Оқу бөлімі: Сырттай Мамандығы: «Бастауыш білім беру» Біліктілігі


Кино, диафильм бойынша мазмұндама



бет5/12
Дата09.03.2022
өлшемі55,43 Kb.
#134851
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмыстарын жүргізу

Кино, диафильм бойынша мазмұндама.

Кино, диафильм соңғы жылдары мектеп өмірінен берік орын ала бастады. Кино оқушылар арасында оқу – тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы күшті құралдың біріне айналып отыр. Кино, диафильмдердің әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балаларға әсері күшті. Кино баланың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Бұл жөнінде Я.А.Каменский мұғалім үшін «Алтын ереже – бала сезім арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты – жұмсақтығын байқасын т.б. Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы», - дейді.
Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге қабілетін, ойын, тілін дамытуда, оларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде техникалық құралдардың алатын орны мен пайдасы жөнінде баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен кітаптарда талай айтылды. әсіресе қазақ мектептері үшін мұндай құралдардың жетімсіз екенін басым көрсетудің нәтижесінде соңғы кездері қазақ тілінде шығарылып жатқан диафильмдер молшылық. Мұнда фильмдер, әңгімелер бойынша да («Елтай екілік елінде», 1986, «Біздің аналарымыз» - 1987 т.б.), танымдық материалдыр бойынша да жасалуда.
Фильмдер бойынша сабақ ұйымдастыруда да балалардың зейінін сол фильмдегі оқиғаға аудару мақсатында кіріспе әңгіме айту керек. Бастауыш сынып оқушыларын экран материалдарын игеруге бірте – бірте үйреткен дұрыс. Экран материалдарын игеру де күрделі жұмыс. Бұл әсіресе бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін реминисценсия құбылысына байланысты, яғни бұл балалардың эмоциясы жоғары болғандықтан, оны тежеуге шамалары келе бермейтіндіктен, олар кинодан көргендерін іле – шала ұмытып қалады, ал кейін бірте – бірте естеріне түсуі мүмкін. Сондықтан кино, диафильмдер бойынша мазмұндама жүргізуде мұндай ерекшеліктерді ескеріп диафильмді көрсете салып, оның мазмұны бойынша мазмұндама жүргізу нәтижесіз болатындықтан, біраз уақыт өткізіп барып сұраған жөн. Мысалы, «Жол жабық» диафильмін көрсеткеннен кейін, екінші сыныптың «Ана тілінен» «Қырағылық» әңгімесі оқылып оның мазмұны сұрақ – жауап арқылы талданады. Келесі сабақта балалардан қандай фильм көргендері онда не жөнінде әңгіме болғаны сұралады. Фильмді екінші рет әр кадрына тоқтап, мазмұнын ашып кеңірек түсіндіру үшін көрсетуге де болады. Қандай да болмасын кино, диафильм көрсетілгенде оны не «Ана тілдеріндегі» материалдармен байланыстыру, немесе мұғалімнің өзі алдын ала мәтінді құрастырып алуы керек. Әуелі кино көрсетіледі де, кейін мәтінмен бірге талданады.
Мазмұндамаға берілетін мәтіндер бірте – бірте күрделеніп отыру жағын мәтінді таңдағанда мұғалім қатты ескертуге тиіс. Мәтін оның ішіндегі көріністері жағынан болсын, сөздік, синтаксистік жағынан болсын бірінен екіншісі аз – кем қиындау бола береді.
Балалардың өздіктерінен істейтін жұмыс белсенділігін арттыру үшін мәтінді бірнеше абзацқа бөліп, оның әрқайсысына жоспар пунктінберуге болады; абзацқа бөлмей, жоспар беру, мәтінді екі абзацқа бөліп жоспар бермеу; мәтін абзацқа да бөлінбеген; жоспар да берілген т.б. – мұндай тапсырмаларды балалардың өздері аяқтайды.

Мазмұндама түпкі мақсаты оқушылардың ойын және тілін дамыту болғандықтан, ең алдымен бұл жұмыстардың мазмұны мен тіліне көңіл аударылуға тиіс. Бірақ бұл айтылғаннан орфографиялық қателерді есепке алудың керегі жоқ деген пікір тумайды. Оқушылардың жіберген қателерін түзету екі түрлі жолмен жүргізіледі.



  1. Балалар өзін - өзі тексеруге нақты тапсырманы орындау мақсатымен бірте – бірте үйретіледі. Мысалы, оқушылар «Өзен жағасында» суреті бойынша шығарма жазып болған соң, мұғалім балаларға тақтадағы сұрақтарды оқытады. Сонан соң: «Осы сұраққа қайтарған жауабың дұрыс па, түсініктіме, толық па – осыны ескеріп, бірінші сұраққа жазған жауабыңды оқып шық (немесе қайтарған жауабыңды есіңе түсір», - дейді.

Осы әдіспен қалаған сұрақтарға береген (жазған) жауабын да қайталатады. Сонан кейін: «Жазған әңгімеңді енді тақтадағы сұрақтарға қарамай, өзің басынан аяғына дейін тұтас оқып шық. Онда не жөнінде жазып отырғаныңды байқа. Бір сөзді бірнеше рет қайталаған жоқсың ба, соны аңғар», - деп, екінші рет оқытады.
Үшіншіден Жазғаныңда қате жоқ па, әр сөйлемнен кейін тыныс белгісін дұрыс қойдың ба, «орманға» сөзінде «н» - ның орнына «ң», «ойнадым» сөзінде «й» - дің орнына «и» т.б. жазып қойған жоқсың ба – осыларды байқап, жақсылап, асықпай, бір рет оқып шық, - дейді.
Сөйтіп, жазып болған балалар осындай нақты тапсырма алып, жұмыс жасай береді. Бірте – бірте балаларға: «Өз жұмысыңды оқығанда басқа біреудің жазғанын оқып отырғандай сезін. Сен болсаң, ол сөйлемді қалайша құрастырар едің? Қалай жазар едің?» деген сияқты тапсырмалар беріледі.

  1. Балалар өзін - өзі тексеруге бір – бірінің жұмысын оқып түзету арқылы үйретеді. Бұл жұмысты мұғалім шығарманы түзету техникасын бірсыпыра меңгерген кезден бастайды. Кішкене балалар бірінің жұмысын бірі тексеруге, яғни қызыл сиямен мұғалім болып жұмыстың қатесін тауып түзетуге зор ынтамен кіріседі. Бірақ мұнда ескерілетін жай кейбір баланың дұрыс жазылған сөздер мен сөйлемдерді қате түзетіп қоюына сақ болған жөн. Ол үшін мұғалім оқушылардың жұмысты жөндеулері барысында көз жіберіп қарап жүреді, қажетті жерінде көмек береді, оларға асықпай оқып шығып, қай жерінде қате барын алдымен байқап алып, қате екеніне көзі жеткенде ғана жөндеу керектігі ескертіледі. Жұмыстарға көз жүгіртіп қарап жүргенде, бір қате 3 – 4 балада кездескен болса, ол сөзді жөндеп жатқан баладан не себепті жөндегені сұралады. Жұмыс барысында осы сияқты тәсілдер арқылы балалар бірінің қатесін түзетіп болған соң дәптерлерін мұғалім жинап алып кетеді, балалардың түзеткендерінің дұрыс – қателігін қарайды, баға қояды.

Бастауыш сынып оқушыларының жазған жұмыстарында кездесетін қателерді жоюдың екінші амалы – ол жұмыстарға толық талдау жасау. Бұл сабақтарда балалар өз жұмыстарында кеткен қателері мен танысады, ондағы қателерді топ – топқа жіктеп, барлық жұмысты салыстырады. Балалардың көпшілігіне тән қателерді анықтап, қатені талдау сабағын да осыған орай ұйымдастырады. Мысалы, оқушылардың көпшілігі бір сөзді бірнеше рет қайталаған болса, («Көктем шыға бастады. Су аға бастады» т.б.) сөйлем сол қайталанған сөздермен тақтаға жазылады. Балалар ол сөйлемдердің қатесін түзетеді. Басқа балалар өз жұмыстарынан осы сөйлемдерді табады, қателері болса, түзетеді. Жұмысының түзелген жері көп оқушы оны қайта көшіреді.
Оқушылардың қателерін талдауға арналған сабақтың алғашқы 5 -7минутын мұғалім жазылған жұмысқа шолу жасауға пайдаланады. Онда кейбір балалардың жетістігі, тәуір жазылған жұмыстарының біреуі тұтас оқылып әңгімеленеді. Кейбір жағдайда мұғалім әр жұмыстың жақсы жазылған жерлерінен үзінді оқиды. Мысалы, бір жұмыстың мазмұнын түсініктілігі, екінші бір оқушының ойы жүйелі түрде баяндалғаны, сол жұмыстардың нашар жақтары айтылады. Мұнда да мұғалім кейбір жұмыстардан мысал келтіреді. Сонан кейін тақтаға алдын ала жазылып қойылған сөйлемдермен жұмыс басталады. Оқушылардың өз қателерін байқауға және оның дұрысына көз жаттықтырып, екіншілей ол сөздер қате жібермеуге қайта көшіріп жазудың пайдасы көп. Ал оқушылар шартты белгілерді қоюға ІІІ сыныптың алғашқы кезінен бастап үйретіледі. Онда алдымен бір белгі қойылады балалар бұл белгіге әбден үйренген кезде екінші белгі қойылып, оның нені білдіретіні түсіндіріледі. Белгілір осылайша бірте – бірте меңгеріледі.
Оқушылардың шығарма, мазмұндама жұмыстарында кездесетін қателерді жоюдың үшінші жолы – қатенің түріне қарай жаттығу сабақтарын өткізу. Мұнда сабақтарда балалар өздерінің жазба жұмыстарына мән берген, ойланбастан жаза салғандықтан кеткен қателерін сезінеді, дұрыс жазбағандарын саналы түрде түсінеді де, кейін ондай қателерді жібермеуге тырысады. Мазмұндама мен шығармаларда кездесетін қателерді түзету үшін дидактикалық материалдарға байланысты жүргізілетін жұмыстардың да маңызы зор.
Оқушылардың жазу жұмыстарында кездесетін қателерді болдырмау жолындағы жұмыстарды тиісті дәрежеде жолға қойып, үзбей жүргізіп отырмаса, ол қателер қайталана береді де, балаларда стереотип жасалады, яғни ми қабығында берік шартты рефлекстер жүйесі орнығады. Сол себепті кейбір қателерден олар жоғары сыныптарда да арыла алмайды. Шығарма жұмысын талдау былайша жүргізіледі;

  1. Шығарма жазған оқушылардың саны.

  2. Тақырыпты дұрыс ашып көрсеткен және орфографиялық қате жібермеген оқушылар саны.

  3. Жұмысты мазмұны жағынан нашар орындаған оқушылар саны.

А) Жоспардың түгел қамтылған.
4. Стильдік жағынан қате жіберген оқушылар саны.
А) Сөйлемдегі сөздердің тәртібі бұзылған.
Ә) Бір сөз қатар келген сөйлемдерде бірнеше рет қайталайды.
Б) Сөз орынды қолданылған.
В) Сөйлемдегі сөздердің байланысы нашар.
5) Орфографиялық пунктуациялық қате жіберген оқушылардың. саны (әсіресе қандай ереже бойынша көп қате жіберген, көпшілігіне тән жекелеген қателерді жазып көрсету керек).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет