Мектеп: №19 ЖОББМ
|
Мұғалімнің аты-жөні: Уразаева Г.О.
|
Сағат саны: 1 сағат
|
Күні:
|
Сынып: 10
|
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Еңбек шарты
|
Оқу мақсаты:
|
Құқықтық жағдаяттарды талдай отырып, еңбек шартының мазмұнын ашу
|
Сабақтың мақсаттары:
|
Еңбек шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау
|
Бағалау критерийлері:
|
- Еңбек шартының бірнеше үлгісін салыстыра отырып, шарттың ерекшеліктері, тараптардың құқықтарының сақталуы, міндеттер көлемінің ара-салмағы ажыратып, анықтайды;
- Еңбек шартының үлгісін жасайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқылым мен айтылым
ҚР Еңбек кодексі баптарын оқу және түсіндіру
Жағдаяттарды талдау негізінде айтылым дағдысы
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Жеке еңбек шартында (...)
Еңбек шартын жасау қажет, себебі (...)
Тараптардың құқықтары мен міндеттері (...)
Жұмыс беруші (...), қызметкер (...)
Еңбек заңнамасына сәйкес (...)
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу..
Жұмысшының бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу...
|
Құндылықтарға баулу:
|
Құндылықтарға баулу азаматтық жауапкершілік, құрмет, ашықтық, өмір бойына білім алу арқылы іске асырылады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақстан тарихы, экономика пәнімен байланыс сабақта ізденіс жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Миға шабуыл. Оқушыларға слайдтан «Гипотеза/ Болжау» әдісі негізінде суреттер ұсынылады. Сурет бойынша төмендегі сұрақтар беріледі:
- Назарларыңызға қандай жағдай ұсынылып тұр?
- Бүгінгі тақырып неге байланысты деп ойлайсыздар?
М Болжамдар айтылған соң алдыңғы сабақта өткен тақырыппен байланыстыра отырып, сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттарымен таныстырылады. Сабақ жоспары қысқаша баяндалып, сабақтың соңғы нәтижелігі анықталады және еңбек шарты мен қатынастар туралы анықтамалар жасалып, видео көрсетіледі.
Еңбек құқығы:
Жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;
өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;
еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;
еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар
М Бірнеше еңбек құқық бұзушылықтарына байланысты жағдаяттардан бейнебаянда мысал келтіріледі.
Оқушыларға сұрақ қойылады:
-Мәселені шешу үшін қандай әрекет еткен заңды және дұрыс болар еді?
Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады:
1) еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Еңбек қатынастары – бұл ұзак уақытқа созылатын қатынастар.
2) еңбек қатынастары – бұл нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар.
3) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын және т.б. тандай алады.
4) қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тәртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тәртібінің өзіне тән элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы және сапалы дайындауға міндетті.
5) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты.
|
Оқыту ресурстары
Презентация
https://www.youtube.com/watch?v=Xbk-fQfKGg4
https://www.youtube.com/watch?v=bHcDBExS5wA
https://www.youtube.com/watch?v=SmG0uP3Fv8U
http://www.enbek.gov.kz/ – Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі («Еңбекті қорғау» бөлімі).
Таратпа материалдар: ҚР Еңбек кодексінің баптары
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000414
|
Сабақтың ортасы
25 мин
|
Жауаптар айтылады. Жауаптардың дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау үшін топқа бөліп тапсырмалар ұсынылады.
|