сөздің алтын тамырлары – көне түркі жазба мұралары, XII – XVI ғасырдағы Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен, Асанқайғы даналықтары. XVII – XVIII ғасырлар – қазақ шешендік сөз өнерінің ерекше дамыған кезеңі. Осы кездегі шешендіктің өркендеуіне әсер еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар. Қазақтың атақты би – шешендері. Олардың шешендік өнер жөніндегі ой-пікірлері. Қазақ шешендік өнерінің даму тарихының үш кезеңі);

қазақ шешендіктану ғылымы: қалыптасуы мен дамуы (Ш.Уәлиханов – қазақтың төл шешендігі туралы тұңғыш ғылыми пікір айтқан ғалым. Абайдың қазақ шешендігі туралы тұжырымдары. Қазақ шешендіктану ғылымының көшбасшысы А.Байтұрсынұлының жаңашыл қағидалары, Ш.Құдайбердіұлының, Ә.Бөкейхановтың би мен билік туралы ойлары. М.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің шешендікті арнайы қарастырған ғылыми еңбектері. ХХ ғасырдың екінші жартысында шешендіктің зерттелуі. Ә.Мәметованың, Б.Адамбаевтың, Б.Шалабаевтың, С.Садырбаевтың, М.Жармұхамедұлының, С.Негимовтің ғылыми еңбектерінің мәні. Шешендік сөздің тіл мәдениетімен бірлігін, қазіргі заманмен сабақтастығын негіздеген М.Балақаевтың, Р.Сыздықтың, Н.Уәлиевтің зерттеулеріндегі жаңа ой-тұжырымдар);

3) Шешендік сөздің табиғаты - 18 сағат:

шешендік сөзге қойылатын талаптар (Шешендік сөз – жұрт алдында сөйлеудің интеллектуалдық, эмоционалдық шығармашылыққа негізделген түрі. Шешендік сөздегі стильдер тоғысы. Шешендік сөздің сапалары);

шешендік сөздің сазы (Сөйлеу мәнерлілігі. Сөз мазмұны мен сазының бірлігі. Шешеннің сөйлеу техникасы, оның құрамдас бөліктері. Дауыс сазы, сөз мақамы, сөз ырғағы, кідіріс. Сөздің орфоэпиялық нормалары. Сөз әуезі мен әуені);

шешендік сөздің көріктеуіш құралдары (Шешендіктегі ой – сезім – сөз бірлігі. Сөз мазмұны мен формасының үйлесімі. Тілдің бейнелеуіш құралдары: айшықтау, риторикалық сұрау, қайталау, градация, метафора, салыстыру, эпитет, теңеу, т.б. Қазіргі шешендіктегі дәстүр жалғастығы мен жаңа сипаттар. Шешендік сөздердегі мақал-мәтелдердің, дәйексөздердің, қаратпа, қыстырма сөздердің орны);

шешендік сөздің тектері мен түрлері (Дәстүрлі шешендік пен қазіргі шешендіктің ерекшеліктері. Шешендік сөздердің тектерге бөлінуінің белгілері: сөз мақсаты, айтылу орны, тақырыбы мен мазмұны, тілдік құралдары);

әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз (Әлеуметтік – тұрмыстық шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер. Жаңа замандағы әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздердің тілдік құралдары);

әлеуметтік-саяси шешендік сөз (Әлеуметтік-саяси шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Елбасының Тәуелсіздік толғауы. Толғаудың әлеуметтік-саяси мәні мен шешендік сипатына талдау. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлт тарихына қатысты әлеуметтік-саяси шешендік сөздер. Жаңа замандағы әлеуметтік-саяси шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздердің тілдік құралдары);

академиялық шешендік сөз (Академиялық шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Академиялық шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Академиялық шешендік сөздердің ерекшеліктері. Академиялық шешендік сөздердің тілдік құралдары, сапалық белгілері);

соттағы шешендік сөз (Соттағы шешендік сөздердің түрлері, мақсаты. Соттағы шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлт тарихына қатысты соттағы шешендік сөздердің түрлері. Жаңа замандағы соттағы шешендік сөздердің ерекшеліктері. Соттағы шешендік сөздердің тілдік құралдары);

діни (Уағыз) шешендік сөз (Діни шешендік сөздердің түрлері, мақсаты. Діни шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлттық ерекшелікке қатысты діни шешендік сөздер. Жаңа замандағы діни шешендік сөздердің ерекшеліктері. Діни шешендік сөздердің тілдік құралдары);

шешенге қойылатын талаптар (Шешендікке нәр беретін арналар: талант, білім, дағды. Шешен адамға қажетті табиғи сапалар. Шешеннің интеллектуалдық қасиеттері мен болмыс мәдениеті. Шешенге тән қасиеттер мен қабілеттер: тілдік, білімдік, шыншылдық, жинақылық, аңғарымпаздық, т.б.);

шешеннің өзін ұстау әдебі мен мәдениеті (Шешендік сөздің әсерлігін арттыратын сыртқы факторлар: шешеннің өзін-өзі ұстау, әдебі, сыртқы келбеті, бет-жүзі, дене құбылыстары мен дене қимылдары. Шешендік сөздің «көмекші құралдары». Ым-ишаралардың түрлері, ұлттық сипаттары олардың сөз әсерлігін арттырудағы мәні);

4) шешендікке машықтану жолдары -18 сағат (Шешендік - өзіне дейінгі озық үлгілерді үйрену және ешқашан ешкімді қайталамайтын даралыққа қол жеткізу шеберлігі);

шешендік сөздегі риторикалық канондар (Шешендік сөздің сапасын арттырудың қағидалары. Риторикалық канондар – шешендік сөздің өзегі. Риторикалық канондар: тақырыпты ойлап табу, мазмұнды ойда жүйелеу, сөзбен көркемдеу, есте сақтау, сөйлеу барысы. Жұрт алдында сөйлеуде ескерілетін қағидалар. Шешеннің міндеттері);

жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдары (Жұрт алдында сөйлеуге машықтанудың сатылары. Шешендерден үйренудің, топ алдында сөйлеп жаттығудың, есте сақтау қабілетін шындаудың қажеттілігі);

психологиялық дайындық. Психологиялық дайындықтың рөлі, қажеттілігі. Психологиялық дайындықтың шарттары. Шешеннің өзіне сенімділігін қалыптастырудың жолдары);

нақты сөзге дайындық (Нақты сөзге дайындықтың кезеңдері. Тақырыпты анықтаудың шарттары. Сөз мақсатын тұжырымдау. Сөдің жоба-жоспарлары. Әдебиеттермен жұмыстың жолдары. Көпшілік алдында сөйлеудің тәсілдері);

күнделікті дайындық (Күнделікті дайындықта қажетті дағдылар. Арнайы папкілердің, күнделіктің, пікірдің, хаттың дайындықтағы рөлі, қажеттілігі. Өз сөзіне талдау жасау мен басқа шешендердің сөзіне талдау жасаудың шешендік қабілетті шыңдаудағы мәні);

көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы (Көпшілік алдындағы сөздің бөліктері, олардың орны мен өзара сабақтастығы. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымының бөліктерін жоспарлау);

кіріспе бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері (Кіріспе сөз, оның ерекшелігі,жеке міндеттері. Кіріспе сөзде қолданылатын тілдік құралдар. Сөзді бастаудың түрлі тәсілдері);

негізгі бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері (Негізгі бөлім, оның ерекшелігі, жеке міндеттері, ұстанымдары. Тақырыпқа қатысты ой -тұжырымдардың логикалық байланысы. Талдаудың логикалық тәсілдері мен материялды түсіндірудің негізгі әдістері. Сөздің логикалық, психологиялық сипаттары. Тыңдаушылардың назарын аударудын тәсілдері. Сөздің жүйелігіне кері әсерін тигізетін факторлар, оларды болдырмаудың жолдары);

қорытынды бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері (Қорытынды сөздің ерекшелігі, жеке міндеттері. Ойды қорытындылау тәсілдері. Қорытынды сөздің тыңдаушыға әсері. Қорытынды сөздегі тілдік құралдар);

сөз бөліктерін байланыстыру әдістері (Сөз мазмұнын біріктіруші тілдік құралдар. Шешеннің субъективтік көзқарасын, реттік қатынастарды білдіретін сөз орамдары. Сөздегі ойларды сабақтастырудың құралдары, ой желісін күшейтетін тәсілдер. Шешендік сөздің композициясының элементтері);

5) пікірталас мәдениеті - 18 сағат:

пікірталас мәдениетін меңгеру – жаңа заман талабы (Демократиялық қоғам – пікірталасының өрістеуінің басты кепілі);

пікірталасының қоғамдағы орны, маңызы, қажеттілігі Шешендіктің анасы - демократия». Пікірталас – адамның ақыл –ой қабілеті дамуының тетігі. Пікірталасында қажетті іскерліктер. Пікірталастың сипатын анықтайтын факторлар);

пікірталас мәдениетінің талаптары (Пікір таласына қатысушы адамға қажет қасиеттер, тілдік біліктіліктер, сөз сайысына тән іскерліктер. Пікірталасқа қатысушы анықтауы тиіс сауалдар. Айтыскерге қойылатын талаптар);

пікірталас түрлері (Диалогті, полилогті пікірталастар. Пікірталастарына тән ортақ белгілер мен ерекшеленеді);

әңгіме және «Дөңгелек үстел» (Әңгіме мен «Дөңгелек үстелдің» мақсаты. Олардың жүргізудің талаптары. Талданатын тақырыптың ерекшелігі. Қатысушыларға қойылатын талаптар. «ДҮ»-дің тиімділігін арттыру шарттары);

пікір алмасу (дискуссия) (Пікір алмасудың мақсаты мен рөлі. Пікіралмасудың түрлері, оларды ұйымдастырудың шарттары. Пікіралмасуға қатысушыға қойылатын талаптар. Пікір алмасуға кері әсер ететін факторлар. Пікір алмасудағы жүргізушінің рөлі. Тілдік нормалар);

ойталқы (дипут) (Ойталқының мақсаты мен рөлі. Ойталқыны ұйымдастырудың шарттары. Ойталқыға қатысушыға қойылатын талаптар. Ойталқының пікір алмасудан ерекшелігі);

ойкөкпар (дебат) (Ойкөкпардың мақсаты, қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі, мәні. Ойкөкпарды ұйымдастырудың ерекшеліктері, кезеңдері. Ойкөкпарға қатысушылардың сөз әдебі. Ойкөкпардағы сарапшылардың рөлі);

сөзталас (спор) (Сөзталастың ерекшелігі, оның өзіндік сипаты. Сөзталастың тұрмыстық қатынасқа тән екендігі. Сөзталастың түрлері);

пікірсайыс (полемика) (Пікірсайыстың өзіне тән ерекшеліктері. Пікірсайысты ұйымдастырудың шарттары. Пікірсайысқа қатысушыға қойылатын талаптар. Қарсыласты ықтырудың шарттары);

айтыс (Көпшілік алдындағы айтыстың тарихы. Айтысу өнері мен мәдениеті туралы талаптар. Ежелгі Греция, Үндістан, Қытай елдерінде қалыптасқан үрдістер. Қазақ айтыс өнерінің ерекшеліктері. Айтысты ұйымдастырудың шарттары. Айтысқа қатысушыға қойылатын талаптар. Қарсыласты жеңудің шарттары. Айтыстағы дәстүр жалғастығы мен жаңашылдық);

пікірталасында жиі қолданылатын тәсілдер (Пікірталасына тән әдіс-тәсілдер: «қақпан құру», сынау, әзіл, мысқыл, қарсыластың ойын жоққа шығару, «сұрақпен төпелеу». Олардың ұтымды қолданудағы тапқырлық. Тыңдарманмен байланыс жасаудың шарттары, әлеуметтік, табиғи шарттар, олардың байланысқа әсері. Оқушы сөздерді мақсатқа қарай пайдалану жолдары);

қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары (Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері. Ойдың айқын, әсерлі жеткізудегі синоним, антоним сөздердің мәні. Дәлелдеме, оның турлері, тілдік ерекшеліктері. Пікірдің өтімділігін арттыратын тілдік құралдар. Қарсыласқа тойтарыс жасаудың пікірталас мәдениетімен сабақтастығы. Пікірталастарда сұрақтарға жауап беру өнері. Сұрақтың түрлері, одан қолданылатын сөздердің ерекшеліктері. Жауаптың түрлері, қажетті сөз орамдары. Қарсылықа тойтарыс берудің шарттары: «қарсы соққы», «көпшілік бағындыру», «қарсыластың қорытындысы сынау», «деректермен дәлелдеу»);

пікірталас шеберлігіне үйренудің жолдары (Сөз шеберлігіне үйренудің жолдары. Өз ой-пікірін жеткізудің тілдік сапалары. Сөздің грамматикалық құрылысы, сөз дәлдігі мен дәлелділігі, мақал-мәтелдердің, троптың турлерін орынды пайдалану. Белгілі көркем образдарды сөз мақсатына орай кіріктіре алу т.б. Пікірталасының түрлеріне қарай қолданылатын ұтымды сөз орамдары. Ой мен сөздің бірлігі. Өз көзқарасын сыпайы, нақты айта білу шеберлігі. Ұғымдар мен терминдерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді орынды қолдану жолдары. Пікір айтудағы сөз мәнері, Интонация. Пікірталастағы ұлттық дәстүрдің көрінісі. Қарсыластың шабуылдарынан қорғанудың шарттары. Пікірталасындағы дәлелдеме мен сынды сауатты қолдан. Пікірталасын ұйымдастыру жолдары. Пікірталасындағы қателіктердің алдын-алу жолдары.Дискуссия сабақтарын жоспарлау. «Саяси айқас» іскерлік ойындарын ұйымдастыру сатылары, оған дайындық жолдары. «Сұраққа жауап» практикумы);

6) қорытынды сабақтар - 4 сағат.

16. Бағдарлама бойынша ұсынылатын практикалық жұмыстар,10-сынып:

1) қазақ жазба тілінің тарихына қатысты рефераттар дайындату;

2) әлеуметтік-тұрмыстық өмірдегі әртүрлі жағдайлардың ерекшелігіне байланысты тіл жұмсау дағдыларын жетілдіретін тапсырмалар бойынша өздік жұмыстарын орындату;

3) ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сөз орамдарын, тұрақты тіркестерді тауып, олардың қатыстырып сөйлеуге дағдыландыру;

4) мәтіндерді ұсынып, ондағы ұлттық таным мен жаңашылдық сипаттарды ажыратқызу;

5) этнолингвистикалық атаулардың тарихын, мәнін танытатын шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру;

6) ата-анасының мүшелтойларына сөз дайындату;

7) досының туған күнінде дастарқан басында сөйлейтін сөз дайындату;

8) әртүрлі тілдік жағдайларда қажетті сөз орамдарын қолдануға рөлдік ойындар арқылы дағдыландыру;

9) әлеуметтік-тұрмыстық қатынаспен іскерлік қатынастың айырмашылығын сезіндіретіндей нақты тақырыптар бойынша диалог құрғызу;

10) тұрмыстық және ресми қатынастардағы кешірім сұрау, өтініш білдіру, сәлемдесу, қоштасу рәсімдеріне байланысты шағын қойылымдар әзірлету;

11) телефонмен сөйлесу мәдениетін қалыптастыратын жаттығу жұмыстарын жүргізу;

12) жазба тіл мәдениетіне қатысты белгілі адамдардың ой-тұжырымдарына талдау жасату, жазба тілге қойылатын талаптарды анықтату;

13) жеке адам өміріне қатысты іс-қағаздары жазуға төселдіретін тапсырмалар бойынша жұмыс жасату;

14) белгілі бір мәселе бойынша жиындар өткізіп, мәжілісхат, оның көшірмелерін жасату, т.б.

15) оқыған көркем әдеби немесе ғылыми-көпшілік әдебиеттер бойынша реферат жаздыру;

16) әркімге өзіне қалаған тақырыбы бойынша эссе, очерк жаздыру, баспасөз материалдарынан осы жанрдағы шығармаларға талдау жасату;

17) интервью жургізудің жолдарын саралату, нақты тапсырма бойынша өздері қалаған мамандардан, көз көргендерден интервью жасату.

17. Бағдарлама бойынша ұсынылатын практикалық жұмыстар, 11-сынып:

1) шешендік сөз бен айтыстың айырмашылығын айтқызу (мәтін негізінде);

2) «Қандай полемикалық тәсілдер бар?» деген сұраққа жауап жаздыру;

3) Баспасөз материалдарындағы ең ұнаған шешен сөздерді («Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Жас алаш», «Ана тілі», т.б. газеттер мен «Парасат», «Зерде», «Қазақстан әйелдері», т.б.) журналдардан теріп жаздыру;

4) шешендік туралы берілген сөздерден (ой-пікірлерден) негізгі талаптарды түйіндеп айтқызу;

5) «Қазақ шешендіктану ғылымы», «Ежелгі Грекия шешендері», «Қазіргі шешендер», т.б. тақырыптарда хабарлама, реферат жаздырту;

6) өздеріне мәтіндерді оқытып, оны үнтаспадан қайта тыңдату арқылы мәнерлі сөйлеуге, оқуға жаттықтыру;

7) сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айтуға жаттықтыру;

8) термин сөздерді (халықаралық) қатыстырып сөйлеуге жаттықтыру;

9) жеке-жеке тұрған синоним сөздерді қажетті сөздермен тіркестіріп, мағыналық реңктеріне түсінік бергізу;

10) басқа тілден енген сөздерді ана тіліндегі баламасын тапқызу, оларды қатыстырып мәтін құрату;

11) антоним жұптарды пайдаланып, мақал мәнді сөйлемдер құрату, оларды өз сөздерінде пайдаландыру;

12) қате құрылған сөйлемдерге түзету жасату;

13) мәтіндерді оқып, олардағы сөздердің қай стильге сәйкестігін анықтау;

14) сөздердің түсініктемесін жасату, өз жазғандарын «Түсіндірме сөздіктегі» материалдармен салыстыру;

15) пікірталастың әр түрініне қатысты дағдыландыру жұмыстарын жүргізу;

16) мамандық таңдау бойынша сөз дайындап, сөйлеушіні тыңдарманмен байланыс жасауға үйрету.

17) төмендегі тақырыптар бойынша хабарлама жасату:

қазіргі елдегі жағдай;

ғылым мен техника жаңалықтары;

мәдени жаңалықтар;

жаңа әдебиеттер;

бүгінгі айтыстың дүлдүлі;

қазіргі шешендер;

18) сөйлеушінің пікірлерін негізгі бөліктер бойынша талдау;

19) шешендік туралы берілген мәтіндерден автордың жеке көзқарасын өз пікірімен сабақтастыра айтқызу;

20) «Жаңа қазақ деген кім?», «Мектеп киімі қандай болуы керек?», «Демография деген не?», «Мұғалім қандай болуы тиіс?», «Егер сабаққа ерікті қаттыссам...», «Адалдық деген не?», «Достық пен махаббат» тақырыптары бойынша пікірталас түрлерін ұйымдастыру;

21) курста өткен тақырыптар бойынша тірек ұғымдардың түсіндірме сөздігін құрату.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет