Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)


-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет2/2
Дата17.04.2017
өлшемі0,49 Mb.
#14104
1   2

4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
18. Пәндік нәтижелер:

1) тілдің лексика-фразеологиялық қорын, дыбыстық-грамматикалық және стильдік жүйесін;

2) құрмалас сөйлемдердің ойды жеткізудегі рөлін және қолданыс ерекшелігін меңгеруі тиіс;

3) тілдің функционалдық қасиеттерін танып, пәннің тілдік деңгейлерін жетік білуі;

4) мәтіннің түрлері мен табиғатына, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасай білуі;

5) әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлері болатынын, оларға тән ерекшеліктерді;

6) мәтіннің тақырыбы мен идеясын, мәтіннің құрылымын ажырата білуі;

7) сөз мағыналарын мәтіндік қолданыста ажырата білуі;

8) сөздердің жасалу тәсілдерін;

9) әдеби тілдің нормаларының сөз мәдениетіне қатысын негіздей алуы;

10) әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебін;

11) әдеби тілдің нормаларын стиль түрлеріне сай қолдана білуі тиіс.


5. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
19. Пәндік нәтижелер:

1) сөз мәдениеті мен шешендік өнердің талаптарын;

2) ұлттық және әлемдік шешендік өнерге тән ортақ қағидаттарды;

3) қазіргі шешендіктің түрлерін;

4) пікірталас мәдениеті мен пікірталасқа түсу тәсілдерін меңгеруі тиіс;

5) шешендік өнер туралы ой-пікірлерге талдау жасап, шешендік өнердің тарихын;

6) пікірталас түрлері мен оларға тән ерекшеліктерді;

7) көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын;

8) пікірталастың қоғамдағы орнын, пікірталас мәдениетінің талаптарын;

9) таңдаған кәсібіне байланысты тақырыптарда пікірталасқа түсе білуі;

10) әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-саяси, ғылым-білім мазмұнды мәтіндерді құрай алуы;

11) ұсынылған тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып, реферат, баяндама түзе білуі тиіс.


6. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
20. Тұлғалық нәтижелер:

1) ұлттық құндылықтар мен әлемдік азаматтық құндылықтарды салыстыра пайымдап, дәріптей білуінен;

2) қолданыстағы тілдерді білуінен, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

3) қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы өз көзқарасын шешендікпен негіздей алуынан және жұртты сендіре білуінен;

4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;

5) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігін танытуынан;

6) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен көрініс табуы тиіс.
7. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
21. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:

1) тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдыларды меңгеруі;

2) тұрмыстық-әлеуметтік қатынастағы әдептілік нормаларын меңгеруі;

3) іскерлік қатынастағы тіл табысуға қажетті тілдік амалдарды орнымен жұмсай алуы;

4) жеке адам өміріне, мекеме, ұйым жұмысына қажетті ресми іс-қағаздар жүйесін меңгеруі;

5) шешендікке машықтанудың әдіс-тәсілдерін сөйлеу әрекеттерінде қолдануы;

6) шешендік өнердің канондарын күнделікті тәжірибеде қолдануы;

7) шешенге қойылатын талаптарды жүйелі әрекеттерде саналылықпен меңгеруі;

8) зерттеу және шығармашылық әдістерді өз әрекетінде тиімді қолдана білуі;

9) түрлі тақырыптарда пікірталасқа түсу еркіндігін және жиі қолданылатын тәсілдерді меңгеруі;

10) көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы мен міндеттерін түзе алуы;

11) қарым-қатынастың түрлеріне сай тілдік белгілерді орынды қолдана білуі;

12) сөйлеудің мақсатына сай тыныс белгілерді және интонацияны дұрыс пайдалана білуі;

13) ғылыми және шығармашылық ізденісте ақпараттар жүйесін іріктеп, өңдеп, сауатты қолдана білуі тиіс.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ




ҚАЗАҚ ТІЛІ
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған

оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілінде)

Астана





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы
10 сәуірде № 8424 тіркелген.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы
14 шілдеде № 11659 тіркелген.


Қазақ тілі: Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде). – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 11 б.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2015.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№115 бұйрығына 95-қосымша


Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен

типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген.

2. Негізгі орта деңгейде оқушылар тіл білімі ғылымының «тіл-құрал» қағидасының аясында қарастыратын негізгі нысандарын игеріп, Қазақстанда мемлекеттік тіл мәртебесін иеленген қазақ тілінің танымдық, қатысымдық, экспрессивтік және кумулятивтік қызметтерін танып-біліп, тіл арқылы қоршаған орта, қоғам, адами және рухани құндылықтарды бағалауды зерделеп, 10-11-сыныптарда сөз мәдениеті мен шешендік өнердің талаптарын білуге ұмтылады.

3. Сөз мәдениетін меңгертуде басты міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық ділді қалыптастыру болып саналады.

4. Сөз мәдениеті оқушының өзіндік көзқарасының қалыптасуына, сол көзқарасы мен жеке ой-тұжырымдарын барлық уақытта мәдениетті жеткізе алуына, өмір жағдаяттарында өзіндік пайымдауларын шеберлікпен айта алуына негізделеді.

5. Сөз мәдениетіне қойылатын талаптар оқушының терең мазмұнды, жүйелі, дәйекті, мәнді сөйлей алу қабілетін ашу міндеттерімен, ал көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптар оқушының терең мазмұнды, жүйелі, дәйекті сөйлей алу қабілетін ашу міндеттерімен ұштасады.

6. Еліміздің білім беру жүйесі тілді оқытып үйретуді дүниежүзілік стандарттық үлгілерге жақындастыруды және оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын іздестіруді міндеттейді.

7. 10-11-сыныптардағы қазақ тілінің бағдарламасында, негізінен, тілдің танымдық, коммуникативтік, кумулятивтік, экспрессивтік, т.б. қызметтерін қатар әрі өзара бірлікте меңгерту көзделді.

8. Білім мазмұнын анықтауда, оқу материалдары жүйелілік, коммуникативтік, белсенділік, практикалық бағыттылық, тіл қызметтерін біртұтастықта меңгерту, теория мен практиканы өзара байланысты меңгерту, қоғамдық қажеттікті ескеру, интеграция т.б. ұстанымдар басшылыққа алынды.

9. Оқытудың, білім берудің нәтижесі ретінде оқушының сөз мәдениеті деңгейін көтере отырып, жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру көзделді. Білім берудің нәтижесі ретінде оқушының сөз мәдениеті деңгейін көтере отырып, жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру көзделді.

10. Пәнді оқытудың мақсаты - адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалана алатын, ғылым негіздерін жүйелі меңгерген; ғылыми ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білетін; зерттеу және шығармашылық әдістерді игерген, жоғары деңгейдегі қарым-қатынастық қабілеттілігі дамыған Тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік жасайтын тілдің ақпараттық-танымдық, қатысымдық, кумилятивтік қызметтерін мәтін арқылы меңгерту, ғылым негіздері мен жаңа технологияларды мақсатқа сай қолдану әдістерін игерту, тілдік бірліктерді сөйлеу әрекетінде нормаларға сай қолдануға төселдіру.

11. Пәнді оқытудың міндеттері:

1) тілдің функционалдық қасиеттерін меңгерту;



  1. тілдің танымдық қызметін әртүрлі жанрдағы мәтінде таныту;

  2. тілдің қатысымдық қызметін тілдік жағдаяттарда қолдануды меңгерту;

  3. тілдің мұра сақтап жеткізуші кумулятивтік қызметін мәтін арқылы негіздеу;

  4. танымдық мәтіндер арқылы ғылым негіздерін меңгерту;

  5. ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай білуге төселдіру;

  6. зерттеу және шығармашылық әдістерді тиімді қолдана біліктілігін қалыптастыру;

  7. сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінде тілдік бірліктерді мақсатқа сай қолдана білуге жеткізу;

  8. сөз мәдениеті мен шешендік өнердің талаптарын меңгерту;

  9. көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын үйрету;

  10. шешендіктің дамуына қойылатын алғы шарттарды өмірден алынған фактілер бойынша негіздеу;

  11. қазіргі шешендіктің түрлерін меңгерту;

  12. тілдің мәдени-этикалық нормаларын меңгерту;

  13. ұлттық құндылықтар мен әлемдік адамзаттық құндылықтарды салыстыра пайымдату;

15) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін шешендікпен дұрыс бағалауға төселдіру;

16) қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы көзқарасын шешендікпен негіздеудің және жұртты сендірудің тәсілдерін меңгерту.

12. Оқу үдерісінде жүзеге асырылатын пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымын молайтып, қазақ тілін басқа ғылым негіздерімен ұштастыра меңгеруіне жол ашады. Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін төменде көрсетілген пәндермен байланыстыру көзделеді:

1) «Қазақ әдебиетімен»:

қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты;

тіл – әдебиеттің бірінші элементі;

қазақ тілін оқытып-үйретуде кез келген көркем туынды;

әдеби шығарма тіл үшін құнды материал болып саналады, көркем шығармаларды оқу барысында стиль түрлерінің авторлық қолданысын ажырата білу,

әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік тәрбие беру, әдеби шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету көзделеді;

2) «Қазақстан тарихымен»:

Қазақстан тарихы пәнімен байланыстырып оқыту оқушының тілді ұлттық құндылық ретінде тануына мүмкіндік береді;

тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді;

қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;

3) Жаратылыстану циклі пәндерімен:

тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады;

биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді;

басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты;

тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады;

дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты;

танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.

13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

2) 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.


2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны
14. Сөз мәдениеті.

1) кіріспе - 1 сағат (Тіл – рухани қазына. Сөз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі. Сөз – адам болмысының айнасы, өмірлік әрекетінің негізгі құралы. Сөз мәдениеті пәніне қатысты ұғымдар);

2) сөз мәдениеті туралы ұғым-түсінік - 5 сағат (Сөз мәдениеті туралы ұғымға кеңейтілген түсінік. Сөз мәдениеті – сөзді дұрыс қолдану, тілдік норманы сақтау. Тіл мәдениетінің тірегі - әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі. «Мәдениет» ұғымы. Әдеби норма. Сөз мәдениетіне қатысты ұғымдар. Сөз құдіреті туралы халықтық ұғымдар. Елбасының «Тәуелсіздік Толғауы» - құттықтаудың елдік мәні жоғары  түрі. Толғаудың стильдік-тілдік ерекшелігі. Толғау мәтініндегі синонимдер мен қаратпа сөздердің қолданысы. Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас. Тілдік қарым-қатынастағы сөз сапалары. Сөз сапасына әсер ететін тілдік шарттар. Тілдік норма және жаңа қолданыстар. Тілде жаңа қолданыстардың туу үрдісі, олардың қоғамда қабылдануы. Лексикалық норма. Орфоэпиялық норма. Орфографиялық норма. Грамматикалық норма. Актив сөздер. Пассив сөздер. Тіл табысуға қажетті коммуникациялық дағдылар. Тіл табыса білу өнері. Қарым-қатынас жасау құралдары: тіл-дыбыстау құралдары, тілге көмекші құралдар.Тыңдау әдебі. Тыңдау білу. Анықтау. Қайталап сұрау. Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары. Бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары. Тілдік қатынас. Вербалды, бейвербалды амалдар. Дауыс мәнері. Әсерлі сөйлеу. Сөз сазы. Тілдік норманың сақталуы);

3) әлеуметтік-тұрмыстық қатынас және сөз әдебі - 7 сағат (Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың түрлері, тиімділігінің шарттары. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста тілдесу. Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынасқа қатысты этнолингвистикалық атаулар, оларды қолдану жолдары. Этнолингвистика);

4) іскерлік қарым-қатынас және сөз әдебі - 8 сағат (Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктері, тиімділігінің шарттары. Әдеп, әдептілік ұғымдары. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі. Іскерлік қарым-қатынас. Іскерлік әдеп нормаларына сай қолданылатын сөз орамдары. Термин қалыптастырудың ұлттық-танымдық негізі. Терминдерді қолданудың ерекшеліктері. Термин жасаудың қайнар көздері. Іскерлік әңгіме, келіссөздер);

5) ресми қарым-қатынас және жазба тіл мәдениеті - 12 сағат (Жеке адам өміріне қатысты іс-қағаздарының түрлері мен тілдік-құрылымдық ерекшеліктері, стиль түрлерімен байланысы. Өмірбаян, өтініш, арыз, түсініктеме, сенімхат, қолхат, хат немесе адамдар арасындағы өмірдастан және олардың түрлері мен тілі, ұсыныс хат, күнделік, жеделхат (телеграмма), телефонограмма, олардың құрылымдық-тілдік ерекшеліктері. Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс-қағаздарының түрлері мен тілдік-құрылымдық ерекшеліктері. Хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері құрылымдық-тілдік ерекшеліктері. Алқалық ұйым іс қағаздары. Хаттама, бұйрық, келісімшарт, олардың құрылымдық-тілдік сипаттары);

6) қорытындылаушы сұрақтар мен тапсырмалар - 1 сағат.
3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны
15. Шешендік өнер.

1) кіріспе. Сөз мәдениеті және шешендік өнер - 1 сағат (Курстың мақсаты. Сөз мәдениетінің шарттары. Шешендік – сөз мәдениетінің жоғары формасы. Шешендіктану мен шешендік сөз. Шешендік сөз: дәстүр мен жаңашылдық. Шешендік сөздің монологтік, диалогтік,полилогтік түрлері);

2) шешендік және сөз мәдениеті - 2 сағат (Шешендік өнер туралы ұғым-түсінік. Шешендік өнер – сөз мәдениетінің жоғарғы сатысы. Шешендік өнер және шешендік сөз анықтамалары. Гректердің шешендік өнері мен білімін аранйы оқып-үйреніп, шешендік өнердің теориясын жасаған Марк Туллий Цицерон, орыс шешендік өнерінің теориялық негізін салушы М.В. Ломоносов, қазақтың ғұлама ғалымы А. Байтұрсыновтың шешендік өнер туралы пікірлеріндегі ортақ ойлар. Шешендік өнер туралы ой-пікірлер. Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік. Ұлттық шешендік өнерінің негізі–түркі халықтарына ортақ мұраларда);

3) қазақ шешендік өнерінің тарихы - 9 сағат (Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі. Майқы би мен Аяз би. Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі. Асан қайғы мен Жиренше шешен. Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңі. Билер кеңесі. «Жеті жарғы». Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Қазақ шешендік өнерінің төртінші және бесінші кезеңі. Хан-сұлтандарға қарсы шешендер. Бек-болыстарға қарсы шешендер. Қазіргі шешендіктің түрлері. Білім-ғылымдық мазмұндағы шешендік. Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік. Елбасының Тәуелсіздік толғауы. Толғаудың әлеуметтік-саяси мәні мен шешендік сипатына талдау. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік. Діни мазмұнды шешендік. Сотта қолданылатын шешендік);

4) шешендік өнердің дамуына қажетті алғышарттар - 1 сағат (Римдіктердің сөз зергерлерін төрт топқа бөлуі. Көне Грекиядағы шешендік өнердің дамуы. «Жеті жарғы». Анақарыс);

5) шешендік сөздің сапалары - 9 сағат (Шешендік сөздің мазмұндылығы. Цицерон. Мазмұнды сөз. Сөздің дәлдігі-ойдың айқындылығы. Сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін – тура мағынасын, көп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдалану. Сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді дәлдікпен қолдану. Тіл тазалығы. Таза сөйлеу – ой айқындылығының белгісі. Варваризмдер. Варваризмдерді қолданудың түрлі жолдары. Тіл сақтаушылық. Тіл –және әдебиет. Тіл көрнектілігі. Көркем сөз – көрікті ойдың көрінісі. Троп және оның түрлері. Метафора. Кейіптеу. Метонимия. Синегдоха. Эпитет. Теңеу. Фигураның түрлері. Айшықтау (фигура). Қайталау, аллитерация, ассонанс, шендестіру, синтаксистік параллелизм, дамыту. Риторикалық сұрақтар);

6) шешенге қойылатын талаптар - 8 сағат (Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық. Сөйлеуге дайындық шарттары. Білімін көтеру. Кітап оқуға құмарлық. Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін көтеру. Шешендердің сөйлеу әрекетіне талдау жасай білу. Көпшілік алдында сөйлеу әдістері. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы. Кіріспе сөз, негізгі бөлім, қорытынды, олардың ерекшеліктері мен міндеттері);

7) пікірталастың түрлері - 4 сағат (Пікір алмасу. Ойталқы. Пікірсайыс. Ойбөліс. Сөзталас. Айтыс. Пікірталас мәдениеті. Пікірталас тақырыбы. Пікірталастағы ой мен сөздің бірлігі. Пікірталас мәдниетінде қарсыласыңды құрметтеу, пікірін сыйлау, оны сабырлылықпен тыңдай білу. Пікірталасқа түсу тәсілдері. Қарсыласына тойтарыс беру шарттары мен тәсілдері. Сайысшының міндеті. Пікірді бекерге шығарудың үш түрлі тәсілі. Монолог пен диалог. Пікірталас шеберлігіне үйренудің жолдары. Пікірталас тақырыбына қажетті ақпараттарды тауып, іріктеу, өңдеп қолдану – сөйлеу шеберлігіне апаратын жол. Ойды анық жеткізудің басты тәсілі. Ойбөліс пен пікірталас. Пікірталасты жоспарлау сатылары. Тақырып анықтау. Мақсатын тұжырымдау. Материал таңдау. Дағды қалыптастыру. Іріктелген әдебиеттерді оқып білу. Оқығанды ұғыну. Қосымша. Шешендер өмірінен. Қорқыт. Әбу Насыр әл-Фараби. Жүсіп Баласағұн. Махмұт Қашқари. Едіге би-шешен. Асан қайғы би-шешен. Жиренше шешен. Әнет би-шешен. Төле би-шешен. Қаз дауысты Қазыбек. Әйтеке би-шешен. Мөңке би-шешен. Сырым батыр - әрі шешен, әрі би. Байдалы би-шешен. Есет би-шешен. Сыпыра жырау. Қазтуған жырау. Бұқар жырау. Махамбет жырау. Абай шешен. Айтыс ақындары);

16. Бағдарлама бойынша ұсынылатын практикалық жұмыстар, 10-сынып (оқушылардың, сыныптың ерекшеліктеріне қарай жүргізілетін жұмыстар):

1) қазақ жазба тілінің тарихына қатысты рефераттар дайындату;

2) әлеуметтік-тұрмыстық өмірдегі әртүрлі жағдайлардың ерекшелігіне байланысты тіл жұмсау дағдыларын жетілдіретін тапсырмалар бойынша өздік жұмыстарын орындату;

3) ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сөз орамдарын, тұрақты тіркестерді тауып, оларды қатыстырып сөйлеуге дағдыландыру;

4) мәтіндерді ұсынып, ондағы ұлттық таным мен жаңашылдық сипаттарды ажыратқызу;

5) этнолингвистикалық атаулардың тарихын, мәнін танытатын шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру;

6) ата-анасының мүшелтойларына сөз дайындату;

7) досының туған күніне (дастарқан басында сөйлейтін) сөз дайындату;

8) әртүрлі тілдік жағдайларда қажетті сөз орамдарын қолдануға рөлдік ойындар арқылы дағдыландыру;

9) әлеуметтік-тұрмыстық қатынас пен іскерлік қатынастың айырмашылығын сезіндіретіндей нақты тақырыптар бойынша диалог құрғызу;

10) тұрмыстық және ресми қатынастардағы кешірім сұрау, өтініш білдіру, сәлемдесу, қоштасу рәсімдеріне байланысты шағын қойылымдар әзірлету;

11) телефонмен сөйлесу мәдениетін қалыптастыратын жаттығу жұмыстарын жүргізу;

12) жазба тіл мәдениетіне қатысты белгілі адамдардың ой-тұжырымдарына талдау жасату, жазба тілге қойылатын талаптарды анықтату;

13) жеке адам өміріне қатысты ісқағаздар жазуға төселдіретін тапсырмалар бойынша жұмыс жасату;

14) белгілі бір мәселе бойынша жиындар өткізіп, мәжілісхат, оның көшірмелерін жасату, т.б.

15) оқыған көркем әдеби немесе ғылыми-көпшілік әдебиеттер бойынша реферат жаздыру;

16) әркімге қалаған тақырыбы бойынша эссе, очерк жаздыру, баспасөз материалдарынан осы жанрдағы шығармаларға талдау жасату;

17) интервью жүргізудің жолдарын саралату, нақты тапсырма бойынша өздері қалаған мамандардан, көз көргендерден интервью жасату.

17. Бағдарлама бойынша ұсынылатын практикалық жұмыстар, 11-сынып:

1) шешендік сөз бен айтыстың айырмашылығын айтқызу (мәтін негізінде);

2) «Қандай полемикалық тәсілдер бар?» деген сұраққа жауап жаздыру;

3) баспасөз материалдарындағы ұнаған шешен сөздерді («Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Жас алаш», «Ана тілі», «Парасат», «Зерде», «Қазақстан әйелдері» т.б.) теріп жаздыру;

4) шешендік туралы берілген сөздерден (ой-пікірлерден) негізгі талаптарды түйіндеп айтқызу;

5) «Қазақ шешендіктану ғылымы», «Ежелгі Грекия шешендері», «Қазіргі шешендер», т.б. тақырыптарда хабарлама, реферат жаздырту;

6) өздеріне мәтіндерді оқытып, оны үнтаспадан қайта тыңдату арқылы мәнерлі сөйлеуге, оқуға жаттықтыру;

7) сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айтуға жаттықтыру;

8) термин сөздерді (халықаралық) қатыстырып сөйлеуге жаттықтыру;

9) жеке тұрған синоним сөздерді қажетті сөздермен тіркестіріп, мағыналық реңктеріне түсінік бергізу;

10) басқа тілден енген сөздерді ана тіліндегі баламасын тапқызу, оларды қатыстырып мәтін құрату;

11) антоним жұптарды пайдаланып, мақал мәнді сөйлемдер құрату, оларды өз сөздерінде пайдаландыру.

12) қате құрылған сөйлемдерге түзету жасату;

13) мәтіндерді оқып, олардағы сөздердің қай стильге сәйкестігін анықтау;

14) сөздердің түсініктемесін жасату, өз жазғандарын «Түсіндірме сөздіктегі» материалдармен салыстыру;

15) пікірталастың әр түріне қатысты дағдыландыру жұмыстарын жүргізу;

16) мамандық таңдау бойынша сөз дайындап, сөйлеушіні тыңдарманмен байланыс жасауға үйрету.

17) төмендегі тақырыптар бойынша хабарлама жасату:

ғылым мен техника жаңалықтары;

мәдени жаңалықтар;

жаңа әдебиеттер;

бүгінгі айтыстың дүлдүлі;

пікірталастың қоғамдағы орны.

18) сөйлеушінің пікірлерін негізгі бөліктер бойынша талдау;

19) шешендік туралы берілген мәтіндерден автордың жеке көзқарасын өз пікірімен сабақтастыра айтқызу;

20) «Жаңа қазақ деген кім?», «Мектеп киімі қандай болуы керек?», «Демография деген не?», «Мұғалім қандай болуы тиіс?», «Егер сабаққа ерікті қатыссам...», «Адалдық деген не?», «Достық пен махаббат» тақырыптары бойынша пікірталас түрлерін ұйымдастыру;

21) курста өткен тақырыптар бойынша тірек ұғымдардың түсіндірме сөздігін құрату.
4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

18. Пәндік нәтижелер:

1) танымдық мәтіндер арқылы қоғамдық және жаратылыстық ғылым негіздерін;

2) техникалық мамандыққа қажетті ғылыми стильде сөйлеу дағдыларын меңгеруі тиіс;

3) тілдің функционалдық қасиеттерін танып білуі;

4) мәтіннің түрлері мен тілдік ерекшеліктеріне талдау жасай білуі;

5) мәтіннің тақырыбы мен идеясын, мәтіннің құрылымын ажырата білуі;

6) экология, табиғат, әлем, ғарыш туралы мәтіндердің тақырыптық-мазмұндық және тілдік ерекшеліктерін ажырата білуі;

7) техника, жаратылыстану пәндерінің мазмұнына қатысты кәсіби термин сөздерді тақырыпқа сай қолдана білуі;

8) техника ғылымдарына қатысты басылымдар мен сөздіктерден алынған терминдермен сөздік қорын байыта білуі;

9) ақпараттарды талдап, өңдеп, жинақтай білуі;

10) жаңа сөздер мен термин сөздердің жасалу жолдарын білуі;

11) кәсіби сөздердің түрлері мен қолданылу орындарын білуі;

12) тілдің танымдық қызметін әртүрлі жанрдағы мәтінде тани білуі;

13) тілдің қатысымдық қызметін тілдік жағдаяттарда қолдана білуі;

14) тілдің мұра сақтап жеткізуші кумулятивтік қызметін мәтін арқылы негіздей алуы;

15) әдеби тілдің нормаларының сөз мәдениетіне қатысын негіздей алуы;

16) кәсіби бағдарлы мәтіндердегі ойдың берілу тәсілдерін білуі;

17) әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебін білуі тиіс.
5. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
19. Пәндік нәтижелер:

1) сөз мәдениеті мен шешендік өнердің талаптарын;

2) ұлттық және әлемдік шешендік өнерге тән ортақ қағидаттарды;

3) пікірталас мәдениеті мен пікірталасқа түсу тәсілдерін;

4) қазіргі шешендіктің түрлерін меңгеруі тиіс;

5) жаратылыстану бағытындағы басылымдарға талдау жасап, түйіндеме жаза білуі;

6) техникалық мамандыққа қатысты айтылған ой-пікірлерге жеке көзқарасын білдіре алуы;

7) көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын жетік білуі;

8) пікірталастың қоғамдағы орнын, пікірталас мәдениетінің талаптарын білуі;

9) таңдаған кәсібіне байланысты тақырыптарда пікірталасқа түсе алуы;

10) әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-саяси, ғылым-білім мазмұнды мәтіндерді құрай алуы;

11) жаратылыстану бағытындағы мәтіндер бойынша тезис түзе алуы;

12) ұсынылған тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып, реферат, баяндама түзе білуі тиіс.
6. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
20. Тұлғалық нәтиже (психологиялық-педагогикалық мониторинг формасында зерттеліп, оқушының тәрбиелілік, әлеуметтік және рухани-адамгершілік, шығармашылық-дене дамуының деңгейі түрінде оның портфолиосында көрсетіледі):

1) ұлттық құндылықтар мен әлемдік азаматтық құндылықтарды салыстыра пайымдап, дәріптей білуінен;

2) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан;

3) қолданыстағы тілдерді білуінен, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

4) қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы өз көзқарасын шешендікпен негіздей алуынан және жұртты сендіре білуінен;

5) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;

6) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігін танытуынан;

7) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен көрініс табуы тиіс.
7. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
21. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер (оқушының пән олимпиадасында, таңдау курстарында, шығармашылық жұмыстарда, сонымен бірге басқа да ізденіс жұмыстарында анықталып, оның нәтижелері портфолиосында жинақталады):

1) сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінде тілдік бірліктерді мақсатқа сай қолдана білуі;

2) тілдің мәдени-этикалық нормаларын меңгеруі;

3) ауызша, жазбаша және компьютерлік сөйлеуде мәтіндік интерпретациялаудың тәсілдерін қолдана білуі;

4) зерттеу және шығармашылық әдістерді өз әрекетінде тиімді қолдана білуі;

5) тұрмыстық-әлеуметтік қатынастағы әдептілік нормаларын меңгеруі;

6) іскерлік қатынастағы тіл табысуға қажетті тілдік амалдарды орнымен жұмсай алуы;

7) жеке адам өміріне, мекеме, ұйым жұмысына қажетті ресми ісқағаздар жүйесін меңгеруі;

8) шешендік өнердің көпшілік алдында сөйлеу әдістерін меңгеруі;

9) шешендіктің дамуына қойылатын алғышарттарды өмірден алынған фактілер бойынша негіздей алуы;

10) шешендік өнердің қажеттілігін қазіргі шешендердің сөздерін талдау негізінде дәлелдеп көрсетуі;

11) зерттеу және шығармашылық әдістерді өз әрекетінде тиімді қолдана білуі;

12) көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы мен міндеттерін түзе алуы;

13) қарым-қатынастың түрлеріне сай тілдік белгілерді орынды қолдана білуі;

14) сөйлеудің мақсатына сай тыныс белгілерді және интонацияны дұрыс пайдалана білуі;

15) ғылыми және шығармашылық ізденісте ақпараттар жүйесін іріктеп, өңдеп, сауатты қолдана білуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет